Журналистік зерттеудің шығу тарихы



бет13/14
Дата10.06.2022
өлшемі0.59 Mb.
#267415
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
-dip -zhurnalistik-zertteu

Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Журналистиканы қоғамымыздың тірегі, жаңалықтың жүрегі дейміз. Қолына қалам ұстаған бұл кәсіптің мамандарын төртінші билік өкілдеріне жатқызып жататынымыз да сондықтан. Бір сөзбен айтқанда, халықтың көзі, құлағы һәм тілі боп отырған әмбебап қызметтің адам өмірінен алар орны зор. Алайда отандық медиа кеңістіктің кібіртіктемей, ауқымын кеңге жая түсуі сөз жоқ, ондағы журналистер қауымына тікелей тәуелді...
Бірақ соларды баулып, баптап, ақпарат майданына жөнелту қазір қаншалықты пәрменді жүргізіліп келеді? Яғни қолына қалам алып, қоғамдық ой айтушы, халықтық пікір қалыптастырушы мамандардың журналистика факультеттерінде даярлануы қандай дәрежеде? Себебі еліміздегі БАҚ өкілдерінің кәсіби деңгейіне қатысты айтылар және айтылып жүрген сынның соққысы ең алдымен олар түлеп ұшқан оқу ордасына кеп тиері рас. Әрі соңғы уақыттары «қазақ журналистерінің бәсі өзгелерге қарағанда әлдеқайда төмен» дейтін пікірлер жиі қайталанады. Бұдан еліміздегі журналист мамандарын даярлайтын оқу орындарына, олардағы сан мен сапаға қатысты да әр түрлі көзқарас қалыптасуы кәдік. Яғни «Студент кезінде бәрі жақсы, жаман журналист қайдан шығады?»
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті журналистика факультетінің деканы Бауыржан Өміржанұлы «қазір еліміз бойынша 18 жерде журналист мамандығы бойынша мамандар даярланады. Олардың көбісі филология факультеттерінің ішінде жеке кафедра, бөлімше ретінде белгілі. Ал олардағы білім сапасы шынымен күмәнді» деген ойын білдірді. Сол үшін факультет жетекшісі еліміз бойынша мықты журналистер тәрбиелеп шығаратын тек екі орталықтың – Алматы мен Астананың ғана «болғаны дұрыс» деп біледі. Бұл екі ірі қалалардағы журналист маман даярлайтын оқу ордалары ретінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті екені жақсы белгілі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің жыл басында келтірген мәліметтері бойынша, қазір елімізде 6 мың 646 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Олардың 2 мың 466-сы нақты қызмет істеуде. Бұл былтырғымен салыстырғанда 17 пайызға көп деген сөз. Бұл да ақпарат кеңістігіндегі жетістігіміз. Негізгісі, енді биылғы журналистика түлектерінің отандық БАҚ-қа қосар үлесі қаншалықты жеміс бере жатар екен?
ҚАЛАМНЫҢ ҚАН ЖЫЛАҒАН ЖЫЛЫ.
...Солай, тіпті өмір бойы журналист қауымының «сиялы серігіне» айналған сол қарапайым құралдың да қатты қапа жеп, қаймығатындай тағы бір жылы тарихқа кетті. 2005 жылы әлем журналистикасы әр жылдағысынан әлдеқайда көп шығынмен, рекордтық деген айдар тағуымен, өзінің 150 өкілінен айырылды.
Нью-Йоркте қоныс тепкен «Журналистерді қорғау» комитеті былтыр 47 БАҚ өкілі көз жұмды десе, Францияның «Репортеры без границ» ұйымы 63 журналист деп байлам жасағанын, оның біреуі қазақстандық екенін де бұған дейін айтқан едік. Алайда еліміздегі сөз бостандығын қорғаушы «Әділ сөз» халықаралық қорының 2005 жылға жасаған қорытындысы отандық БАҚ саласы өкілдерінің әр түрлі себептермен қазаға тап болғандары 9 екенін айғақтап отыр. ОЛАР: Рүстем Қатқадамов («Ирбис ТВ», Павлодар), Жанар Әбілдина («Хабар» агенттігі, Алматы), Батырхан Дәрімбет («Азат», Алматы), Алуа Әбенова («Рахат телеарнасы», Алматы), Гүлбану Тілеубаева, Андрей Прокопьев («31 канал», Аматы), Сергей Иванов («Авангард», Жетіқара), Арай Алпысбаева, Айгүл Нұрсұлтанова («ТДК-6», Семей).
2004 жылы мұндағы көрсеткіш не бары екеу ғана еді деп көрсетіледі қордың мәліметінде. Не дегенмен, қазаның қандайы болса да, қабырғаға оңай батпасы анық. Қаңтардың 24-і күні Мәскеуде катарлық «әл-Жазира» телеарнасының 39 жасар тілшісі Әбдел Мүнемді жергілікті белгісіз біреулердің соққыға жығып кеткені бар. Жыл басталмай жатып, журналистерге қауіп бұлтының төне түскен тағы бір оқиғасы – алдыңғы күні АҚШ-тың «ABC» телеарнасының 44 жасар жетекші тілшісі Боб Вудрофф пен оператор Дуг Вогттың Ирак жауынгерлерімен келе жатқан көлікте ауыр жараланғаны жайлы ақпарат тарады. Оператордың жарасы тым ауыр көрінеді. Ал Боб Вудрофф болса, телевизиядағы қызметінің біраз бөлігін Ауғанстан, Белград және Косово сияқты қауіпті аймақтарды аралаумен өткізген. Көпті көзімен көрген әккі журналист үшін күтпеген бейнеттің кесірі енді, міне, Иракқа тиді. Қалай дегенмен де, бұдан шығар қорытынды, әр журналистің өз ұраны «сақтансаң, сақтаймын» дегенді ұстану ғана қалды ма, қалай ойлайсыз, әріптес?.. /13/
Журналистік зерттеу тақырыбын қозғау барысында ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАШАН ҚҰРЫЛАДЫ? –деген сауал ойыма орала берді. Қоғамдық телеарна қай мемлекет үшін де қажет құрал. Мәселе оның мәнісін түсініп, қызметін тиянақты ұйымдастыра білуде. Ең бастысы, кез келген қоғамдық телеарна өз күнін өзі көріп, мемлекеттен мүлдем алшақта өмір сүреді деген сөз емес. Мәселен, қай қоғамдық телеарнаның болмасын іс-әрекеті мемлекет, билік өкілдерімен тікелей қатысты. Яғни мемлекет оның құрылымын анықтау мен белгілі бір бағыттар нұсқауда ғана көмектесе алады. Ол қоғамдық телеарнаның тәуелсіз еместігін білдірмесе керек-ті...
Әлемде мемлекет арқылы қаржы көзін тауып отырған қоғамдық арналар да бар. Ондай телеарналардың қызметін тек ел парламенті ғана бақылап отырады. Және парламент қоғамдық телеарнаға бөлінетін қаржы мөлшерін бекітіп тұрады. Қысқасы, қоғамдық телеарна туралы ұғым жалғыз болғанымен, оның қызметінің қалай үйлестірілетінін білу негізгі қажеттілік. Бұны айту себебіміз телевизиялық мүмкіндігі біртіндеп жолға түсе бастаған біздің елімізде де қоғамдық телеарна ашу керектігін назарға алғандығымызда. Өйткені соңғы уақыттары отандық медиа кеңістікте қоғамдық телеарна құру жоспары әр кез айтылып қалып жүр. Бірақ оның механизімін жасау әлі қаперге іліне қойған жоқ сияқты. Мәселен, ТМД аумағындағы елдер ішінде Батысқа біртабан жақын Балтық жағалауы мемлекеттерін айтпағанның өзінде көрші Ресей әлі де болса өз қоғамдық телеарнасын құруға тығыз қарекеттер жасап жатыр. Мемлекеттік Дума депутаттары бұл мәселені күні бүгінге дейін талқылау үстінде. Украина болса, елдегі Ұлттық теле-радио корпорациясын қоғамдық телеарнаға айналдыруды мақсат санап отыр. Бұл – жаңа президент Виктор Ющенконың өз ұсынысынан туған бастама. Әзірбайжан болса, өз қоғамдық телеарналарын осыдан екі жыл бұрын ашып үлгерді. Қырғыз елінде қоғамдық телеарна «ЭлТР» деген атпен мамыр айында дүниеге келгені мәлім. Бірақ біздің айтпағымыз өзінің 15 жылдық тәуелсіздік тарихында электронды ақпарат құралдары, оның ішінде телевизия жүйесі де оң жолын тауып үлгерген еліміз үшін ұлттық деңгейдегі мықты бір қоғамдық телеарнаның болуы қажет-ақ. Жалпы қоғамдық телеарна табиғатына тән әмбебаптылық, әркелкілік және тәуелсіздік сипаттары мен өзге арналарға ұқсамайтын спецификалық талаптарын ұйымдастыра білу біздің мемлекет үшін қиынға соға қоймасы анық. Бір кездері ақпарат министрі болып тұрған шағында марқұм Алтынбек Сәрсенбайұлы елімізде қоғамдық телеарна құру қажеттігі жөнінде бастама көтеріп, оның базасы «Қазақстан» теле-радио корпорациясында құрылып қалуы мүмкіндігін мәлімдеген еді. Ал биылғы жаңалық – сәуірдегі Еуразиялық Медиа жиында Дариға Назарбаева да «қоғамдық арна қажет» деген пікірдің ұшын шығарып, оған лайықты «Хабар» арнасы екендігін ескерткен болатын. Бұған қатысты бірнеше лауазымды тұлғаларымыз «қоғамдық телеарнаны құру оңай, оның тетігін жасау керек» дегендей ой танытқан...
Ең қажеті, қоғамдық телеарнаның тәуелсіз болып, халықпен тікелей қарым-қатынас орната білуінде. Мемлекет осы жағына басымдық беріп, яғни болашақ қоғамдық арнаның ісіне араласпауды көздегені дұрыс сияқты. Есесіне елдегі Парламенттің құзыры қоғамдық телеарна қызметін реттеп, жөнге салуда шешуші мәнге ие болуы керек. Ол қоғамдық телеарнаға қажетті қаражат мөлшерін бекітіп немесе телеарнаның жыл сайынғы есебін тыңдаумен ғана шектелмеуі керек, керісінше арнадағы бағдарламалар мазмұнын байытып, аудиторияның талап-тілегін анықтауға мол мүмкіндік беріп, қажетті жағдай қалыптастыра білуі шарт. Олай болса, қоғамдық телеарна – халықтың құралы. Халық бар жерде еркін ой-пікір бар. Елдің теле-радио заңы да мұнымен санаса білуі керек. Демек, мұның бәрі бірігіп біріншіден, азаматтық қоғам құруға қадам болса, екіншіден, медиа кеңістіктегі жетістіктерімізді жетілдіре түсуге, үшіншіден, мемле¬кетіміздің өзге елдермен иық тіресіп, демократиялық құндылықтар жөнінен еркін бәсекеге түсе білуіне бастама.
Соңғы кездері журналистика мен шындық туралы көп айтылып, көп жазылып жүр. Демократияның жөні осы екен деп, жерден алып, жерге салған жөн бе, әлде мемлекеттік және ұлттық мүддені биік қойған дұрыс па? Қиыннан қиыстырғыш жатжұрттық жазғыштар, әсіресе, батыстық қаламгерлер фантаст-жазушы Герберт Уэллстің мына бір сөзін жиі ауызға алған деседі. «Әманда шындықты ұстан, сені түсінетін жан табылмаса да, ар-ұжданың алдында жауап беруден құтыласың». /15/ Бірақ адамның сана-сезімін жаулап алуға бағытталған идеологиялық күрес жаппай қырып-жою қаруларынан да мықты құдыретке айналған қазіргі заманда бұқаралық ақпарат құралдары қашан да ақиқатты ту етіп ұстайды деу де әбестік. Бұған дәлел іздеп жеті қырдың ар жағына шапқылаудың қажеті жоқ. Ирак пен Таяу Шығыстағы оқиғаларға христиан мен мұсылман дүниесіндегі хабар-ошар құралдарының қалай баға беретінін айтсақ жеткілікті. Бүгінде оқиға жөнінде үндемей қалу емес, оған қатысты шынайы деректерді бүгіп қалу немесе өңін айналдырып беру үрдісі белең алып барады. Міне, осы тұрғыдан алғанда сырттағы немесе өз ішіміздегі өзгерістер мен құбылыстар хақында жазғанда өзгенікін «талғамай жұту» әдісінен құтылған жөн деп есептеймін. Бұл, әсіресе, қазақша басылымдарға қажет-ақ. Өйткені, теледидар мен радиолардың (Қазақ радиосынан басқа) хабарына құлақ түргендер кейде «лаңкес пен содыр атаулы тек мұсылмандардың арасынан шығады ма?» деп еріксіз ойланып қалады. Біздің журналистерде әлі күнге дейін мемлекеттік және ұлттық мүддені күйттеп, көксеу жағы кемшін түсіп келеді.
Жақында бір газет өзінің бірінші бетінде Қазақстан мен Америкадағы демократияны салыстырыпты. Кімді мақтайтыны белгілі ғой. Сондағы айтпағы АҚШ-та 50 штат өзгермейді де, бізде облыстарды қысқартып 10 (қазір 14 облыс екенін білмейді) супер штат жасалды дейді. Қазақша жарық көретін енді бір басылым өзгені мұқатуға құмар мәскеулік басылымдарға (бірақ аты аталмайды) сілтеме жасап, еліміздегі аса жоғары лауазымдыларды (тағы да аты аталмайды) парақорлар қатарына жатқызады. Парақордан ада емеспіз. Бізге керегі – дәлел мен дәйек. Біздегілер үлгі етуге үйір Ресейдің шамына тиетін әнтек әрекет жасалса, бүкіл ақпарат құралдары шулап қоя береді. Тіпті сахнаға шығып, жұрттың ішек-сілесін қатыратын М.Задорновтың өзгелерге есесі кетіп жүрген орыс футболшыларын сатираның шоғымен күйдіреді.
Қазақ журналистикасын жүгі ауыр түйеге ұқсатамын. Мұным көш соңында жүреді деген сөз емес. Біздегі базбір жағдаяттарға байланысты нарықтық қатынастарға баяу лайықталып келе жатқаны баршаға аян. Қазақ тілінің ерекшелігі мен осы тілде сөйлейтіндердің қаржы мен кәсіпкерлік ауылында ықпалға ие бола алмауы қазақ газеттерін жарнамадан қағуы, тілші ағайындардың халықаралық қатынас тілін (ағылшын) білмеуі, ең аяғы Интернеттің қазақшаға көнбеуі кежегені кейін тартқызар құбылыстар болғаны анық. Бірақ қазір, бұл жағы да біртіндеп шешіліп келеді. Мемлекет қазақ журналистикасы еңсесін тік ұстасын деп көп нәрсе жасады. Жарнама да қазақша сөйлей бастады. Әйтсе де қауіп тағы да сол тілден төніп тұр. Жарнаманы айтпағанда, теледидар мен радио, ақпарат агенттіктері мен газет-журналдағы қазақша Ахмет Байтұрсынұлы мен Ғабит Мүсірепов арамызда жүрсе, ұялып теріс қарайтындай дәрежеге жақындап қалды. Журналистика жанрлары мен олардың БАҚ-тағы бүгінгі жай-күйіне де мән берсек дейміз. Қазақ баспасөзінің майталмандары дүниеге әкелген озық үлгілерді насихаттау арқылы жас журналистерге жөн-жосық сілтесек деген ниетіміз бар. Әсіресе, басылымдарымыздың тісі батпайтын экономика, қаржы, банк тақырыбын жазудың қыр-сырына тоқталсақ деген арман жатыр көкейде.
Әрине, жаһан­дану дәуірінде еліміз әлемнің мәдениетінен хабардар болуы тиіс. Десек те, қазақ пен қа­зақ­стандық өзге ұлттар ең ал­дымен әлемдік өркениеттің қалыптасуына зор үлес қос­қан, мақтануға лайық ұлы та­рихымыз бен төл мәдение­ті­мізді жақсылап танып алула­ры қажет.
Экран –өте құрметті де құдіретті орын. Белгілі бір тақырыпты көрерменнің көңілінен шығатындай етіп шыға­ру үшін көп ізденіс керек. Ал кө­рермен талғамы заман талабына сай өте жоғары. Сондықтан «осы мен де сөйлей аламын ғой» деп қалай болса солай, кез келген та­қы­­рыпқа ұрынып көрермен алды­на шыға салуды ар са­найуымыз керек. Ток-шоуларда көтерілетін алуан тақырыптан же­тік хабардар. Сондай жастар тұр­ғанда біз оларға білгенімізді үйре­тіп, негізгі жұмысымызбен айна­лысқанымыз дұрыс деп білемін.
Журналистік зерттеудің өз ерекшеліктері бар. Оның басты мақ­саты – халықтың мүддесін қор­ғау. Қоғамдық телеарна көрсе­тілімдері көрермендердің негізгі үш қажеттіліктерін өтеуі тиіс. Олар: ақпарат, білім-ағарту және ойын-сауық бағдарламалары. Осы үш элемент эфирді бірдей қамтып, халқымыздың игілігіне бағытталуы керек. Қоғамдық телеарнаның ком­мерциялық телеарнадан айыр­машылығы оның халық тарапынан қатаң бақылануында.
Негізінде, бұқаралық ақпарат құралдары ара­сында шынайы бәсекелестік бол­ғаны дұрыс. Ал олардың арасын­дағы достық қандай да бір қоғам­дық, экономикалық немесе саяси дағдарыстың алдын алу, халықтың бірлігі мен ел бүтіндігін сақтау үшін қажет деп ойлаймын. Ком­мер­циялық болсын, мемлекеттік болсын барлық телеарналар қазақ халқының мүддесіне қызмет етуі қажет.
«Редакциялық саясат» де­ген бар. Журналистік зерттеу барысында бұл қатты әсер етуі мүмкін. Әр БАҚ-тың ұлттық мүд­дені қорғауға қатысты өз көз­қарасы болуы мүмкін. Бірақ ре­дакциялық саясатқа, редак­ция­ның ішкі мәселелеріне БАҚ қожайыны мейілінше әсер ет­пегені дұрыс болар еді. Бұл бая­ғыдан талқыланып ке­ле жатқан мәселе. БАҚ-тың сөз бостанды­ғына ие болуы, заң шеңберінде әрекет етуі, халық алдындағы жауапкер­ші­лікті сезінуі, ел бір­лігін қо­рғауы қашаннан бірінші кезекте тұруға тиіс.
Кез-келген бұқаралық ақпарат құралдарының танымал болуы, негізінен, көрермен, оқырман, тыңдарман көңілінен шығатын мықты журналистерге байланысты. Әр телеарнаның аты аталғанда белгілі бір журналисімен неме­се тележүргізушісімен көз ал­ды­ңа елестейді. Білікті журна­листің мықты, тың идеялары­ның жүзеге асуы үшін, әрине, ақылды басшы да керек. Екеуі тең болған жағдайда ғана көрермен көңілінен шығатын, рейтінгі жоғары телеарналар қалыптасуы мүмкін.
Журналитсік зерттеу барысында әри­не, әркім өзінше тура сөйлеуге, ашығын айтуға талап­тана­ды. Бірақ бәрібір белгілі бір кеңістіктен аса алмай­ды. Дамыған, демократиялы қоғамға бет бұрған кез келген ел бұл мәселеге сергек қарайды. Бізде де осы бір қажеттіліктің лебі сезіле бастағандай. Елдегі кез келген журналист еркін қоғамдық телеар­нада жұмыс жасағысы келеді. Ендеше, оның жолдарын қалай қарастыруға болады? Бұл, әрине, бір күнде ғана іске аса салатын шаруа емес. Алайда оны іске асырудың алғышарттарын қалай қарастыруға болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы