Кеңестік тарихнамаға партияның 15-ші съезі елді индустрияландыру съезі болып енді. Жалпы Қазақстанда индустрияландыру саясатының бағыты қандай болу керек деген мәселе сол кездің өзінде өте үлкен пікір-таластар туғызды



бет1/2
Дата17.02.2022
өлшемі26.63 Kb.
#173896
  1   2
Байланысты:
тарих
1022, СОЖ 1 и 2, Тест (1) (1), Тапсырма 1.3, 1.4 (1), Тапсырма 2.1-2.4

Кеңестік тарихнамаға партияның 15-ші  съезі елді индустрияландыру съезі болып енді. Жалпы Қазақстанда индустрияландыру саясатының  бағыты қандай болу керек деген мәселе сол кездің өзінде  өте үлкен пікір-таластар туғызды. Бір топ өлкедегі кеңес және партия қызметкерлері  көшпелі халық  бірден социализмге  өте алмайды деп есептеді, яғни қазақтың көшпелі  өмір салты  ұлттық ерекшелік болып табылады, олай болса елді  индустрияландыру бағыты  оның осы ұлттық ерешелігін  жояды деп есептеді.  Мұндай пікірдегі партия мүшелерін большевиктер негізгі партиялық жолдан ауытқушылар, яғни “уклонистер” деп айыптады. Келесі бір топтың өкілі С. Садуақасов  өнеркәсіптің дамуы қазақ халқын  ауыл шаруашылығынан алыстатып, қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауына әкеледі деп есептеді. Бірақ, ол мүлде индустрияландыру саясатына қарсы болды деуге болмайды. Оның пікірі бойынша Қазақстанның өндірістік бағытта алға жылжуы үшін республикада индустриялық өнеркәсіптерді көптеп салып, оны ары қарай  дамыту қажет. С. Садуақасов шикізат қоры көздеріне өнеркәсіптерді жақындату мақсатын көздеді. Ол өлкеден шикізаттарды өндірістік аймақтарға тасып, одан кейін ол жақтан  дайын өнімді қайта  алып келуге кететін шексіз транспорттық қаржы жұмсауға, яғни өлкені  тек шикізат көзі ретінде пайдалануға қарсы болды.( Акнұр)

Қазақстанға өнеркәсіпті  күштеп ендіру мүмкін емес, ол қазақ қоғамының табиғи қалыптасқан жағдайына жат деп есептегендер болды. Олардың пікірінше  артта қалған көшпелі халық  индустрияландырудың өте жоғарғы қарқынына ілесе  алмайды. Сонымен қатар  өндіріс орындарына  жергілікті ұлт өкілдерін  көптеп тарту, яғни  жергіліктендіру (коренизация) саясаты  өндірісті өте-мөте қымбаттатады, қазақтар  жұмыс істей алмайды, олар бәрібір даланы аңсайды деген көзқараста болды. Мұндай пікір айтушы топты большевиктер  “ұлыдержавалық шовинистер”  деп айыптады. Осылайша большевиктер социалистік индустрияландыру саясатының бағыттары жөнінде пікір айтушыларға әртүрлі айдар тақты. Ал өздері белгілеген елді “социалистік индустрияландыру” бағытын ешбір қатесі жоқ, толық аяқталған саясат деп қарастырды. Большевиктер белгілеген индустрияландыру саясатында Қазақстан Одақтың шикізаттық бөлшегіне айналуы  керек болды. Орталық ұсынған бұл көзқарасты осы кезде өлкенің партия ұйымының басшылығына тағайындалған  Ф. Голощекин де қолдады.  Республика өмірімен мүлде таныс емес Ф. Голощекин өлкенің шаруашылық жүйесіндегі ерекшелікті  мойындамады. (Алмажан.)

Ұлы өзгеріс шаруашылықтағы бұрыннан қалыптаскан жуйенi бұзып, когамды әртүрлі қиыншылықтарға ұрындырудың алғы шарттарын жасап берді. КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуындагы дағдарыс шиеленiсе тускен сайын Кеңеске қарсы зиянкес элементтер мен астыртын ұйымдарды iздеу кеңiне өрiс ала бастады. Осылайша, 1920 жылдың соңы 1930 жылдардагы тоталитарлык жуйе қоғамдық-саяси емiрдiң барлық саласында бекіді. 1925-1933 жж. Қазақстанды басқарған Ф.И.Голощекиннiн саясаты улттык интеллигенция өкiлдерiн жаппай қырып-жоюға ұласты. Оның саясатына қарсы шыққан қоғам және мемлекет қайраткерлері С.Сәдуакасов. Т.Рыскулов, Н.Нурмаков, С.Қожанов т.б. жауапты қызметтерінен босатылып, республикадан тыс жерлерге аластатылды. Осындай ауыр саяси ажагдайдын калыптасуына Орталыктагы троцкийшiлдерге. Г.Зиновьев пен Л.Каменевтің жана оппозициясына, Н.Бухариннiң оңшыл бағытына қарсы жүргiзiлген жаппай саяси куғын-сүргін өте қатты ықпалын тигізді. Қазақ зиялыларының кезкарастары ұлтшылдық, ұлтшыл-ауытқушылык ретiнде айыпталды Түптеп келгенде, 1929-1931, 1937 жылдардағы зобалан ұлттык интеллектуалдық әлеуетiне канша зардап әкелсе, ғылыми-техникалык прогресс заманындағы кедейшiлiк қуғын-сүргіннiн ұзакка созылған екiншi нұсқасы еді. (Аида)



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру