Пән: Жаратылыстану
Тарау: Заттар және олардың қасиеттері. Ауа мен су.
|
Мектеп: С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі
Мұғалім: Оралбекова Назира
|
Сынып: 3 «Ә»
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспаған оқушылар:
|
Күні:
|
24.12.2020ж
|
Тақырыбы:
|
Ауа неден құралады?
|
Оқу мақсаты:
|
3.3.2.1 ауаның құрамын сипаттау;
3.3.2.2 ауаның жануды қолдайтын қасиетін сипаттау;
|
Сабақтың мақсаты:
|
Ауаның құрамын білу, сипаттау.
|
Бағалау критерийлері
|
1.Ауа құрамын біледі.
2.Ауаның құрамын сипаттайды.
3. Ауаның жануды қолдайтын қасиетін біледі.
|
Сөздік қор
|
Азот, ауаның құрамы.
|
Құндылықтар
|
Топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, бір-біріне құрметпен қарау, ынтымақтастық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу құндылықтары қалыптасады..
|
Пәнаралық байланыс
|
Қазақ тілі, математика
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Таныстырылыммен жұмыс
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Жердің ауа қабатын біледі.
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
1 минут
3 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі.
Шаттық шеңбері «Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!»
Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінде өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек.
Үй тапсырмасы
Заттардың күйі
1-топ. Қатты заттардың қасиетін атау. Мысал келтір
2- топ. Газ тәрізді заттардың қасиетін атау. Мысал келтір.
3- топ.Сұйық заттардың қасиетін атау. Мысал келтір.
Дескриптор:
І топ.
1.Қатты заттардың қасиетін атайды.
2.Мысалдарын дұрыс айтады.
ІІ топ
1. Газ тәрізді заттардың қасиетін атайы.
2.Мысалдарын дұрыс айтады.
ІІІ топ.
1.Сұйық заттардың қасиетін атайды.
2.Мысалдарын дұрыс айтады.
2. Мысалдарын дұрыс айтты.
|
|
Сабақтың ортасы
3 минут
3 минут
5 минут
2 минут
3 минут
3 минут
7 минут
|
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар.Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады.Біз оны көрмейміз, бірақ маңайыңда екенін сеземіз. Көшемен келе жатқанда жапырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көреміз, оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сеземіз. Тіпті басын шұлғып,ырғалған шөптерді байқаймыз.Бізді үнемі қоршап тұрады.Бізбен мен бірге жүреді.
Барма жоқпа оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.Ол не? (ауа)
Топтық жұмыс . Кластер жасау.
-Ауа туралы не білесіңдер?
-«Ауа» туралы білетінімізді топтастырып жіберейікші.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айту.
Айырмашылығын тап ойыны.
Мақсаты: Заттардың себеп-салдар байланысын анықтау, Жер ғаламшары мен Марс (Қызылжұлдыз) ғаламшарларын салыстыру.
Оқулықта берілген ғаламшарлардың суреті бойынша әңгімелеу. Сұрақтарға жауап беру.
Жетекші сұрақтар:
- Жер ғаламшары мен Қызылжұлдыздың түстері қандай?
- Ғаламшарлардың қайсысы қызыл түсті?
- Жер туралы не айта аласың?
-Қызылжұлдыз ғаламшары неліктен қызыл түсті деп ойлайсың?
- Қызылжұлдызда тіршілік бар ма? Неге олай ойлайсың?
- Оқулық кейіпкерлерінің қайсысын Қызылжұлдызға жіберер едің? Неліктен?
- Скафандр не үшін қажет? Ойыңмен бөліс.
|