Жоспар Кіріспе І тарау. Тарихты оқытудағы жаңашыл – инновация


Тарихты оқытуда “Сыни тұрғыда ойлау” жобасының



бет7/10
Дата09.06.2022
өлшемі195.5 Kb.
#267346
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
kur -tarih-sabagynda-zhana-tehnologijalardy-qoldanu
Абайдын кара создери 20, Документ Microsoft Word, физиканы силлабус, лаборатория-2019-2020, AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, ЫТЖС оқу құралы Егізбаева Ж., Сабақ жоспары, мхэжә прог, Таубай.Б 5.4, Акпараттык техн УМКД, ОБ АДҚП англ , Analysis and selection of CRM systems на конкурс, Дінтану силл, 1-2 саб ХПЗН, балалар әдебиеті сил
2.3 Тарихты оқытуда “Сыни тұрғыда ойлау” жобасының
стратегиялық технологиясын қолдану.
Білім беру саласындағы ауқымды өзгерістер, студенттер қауымының тек білімдерін ғана арттырып қоймай, сонымен бірге қазіргі қол жеткен ғылыми жетістіктерді шебер пайдалана алатын маман дайындауды көздеуде. Осы мақсатқа жету үшін мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін қолдана отырып, студенттерді өздігінен білім алуға, өз бетімен мәселенің дұрыс шешімін табуға талаптандырып, сонымен қатар оқыту түрлерін, әдістерін, құралдарын одан әрі жетілдіру, тиімді тәсілдерді қолданудың жолдарын іздестіруі қажет.
Оқыту технологияларын қолдану - дәстүрлі білім беруге қарағанда әлдеқайда күрделі, әрі тиімді үрдіс.
"Сыни тұрғыда ойлау" стратегиясы дамыта оқыту принципіне негізделгендіктен, оқытудың тиімді түріне жатады. Бұл стратегиялар бойынша студенттер өз бетінше ізденіп, шешім қабылдау біліктілігін арттырады. Сонымен бірге топ студенттерін жеке-жеке зерттеуге және бақылауға мүмкіншілік береді.
"Сыни тұрғыда ойлау" стратегиясын сабақта пайдалану: 1. Өткен тақырыпты қайталау, жаңа тақырыпқа негіз болады. 2. Жаңа тақырыптардағы тарихи оқиға мен тарихи құбылыстарды салыстыра отырып зерттейді. 3. Өз пікірін ортаға салуға, дәлелдеуге, топтастарының пікірлерін құрметтеуге
үйретеді. 4. Білімнің қайнар көзін өздері тауып, білімді меңгеру үшін қажетті дағдыларды өз бетімен қалыптастырады. 5. Мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық қарым қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Оқушы тақырыпты ғылыми меңгеруіне қолайлы жағдай жасайды.
Осыған байланысты “Орта ғасыр тарихы” пәнінен мынадай сабақ үлгісін ұсынамыз. Сабақтың тақырыбы: Ұлы географиялық ашылулар және колониялық жүйенің пайда болуы.
Сабақта бірқатар көрнекі құралдарды қолданамыз: ортағасырлардағы Испания мен Португалия карталары және топтамалар, хронологиялық схема, компьютер көмегімен көрсетілетін сұрақтар мен жауаптар қарастырылған слайдтар, тақта, бор, кестелер, А4 форматына терілген құжаттар мәтіні.
Сабақ өз деңгейінде өтуі үшін мыналарды еске алу ләзім.

  1. Қызығушылықты ояту

Қызығушылықты ояту - басты мәселе.
Өйткені оқушылар пәнге деген қызығушылығы, ынтасы болмаса, онда сабаққа қандай әдіс-тәсілді қолдансаң да, оның ықыласы болмай, немқұрайдылық танытатыны белгілі. Оқушының қызығушылығын ояту мақсатында өткен тақырып жаңа тақырыпқа негіз болатынын ескеріп, тақтаға орта ғасырлардағы Испания мен Португалия карталары мен мына төмендегі топтамаларды қолданамыз. Тақырыптар мен тақырыпқа сай карталарға сүйене отырып, студенттер өткен сабақты еске түсіреді: Испания (VII - XIIғ.ғ.). Пиреней жарты аралы (XI - XIII ғ.ғ.). Испания мен Португалия (XIV - XV ғ.ғ).
II. Мағынаны ашу.
Өткен тақырып бойынша оқушының білім деңгейі қаншалықты екенін бақылау мақсатында топты екіге бөліп, бірі Испания болса, екіншісін Португалия деп белгілеп, жоғарыдағы көрсетілген карта мен топтамаға сүйене отырып, мына сұрақтарға жауап беруі тиісті екенін ескерту керек. Бұл сұрақтарды компьютер көмегімен слайд арқылы көрсетеміз. Сұрақтары мынадай:
1. Неліктен X ғасырда (Европаның баска елдерімен салыстырғанда) Пиреней түбегінде қалалық шаруашылық Балкан түбегіндегідей жоғары деңгейде дамыды? (Жауап: X ғасырда Араб Испаниясы Таяу шығыстан келген қалалық мәдениетті сақтап қалды. Бұл жерде (Балкан түбегіндегідей) "варварлар" өркениетті халыққа бағынды ( ал Галлия мен Дунай керісінше варварларға бағынды).
2. Рыцарь ордендері Европаның басқа бөліктерінен, әрі Пакистаннан бұрын Испанияда пайда болғаны рас па? Неліктен? (Жауап: Рас. Крест және ислам әскерлерінің ұзақ уақыт созылған қақтығысы түбектегі әскерлердің жоғары шені "рыцарьлардың" пайда болуына алып келді. Византия шекарасында осыған ұқсас шендер болғаны белгілі. Оларда шекарашы әскерлерді "акриттер " деп атаған).
3. Англияда парламент пайда болмас бұрын Испанияда кортес пайда болғаны рас па? Неліктен және ол Испанияның қай бөлігінде пайда болған? (Жауап: Испан "кортесін" XV ғасыр соңында Фернандо Арагонский мен Изабелла Кастильская бірігіп, корольдік құрғанда пайда болды деп айтуға болады. Бірақ әрбір солтүстік "Әскери демократиялық " князьдіктерде (Леон, Наварра, Кастилия мен Арагон) таңдаулы депутаттардан құрылған кортестер ерте кезде болған. Мысалы, Арагонда бұл 1188 жылы пайда болды).
4. Реконкистаның алғашқы үш ғасырында Испанияда инквизиция болмады (алайда сол кезде Францияда инквизиция болды). Бірақ кейін Европаның көп бөлігінде инквизация кең етек жайды және ол ең қатыгез сипатта болды. Неліктен? (Жауап: Инквизицияның пайда болуына екі жағдай әсер етті: біріншісі - халықтар арасындағы діни бөлінушілік пен ірі монархия билігінің үстемдігі, екіншісі - XIV ғасыр соңына дейін Испания князьдіктерінің орталық билігі әлсіз болды, Францияда Филипп ІІ Август келгенге дейін).
5. Неліктен Кастилия мен Арагон бірігіп Испанияны құрды да, ал Португалия өз дербестігін сақтап қалды? Басқаша болуы мүмкін бе еді? (Жауап: Кастилия мен Арагонның бірігуі және Португалияның өз дербестігін сақтап қалуы - князь және оның ұрпақтарының дүниеден өтуіне байланысты болған тарихи кездейсоқтық. Фернандо Арагонский мен Изабелла Кастильскаяның некелесуі - Кастилияны сақтап қалу, тығырыққа тірелген жағдайдан шығу жолдары болды (Ядвига Польскаяның Ягайло Литовскиймен некесі, онда да Литвамен біріге отырып, Польшаны сақтап қалуы сияқты).
Сұрақтардың жауаптарын басқа слайдқа жазып аламыз. Екі топ өз жауаптарын берген сон, слайдтағы жауаптарды көрсетеміз. Олар өз жауаптарымен салыстыра отырып, қанша сұрағына дұрыс жауап бергенін анықтай алады.
ІІІ. Болжам жасау стратегиясы
Оқушылар қызығушылықты ояту және мағынаны ашу стратегияларында қарастырған өтілген тақырыптарды ой елегінен өткізіп, әрі жалпы білім беретін мектептерде алған білім негізіне сүйене отырып өтілетін жаңа тақырыпты болжайды. Көмек ретінде тақтаға "Орта ғасырлар тарихының" 3 кезеңі көрсетілген плакат ілінеді: Ерте орта ғасыр (V ғ. аяғы - ХІ ғ. ортасы). Орта орта ғасыр (XI ғ. ортасынан - ХV ғ. соңы). 3. Кейінгі орта ғасыр (ХVІғ.-ХVII ғ. бірінші жартысы).
Нәтижесінде студенттер Испания жайлы алдыңғы өткен тақырыптарға шолу жасап, мынадай кезеңдердің болғанына көз жеткізеді: Испания УІІ-ХІ ғ.ғ. Пиреней түбегінің елдері ХІ-XV ғ.ғ. Испания XIV-ХV ғ.ғ.
Жаңа тақырып: Ұлы географиялық ашылулар және колониялық жүйенің пайда болуы. Бұл тақырыпты оқытушы төменде көрсетілген, алдын ала дайындалып, плакатта көрсетілген хронологиялық схема арқылы түсіндіреді.


Ұлы географиялық ашылулар және колониялық
жүйенің пайда болуы



Испания



1494 жылғы Тордесиль келісімі

Португалия



Батыс Азор


аралдары

Шығыс

1418-1416 жж. Географиялық ашылудың бірінші кезеңі



1492-1493 жж. Х.Колумб Куба Гайти аралдарын ашты.



1493-1496 жж. 1498-1500 жж. Х.Колумб Кван Антиль

ХV ғ. - 20-30 жж. Азор Канар Мадейра аарлдары ашылды.

1434 жылы Гвинея аралын ашты.



1502-1504 жж. Х.Колумб Кубаның оңтүстігін ашып Атлант мұхитының Оңтүстік теңізден Азиядан бөлініп тұрғанын дәлелдеді.



1462 жылы Съерра -Леоне ашылды.





1486 жылы Бартоломео Диана Добрая Надежда мүйісін ашты.







1498 жылы Васко да Гамма Үнді порты Калькуттаға жетіп, Үндістанға баратын
теңіз жолын ашты.

ХV -XVII ғасырларда Испания мен Португалия экспедициясына флорентиялық теңізде жүзуші Америго Веспуччи қатысты.
1554 жылы Веспуччи Колумбтың Индия жағалауын емес жаңа материк ашқанын дәлелдеді. Кейін келе материк соның есімімен аталды.



1498 жылы Васко да Гама Үнді порты







1519-1522 жылдары Фернандо Магеллан Үндістанға баратын батыс жолын ашып ең бірінші дүниежүзілік саяхат жасады.






Ой шақыру


Оқушылар Ұлы географиялық ашылулар нәтижесінде Испания мен Португалияның колониялық жүйесінің пайда болуына алып келгенін мектеп қабырғасында алған білім жүйесінен біледі. Олар өз білімдеріне, картаға, әрі жоғарыда көрсетілген хронологиялық схемаға сүйене отырып, төмендегі оқытушының берген сұрақтарына жауап беруі тиіс. Топ екіге бөлініп, оқытушы екі топқа кезек-кезек сұрақтар қояды. Сұрақтар "Кариб бассейніндегі Испан колониялық жүйесі. Мексика мен Перу" және "Португалия колониялық жүйесі тақырыптарында беріледі.
1-ші топ. 1500-1510 жылдары Колум саяхатына қатысқандар экспедиция жүргізіп қай жерлерді зерттеді және оларды картада көрсете аласыз ба? (Жауап: Оңтүстік Америка Флоридадан бастап Мексика бұғазына дейін).
2-ші топ. Испандар басып алған Үлкен Антиль және Кіші Антиль аралдарын картада көрсете аласыз ба? (Жауап: Үлкен Антиль: Куба, Ямайка, Гаити, Пуэрто-Рико, Кіші Антилар Тринидад, Тобаго, Барбадос, Гваделупа және т.б. аралдар).
1-ші топ. Испандар жоғарыда көрсетілге аралдардың қайсысына көп көңіл бөлді.
Картадан көрсетіңдер.(Жауап: Куба).
2-ші топ. 1510 жылдан бастап Американы қайта жаулап алу ХҮІI ғасырдың ортасына дейін жалғасқаны белгілі. Бұл кезең тарихнамада қалай аталады? (Жауап: Конкиста, яғни жаулап алу).
1-ші топ. 1517- 1518 жылдары Эрнан де Кардоба мен Хуан Грильхальва отряды Юкатана жағалауында қандай тайпаға тап болады? (Жауап: майя).
2-ші топ. Эрнан Кортес басқарған Испан отряды Мексика бұғазынан Тынық мұхитына дейінгі жерді немесе Мексика жазықтығын мекендеген қандай тайпаға тап болды? (Жауап: ацтек).
1-ші топ. XIV ғасырда қазіргі Эквадор, Перу, Боливия жерінде қандай тайпа өмір сүрді? (Жауап: инктер).
2-ші топ. XVI ғасырда Инктер мемлекетіне қай елдер кірді және оларды картадан көрсете аласыз ба? (Жауап: Чили, Аргентина).
III Толғаныс сәті
"Хрестоматия по истории средних веков" (под. ред. Н.П.Грацианского и С.Д.Сказкина. III том. М: 1950) атты оқу құралында көрсетілген 20 құжаттың мәтінін А4 форматқа теріп, топ студенттеріне таратамыз. Олар мыналар:
1. Из завещания Колумба (14 мая 1506 г); Тордесильский договор между королями Испании и Порпугалии о разделе мира (7 июня 1494г). Открытие морского пути в Индию (1497-1499г.г.) Записки неизвестного о мировой экспедиции Васко да Гамы). Документ о "Добровольном" признании туземцами власти испанского короля. Капитуляция, заключенная с Эрнандо де Магелланом и Баккалавром Луисом Фалеро об открытии островов Пряностей. Путешествие Магеллана (из дневника Пигафетты, спутника Магеллана). Записки Диаса о Мексике. Августина де Сарате "История Перу", Франциско Лопеса Де Гомара - История Индии. Европейские колонизаторы в новом свете.
Мұндай стратегияларды қолдану арқылы оқушылар құжат мәтінімен танысып қана қоймай, өз ойын ортаға салады, өз білімін тексеруге, тез ойлауға, мұқият жазуға жетелейді. Мысалы: «Синкуин стратегиясы» бойынша оқушылар үш топқа бөлініп, өздеріне тиісті құжаттарды ортаға салып, 5 - жолдық тұжырымдама жүргізеді.
1-топ 2-топ 3-топ
1. Тарих 1-Тарих 1. Географиялық ашылу.
2. Өткенмен таныстырып
2. Қызықты, оқиғалы. 2. Зерттейді, баяндайды. бағалауға тәрбиелейді.
3. Карта, глобус. 3. Каравелла, компас, карта. 3. Әсерлі, шытырман.
4. Капитуляция 4. Конкиста. 4. Колониялық жүйе.
5. Колония. 5. Саяхат. 5. Капитуляция.

Стратегияларды ұтымды пайдалану арқылы студент мәтінді қайта құрастырады. Мысалы: "Испан колониясы Кариб бассейнінде. Мексика мен Перуді басып алу" тақырыбы бойынша онда мекен еткен ірі тайпаларды алсақ, онда шағын топтарда алдымен пікірлесіп, талқылап алған соң танысқан және жинақтаған ақпаратты ортаға салады.



Испания колониясында болды, көсем басқарды, жер игерді


Майялықтар Инктер






Ацтектер


Құрбандық шалды, жазу, краска, библиотека, календарь, храм



Тауантисуя орталығы. Куско. Мұрагерлік тақ болды, кечуа

Ацтектер




Теночтилан, үй жануарын ұстамады, мұрагерлік тақ, қолөнер болды.

Лекция соңында студенттер жаңа тақырып: «Ұлы географиялық ашылулар мен колониялық жүйенің пайда болуы» бойынша қаншалықты ақпарат - материал жинақтағанын, өз білімін тексере отырып төменде көрсетілетін сұрақтарды қарастырып, мына кестені толтыруы тиіс:







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы