Жоспары: Кіріпе •Гипотрафия



бет2/4
Дата10.06.2022
өлшемі24.53 Kb.
#267721
1   2   3   4
Байланысты:
Балалардағы гипотрафия
Лейкоздар, Документ
Гипотрофияның жіктелуі

Этиологиялық формасы

Ауырлық дәрежесі

Кезеңі

1.Біріншілік (жеке нозологиялық форма):
а) алиментарлы
б) күту және тәрбиелеу ақаулары
2.Екіншілік
а) инфекциялық аурулар, әсіресе асқазан-ішек трактісінің аурулары;
б) туа біткен аурулар;
в) зат алмасудың тұқым қуалайтын аурулары;
г) Жүкті әйелдің аурулары – туа біткен гипотрофия (невропатиялық, нейроэндокринді, нейродистрофиялық);
д) эндокринді және неврологиялық аурулар;

Жеңіл (10-20%)
Орташа (21-30%)
Ауыр (31% және одан жоғары)

Бастапқы
Үдемелеу
Тұрақтану

Жастық аспектілері: негізінде алиментарлық факторлар мен күту ақаулары жататын гипотрофия баланың өмірінің алғашқы жылында, әсіресе алғашқы алты айда дамиды. Екіншілік гипотрофияның дамуы екінші-үшінші жылдары да мүмкін, бірақ көбінесе (90% жағдайда) бірінші жылы байқалады.
Жанұялық аспекті: Біріншілік гипотрофия әдетте әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары төмен жанұяларда (жеткілікті және ұтымды тамақтанбау, күтім мен тәрбиелеудің нашар болуы, анасының зиянды әдеттері) дамиды.


Диагностикалық белгілері:
Тірек белгілері:
– жеткіліксіз, кейде тоқтап қалғанға дейін болатын, дене салмағын қосудың тежелуі, одан ары бой өсуінің тежелуі;

  • дененің барлық жерінде, әсіресе ішінде тері асты май қабатының жұқаруы немесе жоқ болуы;

  • тіндердің тургорының төмендеуі, бұлшықет көлемі мен тонусының төмендеуі;

  • психомоторлық дамуда артта қалу, одан ары меңгерген дағдыларды жоғалту;

  • ауыр өтуінде сусызданудың айқын болуы, дене қызуының тұрақсыздығы, гипо- немесе авитаминоз;

Факультативті белгілері:

  • тежелу немесе жоғары қозғыштық;

  • тері жабындылары мен шырышты қабаттардың бозаруы;

  • жүрек тондарының тұйықталуы, систолалық шудың пайда болуы;

  • бауырдың аздап ұлғаюы;

  • метеоризм, нәжістің тұрақсыз болуы (іш қатулармен бірге, іш өту);

Тексерудің лабораториялық және инструментальдық әдістері:

  • қанның жалпы анализі (анемия белгілері);

  • зәрдің жалпы анализі (зәрдің тығыздығының жоғары болуы және эпителий экскрециясының жоғары болуы мүмкін);

  • копрограмма (шырыш, лейкоциттер, нейтральды май, кейде бұлшықет талшықтары);

  • бақылау өлшеулері (тамақтандырғанға дейін және одан соң);

Қосымша тексеру әдістері:

  • қанның биохимиялық тексеруі (жалпы белок және оның фракциялары, Са, Р, натрий, калий, холестерин, сілтілі фосфатаза, трансаминазалар, амилаза);

  • зәрді ацетонға тексеру;

  • ЭКГ;

Тексеру кезеңдері
Дәрігер бөлмесінде:
Анамнез:

  • жанұя мүшелері туралы мәліметтер, психоэмоциональды факторлар, материальдық-тұрмыстық жағдайлары;

  • баланы күту сапасы, тамақтануды ұйымдастыруы және медициналық тексеруді ұйымдастыру;

  • жүктіліктің өтуі, жүктілік кезінде басынан өткерген аурулары;

  • анамнезінде уақытынан бұрын босану, аборт жасау жағдайларының болуы;

  • босану анамнезі және Апгар межесі бойынша көрсеткіші (Апгар межесі баланың босану кезінде алған жарақатары туралы мәлімет береді. Сол кезде болған неврологиялық бұзылыстар баланың одан ары тамақтану қабілетін бұзуы мүмкін);

  • баланың жатыр ішінде дамуындағы қолайсыз факторлар туралы мәлімет пренатальды гипотрофия себебін анықтайды (жүкті әйелдің темекі шегуі, арақ ішуі, есірткі қолдануы, жүктілік кезіндегі аурулары);

  • баланың нервті-психикалық дамуын бағалау;

  • баланың басынан өткерген аурулары, олардың өту ерекшелігі мен ұзақтығы;

  • басқа да симптомдар мен синдромдар;

Объективті қарау:

  • бой ұзындығы мен дене салмағын, сонымен қатар бас аумағы мен кеуде аумағын өлшеу;

  • тері асты-май қатпарларының қалыңдығын анықтау, ол гипотрофия дәрежесін анықтауға көмектеседі;

  • баланы жалпы қарау (жай қарап өткеннің өзінде баладағы күтім ақауларын, гигиеналық тәртіптің сақталу-сақталмауын, туа біткен ақауларды, тәрбиелеу ақауларын көруге болады);

Емханада:

  • қан мен зәрдің жалпы анализі;

  • капрограмма;

  • зәрді ацетонға тексеру;

  • ЭКГ;

Ауруханада:

  • дене салмағы мен бой ұзындығын күнделікті тексеру;

  • қанның биохимиялық тексеруі;

Біріншілік гипотрофия кезінде тексерулерді осымен аяқтауға болады, ал екіншілік гипотрофия кезінде (асқазан-ішек трактісінің аурулары, муковисцидоз, тұқым қуалайтын алмасу аурулары, неврологиялық және басқа да аурулар) маманданған стационарларда толық тексеру жүргізілуі керек.
Клиникалық өтуінің варианттары
Гипотрофияның клиникасы ауырлық дәрежесіне, пайда болу уақытына, сонымен қатар оған әкелген негізгі ауруға байланысты ерекшеленеді.
Гипотрофияның 1 дәрежесі кезінде тері асты май қабатының іште және санда жұқаруы байқалады. Баланың салмақ қосу кестесі бірқалыпты болады. Баланың бойы, психомоторлық дамуы жастық көрсеткіштерге сай, көңіл-күйі өзгермеген болады.
Гипотрофияның 2 дәрежесі кезінде салмақ қосу кестесі жалпайған, тіндердің тургоры төмендеген, тері асты май қабаты сандардың ішкі бетінде біршама жұқарып, тері қатпары салбырап тұрады. Баланың тәбеті мен тамаққа толеранттылығы төмендеген, психомоторлық дамуда артта қалады, терморегуляция қызметі бұзылған (қоршаған ортаға байланысты тез қызады және тезсалқындап қалады).
Гипотрофияның 3 дәрежесі кезінде тері асты –май қабаты жоқ, ісіктер болуы мүмкін, бала тежелген, психомоторлық дамуда артта қалған, бұрын меңгерген дағдыларды жоғалтқан. Дене қызуын реттеу қызметі бұзылған, қоршаған ортаға байланысты. Иммунитеттің біршама төмендеуіне байланысты жиі инфекция ошақтары анықталады (отит, пневмония).
Гипотрофияның өтуі көбінесе оның пайда болу уақытына байланысты болады. Нейродистрофиялық гипотрофияға дене салмағының бірталай артта қалуы (50%) мен тұрақты анорексия тән. Нейроэндокринді гипотрофия кезінде балалар бойы аласа болып, гипотрофия, нанизм, псевдогидроцефалия, микроторакоцефалия белгілерімен және әр түрлі эндокринді бұзылыстармен туады. Пренатальды гипотрофияның ауыр түрі энцефалопатиялық гипотрофия – дене салмағының біршама жетіспеушілігімен, анорексиямен, психомоторлық дамуда біршама артта қалумен сипатталады, мұның барлығы орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдалуын көрсетеді.
Этиологиясы басқа екіншілік гипотрофиялар кезінде (жедел инфекциялық аурулардан басқа) клиникалық белгілері негізгі аурудың үдеуіне байланысты біртіндеп дамиды.
Ауырлық дәрежесін бағалау: Біріншілік гипотрофия кезінде баланың жағдайының ауырлығының белгілері болып оның жүдеуі, әр түрлі іріңді-инфекциялық асқынулардың болуы табылады, ал екіншілік гипотрофия кезінде тек қана гипотрофия дәрежесі емес, сонымен қатар негізгі аурудың сипаты да ескеріледі.
Асқынулар: жиі суық тиіп ауру, іріңді-септикалық аурулар, екіншілік иммундық жетіспеушілік жағдайларының дамуы.
Аурудың ұзақтығы. Дер кезінде емдеу шаралары жүргізілетін болса біріншілік гипотрофиямен балалар 2-3 аптада салмақ қоса бастайды, көңіл-күйлері жақсарады, қоршаған ортаға қызығушылықтарын білдіреді. Екіншілік гипотрофия кезінде барлығы негізгі аурудың сипатына байланысты.
Болжам гипотрофияға әкелген себептер мен оны жою мүмкіншіліктеріне байланысты. Біріншілік гипотрофияның 3 дәрежесі кезінде болжам үнемі қауіпті, летальдылық 30 % дейін болады.
Диагнозды қою үлгісі:
Екіншілік пренатальды гипотрофия, 3 дәрежелі, нейродистрофиялық форма, үдемелі кезеңі.
Біріншілік гипотрофия 1 дәрежелі, алиментарлық этиологиялы, бастапқы кезең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы