Кафедра: №1 Акушерия және Гинекология


ІІІ-ші Леопольд тәсілі.Ұрықтың жамбас астауына келіп тұрған бөлігін анықтау



бет4/32
Дата23.06.2021
өлшемі1.76 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
ІІІ-ші Леопольд тәсілі.Ұрықтың жамбас астауына келіп тұрған бөлігін анықтау.

Пальпацияны бір оң қолмен жүргіземіз. Бұл кезде бас бармақты максималды түрде қалған төрт саусақтардан алшақтатамыз. Саусақтарды ақырын қозғалыспен терең детіп және бас бармақ пен қалған төрт саусақпен ұрықтың келген бөлігін ұстаймыз да басының «баллотирлеуші» симптомын анықтаймыз.





ІV-ші Леопольд тәсілі. Ұрықтың келген бөлігінің кіші жамбас кіреберісіне қатынасын анықтаймыз.

Бұл тәсілді орындау үшін жүкті әйелдің аяқтарына бетімен бұрылып,оң жағында тұрамыз. Екі қолдың алақанын ортаңғы сызықтан латеральды, қасаға сүйегінің көлденең тармағының үстінен орналастырады. Біртіндеп қолдарды ұрықтың келген бөлігі мен кіші жамбас қуысын арасына жылжытамыз. Ұрықтың орналасуын, позициясын, түрін және келген бөлігінің кіші жамбас кіреберісіне қатынасын анықтаймыз.




Алынған мәліметтер бойынша қорытынды жасап, медициналық құжаттарға тіркейміз.

Пельвиметрия. Жамбас өлшемдерін анықтау үшін арнайы құрал - Мартини тазомерімен жүргізіледі, жүкті әйел қатты тақта үстінде екі аяғын созып, шалқасынан жатады. Дәрігер жүкті әйелге қарсы отырып, үлкен және сұқ саусағымен тазомер аяқшаларынан ұстайды да, ІІІ- ІV саусақтарымен жамбас нүктелерін табады.Үлкен жамбастың 4 өлшемі бар: 3 көлденең, 1 тік өлшемі бар.



1.Distantia spinarum- мықын сүйектерінің алдыңғы жоғарғы қанатты өсінділерінің аралығы. Ол үшін жамбас өлшеуішінің түймелерін осы өсінділерінің сыртқы бетіне тірейді. Қалыпты жағдайда бұл аралық 25-26 см

2. Distantia cristarum – мықын сүйегі қырларының алшақ нүктелік аралық (28-29см). Ол үшін жамбас өлшеуішінің түймелерін мықын сүйегі қырының сыртқы бетімен жылжытып, оның ең алшақ нүктелерінің арасын өлшейді.

3. Distantia trochanterica – ұршық аралығы. Ортан жіліктің жамбас ойысында орналасқан ұршықтардың арасы. Ол 31 – 32 см.

4. Conjugata externa – сыртқы конъюгата немесе жамбастың сыртқы тік өлшемі. Бұл өлшемді анықтау үшін әйел қырынан жатып, астыңғы аяғын бүгіп, үстіңгі аяғын созу керек. Өлшеуіштің бір түймесін шаттың сыртқы жоғарғы қырының ортасына, екінші ұшын сегізкөз үсті ойығына орналастырады. Қалыпты жағдайда 20-21см тең.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік