Кәсібімді жүргізетін медитация



Дата10.05.2020
өлшемі30.5 Kb.
Кәсібімді жүргізетін МЕДИТАЦИЯ

Жайланып, өзіңізге ыңғайлы етіп отырыңыз! Денеңізді барынша босатып, терең дем алып, дем шығарыңыз. Ешнәрсе ойламай өкпе тынысыңызға зейін қойыңыз.

Өмірдің барлық жақсылығын бар ынтаңызбен ішке қарай деміңізбен тартып, іштегі жаман ой, жағымсыз сезімдерді сыртқа үрлеп шығарыңыз!

Өмір демін ішке, шер-шемен, ыза –кек демін сыртқа шығарамыз.

Бақыт, байлық, денсаулық демін ішке тартып, сенімсіздік, ауру, қорқыныш демін сыртқа шығарамыз.

Енді өзіңіздің Мерген ми өнер- білім орталығыңызда отырсыз

Бүкіл әлемде сіздей ұлағатты ұстазды табу мүмкін емес.

Бүкіл 18 мың ғаламда сіздей ұлағатты ұстаздың орнын ешкім ауыстыра алмайды.

Сізден білім алған шәкірттер, санасы оянып, сізден көзін ала алмай, тамашалай бергісі келеді.

Сізді естіген шәкірттеріңіз, сізге ұйып, тыңдай бергісі келеді. Сізден сабақ алу үшін ата-аналар өздері жан-жақтан іздеп келіп жатыр. Офисте ине шаншыр орын жоқ. Есіктің сыртында кезек күтіп тұрған қаншама бала.

Сізден жеке кеңес алушылар санында шек жоқ. Себебі сіз бір ауыз сөзіңізбен жаны ауырғанды емдеп, өмірден түңілген адамға жарық сәуле ашып бере аласыз. Сіздің онлайн өтетін сабағыңызға кемінде 1000 адам тіркеліп жатыр.

Сіз танымал әлемнің ұлы ұстазына айналдыңыз!

Сіздің офисте күніне 10 қыз тегін тоқыма үйреніп жатыр. Алтынай бәріне үйретіп, алғысқа бөленіп жатыр.

Айлық табысымыз 500 000 теңгеден асты.

Өзіңізге келіп, терең дем алып, дем шығарыңыз! Жаймен көзіңізді ашып, керіліп созылыңыз. Күлімсіреңіз!

ҚҰЛШЫНЫСТЫ ОЯТАТЫН МЕДИТАЦИЯ

«Әлемде сіздей адам табылмас»

Жайланып, өзіңізге ыңғайлы етіп отырыңыз! Денеңізді барынша босатып, терең дем алып, дем шығарыңыз. Ешнәрсе ойламай өкпе тынысыңызға зейін қойыңыз.

Өмірдің барлық жақсылығын бар ынтаңызбен ішке қарай деміңізбен тартып, іштегі жаман ой, жағымсыз сезімдерді сыртқа үрлеп шығарыңыз!

Өмір демін ішке, шер-шемен, ыза –кек демін сыртқа шығарамыз.

Бақыт, байлық, денсаулық демін ішке тартып, сенімсіздік, ауру, қорқыныш демін сыртқа шығарамыз.

Енді мен сіздің санаңызды сергітетін, құлағыңызға жағымды мынадай хабарды айтамын.

Бүкіл әлемде сіздей адамды табу мүмкін емес.

Бүкіл 18 мың ғаламда сіздей адамды ешкім ауыстыра алмайды.

Бүкіл жер шарында сіздей адам біреу ғана. Тіпті егіздердің өздері бір-біріне ұқсамайды.

Бұл дүниеде тамақта, ақша да, киімде, машина да көп, ал сіз жалғыз дара тұлғасыз.

Кез келген дүниені ақшаға сатып алуға болады, ал сіздей қадірлі адамды ешқандай ақшаға, ешбір дүкеннен сатып алуға болмайды, сатып алу мүмкін де емес.

Сізге дейінде, сізден кейінде дәл сіз сияқты ақылды , сабырлы, салмақты адам болмағанда, болмақта емес.

Сіз сияқты көрікті, ерік жігері мен рухы мықты адам туылмаған, енді туылмайды да.

Сізді көрген адам сізге қарап, сізден көзін ала алмай, тамашалай бергісі келеді.

Сізді естіген адам, сізге ұйып, тыңдай бергісі келеді.

Сіздің жасаған ісіңізді бақылаған адам сізден үлгі алып, сізге еліктегісі келеді.

Сіз жомарт адамсыз, өзіңізде бар көп нәрсеменде , аз нәрсеменде бөлісе аласыз. Өзіңіздегі барды басқаларға қуана бере аласыз, тарата аласыз.

Сіз кеңпейіл адамсыз. Сіз алыс, жақын адамдарыңызды міні, кемшілігі бар болса да кемітпейсіз. Артық кетсе кешіресіз, жамандық жасаса бір Аллаға тапсырасыз.

Сіз ақкөңіл адамсыз. Жақынға да , бейтаныс адамға да жақсылық жасай бересіз.



Бүкіл әлемнен, 18 мың ғаламнан сіздей адамды табу мүмкін емес. Ешкім ауыстыра да алмас. Сіздей адам біреу ғана! Сіз әлемнің кереметі, ғажайып бір бөлшегісіз!

Өзіңізге келіп, терең дем алып, дем шығарыңыз! Жаймен көзіңізді ашып, керіліп созылыңыз. Күлімсіреңіз!

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар