Журналистік зерттеудің шығу тарихы


ІІ – тарау 2.1. Қазақ журналистикасындағы зерттеудің пайда болуы және қалыптасуы



бет9/14
Дата10.06.2022
өлшемі233 Kb.
#267415
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
-dip -zhurnalistik-zertteu

ІІ – тарау
2.1. Қазақ журналистикасындағы зерттеудің пайда болуы және қалыптасуы.

Тоқсаныншы жылдардың басында тәуелсіздікке қол жеткенімен, сананы азат, ойды еркін ету процесі бірнеше жылға созылды. Бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде теледидар ескі соқпақтардан шығып кете алмады. Іргелес Мәскеуде тың ойлайтын телеқайраткерлер тобы күрт ілгері басқанда, біздің қаншалықты шабандығымыз байқалды. Түсіру тәсілдерін айтпағанда ойлау жүйесінің өзі тым қасаң болды. Техникасы мен мүмкіндіктері , шеберлігі мен тәжірибесі қарыштап дамыған Батыс пен Шығыс дүниесіне жету арман еді. Бірақ алға ұмтылу, іздену нәтижесінде сол арманды ақиқатқа айналдыру қажеттігінен де Қазақ теледидары бүгінгі таңда үлкен жетістікке жетті. Елімізде мемлекеттігі, тәуелсізі бар бірнеше телеарна 15 миллион халыққа қызмет етуде. Ал 50 миллион халық тұратын Англияның ақпарат қажеттігін алты-ақ телеарна қамтамасыз етеді.


Телеэкрнада журналистік зерттеу пішіні ғалымдар назарына кештеу ілінді. Осы пішін Қазақ теледидарында 80-інші жылдардың орта тұсында телепублицист Қ.Қорғановтың «Бір хаттың ізімен» хабары негізінде телеэкранға орнықты. Зерттеуші М.Берлин: «Журналистік зерттеу журналист тарапынан болатын күш-жігер, идея және ұсыныссыз жарыққа келмейді»//-дедйі. Себебі, журналист метериалдары теерң әрі жан-жақты зерттеу нысанына айналмағандығынан хабарларда үстірттік, жасандылық белең алып жатады. Журналистік зерттеуге талант пен сезімталдық, әрі осы саланың заңдарымен таныс болу, әрі өз материалын дерекке негіздеп, проблеманың қайнар көзі мен кемшілік үрдісін толық көрсетуі тиіс-ті. Қ.Қорғанов жариялылықпен тұспа-тұс кезеңде жарыққа шыққан «Бір хаттың ізімен» хабарын көрермендер хаттарының желісімен жасап, ондағы көтерілген мәслені нысанға барғанға дейін, тыңғылықты зерттеп, оқиға орнына арнайы топпен барып, іске жан-жақты қанығып, кейін студияға оған қатысты бар ұйым, мекеме басшыларын шақырып, келелі әңгіме тұрғандықтан да журанлист хатта көтерілген мәселелерге ұсақ-түйек деп қарамады. «Бір хаттың ізімен» хабарыынң көздеген проблемалары да сан алуан ел тағдыры, адам, тәрбие, денсаулық т.б. болатын. Журналист деректен алшақтамай, біреудің ар-намысын орынсыз аяққа таптамай, болғанды болған күйінде баяндай отырып, журналистік зерттеу әдістеріндегі: «а) алдын-ала тексеру», б) деректер, и)салыстыра талдау,г)бақылау, с)сұхбат түрінде хабарда жүйелі көрсете білді./6/
Теледидар саласын зерттеушілер осы саладағы шығармашылық үрдісті екі кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші кезеңін – зерттеушілік, екінші кезеңі – суреттеушілік деп. Журналист сценарийге даярлық барысында алдымен өмірді, өз зерттеп отырған тақырыпты танып, қыр-сырын ұғынуға, білуге міндетті. Болашақ сценарийге негіз қалайтын өмір болмысын алғашқы кезекте логикалық ұғым пайыммен ғана түсіне алады. Өмірді, материалды,, нысанды танымай, танығанын талдап, айқындап әрі іштей меңгеріп алмай, журналистің хабарға деген шабыты тумайды. Алғашқы зерттеушілік саты білу, танысу, қалпында болады. Осыдан кейін туатын екінші сатыда журналист сол парасат-пайыммен танығанын экранда көркем, жанды суретпен бейнелеуге ауысады. Осы қағиданы хабарды зерттеу, сценарий жазу, даярлау, экранға шығару кезінде өмірлік мұраты етіп ұстанған тележурналистер ғана көрерменге сәтті шығармалар береді.
Журналистік зерттеу дегенде, БАҚ-тың қоғамдағы орнымен бірге журналист еңбегінің қалай бағаланатыны көпшілік арасында алыпқашпа әңгіме көп... Сонымен, елінің өзіне деген ілтипатын журналист қалай бағалайды екен... Танымал тележурналистер бұл пікірге мынаадй ойларын қосады.
1. Баспасөз билік пен халық арасындағы өз міндетін атқарып отыр деп ойлайсыз ба? БАҚ пікіріне билік құлақ түре ме?
2. Қазақстанда журналист еңбегі қалай бағаланады? Қызметкерлеріңіздің әлеуметтік жағдайына, тиісті орындар тарапынан көрсетіліп жатқан сый-марапаттарға көңіліңіз тола ма? 3. Қазақстанда «ең танымал, басынан дау арылмайтын» журналист, тележурналист деп кімді танисыз? Бибігүл ЖЕКСЕНБАЙ «Хабар» агенттігі;
1. БАҚ өз қызметін дұрыс атқара алмаса, біреуді тәубеге шақырып, екіншісінің ашуын баспасөз – азамат соғысының өрті бұрқ ете қалары даусыз. Бірақ солай болса да оның пәрменділігі кешегі Кеңес жүйесі кезеңімен салыстырғанда анағұрлым бәсеңсігенін мойындауымыз керек. Қазір БАҚ-та сыналған адам күні ертең билік тізгінінде отырады. Яғни БАҚ-қа деген биліктің көзқарасы – «ит үреді, керуен көшедімен» бірдей болып тұр. Тағы бір қызық жайт – БАҚ-тың көпшілігі әр түрлі сатыдағы биліктің еншісінде. Бізде АҚШ немесе Еуропадағыдай, өз күнін өзі көретін, қоғамдық салмағы бар, алпауыт, ешкімге тәуелсіз шығармашылық ұжымнан ғана жасақталған БАҚ жоқ. Объективті, субъективті жағдайларға байланысты, БАҚ индустриясы елімізде дамымай жатыр. Тек арзанқол, жеңіл-желпі, ұсақ-түйек басылымдар ғана қаптап кетті. Олардан келіп-кетер пайда-зиян өз алдына бөлек әңгіме.
2. Қазақ тілді журналистің беделі – мемлекеттің беделі. Жасыратыны жоқ, әлеуметтік жағдайымыз осыдан он шақты жыл бұрынғы кезбен салыстырғанда, көш ілгері, оған тәубе дейміз. Шыны керек, 1990 жылдардың басында қазақ тілді журналист үшін министр немесе олардың орынбасарларынан қазақ тілінде ақпар алу арман болатын.
Қазір де жағдай көп оңала қойған жоқ. Кейбір сәттерде лауазым иелерінің аузын жыбырлатып, ол айтуы тиіс сөзді журналист өз сөзімен жеткізуге мәжбүр болады. Яғни бұл жерде журналист шенеунік айтуы тиіс ақпарды қазақшаға аударады, әрі редакциялап, артық-кемін жөндейді. Біле білсек, мұның бәрі өзіміздің момындығымыздан. Тағы бір назар аударарлықтай жай – біз іздене бермейміз. Қолда бар ақпараттық дүниені әрлеп, оқырмандарға жеткізе білмейміз. Жобаларымыз табыс әкелмей, орта жолда қалып жатады... Қазақ тілді БАҚ-тың да, журналистердің де әлеуметтік әл-ахуалы мемлекеттік тілдің дамуына байланысты ма деймін. Тіліміздің беделімен бірге журналистер ұсынған ақпараттардың салмағы да өседі, сол кезде ғана біздің аудиториямыз сапалы, ақпараттық өніммен қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
Жалпы ережелер
республикасы білім
рсетілетін қызмет
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
атындағы жалпы
туралы хабарландыру