Жоспары: Отбасы және неке ұғымдары


Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері



бет2/2
Дата22.11.2022
өлшемі23.79 Kb.
#361225
1   2
Байланысты:
Отбасы әлеуметтануы

Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері. 
Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады. Қазіргі кезде бар отбасының типтері мыналар: тотемдік қауым (ру), патриархальды туыс топ, патриархальды отбасы және жеке отбасы. 
Патриархальды туыстар тобы (туыстық отбасы) өткен замандарда үндіевропалық халықтардың бәрінде болған, ал кейбір халықтарда қазір де бар. Бұл отбасында бірнеше ұрпаққа жататын отбасы мүшелерінің бәрі туысқан аға-іні, апа-сіңілі болып табылады. Отбасының басшысы біреу-ол отбасының атасы болып табылады.
Ұрпақтардың шығу түріне қарай бұл отбасы матриархальды немесе патриархальды отбасы болады. Біріншісі отбасының ең көне түрі. Мұнда көп күйеуі болу жиі кездеседі. Мұндай отбасы тибеттіктерде және Оңтүстік Индияда тұратын тода деген халықта кездеседі.
Моногамды патриархальды отбасында оның басшысы мүліктің бірден-бір иесі болып саналады. Бұл жеке меншіктің шығуына байланысты болған отбасылық қатынас.
Жеке отбасы –бүгінгі таңда дүниеде ең кең тараған отбасының түрі. Бұл отбасы енді тек әлеуметтік топ қана емес, сондай ақ заң жүзінде бекітілген топ.
3. Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Екінші сөзбен айтқанда, отбасының мазмұны мен қатынасы тікелей байланысты. Отбасы қоғамның бастапқы ұясы, қоғамдық әлеуметтік құрылымның негізгі элементтерінің бірі бола отырып, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқарады. Отбасының бірінші міндеті –ұрпақ жалғастыру қызметі. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызметі болып келеді. Бірақ жұбайлардың балалы болу тілегі , қоғамның қай кезеңінде болмасын, оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отырған., қазір де солай. Мысалы патриархальды отбасы –шаруашылық экономикалық қажеттіліктен туған. Қоғам әртүрлі әлеуметтік саясатты басшылыққа ала отырып, яғни өмірге адам әкелудің экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайларын жасай отырып, ерлі-зайыптылардың өз тілегінен көп не аз баласы болуына итермелейді. Мыс, Қытай отбасында бір бала ғана болу саясаты жүргізілді. Бұл тарихи факт. Мұның зиянды жағы-отбасында бір баланың болуы ұрпақ жалғасуына, халқтың өсуіне кері әсерін тигізеді. Соның нәтижесінде туу азаяды да, елдің еңбек ресурстарының негізі болатын жұмысқа қабілетті адамдар азайып кетеді. Бірақ халқының саны 1 млрд-тан асқан Қытайда шектеулі жер аумағына шамадан артық адам санын орналастыру мүмкіндігінің жоқтығы бала табу мөлшеріне шек қоюға мәжбүр етті. Отбасының екінші маңызды қызметі- материалдық-экономикалық және тұрмыстық-шаруашылық мәселелері. Отбасының бұл қызметі қазіргі уақытта бірінші орынға көтерілді., себебі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Сонымен бірге отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты., әсірісе көп балалы отбасында. Отбасы мүшелерінің шаруашылық-тұрмыстық қызметін ерлі-зайыптылар бірігіп атқаруы қажет. Бұрынғы кезде әйел үйде үй шаруасын жүргізді, бала туды, оны тамақтандырып тәрбиеледі, ал ері шаруашылық жұмысын жүргізді, отбасының экономикалық дербестігіне жағдай жасады. Қазір жағдай өзгерді. Әйелдер ерлермен бірдей жұмыс істейді. Сондықтан шаруашылық-тұрмыстық қызметті бірігіп атқару өмір талабына айналды. Отбасының қызметтерінің бірі-тәрбиелеушілік қызметі; оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі-баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік –мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру , үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің маңызды міндеті. Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады. Ата-аналар балалардың жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқау керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарынын тез дамытады. Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, оған сәйкес тәрбиелеу бағдар беру қажет. Отбасының жыныстық міндеті де бар. Отбасының бұл міндеті жайлы соңғы уақытқа дейін айтылмай келді, ал бұның маңызы басқа қызметтерінен бір де бір кем емес. Зерттеушілердің көрсетуіне қарағанда, жыныстық жағынан сәйкестік рухани сәйкестіктен кейін үшінші орын алады.
Отбасының қүұрамы деп олардың мүшелерінің өзара жиынтығын айтамыз, оған туысқандықтан басқа рухани, азаматтық қатынастар, билік, бедел қатысы да жатады. Отбасының туысқандық құрылымы, біріншіден жұбайлар мен балалар, екіншіден балалары мен жұбайлары және әйелдің не болмаса ерінің бірге тұратын туыстары , немере-шөберелерден тұрады.
Жұбайлардың өзара билік белесіне сәйкес отбасының екі түрі болады. 1. Демократиялық; 2. Традициялық немесе авторитарлық.
Бала санына байланысты 4 түрлі отбасы болады: 1. Көп балалы; 2. Орташа (екі балалы) 3. Бірбалалы; 4. Баласыз отбасылар.
Отбасы әртүрлі басқа жағдайларға байланысты да топқа, түрге бөлінеді. Олардың шартты сипаты түрліше. Мысалы, баланы тәрбиелеу әсеріне қарай жайлы және жайсыз отбасы болады. Материалдық жағдайына қарай, табысына қарай да отбасы жоғары, орта,төмен болып бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені