Жоспар I. Кіріспе



Дата01.01.2022
өлшемі28.9 Kb.
#135801
Байланысты:
СӨЖ — копия
Силлабус ШЖМП -4 курс, Лекция 15 са ат Практикалы (семинар) 15 са ат С Ж 30 са ат о, открытый урок СП 9 класс, Language Picture of the World and Associative Lexi, ‚“‡¤ à  â ăë ¬¥­ ª®¤ë
    Бұл бет үшін навигация:
  • II.2.

Жоспар

I.Кіріспе

I.1. Ауыл шаруашылығында маркетингті қолданудың қажеттілігі.

II.Негізгі бөлім

II.1. Агроөнеркәсіп кешенінде маркетингті қолдану нарықтық қатынастарды дамыту.

II.2. Ауыл  шаруашылық саласында  маркетингті қолданудың ілімдік-әдістемелік  негіздері.

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер

Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектордың даму деңгейі қашан да қазақстандық қоғамның экономикалық жəне қоғамдық-саяси тұрақтылығын анықтайтын факторы болып келді жəне əлі де болып келеді. Республика экономикасы дамуының басым бағыттарының бірі бола отырып, ауыл шаруашылығы аса зор əлеует пен үлкен қорға ие. Аграрлық салада кәсіпорындарды басқарудың жаңа жүйесін қалыптастыру барысында маркетинг қазақстандық шаруашылық тәжірибесі үшін кәсіпорындардың өндірістік-өтімдік қызметін ұйымдастыру мен басқарудың жаңа әдісі болып табылады. Қазақстанда маркетингті енгізу қажеттігі басқару теориясы мен тәжірибесін дамытудағы жалпы әлемдік тенденциялардан туындап отыр. Сонымен қатар, маркетинг қоғамның даму бағдарын, уақыт пен сыртқы ортаның ерекшеліктерін көрсетеді. Сол себептен, маркетинг саласындағы батыс тәжірибесі бірқатар өлшемдері бойынша қазақстандық шарттарға сәйкес келмейді. Оның үстіне, отандық тәжірибе маркетингтің экономикасы дамыған елдерге тән емес, беймәлім тұстарын ашып берді. Біздің шарттарда маркетингтің классикалық сызбасын пайдалану және енгізу процесі өте қиын әрі баяу жүзеге асады. Өйткені, отандық аграрлық кәсіпорындарда маркетингті қалыптастыру шарттарының өзіндік ерекшеліктері бірқатар мәселелердің туындауына алып келуі және маркетингтің дамыған үлгісінің қолданысына кедергі келтіруі мүмкін. Қазіргі таңда еліміздің жекелеген аймақтарының агроөнеркәсіп кешенінің алдында тұрған басты міндет тұрақты дамитын аграрлық-индустриялық және инновациялық орталыққа айналу, отандық тауарлардың әлем нарығына шығаруға жәрдемдесуді жүзеге асыру үшін маркетингтік қызметті қолданудың жаңа жүйелерін қалыптастыруды қажет етеді. Осыған байланысты, елімізде 2006-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамыту тұжырымдамасы және 2007-2024 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға ауысу тұжырымдамасы қабылданды.


Агроөнеркәсіп кешенінде маркетингті қолдану нарықтық қатынастарды дамыту мен ауыл шаруашылық саласындағы оңтайлы мамандануды орнықтырудың қажетті шарты болып табылады. Маркетинг нарықтағы ауыл шаруашылық өнімдері мен өзге де тауарларға деген сұраныс пен ұсынысты және олардың даму тенденцияларын зерттеу, АӨК-нің ұтымды құрылымын түзу және Қазақстанның жекелеген облыстары мен аймақтары арасында өнім айырбасын ынталандыру арқылы АӨК кәсіпорындарының мамандануын тереңдету мен дамыту үшін қажетті шарттарды қалыптастырады. Ағымдағы стратегиялық мәселелерді шешу барысында маркетинг әдісі кәсіпорындарға қолында бар материалдарды, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Нарық жағдайында маркетинг кәсіпорынның бүкіл өндірістік және өтімдік (өнім сату) қызметін ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізіне, ал маркетингті басқару оларды басқару жүйесінің маңызды бөлігіне айналады. Сол себептен, кәсіпорындарда маркетинг – дербес маманданған ішкі шаруашылық бөлімше ретінде қызмет атқаруға тиіс. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың және маркетингтің дамуын қолдаушы заңнамалық және нормативтік база құрылған [1, 2, 3]. Бүгінгі күні, шын мәнінде агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін маркетингтік қызметті жетілдіру қажеттілігі әрбір шаруашылық субьектілерінің әлеуетті нарықтар, әлеуетті тұтыну-шылар, олардың сұраныстары туралы ақпарттармен қамтамасыз ету қажеттілігі арқылы көрініс табады. Агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметті жетілдіру процесі белгілі себептерге байланысты өте баяу жүруде. Бұл агроөнеркәсіп кешенінің экономиканың баса салаларына қарағанда өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болып табылады. Агроөнеркәсіп кешенінде маркетингтік қызметтің баяу дамуына әсер етуші факторлар бұл біріншіден, ұлт-тық экономиканың ең монополиясыз саласы бола отырып, ауыл шаруашылығы өнеркәсіп саласының азық-түлік тауарларын өндірушілері тарапынан тұрақты баға үстемдігін көріп отырады. Бір жағынан, барлық дамыған елдерде өндіріс құралдары мен өндірістік қызметтер-ге деген бағалардың өсуі ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасының өсуінен артық болады. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы өндірушілерінің олардың табыстарымен салыстырғанда шығындарының өсуіне әкеледі. Екінші жағынан, өңдеуші және сауда кәсіпорындарының монополиясы ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу үшін қолайсыз жағдайларды қалыптас-тырады. Соның нәтижесінде, өткізілген бір бірлік тауарға есептегенде оның өндірушілерінің абсолютті және салыстырмалы түрде табыстарының қысқару тенденциясы байқалады. Тиімді аграрлық нарықты қалыптастыру процесінің басты бөлігі мемлекеттік деңгейден бастап, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне дейінгі аралықты қамтитын АӨК-і деңгейінде және барлық сфера шеңберінде маркетингтік жүйенің болуы қажет. Бірақ өндірістік бөлімге ең жақын орналасқан, АӨК-нің әрбір сферасын өзара байланыстыратын және үйлестіруші аудандық бөлім болып табылады. Аудандық бөлім мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының арасындағы байланысты жақсарту арқылы тиімділікке қол жеткізе аламыз. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының маркетинг қызметін тиімді жүргізу үшін, бірінші кезекте, өндірілген өнімді өткізу мен материалды-техникалық жабдықтауды ұйымдастырумен айналысатын өнім өткізу жөніндегі арнайы бөлімшелермен байланыстарды құру қажет. Ұйымдастырудың осы деңгейінде шешілетін негізгі міндеттерге (мәселелерге) – аудандық маркетинг қызметтерімен өзара әрекеттесу және нарықтық ақпараттарды алу арқылы өнім өткізу шараларын жүргізу мен үйлестіру, өндірілетін өнім түрін, көлемін және тасымалдау мерзімін белгілеп ұсыну, материалды-техникалық жабдықтауды жүзеге асыру жатады. Бұл ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің базасында қалыптасатын және ауыл шаруашылық өнім түрлері мен ауыл шаруашылық өнім өндірушілері (аты-жөні, мекен-жайы, т.б.) жайлы ақпараттарды, сондай-ақ, жөнелтілетін жүк есебіне, өнім қорларын жан-жақты басқаруға және т.с.с. жұмыстарға қатысты мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйенің бірінші деңгейі деп есептеледі. АӨК-дегі маркетингтік қызметті аудандық деңгейде ұйымдастыру қамтамасыз етуші екі қосалқы жүйеден тұратынын аңғартты. Функционалдық қосалқы жүйеге нарықтарды зерттеу, тұтынушы мен тұтыну сұранысын анықтау, сыртқы ортаны талдау, тауар саясатын, баға саясатын және баға белгілеуді жүзеге асыру, өнім өткізу процесін қалыптастыру мен ынталандырудың қаржылық-есептік қызметін атқару, маркетингті басқару жатады. Ал, қамтамасыз етуші қосалқы жүйе ұйымдық, техникалық, математикалық және ақпараттық бөлімдерден құралады. Аталмыш қосалқы жүйе ақпараттар жиынтығын қалыптастыру, өңдеу, сараптау әдістері мен мәліметтерді іздеу, жинау, тіркеу, бақылау, сақтау әдістерін, басқару иерархиясының әртүрлі буындарындағы басқару шешімдеріне қатысты ақпарттарды қалыптастыру әдістерін қамтиды. Облыстардың агроөнеркәсіптік әлеуетті аудандарына ақпараттықмаркетингтік кеңестік орталықтар арқылы әлеуетті нарықтар туралы шынайы ақпараттармен қамтамасыз ету арқылы электрондық сауда желісін дамыту үшін мемлекет тарапынан қолдау көрсету қажет. Осыған орай, бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттерді шешу керек: - ақпараттық-маркетингтік қызметке қолжетімділікті кеңейту және агроөнеркәсіп кешені субьектілерінің ақпараттық деңгейін көтеру жолымен агробизнестің қызмет ету тиімділігін қамтамасыз ету; - агроөнеркәсіп кешенін ақпараттық-маркетингтік қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдау аясында өтеусіз берілетін «Казагромаркетинг» АҚ ақпараттық-кеңестік орталықтарының желісі арқылы агроөнеркәсіп кешені субьектілері арасында электрондық сауда желісін дамыту; - ауылдық ақпараттық-кеңестік орталықтар базасында агробизнес жүргізудің негіздері бойынша оқыту семинарларын тұрақты өткізуді қамтамасыз ету; Агроөнеркәсіп кешенін тұрақты жедел дамыту бойынша қарастырылған мүмкіндіктер нарықтық сұраныстың өзгерісін ескере отырып аудандардың ауыл шаруашылығын дамыту стратегияларын және перспективаларын негіздеу жолы арқылы жүзеге асуы мүмкін. Бүгінгі таңдағы агроөнеркәсіп кешеніндегі ақпарттық-маркетингтік қызметтердің жалпы жұмыс істеу жүйесін талдай отырып агроөнеркәсіп субьектілері және ақпараттық-кеңестік жүйе қатысушылары арасында өзара іс-қимыл тетіктерінің жетілмегендігін, агроөнеркәсіп кешені субьектілері үшін ақпараттық қамтамасыз ету, кеңестік қызметтер көрсетудің жеткіліксіздігі, сонымен қатар аграрлық секторға ақпараттық маркетингтік және консалтингтік қызмет көрсететін компаниялар қызметтері тар бағытта, ақпараттармен жеткілікті қамтамасыз етілмеген және өңірлік желілерінің жоқ екенін көреміз. «Казагромаркетинг» АҚ өңірлік бөлімшелірінің шалғайлығы және ауылдық жерлерде ақпараттық технологияның жеткіліксіз дамуы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің «Казагромаркетинг» АҚ дер кезінде ақпарат алуын қиындатады. Сол себептен тиімді жұмыс істейтін аграрлық нарықты қалыптастыру процесінде агроөнеркәсіп кешенінің мемлекеттік деңгейден бастап ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне дейінгі барлық саласы мен деңгейін қамтитын маркетинг жүйе шешуші буынға айналуға тиіс. Маркетингтік қызметке деген қажеттілік келесі іс-шараларды атқаруда айқын көрінеді: - ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуге бағытталған күш-жігерді біріктіру; - ауыл шаруашылық өнімдерінің тауар қозғалысының тиімді нарықтық жүйесін құру; - халықтың азық-түлік өнімдеріне, ал қайта өңдеуші кәсіпорындардың шикізатқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыру; - ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне маркетинг саласы бойынша білікті кеңес беру арқылы көмектесу. Маркетинг қызметкерлері көбіне кәсіпорынның жұмысшылары арасынан іріктеліп алынады. Бұл адамдардың басым бөлігі арнайы маркетингтік білімге ие емес, кейбіреулері маркетинг негіздері бойынша шағын курстарға тыңдаушы ретінде қатысқан. Сол себептен, практика мен жұмыс тәжірибесі жұмысшылар үшін маркетингтік біліктілігі мен білімдерін тереңдетудің жалғыз көзі болып табылады. Маркетинг бөлімі қызметкерлерінің құзыреттілік деңгейін көтеру және олардың қазіргі заманға сай біліктілігі мен білімдерін арттыру үшін жұмыстар ұйымдастыру. Осылайша, сыртқы ортаның талаптары жедел өзгеріп жатқан бүгінгі қоғамда маркетинг бөлімі қызметкерлерінің біліктілігін үнемі арттыру және жеке қасиеттерін дамыту объективті қажеттілікке айналады. Бүгінгі күннің басты талабы маркетингтік басқарудың ғылыми негізделген жүйесін қолдану. Негізінен, басшылар маркетинг тиімділігін арттырудың осы факторына оншалықты жүгіне бермейді. Яғни, бұдан маркетинг саласындағы ғылыми және қолданбалы нәтижелер шаруашылық субъектілердің жұмысында жете қолданылмайды деген қорытынды шығаруға болады.
Нарықтық қатынастардың даму жағдайында ауыл шаруашылығында маркетингті қолдану кешенді-мақсатты тәсілді пайдалану арқылы тұтынушылардың талаптарына бейімделудің икемді тактикалық саясатын жүргізуге, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, дайындау, тасымалдау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу  секілді өндірістік- экономикалық байланыстарының сан алуан түрлерінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қарастырылған факторлар желілік қарым-қатынастар жиынтығымен анықталады. Бұл үрдіс белгілі бір қағидаларды  сақтау арқылы ауыл шаруашылығы саласында маркетингтік қызметті ұйымдастыруды жүзеге асыруда оның ілімдік және әдістемелік негіздерін құрайды.  Нарық жағдайында маркетинг кәсіпорынның бүкіл өндірістік және өтімдік қызметін ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізіне, ал маркетингті басқару оларды басқару жүйесінің маңызды бөлігіне айналуы тиіс. Сол себептен, кәсіпорындарда маркетинг – дербес маманданған ішкі шаруашылық бөлімше ретінде қызмет атқаруы керек. Маркетинг – күрделі әрі көп аспектілі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, дербес экономикалық үдеріс, ойлау түрі және тұжырымдамасы. Сондай-ақ, үнемі құбылып отыратын қазіргі нарықтық шарттарда бизнесті жүргізу әдестемесі мен технологиясы, фирманың саясаты, стратегиясы және тактикасы болып табылады.      Аграрлық-өнеркәсіп  кешенінде маркетингті қолданудың мәні өндірісті өндірілген өнімге деген  сұранысқа сәйкестендіру және өнімнің  бәсеке қабілетілігін арттыру, кәсіпорынның ресурстарын мақсаттармен ұштастырудан, ал мақсаттарды-тұтынушылар талаптарымен байланыстырудан көрінеді.     Аграрлыќ  маркетингті жеке кєсіпорын шењберінде єрекет етуші микромаркетинг жєне мемлекеттік  билік органдары арќылы мемлекет кµлемінде  ж‰зеге асатын макромаркетинг деп екіге бөліп қарастыру қажет.     Қазіргі кезеңдегі агромаркетингтің дамуының негізгі тенденцияларына ғылыми техникалық прогрестің, әсіресе ақпараттық, технологиялық әсердің күштілігін, халық ішіндегі әлеуметтік белсенді топтар санының өсуін, маркетингтің инновациялық сипатқа ие болуымен сипатталады.        Маркетингтік  басқару ілімінің әдістемелік негіздері  көз қарасынан кез-келген «кәсіпорынның  және ұйымның табысты қызмет етуін  жоспарлаудың» негізі инвестициялық  талдау болып табылады. Бұл тұжырымда  басты екі жағдай маңызды болып табылады. Біріншісі, әртүрлі нарықтық жағдайлар үшін және әртүрлі бағалаушы субьектілердің шекті пайдалылығын сандық өлшеу мүмкіндігі. Өлшеудің сәйкес моделін қолдану негізінде экономикалық жағдайдың математикалық-статистикалық моделін қалыптастыруға мүмкіндік туады. Екіншісі, инвестиция мәселелерін, уақыт шеңбері бойынша оны орналастырудың әртүрлі нұсқалары кезіндегі нысан құндылығының өзара әрекетке түсуін талдау  маркетингтік зерттеудің әдістемелік негізі ретінде қарастыру жағдайымен анықталады. Бұл ретте инвестицияның экономикалық жүйемен өзара әрекеттесу үрдісін талдау қосымша әдістерді қолдануды талап етеді.     Инвестициялау үрдісі маркетингті басқару саласында  инвестициялауды жүзеге асыруда  компанияның нарықтағы даму сатысындағы  табысқа қол жеткізуіне алып келетін әмбебап, жүйе жасаушы шарт болып табылады.     Қазіргі таңда ауыл шаруашылық өндірісінде  маркетингті ұйымдастыру мен  дамытудың негізгі қағидалары жалпы  сипатқа ие. Оларды біртұтас жүйеге біріктіру үшін мынадай бағыттарды ұстанған тиімді болып табылады: 
      - ауыл шаруашылық нарығындағы  жоспарлау, баға белгілеу, үлестіру  және басқару жөніндегі іс-шаралардың  біртұтас жүйесі, шаруашылықтар  мен меншіктің барлық ұйымдық-құқықтық  түрлерінің ұдайы өндірісін нарықтық  шарттарға бейімделген ауылдық  елді мекендерде жүргізуге мүмкіндік беретіндей  және тұтынушы сұранысын барынша қанағаттандыруға толығымен бағытталуға тиіс;

      - бәсекеге төтеп бере алатын  азық-түлік тауарларының түрлерін  көбейту және сапасын жақсарту, сондай-ақ, өндірілген өнімді өткізудің  озық тәсілдерін оңтайлы пайдалану және игеру қажет;

      - тауар өндіру, дайындау, тасымалдау, қайта өңдеу, сақтау және өткізу  үрдісінің күллі иерархиялық  деңгейінде біртұтас маркетинг  жүйесіне бірігетін барлық ұйымдық  құрылымдардың өзара әрекеттестігіне  сүйене отырып, ауыл шаруашылық нарығында маркетингтік құрылымдарды ұйымдастыру үшін кешенді-мақсаттық тәсілді қолдану керек. 

     Аграрлық  саладағы маркетингтік қызметтің ерекшеліктері  және оның мамандануы-шығындар мен  нәтиженің арақатынасы тұрғысынан кәсіпорынның мақсатына едәуір тиімді қол жеткізуге мүмкіндік беретін формада құрылған басқару деңгейлері мен функционалдық салалар арасындағы қисынды өзара қарым-қатынастарды сипаттайтын ұйым құрылымын құруда айқын көрінетін еңбек бөлінісінің бір түрі болып табылады.      Агромаркетингтің ерекшеліктері агробизнес жүйесіндегі нарықтардың және аграрлық азық-түлік кешеніндегі сұраныстың, ұсыныстың, бағаның деңгейімен анықталады. Қазақстан Республикасындағы агробизнес кешенінің негізі мен өзегін халық үшін азық-түлік өнімдері мен өнеркәсіптің көптеген салалары үшін шикізат өндіретін ауыл шаруашылығы құрайды. Ал, қалған салалар болса, ауыл шаруашылығына қызмет көрсете отырып, өзіндік маңызға ие болып табылады.

Қорытынды

 Қазіргі кезеңде ауыл шаруашылығы саласындағы  маркетингтің даму серпін ескере отырып, агромаркетингті маркетинг субьектілерінің экономикалық өзара байланыстарын желілік қарым-қатынастар арқылы тиімді пайдалануға болады.   Бұл агроөнеркәсіп кешеніндегі маркетинг субъектілерінің желі арқылы бір-бірімен байланысып, тұрақты қарым-қатынас орнатып отыратынын және бұның агромаркетинг саласында желілік теорияны жан-жақты негіздеп, ұсынуға мүмкіндік беретінін көрсетеді.  

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Нұрғалиева А.А Агробизнесті ұйымдастыру.Оқу құралы.Алматы: Экономика, 2015жыл

2.Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы



3.Ұлт жоспары-Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы, 2015жыл

4.Сейдахметов А.С,Елшибекова К.Ж «Предпринимательство» Алматы Экономика,2011жыл

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Қазақстан республикасы
оқыту мақсаттары
білім беретін
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
республикасы білім
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
қызмет стандарты
арналған жиынтық
болып табылады
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
жалпы білім
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
пәнінен тоқсанға
нтізбелік тақырыптық
Әдістемелік кешені
Инклюзивті білім
республикасының білім
туралы жалпы
білім берудің
Қазақстанның қазіргі
туралы хабарландыру
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
пайда болуы