Журналистік зерттеудің шығу тарихы


Шетел тәжірибесіндегі журналистік зерттеу



бет8/14
Дата10.06.2022
өлшемі0.59 Mb.
#267415
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14
Байланысты:
-dip -zhurnalistik-zertteu

1.2. Шетел тәжірибесіндегі журналистік зерттеу
Журналистің кез-келген зерттеумен айналыса ала ма? Әрине айналысуына болады. Ең бастысы ықылас болса,-дейді батыс мамандары. Керек адамымен тілдесе алатын, айналасының сеніміне кіре отырып, қажетті ақпарат көздерін иеленген тәжірибелі репортер – бұл зерттеу барысында өте қабілетті маман. Басқа зерттеушілік әрекеттер тәжірибе барысында оң шешімін таппақ. Өкінішке қарай, бізде жаңа бастап жүрген журналист-зерттеушілер білімдерін толықтырып, тәжірибесін молайтуда қажетті әдеби кітаптар жеткіліксіз. Әйтсе де батыстық әріптестердің тәжірибесіне қанықпыз.
Енді батыстық инвестигейтерлердің тәжірибесімен бөліссек. Жұмыс жоспарын қалай құру керек. Алдымен, жоспардың атын құрастыру керек. Ол үшін, негізгі айтылатын ой мен мазмұнды анықтап алу керек. Мысалы, үй тұрғындарының салық төлемдері. Бұндай тақырыпты таңдамас бұрын, алдымен мәселені жан-жақты зерттеп алу керек. Жарияланудың алдында, өзіңізге және қоршаған ортаға қандай пайда септігін алып келетінін ойлану керек.
Бұқаралық ақпарат құралдары техникалық көзқарас тұрғысынан біржақты қатынас каналы \мәселен монолог\ болып есептелінеді. Бұл айрықша радиотелевизиялық терминологияға жақындау. Ондағы құрал – жабдықтар қабылдаушы және хабар таратушы болып бөлінеді. Бір жағы көпшілік ақпаратты өндірсе, екіншісі оны қабылдап жатады. Әйтсе де теледидар радио мен баспасөзге қарағанда, өз бағдарламаларын пікір алысу түрінде жақындатуға ұмтылуда. Көрермендердің хабарға қатысуға кең таралуы, олардың хаттарына көңіл аудару, сұрақтарына жауап беру т.б. теледидар бағдарламаларындағы пікір алысу көріністерінің характерлік көріністері. Теледидар шығармаларының құрылымында, оның ішінде көркем хабарларда әңгімелесудің нышандары бар.
Өнер дүниелерінде адресат немесе жасаушы деп бөлу – жаңалық емес. Әйтсе де бұқаралық ақпарат құралдарының дамуы және оның құрамындағы теледидар оған жаңалық пен актуальдық береді. Сонымен бірлікте теледидардың эстетикалық айырмашылығы мен қатынас құралы ретіндегі өзіндік ерекшелігі де әсер етеді.
Теледидар – дыбыс пен көріністі астастыра отырып, коммуникацияның мол мүмкіндігіне ие. Оқиға өтіп жатқан ортадан тікелей хабарлама бере отырып, теледидар газет пен радиоға қарағанда көрермендердің «қатысушылар әсерін» де қалыптастырады. «Жекелік қатынас әсері» телевизиялық коммуникацияны даралық қатынас түріне жақындастырады. Көрермен теледидары бір мезгілде миллиондаған адамның көретіндігін және телеэкрандағы хабарламаның соларға қаратыла айтылатындығы сезінеді.
Жалпы коммуникация барлығына да жанама түрде болады. Ол хабарды беруші мен оны қабылдаушы арасында белгілі бір кеңістік немесе уақытша аралық бар деген сөз. Кино мен баспасөзде аралық – уақытша кеңістік. Ал, теледидар мен радиода тікелей эфир кезінде ғана аралық кеңістік сақталады. Теледидар өз көрермендерінің көз алдында олармен тікелей байланысқа шыға отырып, екі жақты байланыс та орнатады. Қабылдаудың осындай түрі телекоммуникацияда диалогтық байланыс, ол өз кезегінде көрерменнің сенім және оған қатысу мүмкіндігі туындайды.
Парасат – пайымымызға орай хабарлар жасап, материалдар әзірлейміз. Көрермен оны біздің ойымыз бен сезімімізден анық байқап, аңғарады. Олар біздің ойларымыз арқылы өмірге қаншалықты жақындығымызға дейін сезініп біледі. Олар бақылауға журналист өзімізбен бірге ертеді, не ертпейді! Сапарға бірге еріп шығады, не шықпайды! Мұндай жағдайда редакциядағы көңіл – күйдің көмегі шексіз. Жайлы атмосфера, түсінікшілік, демократия , сезімталдық, тәрбиелілік, жолдастық қарым – қатынас аса қажет. Журналистің жеке басындағы ұсақтық пен принципсіздіктің зарбады үлкен. Осының нәтижесінде автор мен көрермендер арасында салқындық орнайды. Егер біз өзімізге жүктелген парасатты миссияны орындауға ұмтылмасақ, қоғам, халық алдындағы азаматтық борышымызды өтеуге деген қабілетсіздігімізді байқаймыз.
Журналистік зерттеу кезінде материал жинақтауда журналистке талғампаздық пен байқампаздық керек. Материал алуда біз «Станиславский жүйесіндегі» актерларға ұқсаймыз. Актерлік шеберлік ең алдымен өз бойындағы талантты жинақтау. Ақылды кейіпкерді ойнау үшін актердың интелектуальды болуы шарт емес. Ал, журналистикада бұл шарттылық қабыспайды. Бізге ешкім де мәтін жазып, сахна дайындамайды. Өзімізге бір мезгілде әрі режиссерлік, әрі драматургтік, әрі орындаушылық рөлдерді қоса атқаруға тура келеді. Концепцияға негізделген жағдайда стратегиялық міндеттерімізді өзіміз шешеміз. Ол көптеген кейіпкерлерді қатардан шығару, кездескен мәліметтерді жинау кезінде де аса қажетті. Кез келген кездесулерде қарсы беттен айғақтар алу тәсілі – тактикалық мәселе. Оны сол кезеңге сәйкес дәл жағдайлардың өздері тудырады.
Журналист қаламынан материалдың сыни және жағымды түрі туындайды. Себебі, жағымды очерктің өзіне де сынның элементтері байқалады. Жағымсыз материал жұртшылықтың бәріне бірдей ұнамауы да мүмкін. Өйткені, жағымды кейіпкерге олардың әрбірі өз көзқарасы тұрғысынан келеді. Сондықтан да қандай жағдайда да өзіңе бақылауды жоғалтпауың керек.
Журналистика - өте жауапты өндіріс алаңы. Онда кез келген жағдайда да сабырлылық керек. Егер журналист шешімі солқылдақ әрі іс - әрекеттінен кемшіліктің белгісі аңғарылып тұрса оған деген көзқарас қалыптасады. Іске селқостық қатынасы, жұмыс барысында үлкен кемшіліктерге әкеліп соқтырды. Материал жинау кезінде оған бетпе – бет келген адамдар екі ұшты ойда болды. Оған шындықты айту қажет пе, әлде жалған сөйлеу яки қажетті, мағлұмат беру әлде бермеу керек пе, әңгімеге араласу керек пе, жоқ па? – деген сияқты. Қашанда шешімділік пен жинақтылық, тиянақтылық пен парасат өз бойыңнан табылып, іскерлік үстем болуы тиіс.
Адамдағы өмірлік тәжірибе мен қиял қандай жағдайда, проблемада болсын көмекке келеді. Дәлдік пен айшылықты қамтамасыз ете отырып, бізге жинақталған материалды іс - әрекет барысында жүйелеп алу керек. Жүйелілік қандай жағдайда қажет. Бұл кезде не істеуіміз қажет екенін білген жағдайда ғана жүзеге асатын әрекет. Мысалы, кейіпкермен әңгімелесу барысында, әңгімедегі әрбір ойды түсіну мен қорытуға тырысасың. Ондай жағдайда әңгіме еркін өрбиді. Кейіпкер оның болашағы туралы ойламайды да. Ол өткені мен бүгіні туралы айта отырып, бір жайлардан екіншісіне өтеді, өзіне қайшылықта болған кейіпкерлерді, іс - әрекеттерді еске түсіреді. Сондай жағдайда айтылған ойларды қойып дәптеріңе мынадай жүйемен: «кейіпкердің жақтастары», «қарсы жақтың позициясы», «конфликтінің өрбуі», «кейіпкер даралығы» , «бағдарламаның жағымды жақтары» , т.б. түсіріп алу еш артықтық етпейді. Демек, бұлардың бәрі де жүйе бойынша концепциядан туындаған әрі аса керекті жайлар.
Қорыта келгенде, материалды жинақтаудың мынандай көздері бар. Олар: жеке тәжірбие, байқау және ойлау, интервью және әңгіме, оқу. Сценарийді жазу барысында осылардың әрбірі сенің ой дүниеңе берік орнығып, қажетіңе жарайды.
Жас журналистер үшін сценарийге қажетті материалдарды табу жолдарын білу де аса маңызды. Олар:
Картотека – түрлі хабарлар, мәліметтер, материалдар тіркелген карточкалар жинағы. Кітаптар мен бюллетеньдер де осы картотека жинағы. Кітаптар мен бюллетеньдер де осы картотекаға жинақталады. Кітапты аты және авторы арқылы іздейді. Тапқан кітабыңыздан оның мазмұны мен тарауларына көңіл аудару керек.
Мерзімді баспасөз туралы көрсеткіш. Журналдағы материалдарды іздеудің тиімді жолы, мерзімді анықтама не көрсеткішке сүйену қажеттілігі. Тиімдісі – «Мерзімді баспасөз анықтамалығы».
Жалпы сипаттағы журнал. Күнделіктің ағымдағы ақпараттар үшін жай журналдарға материалдармен танысу да маңызды. Көптеген журналдар белгілі бір салаға бағытталған.
Газеттерден аса қажетті, соңғы жаңалықтарды табуға болады.
Энциклопедия – ғылымның әр саласын мәлімет беретін ғылыми анықтамалық кітап. Пікірталас кезінде энциклопедиядағы мәліметтердің көмегі мол.

  1. Өмірбаян анықтамалығы. Жекелеген тұлғалар жайында мәлімет алу және олардың сөйлеген сөздеріне сілтеме жасау, үзінділер келтіру.

  2. Статистикалық анықтамалық. Арнайы бөлімдерден: мемлекеттік басқару, экономика, социология, дін, спорт, өнер және т.б. кеңірек мәлімет алуға болады. Есте болатын нәрсе әрбір мақала немесе статистикалық кестеде мәліметтің алынған уақыты көрсетілген болуы тиіс.

  3. Әдеби анықтамалық. Алфавит бойынша негізгі тақырыпқа үзінді, толғам, мақал жайында ескі және қазіргі әдебиеттерден түсінік беріледі. Егер «міндет» сөзін кім айтқанын білгіңіз келсе, онда кітаптағы «міндет» деген тақырыптан іздеу керек.

  4. Библиографиялық шолулар. Егер сіз 1910 жылы шыққан кітап туралы толық мәлімет алғыңыз келсе, онда сол жылғы шыққан «Кітапқа шолуға» ой жүгірткеніңіз дұрыс. Анықтамада, әрбір кітапқа шолу және толық мәтінге сілтеме жасалады.

  5. Брошюра және бюллетеньдер. Көптеген арнаулы жұмыстар брошюра және бюллетень күйінде шығарылады. Мемлекеттік ұйымдар мен өндіріс, ағарту т.б. мекемелер көпшілікке өз жұмыстары жайында жалпы мәлімет береді.

Осылардың бәрімен жұмыс жасауды толық меңгерген жағдайда, сіз көптеген уақытыңызды үнемдеп, артық істерден арыласыз. Кітапхана жұмыстарын пайдалануды игерсеңіз, сіз зерттеу жұмыстарына кіріге отырып, өзіңізді қызықтырған мәселелерді тереңірек зерттеуге ден қоясыз. Осының бәрі де сценарийді жазу кезінде авторға көмекке келеді. Қарымды журналистер шындықпен бетпе – бет келіп, алдын – ала бәрін де ойластырып, межелеп, қажетті деректермен қаруланып, кез келген мәселеге әзір тұрады.
Шетелдегі журналистиканың дамыған жанрының бірі – бұл журналистік зерттеу деп айтуға болады. Бір ғана Ақ үйдің баспасөз корпусында 100-ден аса журналист қызмет жасайды екен. Олар Жасырын қызмет өкілдерінің тексерісінен өту арқылы (бармақ белгілері мен мекен-жайларына байланысты) АҚШ президенті жанындағы баспасөз офисіне ресми тіркелген. Тізімдегі тілші қауымының арасында америкалық негізгі телеарналар, басты-басты деген газет-журнал трестері мен жекелеген ірі басылымдардың өкілдері бар. Олардың әрқайсысына күнделікті жұмыс күні Ақ үйдің батыс жақ қанатындағы баспасөз орталығына барып қатысуға болатын арнайы рұқсат қағазы берілген. Журналистердің ішінде ерлермен қатар, әр түрлі жастағы әйелдер де бар. Мысалы, UPІ агенттігінің (Юнайтед пресс интернэшнл) өкілі Хелен Томастың Ақ үйге тіркелгеніне тура 57 жыл болған. Көптеген журналистер үшін Ақ үйдің қожайыны мен оның жанындағы серіктерімен жүздесу таңсық емес. Президент Бушты күнделікті маңызы бар брифингтерде көзбе-көз кездестіре беруге болады. Алайда кей жағдайларда ғана шектеулі баспасөз мәслихаттарына БАҚ өкілдері қатыстырылмайды. Ал маңызды деген телеарналар мен агенттіктердің тілшілері үнемі Ақ үйдің баспасөз орталығында болуға тиісті және олар үшін арнайы орын қарастырылған. Оның үстіне, биылғы қыркүйектен бастап АҚШ мемлекеттік департаменті енді елдегі БАҚ-қа мемлекеттің имиджін насихаттау үшін көбірек қызмет етуге тапсырма берген-ді. Бұл журналист қауымы үшін, әсіресе, шетелдік ақпарат құралдарымен мықты әріптестік орнатып, жарнама, ақпарат алмасу мәселелеріне ерекше ден қоюды жүктейді. Егер АҚШ президентінің шет елдерге сапары немесе Вашингтоннан тысқары жерлерге демалысы белгіленсе, оның айналасында міндетті түрде Ақ үй баспасөз корпусының айтарлықтай тобы жүреді. Бұл бір жағынан БАҚ өкілдерін қабылдау еркін болған жағдайларға да байланысты. Ақ үй – журналистерінің ең көп шоғырланатын жерінің бірі, әсіресе, Джордж Буштың Кроуфордтағы (Техас штаты) ранчоға келуі. Мысалы, сол жердің Элементарлы мектебінде (Crawford Elementary school) өткен бір ғана жиынға барлығы 60-қа жуық тілші жиналыпты.
Соңғы уақыттары Ақ үй қожайынының қызметін жан-жақты әспеттеу мақсатында журналистерге жасалатын жағдай да айтарлықтай оңалды. Мәселен, баспасөз мәслихаты өтіп жүрген мектептің спорт залына бақандай екі желдеткіш орнатылған екен. Сондай-ақ тіркеудегі журналистер үшін ранчода шетелдік мемлекет басшылары мен Буштың кездесу шараларын толықтай тамашалап, тіпті олардың ауладағы серуендерін де бақылауға мүмкіндік бар. Қыл аяғы тілшілер өздерін қызықтырған сұрақтарға да еркін жауап ала алады. БАҚ өкілдеріне президентпен жоспарланған шаралардың бағдарламасын көріп, мәтінімен танысуға рұқсат. Ал Германияда тіптен басқаша. Журналистер үшін концлердің жанында жүре қою екіталай іс. Бұл тіпті мемлекет басшысының демалысы кезінде де мүмкін емес. Концлердің қысқа мерзімді демалыстары жариясыз, жасырын түрдегі жеке ісі ретінде саналуға тиісті. Кейде ілуде бір ғана жазғы серуен, саяхат орындарынан мемлекет басшысының суреттері түсіріліп немесе телеарналар арқылы сұхбаттары беріліп жатады. Ал концлердің шетелдік сапарларын насихаттап, ақпарат тарату кезінде журналистер уақытша ғана тіркеуге жазылып, қызмет етеді. Яғни Баспасөз жөніндегі федералды ведмоство елдегі маңызды телеарналар мен газет-журнал өкілдерін алдын ала таңдап алады. Бірақ бұл құрам әр уақыт сайын өзгеріп тұрады. Кімді жіберу керек екендігін редакция басшылығы өздері шешеді. /3/
Майкл Блумберг – ақпарат ғасырында есімі әлемге әйгілі болған Билл Гейтс секілді телевизия саласында жолы болған медиакәсіпкерлердің бірі.” Бұл – белгілі магнат Руперту Мердокудің оған берген бағасы.
1981 жылы Bloomberg Fіnancіal Markets компаниясы өз жұмысын Интернет арқылы облыстық, халықаралық қаржы және нарық істеріне талдау жасап, оны АҚШ, Канада, Латын Америкасы, Еуропа, Азия, Австралия және Таяу Шығыс елдеріне таратудан бастады.
1994 жылы “Bloomberg Televіzіon” деген атпен аталып, жұмыс орны Мерленд штатында құрылды. Арада бір жыл өтіп (1995 жыл) Лондонда, Еуропаның барлық (Франция, Италия, Испания, Германия, т.б) мемлекеттерінде трансляциялана бастады. Асылы, телеарнаның қалыбы (форматы) интернеттік бетке көбірек ұқсайды. Бұл – Bloomberg-тің ешкімге ұқсамайтын өзіндік стилі болса керек.
Мұнда алтын уақытты жоғалтпау мақсатында әр жарты сағат сайын шетелдік валюта, әлем жаңалықтары, футбол, хоккей, теннис, т.б спорт түрлерінен хабарлар экранның жоғары оң бұрыш жолағында жүріп отырады. Оң жақ орталығында барлық республиканың алдағы үш күндік ауа райы беріледі. Арнайы бағанда гороскоп, анекдот және ақпараттар көрсетіледі.
Біз сөз етіп отырған шығармашылық топтың тағы бір жетістігі – репортаж, комментарий, сұхбат, талдамалы бағдарламалардың тәулік бойы үздіксіз жаңарып отыратындығында. Таңертеңгілік “Eye on the Markets” (Американың тыныс-тіршілігі жөнінде), “Personal Fіnanse” (түнгі бағдарлама: ақша табудың құпиясы мен оны сақтап, қолдану туралы), “Money Makers” (Еуропаның дамуы жайында), т.б көрсетілімдердің аудиториясының кеңдігін ерекше атаған жөн. Тағы бір тілге тиек етерлігі бұл телеарна өзге ақпарат тарату компаниялары (BBC World, CNN Іnternatіonal, Euronews, т.б) секілді ағылшын тілінде хабар таратады. Жалпы, Bloomberg жеті тілде “сөйлейді ”. Сонымен қатар, оның бағдарламаларын Astra спутнигінен талдамалы (аналоговом) және сандық (цифровом) форматта трансляция жасалынады. Бұрынғы он бес одақтық республика көрермендері Bloomberg-тің жеке сандық пакетін Hot Bіrd спутниктік тобынан таба алады. Ол – француз, итальян, испан, неміс және ағылшын тілдерінде шығады.
ТҮЙІН: Бүгінде НТВ Плюс - Bloomberg TV-мен толығып, көрерменнің барлық талғамы мен таңдауын қамтып, халықаралық стандартқа сай қызмет етуде. 1996 жылдан бастап шығармашылық топ еуропалықтардың сұранымын қанағаттандырып, өзге арналардан озық технологиясымен, ақпарат тарату оперативтілігімен суырылып алға шықты. Ұлыбританияда 6 млн, Еуропаның өзге елдерінде
23 млн бұқара осы компанияны тамашалайды. Ал кабельдік сетте АҚШ-та тіркеуде тұрғандардың саны 100 млн адамнан асып түсіпті. Бұл – Р.Маградзенің 2000 жылғы зерттеу жұмыстарының көрсеткіші. Арада бақандай бес жыл өтті. Енді жоғарыдағы көрсеткішке көрермен санының қаншаға толыққандығын есептей беріңіз.../4/
ХІ ҒАСЫР ТЕЛЕДИДАРЫ - Жапонияның мемлекеттік “Ниппон хосо кекай” (NHK) телерадиокорпорациясы 1953 жылы құрылды. Алғаш, теледидар 1959 жылы қара-ақ түспен мемлекеттің барлық аймақтарына тарала бастады. Артқа бес жыл тастап, яғни 1964 жылы аталмыш теледидардан түрлі-түсті бейнемен Токиодағы олимпиада ойындары көрсетілді. Алайда 70 жылдардың ортасында қайтадан бұрынғы қалыптағы қара-ақ түске іс-жүзінде ауысқан болатын.
Алғашында телерадио басшыларын телекөрермендердің талғамын қанағаттандыру ісі қатты ойландырды. Сөйтіп, телебағдарлама авторлары кіші, орта және жоғары жастағы көрермендер арасында сауалнама жүргізіп, соған орай әр түрлі телекөрсетілімдерді өмірге әкелудің жолдарын қарастырды. Жастар сұранысына орай арнада тек ақпараттар тізбегі өтіп қана қоймай, ойын-сауық бағдарламалар, кинофильмдер, дебат, т.б әр түрлі тақырыптағы телетуындылар эфирден көрсетілді. Дәл қазіргі уақытта жапон жұртшылығы жұмыс күндері 3 сағат 32 минут, ал демалыс күндері 4 сағаттан артық осы арнаны тамашалайды екен.
Техникасы қарыштап дамып жатқан жапондықтардан не шықпайды дейсіз? Мәселен, жапон үкіметінің қабылдаған шешіміне орай 2020 жылда Жапонияда теледидардың жаңа түрі пайда болады. Ол қандай дейсіз ғой? Онда көрермен экрандағы объектіні қолымен ұстап, желдің, гүлдердің иісін сезе алады екен. “Ағымдағы жылдан бастап, министрлік пен әкімшіліктерде, телевизия саласында жүрген беделді мамандар арасында әлгі теледидарды ойлап шығару мәселесі төңірегінде форум, дөңгелек үстел, жиналыстар ұйымдастырылып жатыр” деп хабарлайды – “Нихон кэйдзай” газеті. Оған 2006 жылы мемлекеттік бюджеттен 10 млн. доллар қарастырылыпты.
Тағы бір жаңалық. Жапондардан не шықпайды демекші, 2006 мен 2011 жылдар аралығында жапон телеарналары түгелдей сандық жүйеге көшпекші. Жоғары сапалы бейне мен дауысқа негізделген бұл “XXІ ғасыр телеарнасына” үйде отырып-ақ интернет арқылы тапсырыс беріп, кез келген тақырыптағы бағдарламаларды көруге мүмкіндік туады. Сондай-ақ дәл қазір жапон көрермендерінің (егер олардың сандық теледидарлары бар болса) 12 миллионына қызмет жасауға дайын екен. Сондықтан да мұндай жоғары сапалы “XXІ ғасыр телеарнасын” өмірге әкелу үшін мамандардың есептеуі бойынша 40 трлн. иенді (АҚШ-тың долларымен есептегенде – 38 млрд.) талап етеді екен. Мұнда да көрермендер экрандағы дүниелерді көзбен көріп қана қоймай, оны қолымен ұстап, иісін сезе алады. Бұл – техникасы енді дамып келе жатқан қазақстандықтар үшін ертегі болып көрінуі әбден мүмкін. /5/
Салық шығынын есептемегеннің өзінде жылдық табысы 58 млрд. доллардан асып жығылатын бұл медиа-аждаһа да ақпарат дәуірінің тамырын дөп басып, өзін әлем алдында мойындатуға бар қажырын төгумен келе жатыр. Бірақ «еңбегі еш кеткен жоқ» деп бағалайды, бүгінгі медиа-серкелер. Дүниеде алдына тек «Tіme Warner-ді» ғана жіберуінің өзі үлкен нәтиже...
Басшылығы ауысқанымен де қазір әуелі Франция сосын Еуропа бойынша және АҚШ пен Азияда жетекші медиа-империяға ие. Иә, басшылығы демекші, айтпақшы, осыдан бір-екі жыл бұрын медиа-конгломераттың жетекшісі Жан-Мари Мессье корпорацияның қаржысын жымқырып, ақыры Парижде қамауға алынған болатын. Сөйтіп, біржолата қызметінен аластатылған. Бәрібір қарап қалған Vіvendі болған жоқ. Медиа-компания қазір шамамен алғанда электронды ақпарат құралдарының түгелге жуығын, байланыс, кітап, әуен және кино өндірісінің басым бөлігін тізгініне теңдей беріп, күндегі тіршілігін тұралатып алмауға талпыныс жасап-ақ жатыр. Оған мысал, Vіvendі 2002 жылы 34 117 миллион, 2003 жылы 30 949 миллион доллар таза табыс жасады. Ал 2004 жылдың тек бірінші жартыжылдығында тапқан пайдасының өзі 13 848 млн. долларды құраған. Мамандардың анықтауынша, Vіvendі-дің 2005 жылғы табысы өзге жылдардағысынан әлдеқайда артып, компанияның медиа-бизнесте қарыштай түскенін дәлелдеп отыр. Медиа-компания былтырғы 3 тоқсанның өзінде-ақ алдыңғы жылғы деңгеймен салыстырғанда 6 есе нақты табысқа кенелді. Айталық, компанияның былтырғы шілде-қыркүйек аралығындағы таза кірісі 776 млн. еуро болған. Алдыңғы жылғы осы кезеңнің табысы небәрі 131 млн. еуро еді.
Vіvendі Unіversal-дың медиа-рыноктағы соңғы жаңалықтарының біріне оның былтыр General Electrіc (АҚШ) пен өзінің жартылай қарамағындағы NBC телекомпаниясымен бірігіп «NBC Unіversal» ғаламдық медиахолдингін құрғанын жатқызамыз. Мұндағы үлес General Electrіc-ке 80 пайыз, Vіvendі Unіversal-ға 20 пайыз бақылау мүмкіндігі бойынша бөлінді. Ал сол кезде «NBC Unіversal-дың» 2005 жылғы табыс мөлшері 15 млрд. доллар деп бағаланды.
Жаңа ғаламдық медиахолдинг әлемдік аудитория үшін ақпараттық өнімдерден бастап, көңіл көтеріп, сергітетін өнімдерге дейін дүние жүзінде жетекші компанияның бірін иеленуді мақсат еткен. Құрамында USA мен «Bravo-сы» бар 7 кабельді телеарна, 29 телевизиялық станса, 5 тематикалық парк шоғырланған киностудиялар кіреді. Яғни компанияның активтері NBC, «Telemundo», «USA Network», «Scі-Fі Channel», «Bravo», «Trіo», CNBC пен MSNBC (біраз бөлігі Mіcrosoft-қа тиесілі) телеарналарына, «Unіversal Pіctures» киностудиясы мен «Unіversal Televіsіon», «NBC Studіos» сияқты телевизиялық бағдарлама өндіруші студияларына тән деген сөз. Сонымен қатар компанияның бірқатар акциялары «Unіversal Studіos Hollywood» пен «Unіversal Orlando-да» жатыр. Ал халықаралық активтерінің құрамына әлемнің 200-ге жуық еліндегі бейнефильмдер сату мен тарату бойынша DVD, телевизиялық өнімдер мен көркем фильмдер ісіндегі кәсіпорындар, Еуропа, Азия және Латын Америкасындағы телеарналар кіреді. Тағы бір айта кетерлігі, мәселен, былтырғы жылдың 4 тоқсаны бойынша HD-DVD үлгісінде жаңа фильмдер бастырып шығаруда Warner Brosers студиясы 50, Paramaunt 20 фильм өндіру жұмысын мойындарына алса, Vіvendі Unіversal-дың үлесі 16 фильмді қамтыды. Мұның өзі Голливуд студияларының арасында Vіvendі Unіversal-ға деген сұраныстың жоғары деңгейде екендігін көрсетсе керек.
NBC Unіversal-дың жаңа басшысы болып NBC-тің бұрынғы төрағасы Боб Райт тағайындалған-ды. Қызметіне кіріскен күні ол берген сұхбатта «...компания медиа-бизнесте ешқандай төңкеріс жасауға талпынбайды, есесіне қолданыста бар мүмкіндіктерді одан әрмен асыра түсуге бетбұрыс жасайды» деп айтқан жерлері бар. Мұның шындыққа жанасуын әлемдік медиа-базарда әжептәуір салмағы бар Vіvendі-дің үлесімен-ақ бағамдап көруге болады. Себебі жер-жаһандағы ең алыптар деген медиа-аждаһалардың қатарында Франциядан жалғыз Vіvendі Unіversal-дың ғана тұруы тегін емес-ті... /7/
Польшаның телерадио тарату ісі бірнеше заң актілерінің аясында қызмет етіп келеді. Оның ішінде әуелі елдің Конституциясын жеке атауға болады. Құрамынан Жалпыпольшалық радио және телехабарларын тарату туралы кеңеске арнайы орын берген Конституция жалпы, БАҚ кеңістігіндегі сөз бостандығы мен ақпарат құқығын берік сақтауға мұрындық боп отыр.
Жалпыпольшалық телерадио кеңесі Польшаның телерадио тарату жүйесіндегі ең жоғары басқарушы мекеме боп саналады. Сол себепті де оның мүшелері қандай да бір саяси партияның немесе кәсіподақтың құрамында болмаулары керек. Елдегі телерадио заңына бағына отырып, теле және радио өнімдерін тіркеу және оларды эфирге беру, қоғамдық телеарналар үшін жиналатын лицензиялық төлемақыны реттеу, бақылау мұның бәрі осы кеңестің атқаратын қызметтеріне кіреді. Сондықтан кеңестің әу бастағы атқаратын ісін Польша қоғамдық арнасынан да әсте бөліп қарауға болмайды.
Өзге елдердегідей Польша қоғамдық телеарнасының (“TELEWІZJA POLSKA” - TVP) халықпен байланысы әлбетте абоненттік төлемге тәуелді. Телеарна қажетті қаржысының біраз мөлшерін жарнама кірісі арқылы да түгендеп келеді. Мысалы, осыдан алты жыл бұрынғы оның көрсеткіші арна табысының 62 пайызын межелеген. Сондықтан кейінгі кездері телеарна үшін халықтан жиналатын төлемнің күрт қысқара түскендігін байқауға болады. Мәселен, 2000 жылдың өзінде ол ішкі қазынаның 30 пайызын ғана құраған. Есесіне, “TVP-дің” Жалпыпольшалық телерадио кеңесінің келісімімен жыл сайын мемлекет қазынасынан арнайы гранттар иемдене түсуі еселене бастады.
“TVP-дің” бағдарламалық саясаты да елдегі БАҚ туралы заң арқылы реттеледі. Заңның телерадиоға берері сол, мемлекеттік, я қоғамдық телеарнада болсын мейілінше еркін ақпарат тасымалдауға кепілдік болады. Ал түрлі мемлекеттік құзырлы мекемелердің телерадио қызметіне араласуы тек заңдық-құқықтық негізде ғана жүзеге асады.
Қазір “TVP” үшін жергілікті бағдарламалар жүйесін қамтамасыз етуде 11 аймақтық стансасы қызмет жасайды. Сол арқылы телекомпания эфирлік өнімдерін халыққа екі ұлттық арнасы арқылы таратып келеді. Оның бірі – “TVP-1” Польша аумағының 96 пайызын қамти отырып, ел халқының 98 пайызына тәулік ішінде 20 сағат бойы хабар таратады. “TVP-2” болса, аумақтың 82 пайызын 16 сағат бойына эфирмен қамтамасыз етеді. Корпорация өнімдерінің бір жылдағы пайыздық көрсеткіштерін атағанда көркем-публицистикалық бағдарламалардың басым екендігіне көз жеткізуге болады (35,3%). Қалған хабарлар, мысалы, ақпараттық-танымдық бағдарламалар – 10,6; ойын-сауық бағдарламалары – 9,1; сазды-көңіл көтеретін – 5; спорт – 4,6; діни хабарлар – 0,7 пайызды қамтиды. Телеарна 1993 жылдан бастап құрамынан тағы бір үшінші арнасын дүниеге әкелді. Оның қызметі – “TVP-1” мен ”TVP-2” арналарындағы телеөнімдерді спутник арқылы насихаттау. Көрсетілімдердің басым бөлігін талай жылдан бері сақталып келе жатқан Польша фильмдері мен сериалдары құрайды. Спутниктік арна телемәтін түрінде де хабар жеткізуге бейім.
Заң бойынша Польшадағы телерадио өнімдерінің 30 пайызының отандық болуы шарт. Бұл меженің де жыл сайын өсе түсуі қажет деп табылған. Әрі бір жағынан коммерциялық арналар арасындағы бәсекелестікке орай, отандық телебағдарламалар олардікінен 10 пайызға артық мөлшерді иемденуі керек.
Отандық телевизияға қойылатын талап та оның адамгершілік-құқықтық сипатқа сай болып, қоғамның діни наным-сенімін қастерлеуі мен христиандық құндылықтарды аяқ асты етпеуді ұсынады. Ал қоғамдық телеарнаға артылатын жауапкершілік оның халықтың үдесінен шығып, көрерменнің қажеттілігін қанағаттандыра білуде ақпараттық, танымдық, мәдени, діни, саяси және шетелдік хабарлардың міндетті түрде қамтылуын талап етеді. Жарнамалық өнімдердің мөлшері сағатына 12 пайыздық көрсеткіштен артылмауы керек. Эфирлік көрсетілімдерді аяқ астынан жарнама арқылы бөліп жіберуге мүлдем рұқсат етілмейді. Темекі мен алкоголь өнімдерін насихаттауды айтпағанда, қыл аяғы дәрі-дәрмектің өзін жарнамалауға жол жоқ.
Қазіргі күні Польшада 70 телевизиялық станса жұмыс істейді. Оның ішінде ең басты хабар таратушылар санатында қоғамдық телерадио корпорациясының есімі бірінші аталады. Әйтсе де, онымен бәсекелес жеке меншік ұлттық арналар да жоқ емес. Олардың қатарына «POLSAT TV», «TVN», «CHANAL-4», «CATOLІC PULS TV», “RTL-7", «WІZJA TV» сияқты телекомпанияларды жатқызуға болады. Сонымен бірге елдегі 2 миллионнан аса көрермені бар 500-ге жуық кабельдік арналарды да айта кеткен жөн.
ТҮЙІН: Жергілікті халық арасында жүргізілген зерттеу сауалнамасының нәтижелері бойынша Польша тұрғындарының 62-70 пайызына дейін телевизия қызметіне адал сенім қалыптастырып үлгеріпті. Соның ішінде қоғамдық телеарна бағдарламалары жауап бергендердің 64 пайызының талап-тілегін қанағаттандыра білген. Аудиторияның 62 пайызы “TVP-ді” саяси ұстанымда бейтараптық бағытынан жаңылмаушы деп тапса, бұқараның онсыз да басым бөлігі оған ұлттық ақпарды айқын елестете білуші бірден-бір арна деп баға берген. Бәлкім, Варшава сапарындағы Ющенконың назарын аударған ел телевизиясының біз білмейтін қағаберіс құпиясы да осында жатса керек-ті…/8/
Бұл жоғарыда аталып өткен шетелдік телеарналарда журналистк зерттеу жанры өте жоғары дамыған. Бұл елдерде журналист зертетушілердің еңбегі де жоғары бағаланады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы