«Кенесары-Наурызбай» жыры: дерек және көркем бейне



Дата10.09.2017
өлшемі31.17 Kb.
#19971
«Кенесары-Наурызбай» жыры: дерек және көркем бейне

Нысанбай жырының нұсқаларында Рүстем төре мен Сыпатай батырдың қырғыз манаптарымен үндес болып, он екі мың дулатты түн ішінде қашырғаны , соның салдарынан осы соғыста Кенесарыға ерген көп қазақтың қырғынға ұшырағаны айтылады. Жыршылар Кенесарының Алатаудағы соғыста жеңіліс табуының басты себебін де осы оқиғамен байланыстырады. Алайда «Кенесары-Наурызбай» жырының Ш.Жәңгірұлы орындаған нұсқасында бұл оқиға туралы ешқандай мәлімет кезікпейді. Ақын хан Кене төніп келе жатқан қауіпті елден бұрын сезіп, қалың әскердің обалына қалмас үшін оларды алдын-ала таратып жіберген деп біледі. Шәді ақынның бұл әңгімені ойдан шығарып айтпағаны анық.Өйткені мұндай оқиғаның көтеріліс тарихынан орын алғаны рас еді. Мәселен,1846 жылдың күз айында Кенесары сүзекпен ауырып, төсек тартып жатып қалады. Кейін сауыққан соң, өзімен тілеулес болып Жетісу жеріне ере келген біраз жұртқа алғыс айтып, ағайын-туыстарының ортасына оралуға рұқсат береді[1,487].Кенесары көтерілісінің мән-жайын жақсы білетін Шәді Жәңгірұлы ел есінде қалған осы жайтты қозғап отырған болар деп білеміз.

Кенесарының ақырғы жорығы жайында жазылған еңбектерде архив құжаттарымен қаруланған қазақ, орыс тарихшылары Рүстем сұлтан мен Сыпатай батырдың қырғыз, қоқан билеушілерімен астыртын байланыста болғанын баса айтады.. Н.Середа: «В горах Алатау, в одном из ущелий, через который пришлос Кенесаре, на него напал превосходящий в силах неприятель, завязалось жаркая битва, в которой блогодаря измене Дулата (Рустем торе и Сыпатай батыр) Кенесары и брат его Наурызбай пали мертвыми, как вся его шайка в 3000 человек»[2,569],- дейді. Жетісудан қосылған сарбаздардың бір тобына бас болған Сыпатай батыр, академик Б.Жамгерчиновтің пікіріне қарағанда, Орман ханмен жасырын байланыс жасаған. Сыпатай Кенесарыны кейін шегіндіруге көндіру үшін ханға сіз «тек қырғыздың шабақ сияқты ұсақ күштерімен ғана соғыстыңыз, сазандары алда» деп те сендірген[3,122]. Ал Е.Бекмаханов; «Сыпатай мен Рүстем көрсеткен қызмет ұмыт қалған жоқ. Кейіннен манап Жантай Қарабеков Сібір қырғыздарының бастығынан сұлтан Рүстемді наградттауды сұрады»[4,405],- деп жазды. Міне, біз бұл арада жыр мен тарихи деректердің бір-бірінен онша шалғай кетпегенін байқаймыз.

Өкінішке орай, тарихи деректер мен мұрағаттарда Рүстем сұлтан мен Сыпатай бидің Кенесарыдан теріс айналуына себеп болған жағдайлардың сырын ашатын мәліметтер онша көп емес. Кенесары көтерілісіне қатысы бар тарихи- фольклолық үлгілерді жинап, хатқа түсірген танымал ақын Мәшhүр –Жүсіп Көпеев бұл оқиғаның мән-жайын былай деп түсіндіреді: «Алатау мен Кекіліктің арасы зор майдан болған. Қырғыздар Дулатпен астыртын сөйлескен: «Бұрынғы талас-тартыс болып жүретін жердің бәрі сендердікі болсын, мына Кенесарыны бізге оңаша бер деген.» Дулаттың атақты Сыпатай деген биі мен Рүстем деген төресі қырғызбен үндес болып, Байзақ та астыртын қиянат қылуға кіріскен,бір түнде көп дулатты қашырып, қырғызға кіргізіп жіберген»[5].

Әрине,тұрмысы, тілі жақын, ауылдары қатар қонған ағайын - жұрттың арасында жер дауына, барымтаға байланысты айтыс-тартыстың, кейде кісі өліміне қатысты қақтығыстардың болып тұратыны мәлім.Мұның бәрі сол қоғамның ішкі заңдылықтарынан туатын құбылыс.Ел арасында осындай келеңсіз жағдайлардың орын алғандығы туралы қырғыз тарихшысы Б. Джамгерчинов: «Казахские старшины враждовавшие с киргизкими манапами, решили воспользовьтся движением Кенесары для сведения счетов со своими противниками. В свой очередь и Кенесары воспользовался раздорами казахов старшего жуза с Тянь-Шаньскими киргизами и сумел утвердить свою власть над рядом казахских родов старшего жуза»[3,90],-деп жазады. Соған қарағанда Кенесарыны тұзаққа түсірудің сәтін күтіп жүрген Қоқан-қырғыз билеушілері ескі келіспеушіліктерді реттеп, Рүстем сұлтанмен жасырын бітімге келуді ойластыруы да ғажап емес.Өйткені негізгі күші жергілікті рулардан құралған Кенесары әскері Майтөбеде жеңіске жетер болса, қоқандықтардың Әулиеата төңірегіндегі қазақтарға ие бола алмасы анық еді. Сондықтан Тентек төре, Есенгелді-Саржан көтерілісінен сабақ алған, Жетісудағы, Сыр бойындағы талай бекіністерін талқандаған Кенесарының түпкі мақсатынан қауіптенген қоқандықтар Рүстем төре мен Сыпатай бидің қандай талабын да орындауға дайын болатын. Оның үстіне үш күнге созылған бет қаратпас боран, азық-түлік пен жем-шөптің тапшылығы, тау қыраттарындағы жайсыздық қалың қолды қалжыратып, рубасылырын қарсы жақпен бітімге келуге итермелеуі бек мүмкін.

Дегенмен, аңыз-әңгімелер Сыпатай батырдың қырғыздан біраз жер иемденгенін жоққа шығармайды. Бірақ ол мұндай табысқа М. Көпеев айтқан жолмен емес, басшыға тән ақыл-айласының арқасында жетеді. Әйгілі Кенен ақын бұл оқиға турасында: «Сыпатай батыр өте шаруа кісі екен... Бірақ өзінің меншікті жайлау, қыстауы болмапты. Ағасы Андас өлгенде қырғыздар және оның батырларымен келісіп, Аспара, Меркінің даласына жерлеген екен. Сол жерге күмбез тұрғызады.Сусамыр жайлауын қырғыздармен араласа жайлап, ат майын,ас-суын бір-бірінен аямайды. Ол әрбір төбелерге , қайнар бұлақтарға қазық қағып, обалар үйіп қыстап, жайлап жүре берген. Осы күнгі қырғыз-қазақ айтып жүрген «Сыпатай қайнары», «Сыпатай обасы», «Сыпатай жотасы» деген жерлер осыған байланысты шықса керек. Кейінде бір жер бөлісі болып, сонда ағасы Андастың бейітін, ел аузында өзінің атымен аталып кеткен оба, қора, жота, жайлауларды дәлел ете жүріп, Меркіні тұрақты мекен еткен»[6,73],-деп еске алады.

Ал енді Тараз өңіріне кең тараған тарихи-фольклорлық үлгілер Кекілік тауындағы соғыста Рүстем төре мен Сыпатай батырдың майдан даласын тастап шығуына Кенесарының озбырлығы, өркөкіректігі, қайыру білмес қатыгездігі түрткі болды деп есептейді.Мәселен, бір әңгімеде Кенесары Алатауды қырғыздан тазарту жайындағы ойын Есбол датқаға айтып, көмек сұрайды. Сонда Есбол датқа: «А,төрем, тасып-тасып болған екенсің ғой, енді төгілуің -ақ қалған екен ғой. Қырғыз-қазақ деген қатар жатқан ел. Сол қырғыздың атын өшіріп, жоқ қылып, үш жүзге бөліп беріп, жер-судан шығарамын дегеніңе мен қосыла алмаймын. Айтарым: Байзақ пен Сыпатай қосылса, мұны қыларсың, қосылмаса мұны қыла алмассың»[7,219],-деген көрінеді.Тағы бірде Кенесары Сыпатай батырдан қырғыз жұрты жайында сұрайды. Сыпатай батыр ханға: «Қырғыз көп ел, батыр ел, тебетейді баса киеді, үзеңгіні қысқа мінеді»[7,219],-деп жауап береді.

Сыпатай батыр Жетісу жеріне келген хан Кененің алдына сәлем бере барады. Хан ордасының табалдырығынан аттаған Сыпатай батырдың сәлемін Кенесары теріс қарап жатып алады. Сонда Сыпатай батыр ішінен; «Мынаның менмендігі асқан екен.Мына түріне қарағанда, мұның жолы бола қоймас»[7,219],-дейді.

Келесі бір аңызда Сыпатай батыр қол жинау үшін Хан Кенеден бір апта мұрсат сұрайды.Мерзімі жақындағанда Сыпатай батыр қалың әскермен Кенесарыға келіп; «Ал, Кене хан шабатын қырғызың мына Алатаудың үстінде жатыр. Босататын Алатауыңның басы күннің шығысында жатыр, аяғы күннің батысында жатыр. Қырғызыңды шаба бер, Алатауыңды ала бер. Мен оның жері мен малын олжалап та алмаймын, обалына да қалмаймын»[7,219],-дейді.

Әрине, Сыпатай батырдың атақ-абыройына,тұлғалық қасиетіне ешкім шәк келтірмейді. Оның мінсіз бейнесі дәріптелетін түрлі жанрлардағы тарихи туындылар Сыпатайдың халық алдындағы асқақ беделінің көрсеткіші бола алады. Оларда бидің адамгершілік болмысы, ұлтжандылығы,басқыншылық саясатқа қарсы әрекеттері сипатталады. Ілгеріде сөз болған аңыздарда басты кейіпкер тек нақты өмірдегі күйінде емес, уақыт шындығына сыйымды түрде қоспалармен байытылып. қиялмен көмкеріліп, «таныс-бейтаныс» қаhарманға айналған. Мұндай туындыларда батырдың кейінгі әрекеттерін ақтауға негізделген дәстүрлі сарындар бірінші кезекке шығады. Сондықтан да аталмыш мазмұндағы әңгімелерді таратушылар хан Кененің айыбын баса көрсетіп, батырды қырғыз жұртының қамын ойлаушы халық өкілі етіп даралайды.

Шындығында, фольклорлық үлгілерде айтылғандай Жетісу жеріне табан тіреген Кенесары қырғыз халқымен емес, қазаққа бүйідей тиген қоқан хандығымен . иен далаға иелік ете бастаған патша үкіметімен соғысты. Ал қырғыз манаптары қоқан билігіне мойынсұнып. патша әкімдерімен байланыс орнатқандықтан Кенесарыны өздеріне жау санады, күші басым екі елдің көмегіне сүйене отырып, атақты «Жайыл қырғыны» үшін Абылай хан немересінен кек қайтаруды көздеді.

Жоғарыдағы аңыз-әңгімелерде ғана емес, кейбір тарихи еңбектерде де Кенесары бейбіт жатқан қырғыз елін жеке мүддесі үшін шауып алған хан тұқымы болып көрінеді. Оның қоқан, орыс билігіне қарсы күрестері қырғыз алатауындағы соғыстың көлеңкесінде қалады. Мәселен, Ж.Қасымбаев 1847 жылы Кенесары 10000 мың сарбазымен қырғыз елінің солтүстігіне басып кірді десе[8,81], Б.Жамгерчинов бұл соғыста қырғыз халқына қоқан үкіметі мен патша үкіметі әскери көмек бермеді, Орман манаптың шақыруымен ферғаналық қырғыздар ғана қатысты деген уәж айтады[3,98].

Нысанбай жырында көрсетілгендей хан Кене шауып алатын Аспара, Меркі. Иткешу бекіністері түгелдей қоқан бекіністері болатын. Ал қырғыз жұрты ол тұста қоқан үкіметіне бағынышты ел тұғын.Сондықтан Кенесары әскері қырғыз жеріне басып кірді дегеннен гөрі Қоқан иелігіндегі жерлерде соғыс жүргізді десек жөн болар еді. Қалай дегенмен, Самсы асуындағы шайқасты қоқан билеушілерінің сырттан бақылап отырмағаны анық. Ілгеріде аттары аталған бекіністердің әрқайсысында қоқанның мыңға жуық әскері тұрған. Олардың саны соғыс жағдайында екі мыңнан асып түск ен. Оның үстіне әрбір бекіністің төңірегіне қоныс тепкен екі жүзге жуық өзбек отбасылары болған. Соғыс жағдайында бұлар да қоқан әскерін толықтырған.Тіпті Кенесарының соңғы шайқасы өтетін Майтөбеден бес шақырым жерде қоқанның Тоқмақ бекінісі тұрса. жиырма шақырым қашықтықта Бішкек бекінісі орналасқан еді.Сол себепті бұл соғысқа қоқандықтар қатыспады деген қырғыз тарихшысының кесімді ойлары шындыққа жанаспайды деп есептейміз.

Б.Жамгерчиновтің Орман манапқа көмекке келген Ферғаналық қырғыздарды қоқандықтар сапына қоспай бұл соғысқа жалпы ұлттық сипат беруге күш салғаны да елеулі қателік. Негізінен қоқандық деген ұлттың жоқ екенін тарихшылар жақсы біледі. Расында. Қоқан билігіне қырғыз, қыпшақ билеушілері кезектесіп қол жеткізіп отырған.Олар Қоқанның ішкі сыртқы саясатынан тыс қалмаған.Соғыс аяқталған соң Кенесары сарбаздарының бастары Ташкент базарында ілініп тұруы да қоқан үкіметінің бұл шайқаста аянып қалмағанын көрсетеді.

Патша әкімшілігі де бұл соғыстың Орман манап пайдасына шешілуіне аз еңбек сіңірген жоқ. Олар майдан театрының қай жерде өтетінін және оны ерте көктемде бастау қажеттігін айтып қырғыз манаптарына хат жолдады. Қырғыз билеушілері орыс әскерилерінің ақыл- кеңесін далаға тастамады, соғыс қимылдарын тура ерте көктемде бастады. Мұның өзі бүтін шайқас барысының екі жақты пысықталып отырғанын білдіреді.

Кекілік тауындағы шайқасқа Авакумов, Нюхалов. Б.Шанхаев бастаған орыс-казак әскерінің атсалысқаны да жасырын емес.Жантай манаптың мәліметінде «сұлтан Бөкенің көмегімен Кенесарының төрт мың адамын жайратып, жеңіске жеттік»[1,472] деген жолдар бар.Мұндағы қырғыз манабының Бөке деп отырғаны Аягөз округінің аға сұлтаны Бөлен Шанхаев болса керек. Өйткені казак- орыстармен бірге Кенесарыны өкшелеп жүрген сұтандардың ішінде Бөлен сұлтанның аты ерекше аталады. Түйіп айтқанда, патша үкіметі қазақ-қырғыз тартысына ашық араласпаса да Қытайға да, Қоқан иелігіне де іргелес Алатау өлкесін өз қол астына қарату үшін екі халықты бір-біріне айдап салып, екі жағын да әлсіретіп,осы өңірге әскерлерін орнықтырудың оңтайлы жолдарын қарастырды.

Сонымен, Сыпатай би мен Рүстем сұлтан майдан даласын артта қалдырып кері оралғаннан кейін Кенесары ханның жанында мыңға жуық сарбаз қалады.Осы сәтті пайдаланған қалың қырғыз Кекіліктің сеңгірі аталатын тау шатқалдарында қазақ қолын қыспаққа алады. Ақыр соңында Орман манап бастаған қоқан-қырғыз әскері таудан құлап аққан бұлақ суын кері бұрып. Кенесары жасағын сусыз қалдырады.Соның өзінде хан әскері ас-сусыз үш күн соғысады. Ол кезде Алатаудың солтүстігінен Бішкектің тұсына дейін Шу өзенінің сол жағалауы ені бес- он шақырымдай қара су. жерден шыққан қайнар бұлақ болады екен. Оны сол түңіректегі қазақ-қырғыз «мықан» деп атаған көрінеді. Хан Кене қалған әскерін бастап осы қара батпақты кесіп өтпек болады. Бұл жайтты сыртан бақылап тұрған Жантай манаптың інісі Қалиолла Әлібеков былай деп баяндайды:« Сотни Кенесары Касымцев, засасываемые предательской рекой, потонули под ударами наседающих кара-киргиз. Но, погибая, они выручили своего любимца султана Кенесары Касымова: жертвуя собой, они спасли султана, перебрасывая его с одной тонущей лощади на другую»[9,333]

Шағын мәліметте сүйікті хандары үшін өлімге бас тіккен қазақ сарбаздарының қайсар рухы көрініс тапқан. Архив құжаттарында таңбаланған осы бір көрініс, сөз жоқ, хан Кененің тағдыр-талайын өзек еткен кезкелген жанрдағы көркем туындының идеялық мазмұнын байытқан болар еді. Алайда аталмыш шындық бүгінгі әдебиетімізде мүлде игерілмей отыр.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Рапорт есаула Нюхалова генерал-майору Вишневскому // Кенесары Қасымов бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы(құжаттар жинағы).-Алматы; Ғылым, 1996.-511бет.

  2. Середа Н. Бунт Киргизского султанаКенесары Касымова// Вестник Европы. 1870, №8- 569 бет

  3. Жамгерчинов Б. Добровольное вхождения Киргизий в состав России.-Фрунзе, 1963. c., 125

  4. Бекмаханов Е. Қазақ халқының Кенесары бастаған азаттық қозғалысы// Хан Кене.-Алматы; Жалын, 1993.-408 бет.

  5. ОҒК. 1339-бума

  6. Сүйінішқызы Ү.Батыр туралы ақиқат // Ақиқат, 2011,№8-73 бет.

  7. Дәдебаев Ж. Әулие ата.-Алматы; Қазақ университеті, 1998.-316 бет.

  8. Қасымбаев Ж. Кенесары хан.-Алматы;Қазақстан, 1993.-110 бет.

  9. Бекмаханов Е, Казахстан в 20-30 годы XIX века.-Алма-Ата; Қазақ университеті, 1992.-333бет.

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді