Журналистік зерттеудің шығу тарихы



бет4/14
Дата10.06.2022
өлшемі0.59 Mb.
#267415
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
-dip -zhurnalistik-zertteu

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
Инвестергейтер – журналист зерттеуші
Журналистік зерттеу –әлі бұл салаға дайындығы жоқ журналист үшін ең қиын жұмыс, ең қауіпті сала. Тіпті криминалистикада қалам тербеп жүрген ең тәжірибелі маманның өзі жалғыз зерттеу жүргізсе, оған талай тосқауыл кездеседі. Ал егер бұл іске арнайы бір топ құрып араласса, нәтиже беріп қалуы ықтимал. Сонда ғана ақпартты жинау, оны кең көлемде реттеп, сауатты түрде тексеруге болады.
Ресейде алғаш рет мұндай мекеме – Журналистік зерттеу агенттігі деген атпен – 1986 жылы ашылды. Оны атақты публицист, «Қарақшылар Петербургі» («Бандитский Петербург») және «Жемқорлық жайлаған толы Петербург» («Коррумпированный Петербург») атты бестселлерлердің авторы Андрей Константинов ұйымдастырған болатын. Бұл мекемеге біреудің көңілі толып жатса, енді біреулері оның ұсынған қызметтерін бағаламай жатады. Кейбіреулер бұл агенттіктің қызметіндегі журналистік зерттеу әдістеріне сенімсіздікпен қарады. Енді біреулер мұндай агенттікті бұқаралық ақпарат құралдары қатарына қоспай қойды. Жалпы алғанда журналистік зерттеу тәжірибесі туралы «Батыс инвестергейттеріне қарағанда ресейлік инвестергейттердің айырмашылығы неде?»-деген сауалға, оның жетекшісі Андрей Константинов былай дейді: «Ең бастысы мұнда инвестигейттердің технологиясының әрқилылығында. Бізде бұл негізінен, қылмыс, криминал, коррупция немесе осыған жақын тақырыптар. Ал батыста зерттеу бұл біздің көзқараспен қарағанда, кәдімгі күнделікті өмірдегі жәй заттармен байланысты. Десекте біртіндеп бізде болашақта сол үлгіге жақындайтын шығармыз. Әзірге бізде үлкен проблемалар мазалайды. Өйткені батыс инвестигейттері айтатындай жақсы жағдай жоқ. Біздің елде журналист салмақты, үлкен материал дайындау барысында өзіне де пайда табу жолында жүреді. Бізде аты белгілі тұлғаға ақы төлеу әлі дағдыға айналмаған. Осыдан да орыс журналистикасының жалпы батыстан айырмасы өте көп.»/1/
Журналистік зерттеу әдісінің тууы барлық елдерде бір сәтте қатар жүрді. Ақпарат көздері де болды. Мәселен Бурцев есімін алайық. Ол Азеф ісін ашқаны үшін танымал болған. Бір мезгілде журналистікпен қатар ол тыңшы болып та қызмет еткен. Ғасыр басындағы оның төңкерісшілер мен дау-дамайшылар ортасын әшкерелуі және «Былое» журналындағы оның мақалалары журналистік зерттеудің бастауы. Тіптен Пушкиннің шығармашылығынан да осы жанрдың белгілерін табуға болады. Оның «Пугачев көтерілісінің тарихы»шығармасын алар болсақ - бұл нағыз журналистік, тарихи, публицистік зерттеу. Кез-келген сауалды жан - жақты зерттеу, бірақ бұл бір қарағанда қиын болып көрінеді. Ресейлік нұсқада бұл өте қажетті құпияның ашылуы. Инвестигейтерлер батыста тергеушіден гөрі зерттеушілер қызметіне жуықтайды. Бізде керісінше және журналистік зерттеу жасайтын мамандар өте аз. Дау-дамай қақтығыстары саяси баспасөзбен байланысты. Бұл тақырыпты түсінбеушілерде кездеседі. Егер бір адам бір жазылып алынған дауысты әкеліп беріп, сіз оны ашып, өзіңіздің түсіндіруіңізбен мақала етіп жазғаныңыз бұл әлі журналистік зерттеу емес. Бұл жұмыста ынталылық басты сауал болып табылады. Зерттеу журналистің өзінің, болмаса оның БАҚ-ның бір тақырыпқа қызығуы бойынша ықыластары бірдей болуы мүмкін. Тапсырысты зерттеу де болуы мүмкін. Бұл қалыпты тәжірибе, өйткені бұл арада бұқаралық ақпарат құралдары арасында бәсекелестік туындайды. Басқа қимыл керек, бұл жерде арнайы анықталған ережемен іс әрекет жасау керек. Зерттеу жасауға келісім беруі мүмкін, бірақ оның нәтижесі міндетті емес. Міне бір адам келіп: мен сіздердің жақсы зерттеу жасай алатындарыңызды білемін, бір тақырыпты ашып беруге көмектессеңіздер –дейдіп. Мұнда тұрған ешқандай сөкеттік, қорқыныш жоқ, егер жұмыс жүргізілетін болса, ол былай да былай жүреді. Дәл сондай адам жекеменшік детективті жалдайды да, оның қалай жұмыс істейтінінен бейхабар жүре береді. Ең бастысы тапсырманы жалғандық жолымен атқаруға апармау керек. Сонда ғана этикалық талаптар өз орнында болады. Бірақ жекеменшік детектив журналистке қарағанда ортамен жұмыс жасамайды, ол дайын тұрған материалды тауып алып, тапсырыс берген тұлғаға береді.
Журналистік зерттеуде тағы бір жұмыс ерекшелігі сол – бұл консультация, кеңес беру тәсілі. Ақыл кеңес сұрап келген тұлғаға мүмкіндігінше қолғабыс жасап, білгеніңді айтып беруің керек. Әрине мұның барлығы батыста, Ресейде ақылы қызмет ретінде жұртшылыққа ұсынылады.
Қазіргі зерттеудің жетекші әдісі – экстенсивті интервью жасау (″топталған ортаны тінту″әдісі ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы