ҚБ. Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы.
Оқулықпен жұмыс
Ауаның құрамы.
Мақсаты: Ауа құрамын анықтап, ауада қандай зат көбірек кездесетінін сипаттау.
Жетекші сұрақтар арқылы ауаның құрамымен танысып, олардың атауларына назар аудару. Сұрақтар:
Диаграмма неге ұқсайды?
Торттың ең үлкен бөлігі қайсысы? Оны қалай атайды?
Ауадағы оттек қайдан пайда болады?
Оттекті фотосинтез үдерісі кезінде өсімдіктер бөледі.)
Дем шығарғанда қандай газ бөлінеді?
Ауадағы басқа да газдар қалай пайда болады?
ҚБ. Мұғалімнің қалыптастырушы бағалауы.
Жұптық жұмыс
От пен ауа.
Мақсаты: Оттың жану себептерін анықтау.
Оқушылар жұптасып, оқулықта берілген суретті талдайды. Суретшінің қандай қате жібергенін анықтап, оттың қай кезде жанатынын және қай кезде жанбайтынын сипаттайды. Әр жұп өз ойларымен бөлісіп, қорытынды шығарады. Кесте толтырады.
Отты тұтандырады
|
Отты өшіреді
|
|
|
|
|
|
|
Дескриптор:
1. Отты тұтандыратын заттарды дұрыс анықтайды.
2. Отты өшіріетін заттарды дұрыс анықтайды.
ҚБ. «Жұлдызшалар» арқылы тапсырманы бағалау.
Зерттеу жұмысы.
Мақсаты: Оттың жануына ауа қажет деген болжамды қалай дәлелдеуге болатынын анықтау, оттың жануы үшін ауа қажет екенін түсіну.
Ресурстар таратылады: Үш балауыз шам тәрелкелердің дәл ортасына бекітіледі, бір литрлік және үш литрлік құтылар.
Достарыңызбен бөлісу: |