Жоспар: І. Кіріспе


Орыс және басқа тілден енген сөздердегі



бет6/8
Дата19.01.2023
өлшемі109.5 Kb.
#417510
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Екпин
1 !9-ТЖБ Математика 6-сын қаз (pdf.io), 4a стат отчот, Экология және өмір қауіпсіздігі КЭД, БББ сырты 2023, Ұлттық құндылықтар, ЖОБА 1201-31 Шынар-Мерей, М.Отемисулы поэзиясы, Морфология, Проект ОП 2019-20
2.3. Орыс және басқа тілден енген сөздердегі
екпіннің қолданылуы
Тілімізге орыс тілі арқылы келген сөздердің бір ерекшелігі ондағы екпін түскен дауысты фонемалар өзінің қарқыны, күші, созылыңқылығы жағынан басқа дауыстылармен салыстырғанда, анағұрлым көтеріңкі, күшті, белсенді, өте айқын түрде айтылады да, екпін түспеген дауыстылар сол сөз ішінде әр түрлі сапалық өзгеріске түсіп, күңгірттеніп айтылады. Мысалы, екпін түскен дауыстымен іргелес тұрған дауысты бәсең айтылса, одан бір буын алыс тұрған дауысты күңгірттеніп айтылады; ал одан алшақтаған даусытылар мүлде қысқарып, тіпті көмескіленіп кетеді. Мысалы. «берега», «города» деген сөздердің айтылуы «берига», «горада» болып, алғашқы буындардағы дауыстылар мүлде қысқарып, тіпті көмескіленіп айтылады. Мұны К.Бейсенбаева «Қазірі қазақ тілінің фонетикасы» атты өзінің еңбегінде бұл қасиет қазақ тілнде басым еместігін, көбінше орыс тілінде кездесетіндігін пайымдайды. Осындай ерекшеліктерімен байланысты, орыс тілі күшті лебияді (сильноцентрализирующее ударение) екпінді тіл болып табылады.
Осындай ерекшеліктерімен баыланысты: қазақ тілінде баламасы жоқ орыс тілі арқылы тілімізге ертеректе келген көптеген сөздер қазіргі кездің өзінде соңғы дауыстыларды редукцияланған қалпында жазылып жүр. Мысалы, сутки, финансы, шахматы, минута, газеты, база, макароны, пельмени т.б. сөздердің ең соңындағы дауыстылары сөз құрамынан мүлде түсіріліп, шот, финанс, база, газет, минут, шахмат, облыс т.б. тұрғысында қолданылып жүр.
Халықаралық сөздердің қазақ тілінде осы тұрғыда игерілуіне ана тіліміздің артикуляциялық дағдысы себепкер болады. Біріншіден екпіні жоқ ашық дауыстылардың редукциялануына тіліміз төселе қоймаған; екіншіден, байырғы сөздердің барлық дауысты фонемалары /екпінді қабылдап тұрғаны да, одан алшақ тұрғаны да/ айтарлық өзгеріске ұшырамай, көбіне өз санасын сақтап айтылады; үшіншіден, сөз ішіндегі дауыстылар қазақ тілінде, өзіне екпін түспегендіктен, сөздің мағынасын өзгерте қоймайды.
Халықаралық сөздердегі сөз екпіні айтуда толқынының арасынан мейлінше айқын, көтеріңкі, созылыңқы естіледі де, екпін түспеген басқа дауыстыларды өзгертуге әсер етеді, бірақ жазуда әлсереген (редукцияланған) дауыстылар түбірдегі қалпын сақтайды.
Байырғы қазақ сөздерінің екпіні мен орыс тілі арқылы келген сөздердің екпіні сөз ішіндегі орны, атқаратын функциясы жағынан бірдей емес екендігі жоғары да ескертілді.
Орыс тілі арқылы келген сөздерде сөз екпінінің белгісі бір буынға тиянақталған орны жоқ: кез келген сөз табындағы түрліше грамматикалық категориялардың әр түрлі буындарына түсе береді. Мысалы, басқа сөз таптарын былай қойғанда, тек зат есім тобына жататын сөздерге зейін аударсақ, сөз екпіні:

  1. этика, орган, щетка т.б. сөздердің бірінші буынында;

  2. эмблема, грамматика, троллейбус, фонетика т.б. сөздердің екінші буынында;

  3. телевизор, телеграмма, аудитория т.б. сөздердің үшінші буынында;

  4. гастроном, пейзаж, студент т.б. сөздердің ең соңғы буынында;

Орыс тілі сияқты екпіні тиянақсыз тілдерде лебізді екпін жылжымалы келеді: сөздің бастапқы мағынасынан әр түрлі лексика-грамматикалық туынды мағына жасап алу үшін, сөз екпінінің орнын ауыстыру шарт. Мысалы: дерево, озеро / жекеше түр – екпін бірінші буында/; деревья, озера / көпше түр – қосымша жалғанумен қатар, бұл сөздердің екпінін екінші буынға ауыстыру – шарт /; сол сияқты: армия – армейский; телефон – телефонист; журанал – журналистка; друг – друзья; письмо – писменный. Демек, бұл арада фонетикалық көрініс морфологиялық қызмет атқарып тұр.
Екпіні жылжымалытілдерде екпіннің грамматикалық та,семантикалық тақызмет атқаруы мүмкін. Бірде екпін сөздің семантикалық жігін ажыратса, бірде грамматикалық жігін ажыратады. Мысалы, орыс тілінде замок (қорған) – замок (құлып), мука (азап) – мука (ұн) деген сөздер мағыналары жағынан бір-бірінен екпіннің қай буынға түсуіне қарай ажыратылады.
Қазақ тілінде сөз екпіні соңғы буынға қанша телулі болғанымен, нақтылы (соңғы) буынды қанша талғағанмен, кейде буын саны екі не одан көп сөздерде сөз екпіні басқа да буындарға түсіп отыратыны кездеседі; соңғы буында тұрып, екпінді өзіне кейде қабылдамайтын омоним қосымшалар арқылы көптеген түбір сөздер лексика-грамматикалық өзгеріске түсіп отырады.
Байырғы қазақ сөздерінің (әсіресе қосымшасыз сөздердің) сөз екпіні негізінен тұрақты. Бірақта етістік категориясының кейбір қосымшалы түрлерінде екпіннің соңғы буыннан жылжитын, ауытқитын жерлері де болады.
Түркі тілдерінде сөз тудырушы аффикстер (жұрнақтар) мен сөз түрлендіруші аффикстердің (жалғаулардың) басым көпшілігі екпінді өз бойына тартады. Ал екпінді өз бойына тартпайтын аффикстер санаулы ғана. Осы бір ерекшелікті ескере келіп, кейбір түркітанушылар бірен-саран жағдайда түркі тілдеріндегі екпін де омонимдес формалардың жігін ажырататын морфологиялық тәсілге айналады деп есептейді.5
Орыс тілінде лебізді сөз екпіннің орнын ауыстыру:
а) Кей сөздерде тек лексикалық мағынаны айқындайды, мысалы: селỏ – ауыл – зат есім/ - сẻло – отырды – етістік/: полы – еден/ -полы – киімнің етегі/; вẻсти /хабарлау/ - вести /жүргізу/; пỏлки /
5 Н.А. Баскаковтың жоғарыда аталған еңбегі 111-113-беттері
кітап қоятын қабат/ -полки /әскери бөлімшелер/; дорỏгой /жолмен/ - дорогỏй /қымбат/;
ә) Кей сөздерде грамматикалық мағынаны айқындайды, мысалы: гỏры / таулар – горы / таудың/; бẻрега / жағаның / - берегả / жағалар/; дỏма / үйде / - домả / үйлер;
б) Енді бір сөздерде лексикалық та, грамматикалық та мағыналарды қабат айқындайтын негізгі амалдың бірі болып есептеледі. Мысалы, пила / ара – зат есім, жекеше, атау септік / пила /ішті – етістік, ІІІ, ж., өткен шақ, жекеше/; дорỏга / жол – зат есім, жекеше, атау септік/ - дорогả / қымбат – сын есім, қысқарған сапалық сын есім, женск.род./ т.б.
Сөз екпінін дұрыс қоя білу – сөйлесіп тұрған адамдардың бір-бірін түсінуінін басты шарты. Тілімізге орыс, басқа да тілдерден енген, келген термин, кірме сөздердің екпінін дұрыс қоя білмеу
сауатсыздыққа жетелейді, әрі мағынасын бұзуға себепкер болады (компảс / кемелерде/ - кỏмпас / жеке адамдарда); ảтлас / матаның
түрі / атлас /оқу құралы /. Сондықтан орыс тілі арқылы тілімізге енген сөздерді дұрыс айту үшін, олардың басты-басты айырмашылықтарын есте сақтау қажет.
Көп буынды сөздерде әдетте негізгі екпінге қоса жанама (квантатив) екпін де пайда болады. Мұндайда негізгі динамикалық (сөздің әр түрлі мағынасына ие) екпін қазақ тіліне көп буынды сөздің соңғы буынына түседі де, квантатив (қосымша немесе мөлшер) екпін байырғы негізгі түбірлердің соңғы буынында сақталып қалады, мысалы: қалаларымызда, жиналыста. Сол сияқты, халықаралық сөздерге қазақ тілінің қосымшалары жалғанса, негізгі динамикалық екпін соңғы қосымшаға түседі де, квантатив екпін әр сөздің бастапқы түбірінің о баста қабылдаған буынында сақталып қала береді, мысалы: армиядағы, рảдиодảн, аудитỏриялардả, Еурỏпадảн т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
ғылым министрлігі
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
Сабақ жоспары
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
бекіту туралы
Жалпы ережелер
арналған әдістемелік
болып табылады
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Қысқа мерзімді
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
білім берудің
рсетілетін қызмет
бағалаудың тапсырмалары
тақырыптық жоспар
атындағы жалпы
пәнінен тоқсанға
пайда болуы
туралы жалпы
әдістемелік ұсыныстар
коммуналдық мемлекеттік
қарым қатынас
пәнінен тоқсан
қызмет стандарты
мемлекеттік мекемесі