Журналистік зерттеудің шығу тарихы



бет10/14
Дата10.06.2022
өлшемі233 Kb.
#267415
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
-dip -zhurnalistik-zertteu

Берік УӘЛИ,31-телеарна; 1. Өкінішке қарай, әлі күнге дейін журналистік зерттеу жасауда әріптестер өз деңгейінде міндетін атқарып отырған жоқ. Билік халықтан ажырағалы қашан. Халық та өз алдына күн кешуде. Билік, Халық, БАҚ – бұл үшеуі «үштаған», бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болуы керек. Ал осы алдыңғы екеуін байланыстыратын, «алтын көпір» болатын БАҚ бізде қалыптасып үлгерген жоқ. Әрине, алғышарттар бар. Бірақ жеткілікті деңгейде емес. Қысқасы, біздегі БАҚ өз міндетін толық атқарып отыр деп айта алмаймын.
2. «Мемлекет журналистердің жұмысын қалай бағалайды?» дегенге келсек, журналист биліктен мақтау-мадақ күтпеуі керек. Оның жұмысын бағалайтын – билік емес, халық. Өздеріңіз білесіздер, билік кейде өзін өте сынап, түйреп жүретіндерге сыйлық беретіні бар. Өкінішке қарай, ол өте сирек. Орайы келгенде, айта кеткім келіп тұр. Мемлекеттік сыйлық болсын, пәтер болсын, басқа да марапаттаулар болсын, үнемі тәуелсіз басылымдар мен телеарналардың тілшілерін сырт қалдыратыны жасырын емес.
3. «Время» газетінің тілшісі Генадий Бендицкий. Оның мақалалары үнемі журналистік зерттеулерге құрылады. Билік те құлақ асып жатады. Ал қазақ тілділерге келгенде кішкене қиналыңқыраймыз, дегенмен Ораз Әлімбековті атауға болатын шығар. Оның былтырғы «Діни экстремизмнің сопылық синдромы» атты мақаласы қоғамда біраз қызу пікірталас тудырды.
Қадыржан ЗАБИХ, КТК телеарнасы;
1. Қазір көпшілік арасында «БАҚ биліктің төртінші тармағы» деген пікір ауызекі түрде де, жазбаша түрде де ертерек айтылып жүр. Неге дейсіз ғой? БАҚ ішінде, жеке меншік сипаттағылары ғана билік пен халық арасында дәнекер болуда. Мемлекеттен қаржыландырылып отырған ресми БАҚ-тың жағдайын түсінуге болады... Мемлекет арқылы қаржыландырылып отырған соң қоғамның көлеңкелі емес, күн¬гейіне ғана көңіл бөлу арқылы кез келген ақпаратты биліктің қалаған ыңғайына жығып береді. БАҚ халық пен билік арасында тек қоғамдық пікір таратушы күш міндетін атқарып отыр. Бұл түйсіне білген адамға аз, әлсіз күш емес.
2. Журналистерді мемлекеттік немесе жеке меншік секторының журналисі деп алалау – бұл қате, біз үшін түсініксіз көзқарас. Өйткені Қазақ елінде жұмыс істеп келе жатқан кез келген журналист Қазақ елінің мүддесіне жұмыс істейді, Елбасының саясатын қолдайды деп ойлаймын.
3. Дауы бастан арылмайтын журналист, телеарна деп мен КТК мен оның журналистерін айтар едім. Себебі біз туралы көпшілік ортасында осындай көзқарас қалыптасқан, билік өкілдерінің де бізге қырын қарайтыны сондықтан./7/
Телевизиядағы сұхбаттың түрлерін әр қырынан тарқатып шығуға болады. Егер күнделікті теледидарды қосып қалсаңыз, ондағы эфирден жүріп жатқан жаңалықтар легі, танымдық деректі фильмдер, студиядағы сұхбат, ток-думандар, қаншама көңіл көтеретін ойын-сауық бағдарламалары тағысын тағылар бірден көзіңізге шалынары анық. Соның ішінде көтерілген мәселе мен ауқымды оқиғаның тереңіне үңіліп, өзінің жан-жақты, жіті зерттей білетіндігімен ерекшеленетіні – телесұхбат-зерттеу.
Табиғатына сәйкес, телесұхбаттың бұл түрі белгілі бір проблема, оқиғаны зерттеу үшін қажет. Телесұхбат-зерттеудің экрандағы көрінісі бізге түрлі арналардағы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар мен арнайы репортаж, журналистік зерттеулер арқылы белгілі. Мысалы, қазір көптеген арналардың өз апталық ақпараттық-сараптамалық бағдарламалары бар. Оларға, айталық, ел телеарналарының ең негізгілері – «Хабар» арнасынан «Жеті күн», «КТК» арнасынан «Шарайна», орыс тіліндегі «Точка» немесе «31 арнаның» «Состояние KZ-ті» және «Қазақстан» телеарнасының «Айна аптасын» т.б. жатқызуға болады. Міне, енді осы бағдарламалардағы әрбір сараптамалық сюжет белгілі бір проблема, мәселені қамтуға тырысса, ондағы берілетін телесұхбаттар телесұхбат-зерттеуге бағынатынын айта кету керек. Екіншіден, телесұхбат-зерттеудің кездесуіне қарай арнайы репортаждарды жеке бөліп қарастыруға болады. Арнайы репортаж оқиғаны ауқымды зерттей білуімен құнды. Репортаждың бұл түрі бұрын жаңалықтар арасында немесе ол біткен соң жеке айдармен берілетін.
Телесұхбат-зерттеу жүретін жердің бірі журналистік зерттеу екенін айттық. Себебі, зерттеу барда, бақылау, таразылау, қорыту болады. Оқиғаның ішкі табиғатына үңіліп, жан-жақты қырынан көре білу зор маңызға ие. Қазір отандық телеарналарымызда тележурналистика ғалымдары журналистік зерттеудің сиреп кеткендігін алға тартады. Оның өз себептері де жоқ емес. Бірақ біз үшін журналистік зерттеудің не үшін саябырсып кеткенін айту емес, бастысы, телесұхбат-зерттеудің ондағы алатын орны жайында.
Көрермен үшін телесұхбат жанрының ең көп тараған түрлерінің бірі ретінде телесұхбат-портрет жақсы таныс. Телесұхбаттың бұл түрі де кез келген телеарнада бар. Себебі телесұхбат-портрет ешқандай арнайы мекенді қажет етпейді, көбінесе, студияда журналист пен бір немесе бірнеше тұлғаның әңгімесі, пікір алмасуы түрінде өтеді деп айтуға негіз бар. Ал сұхбатқа қатысушы қонақтар қатары, әрине, көпшілікке танымал, кез келген көзі қарақты жанға белгілі кейіпкерден тұруы шарт. Олардың сөйлеген әр сөзі бойынша жаңаша бет-бейнесі қалыптаса түседі. /8/
Ел телеарналарындағы телесұхбат-портреттердің таралуына қарап негізгі дегендерін сөз ету барысында алдымен біз үшін оның тұлға бейнесін ашуға қаншалықты көмектесетінін әрі сол тұлғалар үшін сұхбат беруге қандай жағдайлар себепші болғандығын біліп алу да артықтық етпес. Өйткені бұдан телесұхбат-портреттің тууына қажетті бастамалардың түзілетіні өздігінен түсінікті. Мұндай қадамға біріншіден, күнделікті жаңалықтар топтамасында жүріп жатқан оқиғалар себепші болады. Айталық, соның ішіндегі ең өзекті мәселе, телеарна тарапынан одан әрі талқылай түсуді талап етіп, ақыры студия қонағымен әңгіме өрбітуге түрткі жасайды. Бұған «31 арнадағы» «Тұжырым», «Қазақстан» арнасындағы «Назар» және «Хабар» арнасындағы «Бетпе-бет» бағдарламаларын жеке жатқызуға болады. Аталған телесұхбаттардың өту жайы – бір, пішіні – ұқсас. Яғни екі адамның – журналист пен тұлға арасындағы сұхбатқа құрылған. Ал әңгіме сұрақ-жауап түрінде жүретіні белгілі. Бұл жерде ең басты айтатынымыз, әңгімеге себепші ағымдағы оқиға да, ал соны әрмен қарай жан-жақты саралай түсіп, кәсіби тұрғыдан талдай білетін адам – тұлға. Демек, студиядағы сұхбаттың өту жайы ақыр соңында сол кейіпкер арқылы телесұхбат-портреттің жасалуына сеп болады. Екіншіден, елдегі күрмеуі бітпес маңызды мәселелер мен толғауы тоқсан түйткілдерді әркез сөз етіп, оны шешу жолдарын жұртшылық назарына ұсынуға талпынатын бағдарламалар тізбегі телесұхбат-портрет жасаудың келесі бір үлгісі. Ондай бағдарламалардың қатарына Қазақстан Ұлттық телеарнасындағы бұған дейін көрермен назарына жол тартып келген «Бар мен жоқ» (Иманбай Жұбайұлы), «Күлтөбе» (жүргізушілері – Рахат Мамырбек пен Болат Мүрсәлім), және «Хабар» арнасындағы қазіргі «Төртеу түгел болса» (Шыңғыс Құлбекұлы), «31 арнадағы» «Кім?..» (Серік Сарыбай) сияқты студиялық сұхбаттарды жатқызамыз. Аталған көрсетілімдердің нені қаузап, қандай мәселелерге баса назар аударатыны баршамызға мәлім. Осыдан барып, сұхбат берушілердің көтерілген тақырып аясында көсіліп сөйлей алуы, тұлғалық қасиеттерін көрсете білуі айқын көрініс береді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру