Жоспар: Қазақстандағы жұмыссыздық



Дата20.05.2022
өлшемі70.15 Kb.
#256488
Байланысты:
Жұмыссыздық жастар


Жастарды жұмыспен қамту мәселелері және оларды шешу жолдары
Жоспар:
1.Қазақстандағы жұмыссыздық
2.Статистика
3.Жастардың Жұмыссыздық себептері мәселелері
4.Шешу жолдары
5.Қорытынды
1.Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс.Жұмыссыздық бүгінгі күннің белең алған мәселелерінің бірі.Мемлекет бір деңгейден екінші деңгейге көтерілу процессінде кеңінен орын алады.Яғни Қазақстан сияқты өтпелі мемлекетке тән болып есептеледі.
Өңірлер арасында жұмыссыздық деңгейі бойынша Түркістан облысы мен Алматы қаласы көш бастап тұр – 5,1 пайыз. Олардан кейін Шымкент пен Батыс Қазақстан облысы – 5 пайыз көрсетті
Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі екінші жыл қатарынан өзгеріссіз қалып отыр. 2021 жылдың қорытындысы бойынша ол 4,9 пайызды құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Жұмыссыздықтың пайда болуына кең ауқымда әсер әкелетін негізгі факторларға әлемдік нарықтағы өзгерістер,экономикаға қауіп тудыратын құбылыстар жатады.Соның айқын дәлелі ретінде коронавирус пандемиясын ала аламыз,пандемия кезеңінде дамыған елдерде жұмыссыздық деңгейінің күрт өсуі байқалды: АҚШ-та 8,1%-ға дейін (+4,4%), Канадада 9,6%-ға дейін (+3,9%), Испанияда 15,5%-ға дейін (+1,4%.).
Комитет деректеріне жүгінсек, қазан айына дейін жұмыспен қамту орталықтарында 165,8 мың адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Жалпы, жұмыс күшіндегі олардың үлесі 1,8%-ды құрады.
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасында 8,8 млн адам еңбек етеді. Жұмыспен қамтылған халықтың 6,6 мллионы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 75%-ы) жалдамалы жұмыс істейді.
Ал жасырын жұмыссыздық деңгейі 2019 жылғы II-тоқсанда жұмыс күшінің 0,3%-ын (24,9 мың адам) құраған.
Жасырын жұмыссыздық деңгейі дегеніміз – жарты күндік жұмыспен қамтылған және амалсыз демалысқа шыққан қызметкерлердің пайыздық үлесі.
2. Жұмыссыз жастардың үлесі Қазақстандағы барлық жұмыссыздардың 16,9%-ін құрайды
ERNUR.KZ. 2020 жылдың төртінші тоқсанында елімізде 15 пен 28 жас аралығындағы 76,6 мың жұмыссыз адам тіркелді. Бұл бір жыл бұрынғы деңгейден 5,5% аз, деп хабарлайды Хабар24. Оның ішінде 32,5 мың ер адам және 44,1 мың әйел адам бар. 48 мың жұмыссыз жас қалаларда, ал 28,6 мың адам ауылдық жерлерде тұрады. Жұмыссыз жастардың үлесі Қазақстандағы барлық жұмыссыздардың 16,9%-ін құрады, ал бір жыл бұрын 18,4% болған. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,6% құрады. Өңірлер бойынша жұмыссыз жастардың көп бөлігі Алматыда тұрады: Қазақстан бойынша 18,9% немесе 14,5 мың адам. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,5%-ке аз. Одан кейін Алматы облысы (9,7 мың адам) және Түркістан облысы (6,7 мың адам). Жұмыссыздар санының едәуір көбеюі Солтүстік Қазақстан (бір жылда 34,3%) және Павлодар облысында (33,9%) байқалды, әр облыста 2,1 мың адамға дейін. Ақмола облысында да жұмыссыздар саны едәуір өсті, 2,4 мың адамға дейін (жылдық өсу қарқыны 22,8%). Көрсеткіштің ең көп төмендеуі Ақтөбе облысында тіркелді: 2,1 есе. Барлық жұмыссыз жастардың ішінде 21,1 мың адам (бір жыл бұрынғыдан 21% көп) 3 айдан 6 айға дейінгі аралықта жұмыс іздейді.
3.Ең әуелі елімізде жастарды толыққанды дайындайтын жоғарғы оқу орындарының сапасы төмен болуында десек, екіншіден қазіргі заман талабына сай нарықтық кезеңге даярланбауында. Оған қоса жастар қазіргі заман талабына сай ма яғни үш тілге жетік жетілген бе? Әрине бұндай жастардың жұмыссыздығына себеп салдарлар тайға таңба басқандай айқын көрініс тауып тұр. Бұл пікірге ешкім шүбә келтіре алмас яғни «диплом бар, жұмыс жоқ». Жастардан сұрар болсақ осы жауапты алатыныңызға күмән жоқ. Оқуын аяқтаған еш тәжірбиесі жоқ жас маманды ешқандай жұмыс орын құшақ жая қарсы алмасы анық. Олардың сұрайтыны тәжірбие ал, тәжірбиесіз жұмысқа тұрсаң жалақы мардымсыз. Міне осындай мәселелермен жастар бетпе-бет келетіні анық.
Негізі бұл жұмыссыздықтың түп тамыры дұрыс мамандық таңдамағандықтан себебі қазір көпшілігі сұранысқа ие мамандықтан гөрі сәнге айналған мамандықты таңдайды. Оған қоса бала емес ата-ананың таңдауыда әсер етеді. Қазіргі таңда көпшілігі заңгер, программит, мұнай салаларын таңдайды. Ал елімізде ауыл шаруашылығы, техникалық салалар мен медицинада мамандар тапшы екені белгілі.
Жоғары оқу орнын бітірген жас маман өз уақытында тиесілі сабағын оқымай төрт-бес жыл ұйқымен өткізіп, оқу бітірген соң бей жайлық танытып жұмыс іздесе білімі жетпей сан соғып, жұмысқа орналастыратын таныс тамыр іздеп бір мекемеде бір жұмыс орнында отыратыны жасырын емес ал танысы жоқ тиісінше білімді жас маман шетте қалатыныда бәрімізге белгілі.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/25964/
 4.Қaзaқстaн экономикaсының қaзіргі, яғни өмір сүру сaпaсының төмендеуі, жaстaр денсaулығының сыр беруі, жaстaр aрaсындaғы қылмыстық мәселелердің көбеюі, жaстaрдың жеке тұлғa ретінде қaлыптaсуы мен дaмуынa кедергілердің болуы, туу көрсеткішінің aзaюы жaғдaйындa өмірге енді қaдaм бaсқaн жaс буынғa қaтысты мемлекеттік сaясaттың жүзеге aсырылуының белсенділігі тaлaп етіліп отыр. Жaстaр aрaсындaғы жұмыссыздық зaмaнaуи қоғaм үшін кез келген aдaмғa әр жaқты әсер ететін әлеуметтік-экономикaлық мәселелердің бірі болып тaбылaды. Жастар жұмыссыздығы кез келген мемлекеттің өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан осы зерттеу жұмысының мақсаты жұмыссыздықтың мағынасын, оның негізгі түрлерін, сонымен қатар зардаптары мен салдарын ашып көрсету және жұмыссыздық деңгейін төмендету бойынша шараларды ұсыну болып табылады. Жұмыссыздық деңгейі кедейшілік деңгейін aрттырып қaнa қоймaйды, сонымен қaтaр психологиялық соққы болып есептеледі. Және де біздің Елбaсы Н.Ә. Нaзaрбaевтың «Қaзaқстaн-2050» Стрaтегиясындa және тaғы бaсқa стрaтегиялық құжaттaрындa жaстaр сaясaтының негізгі ерекшеліктері мен олaрдaн күтілетін нәтижелер aтaлғaн, сондaй-aқ дaмып келе жaтқaн Қaзaқстaнның бaзaлық ресурсы ретінде жaстaрғa үлкен сенім мен жaуaпкершілік aрттырылaды. Жaстaрғa aрттырылғaн сенім мен үміт турaлы «Мемлекеттік жaстaр сaясaтының 2020 жылғa дейінгі тұжырымдaмaсындa» жaқсы aйтылғaн. Бұл құжaттa: «...жaстaр – келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жaсaмпaз еңбегімен және күш-жігерімен өз болaшaғын құрудың жaңa мүмкіндіктерін aлу қaжет. Ол ХХІ ғaсырдa Жaңa Қaзaқстaнның - дaмығaн, бәсекеге қaбілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қaлыптaстыруды белсенді жaлғaстыруы қaжет» делінген [1]. Сондықтaн дa жaстaр aрaсындaғы жұмыссыздық мәселесі көптеген пікіртaлaстaр мен зерттеу жұмыстaрының зерттеу зaты болып тaбылaды. Қазақстанда жастар жұмыссыздығы бойынша әлемдегі ең төменгі көрсеткіштердің бірі қалыптасып отыр. Бұл туралы бүгін елордада «ТМД жастары: Статистикалық бейне» атты жинақтың таныстырылымы кезінде мәлім болды [2]. Жастарға қатысты толық әрі сенімді статистикалық мәліметтер олардың өмірі мен жағдайын жақсартуға бағытталған барынша тиімді шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді. Жастар арасындағы жұмыссыздықтың төменгі көрсеткіші тұрғысында Қазақстан ТМД арасында бірінші орында (2013 жылы - 5,4 пайыз, 2015 жылы -4,2 пайыз). Осы орайда Әзербайжанда оның деңгейі 10,3 пайыз болса, Беларусьте - 9,7 пайыз, Қырғызстанда - 13,5 пайыз, Молдовада - 9,9 пайыз, Ресейде - 9,6 пайыз, Тәжікстанда - 15,5 пайыз, ал Украинада бұл көрсеткіш 12,9 пайыз деңгейінде болған. Сонымен қатар бұл бағытта Армениядағы жағдай қиындау, яғни ондағы жастар жұмыссыздығы 29,4 пайызға жеткен екен. Жалпы алғанда, ТМД елдерінде жастар жұмыссыздығы 10,4 пайыз деңгейінде болса, Еуропалық одақта осы көрсеткіш 18,1 пайызды қамтыды. Мәселен, Испанияда оның межесі 40,8 пайызға жетсе, Грекияда 43,6 пайызды құрады. 2015 жылы жалпы жұмыссыздар саны 451,9 мың адам (2012 жылы - 496,5) болды. Жұмыссыздық деңгейі 5,0% (2012 жылы – 5,8%), соның ішінде жастырдың жұмыссыздық деңгейі – 3,8%. Оның ішінде жұмыссыз ер адамдар 44,6% болса, әйел адамдар 55,4% болды. 15-28 жастағы жұмыссыз жастар деңгейі - 5,5% (2012 жылы – 5,4%). Экономикадағы қазіргі инновациялық өзгерістер еңбек ресурсына жаңа көзқараспен қарауды талап етуде. Қазіргі әлеуметтік–экономикалық жағдайдың бағалануы, еліміздегі әлеуметтік–экономикалық дамуды сандық, сапалық жағынан талдап, бағалап, оның жалпы мемлекет экономикасындағы рөлі мен үлесін сипаттауы қажет. Осындай талдау, бағалау негізінде елдің әлеуметтік–экономикалық даму миссиясы мен басты мақсаты анықталады. Елбасымен жүктелген басты мақсаттарды орындау, оларға қол жеткізу үшін әлеуметтік және экономикалық салалар, сфералардағы іс-қызметтер, қимылдар стратегиясы жасалынады. Осыған сәйкес мемлекетпен алдағы жылдарға елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамдары жасалып, соған қол жеткізу мақсатында тиімді шараларды жүзеге асырады. Еліміздің еңбек нарығында, атап айтқанда жаңа жұмыс орындарын құру, жастарды жұмыспен қамту, жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету сияқты әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде және жетілдіруде шағын және орта бизнес пен іскерлік белсендікті қолдау бойынша жұмыстарды жалғастырудың маңызы зор [3]. Еліміздің болашағы жастардың қолында, ал жастар білімінің сапасы ұстаздардың қолында. Сондықтан еңбек нарығының сұранысы мен талаптарына сай мамандар дайындау, олардың біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту сияқты мәселелер мемлекетіміздің алға қойған басты міндеттерінің бірі. Қaзaқстaндaғы жaстaр aрaсындaғы жұмыссыздықтың себептері: – ЖОО-дa aлынғaн біліміне сәйкес бітіруші түлектерді жұмысқa орнaлaстыру жүйесінің ұйымдaстырылмaуы; – еңбек нaрығынa қaжетті мaмaндaр мен ЖОО- дa оқытылaтын мaмaндықтaрдың сәйкес келмеуі; – жaстaрдың білім деңгейінің бәсекегеқaбілеттілігі деңгейінің төмен болуы және жaс мaмaндaрды жұмысқa aлғaндa жұмыс берушілердің тәуекелділікке бaруы; – жұмыс берушілердің еңбек өтілінсіз жұмысқa aлмaуы; – жaстaрдың еңбекaқығa қоятын тaлaптaрының жоғaры болуы; – жaс мaмaндaрды жұмысқa орнaлaстыру бойыншa еңбекпен қaмтaмaсыз ету қызметінің қaжетті бaғдaрлaмaлық және қaржылық қaмтaмaсыз етілмеуі. Қазіргі кезде еліміздегі жастардың жұмыссыздығы мəселесі біртіндеп шешіліп жатыр. Солардың бірі — жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін қолданылып жатқан шаралар жəне бұл шаралардың жүзеге асырылуы: Қазақстан Республикасындағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы аясында нақты шаралар мен міндеттер орындалуы керек. Жастардың құқығы қорғалуы керек. Жекеменшік секторын қаржыландыру қажет. Жастар кəсіпкерлігін қолдау тиіс. Жалпы кəсіпкерлік секторды инвестициялау қажет. 2020 жылға дейінгі жастар саясатының тұжырымдамасы, келешек ұрпақтың белсенді өмір сүріп, ел ішіндегі əрбір істен тыс қалмауына жағдай жасайды.
Қорытынды

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы