Бүгінгі демократия кезеңіндегі журналистік зерттеудің ерекшеліктері.
Бүгінде қоғамдық маңызы зор журналистика ғылымын көп аспектілі салада зертеу мәселесі күн тәртібіне өткір қойылып тұр. Ақпарат ғасырында БАҚ саласының жаңа бағыттары қалыптасуда. Жылдар бедерінде қазақ журналистикасының кемелденіп, тақырыптық ауқымы ұлғайып, көркемдік құрал-тәсілдері толыға түсіп, пішіндік-жанрлық түр құрылымы мен бейнелеу мүмкіндіктері молығып келе жатқаны ақиқат. Демократиялық қоғамда замандасымыздың үлгілі бейнесін жасау, сезімдерді сыршылдықпен беру, өмірдің мәнді жағын тереңдей көрсете білу журналистикадағы реализм әдісінің негізгі шарттарының бірі.
Демократиялық дегенде ойға «ШЕТЕЛДІКТЕР ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАҚ-қа БИЛІК ЖҮРГІЗГІСІ КЕЛЕ МЕ?-деген сауал туындайды. Еуропалық Одақ пен MedіaNet халықаралық журналистика орталығының өкілдері бірлесіп Елбасыға хат жолдады. Хаттың негізгі мақсаты – шетелдік азаматтардың қазақстандық ақпарат құралдарының акцияларын толығымен иеленуіне рұқсат ету. Мәлімдеме авторларының айтуына қарағанда, өзге ел өкілдерінің отандық БАҚ-тың тек 20 пайыз акциясын иемденуіне мүмкіндік беретін қазіргі заңдық норма Қазақстан журналистикасын тоқырауға тіреп отыр. Бір сөзбен айтқанда, шетелдік медиа-бизнес өкілдерінің біздің ақпарат нарығында аз болуы, қазақ журналистикасы өнімдерінің сапасыздығына әкеп соғуда екен. Еліміз егемендік алғалы отандық медиа-нарықта «тып-тыныш» жұмыс істеп келген шетелдік ұйымдардың тосыннан мұндай мәлімдеме жасауының астарында не жатыр? Шетелдіктердің қазақстандық БАҚ-қа толығымен иелік етуі дұрыс па? Бұл сауалдарға «Айқын» газетінде марқұм Болатхан ТАЙЖАН, саясаттанушы былай деп жауап берген:
– Олардың айтып отырғаны бос нәрсе. Сол Еуропаның өзінде шетелдіктер белгілі бір газет немесе телеарнаны толығымен сатып алды дегенді естіп пе едіңіз. Бір ғана мысал, жақында арабтар АҚШ-тың бірнеше теңіз портын сатып алады дегенде, Батыс халқы бірден бас көтерді емес пе? Буштың өзі қатты сынға ұшырап, кейіннен аталған келісімшартты қайта қарайтындығын айтты. Сондықтан да аталған мәлімдеме мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін іс-әрекет деп білемін.
Сондай-ақ, Ғалия ИБРАЕВА, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық журналистика кафедрасының меңгерушісі, профессор:
– Мен бұл ұсынысқа мүлдем қарсымын. Біріншіден, қазақстандық ақпарат құралдарының жанрлық ерекшелігі батыстық журналистикаға мүлдем ұқсас емес. Егер де, солардың форматымен жүреміз десек, онда ұлттық дәстүріміз бен құндылықтарымыздан уақытынан ерте айырыламыз. Екіншіден, қазіргі біздің журналистика дамымай жатыр деу еш негізсіз. Өзгелерге мақтана алатын жақтарымыз жетерлік. Ең бастысы, біздер кез келген журналистік өнімнің рухани, адамгершілік қырына назар аударамыз. Мейлі, сол Мэрдоктар Қазақстанның медиа-кеңістігіне келді делік. Олар пайда табудан басқа нәрсені ойлайды деу өте қиын. Үшіншіден, «25-кадр» сияқты технологияның түр-түрі дамыған бүгінгі шақта шетелдіктердің меншігіндегі ақпарат құралдарының ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндірмейтініне кім кепіл?
Достарыңызбен бөлісу: |