Жоспары: Пәннің зерделейтін тақырыбы және құрылымы



Pdf көрінісі
Дата24.12.2021
өлшемі154.08 Kb.
#148323
Байланысты:
1 дәріс КС



№ 1 дәріс 

Тақырыбы: Пәнге кіріспе 

Жоспары: 

1.Пәннің зерделейтін тақырыбы және құрылымы. 

2.Компьютерлік желілердің даму тарихы. 

 

        1.Ақпараттық-есептеу  желілерінде  бөліктелген  қорларға  ыңғайлы  және  сенімді 



қатынауды  ұйымдастыру  арқылы  желіні  қолданушыларға  әр  түрлі  ақпараттық  есептеу 

қызметтерін көрсетуді тиімді қамтамасыз ету. 

Негізгі  түсініктер:  компьютерлік  желі,  ақпараттық  есептеуіш  желі,  топология,  бір 

рангілі желі, серверге негізделген желі.  

Тақырыптың мазмұны. Ақпараттық-есептеу желісі (АЕЖ) – бұл мәліметтер алмасу 

арналарымен  біріктірілген  компьютерлер  жүйесі.  Соңғы  жылдары  көптеген  желілердің 

басым қызметтері нақты ақпараттық қызмет көрсетеді. Әсіресе, АЕЖ негізінде құрылған 

ақпараттық жүйелер мына тапсырмалардың орындалуын тиімді етеді: 

 

Мәліметтерді сақтау; 



 

Мәліметтерді өңдеу; 



 

Қолданушылардың мәліметтерге қатынауын ұйымдастыру; 



 

Қолданушыларға мәліметтерді және мәліметтерді өңдеу нәтижелерін беру.  



Көрсетілген тапсырмаларды орындау тиімділігі: 

 



Желіде бөліктелген аппараттық-бағдарламалық және аппараттық қорлармен

 



Қолданушының осы қорлардың түрлеріне қашықтық (дистанциялық) жолымен; 

 



Бөліктелген  мәліметтер  қорымен  қатар  орталықтандырылған  мәліметтер 

қорының бар болу мүмкіндігімен; 

 

Жүйе  әлементтерінің  сақтық  қорда  сақталуымен  қамтамасыз  етілетін,  оның 



қызмет ету сенімділігінің жоғары болуымен; 

АЕЖ саласының негізгі көрсеткіштері: 

1.  Орындалатын  қызметтердің  толықтығы.  Желі  барлық  қорларға  қатынау 

бойынша  да,  тораптардың  біріккен  жұмыстары  бойынша  да,  жұмыстың  барлық 

стандарттары  мен  хаттамаларын  жүзеге  асыру  бойынша  да,  оған  көзделген  барлық  

қызметтердің орындалуын қамтамасыз етуі қажет. 

2.  Өнімділік 

–  желіні  қолданушылардың  бірлік  уақытында  жасалатын 

сұратуларының орташа саны. Ол жүйені қолданушының сұранысына әрекет ету  уақыты. 

Бұл уақыт үш бөліктен құрылады: 

 



Қолданушыдан желі торабына сұранысты жіберу уақыты

 



Осы тораптағы сұраныстың жасалу уақыты; 

 



Қолданушы сұранысына жауап беру уақыты. 

3.  Әрекет ету уақытының көп бөлігін желідегі ақпаратты жіберу құрайды. 

4.  Желінің  сенімділігі  –  оның  маңызды  техникалық  сипаттамасы.  Сенімділік 

көбінесе бұзылмай тоқтаусыз жұмыс істеудің орташа уақытымен сиптталады. 

5.  Желі  ақпараттық  жүйе  болғандықтан,  оның  өте  маңызды  тұтынушылық 

сипаттамасы нәтижеде шыққан ақпараттың анықтылығы болып табылады. 

Компьютерлік  технология  революциясының  логикалық  нәтижесі  есептеуіш 

жүйелердің тұжырымдамасы болып табылады. 1950 жылдардағы үлкен компьютерлер өте 

аз  мөлшердегі  қолданушыларға  арналған.  Мұндай  компьютерлер  пайдаланушының 

интерактивті жұмысына арналған пакеттік өңдеу тәртібінде қолданылған. 

1960  жылдардың  басында  процессорлардың  арзандалуына  байланысты,  уақытты 

айыратын интерактивті көптерминалды жүйелер дами бастады. 

1970  жылдардың  басында  компьютерлік  компоненттерді  өңдеу  саласында 

технологиялық  өзгерістер  пайда  болды.  Ол  үлкен  интегралды  схемалардың  пайда 

болуымен сипатталады.  



Локалді  желінің  стандартты  технологиясын  құру.  1980  жылдардың  орта  шенінде 

компьютерлерді Ethernet, Arcnet, Token Ring желісіне біріктіру стандартты технологиясы 

анықталды. Олардың дамуына қуатты серпін берген дербес компьютер болды. 

Локалды  және  ауқымды  желінің  бірдей  дәрежеде  қамтитын  тағы  бір  өте  керекті 

үрдіс  пайда  болды.  Онда  бұрынғы  есептеуіш  желісіне  кірмейтін  ақпараттар  –  дауыс, 

бейнекескіндер, суреттер өңделеді. 

Есептеуіш  желілері  –  бөлінген  жүйелердің  жеке  жағдайлары.  Компьютерлік  желі 

бөлінген  есептеуіш  жүйелеріне  жатады.  Мәліметтерді  өңдеу  орталығының  бар  болуы 

бөлінген есептеуіш жүйесінің негізгі белгісі болып табылады. Бірақ компьютер желісімен 

қатар  бөлінген  жүйеге  мультипроцессорлы  компьютер  және  көпмашиналы  есептеуіш 

кешені жатады. 

Көпмашиналық  жүйе  –  бұл  құрамына  бірнеше  компьютер,  сонымен  қатар 

компьютер байланысының бағдарламалық және ақпараттық құралдары кіретін есептеуіш 

кешені. 


Кез  келеген  көпмашиналық  жүйенің  жұмысы  басты  екі  компонентпен, 

процессормен байланысты жоғары жылдамдықты механизммен және қолданушылар мен 

қосымшалар  кешеніне  кіретін  барлық  компьютердің  қорларына  көрінерлік,  қатынауды 

жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етумен анықталады. 

Байланыс  құралдарының  құрамына,  жүйенің  реконфигурациясымен  және  есептеу 

синхрондалуымен  және  есептеуді  жүктеумен  айналысатын  бағдарламалық  модульдер 

кіреді.  Егер  кешен  компьютерлерінің  біреуінде  бұзылудан  жұмысты  тоқталатын  болса, 

онда  оның  тапсырмалары  автоматты    түрде  басқа  компьютерге  ауысады  және  сонда 

орындалады. Компьютерлер арасындағы қашықтық, дискілік ішкі жүйе мен процессорлы 

блок  арасындағы  байланыс  ұзақтығымен  анықталатын  болғандықтан,  копмашиналық 

кешенде аумақтық бөлектену қамтамасыз етілмейді. 

Компьютер желісінің арасындағы өз ара байланыс желілік адаптер және байланыс 

арналары арқылы хабарлама жіберу барысында жүреді. Осы хабарламалардың көмегімен 

бір  компьютер  басқа  компьютердің  локалды  қорларына  қатынауды  сұрайды.  Мұндай 

қорларға  дискіде  сақталатын  мәліметтер,  сонымен  қатар  перифериялық  құрылғылар  - 

принтерлер,  модемдер,  факс-ақпараттары,  және  т.б.  кіреді.  Желіні  қолданушылар 

арасында  әрбір  компьютердің  локалды  қорларын  бөлу  –  есептеу  желісін  құрудың  басты 

мақсаты болып табылады. 

Басқару саласында компьютерлік желілердің кеңінен таралуының мынадай негізгі 

себептерін атап көрсетуге болады: 

-  Біріншіден,  есептеу  қуаты  бүгінгі  күні  көптеген  тәжірибелік  есептерді  шешуге 

мүмкіндік беретін қымбат емес компьютердің таралуы; 

-  Екіншіден,  бір  ұйымның  компьютерлер  пайдаланушыларының  қажетті  өзара 

ақпаратпен  алмасуы,  ортақ  желілік  бағдарламалық,  аппараттық-ақпараттық  қорларды 

бірігіп  пайдалану  және  де  басқа  ұйым  немесе  мекемелердің  есептеу  желілерінің 

қорларына қол жеткізуге ие болу. 

-  Үшіншіден,  желіде  компьютерді  жеңіл  әрі  тиісті  түрде  арзан  қосуға  мүмкіндік 

беретін  аппараттық  және  бағдарламалық  коммуникациялық  құралдардың  кең  көлемде 

пайда болуы. 

Желідегі пайдаланушылар келесілерді бірігіп қолдана алады: 

 

Деректерді; 



 

Принтерлерді; 



 

Модемдерді; 



 

Факстерді; 



 

Басқа да қондырғыларды. 



Негізгі желілік бағдарламалық компоненттер: 

 



Желілік  операциялық жүйелер  –Windows  NT,  Windows  NT Server,  Windows  for 

Workgroups, LANtastic, NetWare, Unix6 Linux және т.б.. 




 

Желілік  бағдарламалық  жабдық  (желілік  қызметтер)  –  желі  клиенті,  желілік 



адаптерлер, хаттамалар, қашықтықтан ену қызметі. 

Жергілікті  есептеуіш  желі  –  ол  желілік  операциялық  жүйе  мен  бағдарламалық 

жабдық  арқылы  басқарылып,  жұмыс  жасайтын  компьютерлер,  байланыс  арналары, 

желілік адаптерлер жиынтығы. 

2.  Алғашқы  компьютерлік  желі  10  компьютерді  және  бір  принтерді  біріктіретін 

1980  жылдардағы  ең  әйгілі  желі  түрі  30  компьютерден,  ал  кабель  ұзындығы  185  метр 

болған.  Сондай-ақ  желі  бір  ғимарат  ішінде  ғана  орналасқан.  Кіші  фирмалар  үшін  бұл 

конфигурация бүгінгі күнге дейін ұтымды болып саналады. 

Қазіргі  уақытта  көптеген  ұйымдар  желі  ортасында  үлкен  көлемді  маңызды 

деректерді сақтап және бірлесіп пайдаланады. 

Барлық желілердің компоненттері, қызметтері және сипаттамалары болады. Олар: 

 



Серверлер  (server),  желілік  пайдаланушыға  өз  ресурстарын  ұсынатын 

компьютерлер; 

 

Клиент немесе жұмысшы станса (client) – сервер ұсынатын желілік ресурстарға 



қатынауды жүзеге асыратын компьютерлер; 

 



Орта (Media) – компьютерлерді біріктіру әдісі

 



Бірлесіп пайдаланатын деректер – желідегі сервермен ұсынылатын файлдар; 

 



Бірлесіп пайдаланылатын сыртқы қондырғылар

 



Қорлар – желіде қолданылатын файлдар, компакт-диск, диск, принтер т.б. 

Желілер екі түрге бөлінеді. 

1) Бірдеңгейлі (peer-to-peer); 

2) Серверге негізделген (server based). 

Желі түрін таңдау көптеген факторларға байланысты: 

 



Кәсіпорын көлемі, 

 



Қажетті ақпараттық қауіпсіздік деңгей

 



Бизнес түрі; 

 



Желілік трафик көлемі; 

 



Пайдаланушылардың талаптары; 

 



Қаржы мәселесі. 

Трафик – белгілі бір уақыт аралығында өтетін деректер көлемі. 

Пошта  сервері  желі  пайдаланушы  арасында  электронды  хабарларды  жіберуді 

басқарады. 

Факс-сервер  бір  немесе  бірнеше  факс-модемдер  арқылы  алмасатын  хабарларды 

басқарады. 

Коммуникациялық  (байланыс)  серверлері  телефон  желісі  мен  модем  арқылы 

қашықтағы  компьютерлерді  немесе  басқа  да  желілір  арасындағы  деректердің  ағымын 

басқарады. 

Каталогтар  қызметіндегі  сервер  желідегі  ақпараттарды  сақтауға,  қорғауға  және 

іздеуге  арналған.  Windows  NT  Server  OЖ-сі  компьютерлерді  логикалық  топтарға  - 

домендерге  біріктіреді,  олардың  қорғау  жүйесі  кез  келген  желі  қорларына  кіруге 

мүмкіндік береді. 

Қорытынды: 

 

Ақпараттық-есептеу  желісі  (АЕЖ)  –  бұл  мәліметтер  алмасу  арналарымен 



біріктірілген  компьютерлер  жүйесі.  АЕЖ-нің  негізгі  мақсаты  –  осы  желіде  бөліктелген 

қорларға ыңғайлы және сенімді қатынауды ұйымдастыру арқылы желіні қолданушыларға 

әр түрлі ақпараттық есептеу қызметтерін көрсетуді тиімді қамтамасыз ету. 

 



Компьютерлік  технология  эволюциясының  логикалық  нәтижесі  есептеуіш 

жүйелердің тұжырымдамасы болып табылады. 1950 жылдардағы үлкен компьютерлер өте 

аз  мөлшердегі  қолданушыларға  арналған.  Мұндай  компьютерлер  пайдаланушының 

интерактивті жұмысына арналған пакетті өңдеу тәртібінде қолданылған. 




 

Пакеттік өңдеу жүйелері негізінен қуатты және әмбебап компьютерге жүктелген 



мэйнфрейм базасында құрылады. 

 



Иерархиялық,  көп  байланысты  және  аралас  топологиясы  бар  желілер 

мәліметтерді тарату үдерісінде бағдарлауды, яғни әрбір торапта ақпараттың әрі қарай бару 

жолын таңдауды қажет етеді. Бірақ, баламалы, бір мәнді емес бағдарлау байланыс арналар 

нұсқасы  бар  желілерде  ғана  орындалады.  Мұндай  желілер  ақпаратты  бағдарлауы  бар 



желілер деп аталады. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді