ІІ.Негізгі бөлім 2.1. Қазақ тілінде екпіннің зерттелу тарихы мен көзқарастар Қазақ тілінде екпін көбінесе ең соңғы буында келеді. Жалпы екпін дегеніміз не? С. Мырзабекова өзінің «Қазақ тілінің дыбыс жүйесі» деген еңбегінде: «Сөз ішінде бір буынның күшті айтылуын екпін дейміз. Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түседі»1 деп анықтама береді. Бұл – бізге мектептен таныс қағида. Мұның өзі бүкіл түркітаным ғылымында бір ғасырдан астам уақыттан бері айтылып, қайталанып келе жатқан ереже. Ахмет Байтұрсынов та: «Қазақ тілінде екпін буыны сөздің я аяғында келеді, я аяғына таяу буын болып келеді»2, - дейді. Деуін десек те, осы құбылыстың шын сырын түсіне алмай жүрдік. «Екінші ана тіліміз» деп жүрген орыс тілінің екпінін келістіре алмай қалатынымыз да содан болар.
Ә. Жүнісбеков қазақ тілінің фонетикалық жүйесін мұқият зерттеудің нәтижесінде үндіевропа тілдеріне тән осы құбылыстың орынсыз тықпаланып келгенін, түркі тілдеріне сөз екпінінің жоқ екенін, оның қызметін бұл тілдерде сингорманизм, яғни үндестік заңы атқаратынын дәлелдеді. Бұл әрине, түркітанымтанушылардың тарапынан бірден қолдау таба қойған жоқ. Тіпті мектеп табалдырығынан екпін бар деп үйренген қатардағы оқушыға да бұлай ойлау оңай бола қоймасы аян. С. Мырзабеков өзінің жоғарыда аталған еңбегінде қазақ тіл білімінде тек бунақ екпін бар, оны әдетте фразалық екпін, не тіркес екпіні делінеді дейді.
Ғалым оған мынандай мысал келтірген:
/Ай қабақ /, алтын кірпік, / қызыл ерін/,
/Кел десең, / неге аяйын / аттың терін//
/Сары ағаш / сазға біткен/ секілденіп,//
1 С.Мырзабеков., Қазақ тіліндегі дыбыс жүйесі., Алматы-99, 122-бет
2 А.Байтұрсынов., Тіл құралы., Қызылорда, 1925
/Қай жерде / отыр екен/ бұраң белің/
(Халық әні)
Бұл шумақтың әр тармағында үш бунақ бар (олар таяқшалармен ажыратылған). Бунақтардағы буындардың саны – 3-4-4. Әр бунақ өзіндік, екпін ырғағымен ерекшеленеді. Яғни әр бунақта бір-ақ екпін болады. Ол бунақ екпіні деп аталады. Бунақтар - өзіндік екпін, ырғақпен айтылатын сөздер тобы.
Кәкен Аханов өзінің «Тіл біліміне кіріспе» атты еңбегінде екпін туралы біршама жүйелі пікір айтқан. Ол барлық тілдердегі екпін категориясын салыстырмалы түрде көрсете келе, мынандай тұжырымға: «Түркі тілдерінде, екпін көбінесе арнаулы бір буынға байланып, басқа буындарға жылжи бермейді. Екпін белгілі бір буынға телініп тұрақталса, ондай екпін тұрақты екпін деп аталады. Түркі тілдері тұрақты екпінге ие тілдердің тобына жатады. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде, екпін көбінесе сөздің соңғы буынның алдындағы буынға түседі»3 келеді.
Көп буынды сөздерде негізгі екпіннен басқа оған қосымша көмекші екпін де пайда болады. Көмекші екпін түскен буынға қарағанда, негізгі екпін түскен буын күштірек, қарқындырақ айтылады. Негізгі екпін мен көмекші екпін жайында түркітаным ғылымында әр түрлі көзқарастар бар. В.В. Радлов көп буынды сөздердр негізгі екпін соңғы буынында, көмекші екпін әрдайым бас буында болады деп есептесе, Н.А. Баскаков, И.А. Батманов, А.Н. Кононов үш буынды сөзде негізгі екпін соңғы буынға, көмекші екпін алғашқы буынға түседі; ал төрт- бес буынды сөздерде көмекші екпін негізгі екпіннен араға төрт-бес буынды сөздерде көмекші екпін негізгі екпіннен араға бір буын салып қашық тұрады деп есептейді. Соңғылардың пікірінше, алты және одан да көп буынды сөздерде
3 К.Аханов., Тіл біліміне кіріспе., Алматы-1994., 243-бет
көмекші екпін негізгі екпіннен араға буын салып қашық тұрады.4 Мысалы, адамгершілік деген сөзде негізгі екпін соңғы буында да (-лік), көмекші екпін үшінші (-гер) буында. Н.А. Баскаков, А.Н. Кононов т.б. пікірінше, төрт-бес буынды сөздерге екінші қатардағы көмекші екпіннен басқа үшінші қатардағы көмекші екпін пайда болада да, ол екпін бірінші буынға түседі. Қазақ тілін зерттеуші профессор І. Кеңесбаев көмекші екпін үш буынды сөзде пайда болады деп есептейді. Түркі тілдерінде көп буынды сөздерде негізгі екпіннен басқа көмекші екпіннің пайда болатыны ақиқат. Бірақ оның орны жайындағы мәселені әлі де қарастырып, экспериментальдық жолмен зерттей түсу қажет.
4Н.А. Баскаков. Каракалпакский язык, Фонетика, морфология, частьІ, М., 1952, стр.109.