Жүргізуші: Құрметті ана- әжелер! Бүгін көктемнің жарқыраған күнімен сіздерді құттықтап, өмірде мықты денсаулық пен бақыт тілеймін және бізге тапсырған ең өмірде қымбат жандар, сіздердің аналық ақ сүттеріңізді ақтап



бет5/5
Дата22.11.2022
өлшемі122.29 Kb.
#360981
1   2   3   4   5
Байланысты:
8 марта даярлық
8 Наурыз кафе1
Би
Ән
Жүргізуші: балалар, балалар. Сендер біздің қадірлі қонағымыз күнді де ұмытпаңдар. Аналардың мерекесі көктемнің алғашқы күні де ұмытпаңдар. Ал, көктемде күн ұзарып, шуағы молаяды. Күннің шұғылалы сәулесі болмаса, аналар да, біз де қуана алмас едік. Ендігі сөзімді Ару күнге арнайық!

4 бала жүгіріп барып, күнді жетектеп ортаға алып шығады.


1 бала: Құстар ұшып жеткенде, Самал бетті өпкенде.
Бусанып барлық нұрын төккенде, Көбесін бұзып көк мұздың.
Ағыл да тегіл су қылып, Жылғаға басын соққыздың.
Алтын күн сенде мол жылу!
2 бала: Жып- жылы сәулең шашырап, оянды ой-қыр, атырап.
Алғашқы болып қылтиған, Бәйшешектер де батыр-ақ!
Ел үшін жалғыз қайратым, Көктесін жерім байтағым.
Мәңгілік мәнді Алтын күн, Ән қылып сені айтамын!
3 бала: Шуағын шашып Алтын күн, Күлімдесін көкте үнемі.
Қуансын шаттық күлкімен, Барлық адам жүрегі!
4 бала: Табиғатқа тірлік сыйлаған, Алтын күн сенсің әлемде.
Шуағыңа жылынып, Қуанамыз біз күнде!
Күн: Жер бетінде бар адам, Болсын деймін бақытты.
Сыйлаймын мен сендерге, Күміс күлкі шаттықты.
Бар әлемге шуақ шашамын, Нұрландырар жерді шапағым.
Бақытты болса бар әлем, Қуанып мен де тасамын!
Ән «Көктем»
Ортаға 4 бала шығады.
1 бала: кім сендерді балалар сүйе тұғын, Қызығыңа қуанып, қайғыңа күйетұғын.
Қалам беріп қолыңа, ақыл айтып, Жақсы бол деп бетіңнен сүйетұғын?
Бәрі: Әрине ол біздің сүйікті апайлар!
2 бала: Кім балалар сендерді тербетіп, Еркелетіп, ойнатып, сергітетін.
Жалқау болсаң балалар, тентек болсаң, Жақсы бол деп жаныңа нұр себетін?
Бәрі: Әрине ол біздің сүйікті апайлар!
3 бала: Кім сендерді сағынар үйге кетсең, бір себеппен ұзақ күн келмей келсең.
Не болды деп алаңдап сендер үшін, Қажымай, талмай ұзақ жыл еңбек еткен?

Бәрі: Әрине ол біздің сүйікті апайлар!


4 бала: Сүйікті біздің апайлар, қымбаттысың әрдайым.
Азырқанбай қабыл ал, Бұл биді сізге арнаймын!
Би
Ортаға екі бала шығады.
1 бала: Ой, Арман білесің бе, мен бағана қыздарды таба алмағанда қатты қорықтым.
2 бала: Мен де қатты састым. Қыздар болмаса бізге көңілсіз болар еді. Олар аздап еркелеу болғанымен, топта көп нәрсені біз үшін солар істейді ғой.
1 бала: Иә, біз оларды қалай риза етсек екен?
2 бала: жарайды уайымдама, апай босқа тер төкті ме? Біз оларға би билеп береміз.
Екеуі: Қыздар біз сендер үшін би билейміз, қабыл алыңыздар!
Би
Ортаға бала шығады. Ал, біздер қыздарды әрқашан қорғауға дайынбыз. Сол үшін каратэ-до үйреніп жүрміз!
Екі бала каратэ-до көрсетеді. Ортаға бала шығады.
1 бастаушы: Аналарды сүйеміз, Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Бәрі: Әдеппен бас иеміз! (бәрі бас иеді)
2 бастаушы: Бәріміз анасың, Біз үшін көп жанасың.
Құтты болсын мейрамың,
Бәрі: Құттықтаймыз анашым! (сыйлықтар береді)
Жүргізуші: ананың түссе қабағы, Шаттанып бала күлмейді.
Себебі ол анадан, жақын жанды білмейді.
Гүл-гүл жайнап ананың, жадырасын жанары.
Құтты болсын аналар, Құттықтайды сіздерді, «Шағала» балалар бағы!
Ән
Музыка ойнайды, ер балалар қыздарды жетектеп шығады.

8
9
10

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені