Жоспар Кіріспе І тарау. Тарихты оқытудағы жаңашыл – инновация


Үш өлшемді әдістемелік жүйе технологиясы



бет6/10
Дата09.06.2022
өлшемі195.5 Kb.
#267346
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
kur -tarih-sabagynda-zhana-tehnologijalardy-qoldanu
Абайдын кара создери 20, Документ Microsoft Word, физиканы силлабус, лаборатория-2019-2020, AZhK3324 Ақпараттық жүйелер құрылымы, ЫТЖС оқу құралы Егізбаева Ж., Сабақ жоспары, мхэжә прог, Таубай.Б 5.4, Акпараттык техн УМКД, ОБ АДҚП англ , Analysis and selection of CRM systems на конкурс, Дінтану силл, 1-2 саб ХПЗН, балалар әдебиеті сил
2.2 Үш өлшемді әдістемелік жүйе технологиясы.
Біздің еліміздегі білім беруді дамытудың қазіргі заманғы кезеңін — оқытудың дәстүрлі түрінен инновациялық әдістерге ауысатын өтпелі кезең деп сипаттауға болады. Қазіргі уақытта инновациялық педагогикалық технологиялар көптеп саналады. Оларды пайдалану барысында Республикамызда адам, оның өмірі, құқығы мен бостандығы - жоғары құндылық болып саналатын Қазақстан Республикасының негізгі заңы — ҚР Конституциясын басшылыққа алу керек. Бұл білім беруді жаңартудың негізгі принциптерін: білім берудің "ізгілік парадигмасын" іске асыруға бағытталған білімді ізгілендіру мен демократияландыру принциптерін анықтайды. Ол "білгір адам" парадигмасын ауыстыратын "өмірге дайындалған адам", "іскер адам" парадигмасы болып табылады. Парадигмалардың осылай ауысуы - білім берудің барлық мазмұнын терең ойластыруға ықпал етгі. "Мұғалім дайын ақиқат, түйін, ой қорытындысын балалардың" "миына құйғанмен", ойлау мен сөйлеу негіздеріне жақындауға да мүмкіндік бермей, шығармашылық, арман, қиял қанатын байлап қояды.
Көптеген жағдайда баланың ой еңбегі өзі де ойлап үлгермеген, санасына ерекше әсер етпеген, байланыстарды жаттап алуына әкеледі. Соның нәтижесінде құбылыстың мәнін ойлау және бақылау қабілеті дамымай, жаттауға негізделген есте сақтау дамиды. Бұл - баланы топастыққа әкелетін, ақырында оқуға деген ынтасын жоятын үлкен кемістік. Баланы білім, ақиқат, ереже мен формулалар қоймасына айналдырмау үшін, оны ойлауға үйрету керек." (В.А. Сухомлинский). Сабақ та, жалпы мектепте оқушыға жайлы және ыңғайлы болу керек, сонда ғана оқудан жақсы нәтиже шығады, ол тұлға ретінде жан-жақты дамитын болады. Қазіргі заманғы мектеп бала үшін қызмет ету керек, ол білім алып қана қоймай, оны өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау керек. Мақсат - мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес, оның өзіне қажетті білімді өзі біліп, табуға үйренуі, оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез келген жағдайда шешіп, іс-әрекет жасай алатын болу керек. "Осындай мақсатқа жету біздің мектебіміздің бүгінгі жағдайында мүмкін бе?" — деген сауал туатыны анық. "Әрине, мүмкін емес"- дейді белгілі ғалымдар (Ж.А.Караев, "Активизация познавательной деятельности учащихся в условиях применения компьютерной технологии обучения", автореферат докторской диссертации, Алматы, 1994). Оқушының өз бетімен оқулықпен жұмыс істеп, білім алу дағдысын қалыптастыру үшін қажетті талаптардың бірі - оқулық соған бейімделіп жазылу керек. Кеңінен қарастыратын болсақ, оқулық деген не? Ол педагогикалық жүйенің бір ғана құрамдық бөлігі. Педагогикалық жүйе дегеніміз не? Педагогикалық жүйе дегеніміз: мақсат, мазмұн, әдіс-тәсіл, оқытудың ұйымдастыру түрі, құралы (көрнекіліктер) және осылар арқылы нәтижеге жетелейтін оқушы мен оқытушының арасындағы оқыту (дидактикалық) процесі. Мұндағы: педагогикалық жүйенің алғашқы бес компоненті әдістемелік жүйені құрайды: мақсат, мазмұн, әдіс-тәсіл, түрі, құралы. Дидактикалық процесс ойдағыдай жүзеге асу үшін оқушыларды белгілі дәрежеде оқуға қызықтырып, ынталандыру қажет. Оған мұғалім өзінің шеберлігі арқылы (сыртқы ынталандыру) және міндетті түрде қызықты, тартымды, өз бетімен білім алуға қолайлы құрастырылған мазмұн (ішкі ынталандыру) арқылы қол жеткізе алады. Осылай мазмұндалған оқулық болса. Сондықтан, қазіргі заманның орта білім берудегі бірден-бір талабы: оқулықтың мазмұнын жаңаша болу керек — мазмұндалуы жағынан да, құрылымы жағынан да жетілдірілген түрде. Қалайша? "Оқулық (оның мазмұны) жай ақпарат көзінен оқушының өз бетімен белсенді түрде танымдық қызмет атқара алатын құралына айналу керек",- делінген (Қараев). Ол үшін оқулықтың мазмұнына, кем дегенде, төмендегідей төрт шарт қойылады:
бүкіл орта білім беру мектебінің мазмұны (бағдарламасы), әр пән бойынша тарау мен тақырыптардың мазмұны: Алғашқы синтез (кіріспе) — Анализ (талдау) - Соңғы синтез (қорытынды) құрылымына сәйкес келу керек;
Ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескерумен қатар ғылымның әлем деңгейіндегі жетістіктерді де қамту керек;
компьютердің оқытушылық мүмкіндіктерін ескеру (компьютер арқылы орындауға болатын тапсырмаларды ұйымдастыру);
тақырыптың мазмұны деңгейлік тапсырмалар арқылы — қарапайымнан күрделіге, саннан сапаға ауысу принциптері бойынша - берілу керек.
Айтылғандар әдістемелік жүйенің бір ғана компонентін (мазмұнын) жетілдіруге қойылатын талаптар. Білім берудің жоғарыда қойылғандай мақсатына және жаңаша мазмұнына сәйкес әдіс-тәсілдер, түрі, құралдары, оқушы мен оқытушының іс-әрекеттері, нәтижені бағалау жүйесі - осының барлығы (Педагогикалық жүйенің сегіз компоненті) жаңаша көзқарасты талап етеді (Тақырыптық жоспар кестесін қараңыз). Мұнда жаңа тақырыпты меңгеру үш кезең арқылы ұйымдастырылған: әр кезеңнің мақсаты "шағын мақсат", оның нәтижесі "аралық нәтиже" — деп қарастырылады. Тақырыпты меңгеру оқу бағдарламасына, мазмұнының көлеміне сәйкес бір, немесе бірнеше сағатқа жоспарлануы мүмкін. Соңғы жағдайда да үш кезеңдік тәртіп сақталады: әр келесі сабақта тақырыптың кезектегі кезеңі жалғастырылып өтіледі. Кез келген даму үрдісі аралық нәтижелер алып отыру арқылы жүзеге асады және әр аралық нәтиже ілгеріде алынған аралық нәтижеден жоғары болуы шарт. Төмендегі сызбаға назар аударайық:
ЖАЛПЫ МАҚСАТ (мысалы, жаңа тақырып бойынша)
(1-ші шағын мақсат оның нәтижесі (1-ші аралық нәтиже)
(2-ші шағын мақсат оның нәтижесі (2-ші аралық нәтиже)
(3-ші шағын мақсат оның нәтижесі (3-ші аралық нәтиже)
(4-ші шағын мақсат оның нәтижесі (4-ші аралық нәтиже) = ТҮБЕГЕЙЛІ
НӘТИЖЕ (олимпиадалық тапсырмаларды орындау).
Мұнда академик В.П. Беспальконың кез келген мазмұнды меңгеру үшін оған төрт меңгеру деңгейлерінің шағын мақсаттары арқылы жетуге болатындығы көрсетілген. Міндетті түрде әр шағын мақсаттардың аралық нәтижелері нақты алынуы керек және олардың әр қайсысына келесі шағын мақсат негізделіп құрылуы шарт. Американдық ғалым Б. Блум мұндай шағын мақсаттардың алтауын токсономия целей, немесе иерархия целей деп атаған. Кез келген тақырыпты оқытудың мақсаты — оны толық, тіпті шығармашылық деңгейге дейін, меңгертуді көздейтін болса — онда түбегейлі нәтижеге жету алты шағын мақсаттар (аралық нәтижелер тізбегі) арқылы жүзеге аспақ:
1) "Танып-білу" = нәтиже 1
2) "Түсіну" = нәтиже 2
3) "Қолдану" = нәтиже 3
4) "Анализ-талдау" = нәтиже 4
5) "Синтез-жинақтау" = нәтиже 5
6) "Оценивание" - ол "тақырыптың мазмұнына баға беру", "рефлексия", немесе "осознание". Біз оны қазақша "түйсіну" - деп аударып жүрміз. Ол = нәтиже 6. Мұнда тақырыпты меңгерудің жалпы мақсаты нәтиже 6 = түбегейлі нәтиже арқылы жүзеге асады.
Біз өзіміздің ғылыми ізденісіміздің нәтижесінде Б.Блумның алты шағын мақсатын жоғарыда аталған В.П. Беспальконың төрт деңгейлік тапсырмалар арқылы қалай жүзеге асыруға болатындығын көрсеткіміз келеді. Әр тақырып бойынша құрылған: 1-деңгей тапсырмаларын орындау барысында Б. Блумның "Танып-білу" мен үлгі бойынша "Қолдану"; 2-деңгей тапсырмаларына — "Түсіну" мен өзгертілген жағдайда "Қолдану"; 3-деңгей тапсырмаларына—"Анализ", "Синтез", "Баға беру"; шағын мақсаттарына сәйкес тапсырмалар беріледі.
Ал енді 4-деңгей тапсырмалары зерттеушілік әдіспен (алғашқы синтез-анализ-салыстыру-бастысын бөліп шығару-соңғы синтез) орындалып, оның тақырыбы тыңнан беріліп, шығармашылық ізденісті қажет ететін болғандықтан, Блумның шағын мақсаттарының барлығы (алтауы да) қолданылады. Аталған мәселені жүзеге асыратын технологиялардың бірі — "Үш өлшемді әдістемелік жүйе" педагогикалық технологиясы соңғы 5-6 жылда еліміздің көптеген мектептері өзінің оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланып, тиімді нәтижелерге жетіп жүр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы