Казакстан Республикасынын ғылым және білім министірлігі


Тапсырма 4 Ұжымның ұйымшылдығына арналған коммуникативтік ойындар



бет4/15
Дата10.06.2022
өлшемі0.95 Mb.
#267681
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Гайдар практика
1 дәріс, !9 ОШ СОЧ История Казахстана 5кл рус, Есеп практика Дамир Нұртаев
Тапсырма 4
Ұжымның ұйымшылдығына арналған коммуникативтік ойындар
Ойындарды сабақта пайдаланудың маңызы зор, себебі ойындар тіл үйренушінің оқу материалын меңгеруіне қызығушылығын жоғарлатады, тілін дамытады, шығармашылық белсенділігінің артуына əсер етеді.
Біздің зерттеу жұмысымызда дидактикалық ойындардың бір ғана түрі — коммуникативтік ойындардың тіл дамытудағы əдістемесін жасау.


Коммуникативтік ойындарды үш түрге бөліп қарастырамыз. Олар:

  • коммуникативтік емес ойындық тапсырмалар;

  • коммуникативтік ойынға дейінгі тапсырмалар;

  • коммуникативтік ойындық тапсырмалар.

Бұл еңбекте коммуникативтік ойындарының үш түріне анықтама беріліп, міндеттері мен мақсаттары айқындалып жəне оған қатысты түрлері мен үлгілері ұсынылады.
Ойын — бұл адамзаттың бала кезінен есейгенге дейінгі қоршаған ортаны тану əрекеті. Сонымен бірге ойын — белгілі бір тіршіліктегі əрекетінің алдындағы жаттығу жəне үйрену кезеңі [1].
Ойын — шынайы өмірде, табиғи тіршілікте белгілі бір сөйлеу-жағдаятында өзін-өзі жеке тұлға ретінде қалыптастыру. Ойын дегеніміз — өзін-өзі тану, танымын дамыту, бір нəрсені жасап үйрену, еліктеу арқылы əрекетке түсу.
Ойын дегеніміз — жағымды эмоцияға беріліп (физикалық, эмоционалдық, ынталылық белселділігін арттыру), шығармашылық белсенділігін арттыру.
Ойын дегеніміз — ең негізгі, басты тұғыры — мəдениет таным (ұлттық ойындар арқылы тəрбиелеу).
Ойын дегеніміз — адамдардың түрлі əлеуметтік жағдаятта контексте, рольдерде ойнау, əңгімелесу, өзара əрекетке түсу, бір-біріне көмектесу арқылы жаттығу.
Ойын — еркін əрекеттің нəтижесі, адамның демалу əрекеті, қуану, эмоцияға берілу сезімі, талантын ашу, тəжірибе алу жəне т.б. [2].
Ойынның тілді үйренудегі ерекшелігі:

  • негізгі мақсатқа жетудің амалы, іс-əрекетін белсендіреді;

  • тіл үйренушінің оқу пəніне қызығушылығын арттырады;

  • тіл үйренуші тілді үйрене отырып, үлкен тəжірибе жинақтайды, сөйлеуге үйренеді;

  • психологиялық кедергілерді жоюға жəне тілді үйренуге психологиялық жағдай тудырады;

  • тіл үйренушінің басқаларға əрекетке түсу кезеңінде өзін-өзі тануға жағдай туғызады;

  • тобындағы əңгімелесушімен жарыса отырып, əрекетке түсе отырып, өзінің шығармашылық деңгейін көтереді;

  • тіл үйренуші сөйлеу əрекетіне түскен кезде тілдік жəне сөйлеу материалдарын қайталау арқылы жақсы меңгереді;

  • оқу үдерісін жандандыруға, дамытуға, жетілдіруге əрекет жасайды.

  1. Коммуникативтік емес ойындық тапсырмалар.

Тілдік жүйені сөйлеу үлгілерін, лесиканы, грамматиканы меңгеру үшін коммуникативтік ойындар міндеті қойылады.



  1. Коммуникативтік ойынға дейінгі тапсырмалар.

Грамматикалық, лексикалық, фонетикалық дағды мен білікті дамыту, қалыптастыру үшін қойылатын ойындар түрлері.

  1. Коммуникативтік ойындық тапсырмалар.

Сөйлеу іс-əрекетінің төрт түрі арқылы коммуникативтік құзыретті қалыптастыру (барлық тілдік жүйені қамту, психологиялық, əлеуметтік аспектілерді қамту арқылы орындалатын міндет). Мұндай міндеттер орындау кезінде белсенді əрекетке түсе алады.
Сабақ үстінде орындалатын кез келген тапсырма (əдістемелік, психологиялық, педагогикалық, тəрбиелік белгілі бір нақты міндетті шешуге көмектеседі:

  • тіл үйренушінің тілді меңгеру кезеңіндегі қиындығын жеңу мақсатындағы демалу мүмкіндігін туғызу əрекеті жəне ойын арқылы лексиканы қайталау;

  • түрлі берілген репликаларды, фразеологизмдерді, клишелерді, сөз тіркестерін, сөздерді қайталау мақсатында;

  • оқытушының əдістік тапсырма ретінде берілген ойындар. Тіл үйренушінің жаңа тақырыпты меңгеруіне жəне қойылған мақсатты жүзеге асыруына көмектеседі.

Осындай ойындық тапсырмалар тақырыппен жұмыс істеу кезеңінің (мəтін кезеңі, мəтінге дейінгі, мəтіннен кейінгі) барлық өн бойында орындалу керек.

  1. Коммуникативтік емес ойындық тапсырмалар.

Сөйлеудің ішкі құрылымдарын дамытатын жəне қалыптастыратын ойындардың негізгі міндеті коммуникативтік емес ойындық тапсырмалар арқылы сөйлеу үлгілерін, тілдік материалдарды жəне лексикалық қорды, жаңа сөздерді жетілдіруге бағытталатын ойындар. Мысалы, грамматикалық тапсырмаларды дамыту, жетілдіру үшін мынадай ойындарды пайдалануға болады.
«Кім көп біледі?»

Топ екіге бөлінеді. Оқытушы тіл үйренушілерге таныс үлгі арқылы сұрақ қояды.



  • Бүгін жаңа газет материалдарынан қандай мақалалар оқыдыңыз?

  • Қазақ елінің экономикасы

  • Білімі

  • Саясаты

  • Спорты

  • Мерекесі

  • Ауа райы туралы

Бұған 2–3 секунд ішінде жауап бере алмаған топ ұтылады.
«Мен танысқаныма қуаныштымын.»
Оқытушы дайын үлгі арқылы сөйлеу əдебіне қатысты бір реплика айтады. (Мен танысқаныма қуаныштымын). Бірінші тіл үйренуші жалғастырады.

  • Ханым мырза сізбен танысқаныма қуаныштымын.

  • Тағы бір тіл үйренуші.

  • Мен сіздің отбасыңызбен танысқаныма қуаныштымын.

  • «Толықтырыңыз».

  • Оқытушы мындай үлестірмелі материалдарды тіл үйренушіге ұсынады:

  • Синонимдік қатарын табыңыз (сұлу — əдемі, ажарлы, көрікті; талантты —...).

  • Мақал-мəтел (Отан — ...).

  • Жалғауын табыңыз: жұмыс-... -... -... (үш қосымшасы бар).

  • Заттың түр-түсі.

Оқытушы 1 минуттық уақыт береді, орындай алмаған ойыннан шығады.

  1. Коммуникативік ойындарға дейінгі тапсырмалар.

Коммуникативтік ойындарға дейінгі тапсырмалар негізінен тілдік үлгілерді, нұсқауларды, модельдерді игеруі деңгейінен қатысымға түсуге дейінгі барлық оқу материалдарын (лексикалық, грамматикалық, фонетикалық) қамтиды. Ондай тапсырмалар:

  1. Сұхбатта ойнау негізімен белгілі бір сөйлеу жағдаятына құрылады. Мысалы, мерейтой иесіне қандай сыйлықтар сыйладыңыз? Қандай құттықтау сөздер айтылды? деген түрде беріледі.

  2. Ойлан тап ойыны. Топ бірнеше топшаға бөлінеді. Бар шағын топтың мүшелері мерейтой иесіне арналған құттықтау аяқталмаған хатын оқиды, қалған топтың мүшелері жылдам бірнеше минутта аяқтау керек.

  3. Құттықтау əдебі ойыны. Топ болып ойнайды. «Сыйлықты тарту ету» сөйлеу жағдайының тапсырмасы бойынша сұхбат құрастыр. Ойынды орындау 3 минут уақытқа есептелген.

  4. Арнау ойыны. Мерейтой иесіне сіз өлең немесе əн мəтінін сыйлағыңыз келеді. Бірақ сіздің қолыңызда əнге жазылған мəтін жоқ, ол үшін таспаға жазылған сізге ұнайтын бір əнді тыңдайсыз, өзіңізге таныс сөздерді жазып алыңыз да əннің музыкасына ұқсайтын ритммен əн сыйлаңыз. Бұл ойын үшін қандай əндер сыйлауға болады. «Туған күн кешінде», «Ағалар», «Той бастар», «Кел, қошамет сөз айтайық!» ойыны. Топ екіге бөлінеді. Қай топ қошамет сөзін көп айтса, ұпай жинайды.

Түсініктеме:
Осындай жағдайда берілген бір тақырыптың мазмұнын ашатын, дамытатын коммуникативтік ойындарға дейінгі тапсырмаларына қатысты «Сұхбатта ойнау», «Ойлан тап», «Құттықтау əдебі»,

«Арнау ойынына» қатысты ұсынылған фонетикалық, лексикалық, грамматикалық материалдар қатысымға түсу процесіне дейінгі дайындық кезеңі арқылы тілін дамытады.


Мұндай тапсырмаларды орындаудың міндеттері:
а) Ұсынылғын үлгілер бойынша (мысалы, диалог, сұхбат, сөйлесу жағдайы, тапсырма) оның негізін өзгертпей, сол сұхбат рольдерінде ойнау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы