Тақырып таңдау. Мақалаға тақырыпты таңдауда барынша саралап, оң –теріс көзқарастарды қарастырып, салмақтап алу керек.
*Сіз таңдап алынған тақырыпқа қатысты маман, не экспертсіз бе?
*Сізде қандай ақпарат көздері, қорлар, байланыстар бар?
*Сізге зерттеу барысында көмектесе алатын ұйымдар бар ма?
*Дерек көздерін беру барысында кейіпкеріңіз айтылған сөздерін жазып алуыңызды қалай ма?
Журналистік зерттеу барысында «сіздің әркетіңіз қоршаған ортаға қалай әсер етеді?, таңдап алынған тақырыпқа мақала жазу керек пе?, сіздің мақалаңыз едәуір өзгеріс әкеле ме?»- осы сауалдарға жауап іздеуді ұмытпау қажет.
Қауіп-қатерде басты назарда болғаны дұрыс.
*Осы тақырып бойынша зерттеу барысында сіз өзіңізге және сіздің баспаңызға қаншалықты қауіп қатерден күмәнданасыз?
*Сіз үшін және шығармаңызға қаржылық қатер қандай?
*Сіздің өміріңізге немесе отбасыңызға қауіп қатер бар ма?
*Бұл қауіптерді төмендету үшін қандай да бір қадамдар жасау керек?
*Сіздің мақалаңыздың тақырыбын басқа журналистердің зерттеп қоймауына қаншалықты күмәнданасыз?
Мақалаңыздың төменгі «көлемін» анықтаңыз.
*сіз тек тақырып көздерін ашасыз.
*егер сол сәттер туар болса, егер сіз тереңірек тақырыпқа үңіле алмасаңыз, мүмкіндігінше аздап болса да шетін көрсетіңіз.
*мүмкін сіз бір ғана оқиғаны ашып, көрсете алатын шығарсыз.
*сізге мүмкін ұлттық деңгейде емес, жергілікті тақырыпты ашу керек шығар.
Мақалаңыздың «ең жоғарғы көлемін» анықтаңыз.
-бұл қоғамдық дүрбелең туғызатын үлкен мақала болады.
-сіз жемқорлықтың пайда болуын терең зерттеп, оның жоғары өршіп бара жатқанын көрсетесіз
Сіз мақсатыңызды зерттеуді төменнен бастап жоғары деңгейге жетуге ұмытылуыңыз қажет. Есіңізде болсын, сіз өз білгеніңізді жазбаңыз, сіз неғұрлым дәлелдеу үшін тырысыңыз.
Өз көзқарасыңыздан сақтаныңыз:!
Журналист ешқашан өз көзқарасындағы мақалаларды ашпауға тырысу керек. Біреудің пара алғандығын тағы басқа жайлар туралы жариялау алдында журналист нақты, салиқалы, құрылымдағы деректерді құрастыруы керек. Барлық заң бұзушылықтар мен мәселелердің көздерін көрсете отырып жазуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |