Жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісім


 ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУ

Loading...


Pdf көрінісі
бет9/37
Дата27.02.2021
өлшемі1.13 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
 

5. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУ 

5.1.  Тараптар  мемлекеттік  мекемелер  мен  қазыналық  кәсіпорындардың 

ұйымдастырушылық-құқықтық  нысанында  құрылған  білім  және  ғылым 

қызметкерлерінің  еңбектеріне  ақы  төлеуді  «Азаматтық  қызметшілерге, 

мемлекеттік 

бюджет 


қаражаты 

есебінен 

ұсталатын 

ұйымдардың 

қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу 

жүйесі 


туралы»Қазақстан 

Республикасы 

Үкіметінің 

2015 


жылғы 

31желтоқсандағы №1193 қаулысы негізінде жүзеге асырады.  




11 

 

Шаруашылық басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда, еңбекке 



ақы төлеудің мерзімді-сыйлықақы нысаны қолданылады. Бұл кәсіпорындардағы 

еңбекке  ақы  төлеу  мәселелері  бастауыш  кәсіподақ  ұйымының  кәсіподақ 

комитетінің  дәлелді  пікірін  ескере  отырып,  бекітілген  кәсіпорынның  өзі 

әзірлеген Еңбекке ақы төлеу ережелерімен реттеледі. 

Басқа  ұйымдастырушылық-құқықтық  нысандағы  мемлекеттік  білім  және 

ғылым  ұйымдары  мен  жекеменшік  ұйымдар  еңбекақы  төлеу  жүйесін  өз 

қалаулары бойынша қолданып, ережесі кәсіподақ ұйымдарымен келісіледі.  

5.2. Меншік түріне қарамастан білім және ғылым жүйесінің мамандарына 

тарифтік  ставканың  (айлықтың)  ең  төменгі  мөлшері  ҚР  Үкіметінің  жоғарыда 

көрсетілген қаулысымен және осы Келісіммен белгіленген еңбекке ақы төлеудің 

ең төменгі стандартынан кем болмауы тиіс 

5.3.Жекеменшік  ұйым  қызметкерлерінің  еңбек,  ұжымдық  шарттармен 

және  (немесе)  жұмыс  берушінің  актісімен  көзделген  бірінші  (ең  төменгі) 

раздрядты  қызметкердің  айлық  жалақысының  мөлшері  немесе  айлық  тарифтік 

ставкасының  мөлшері  Қазақстан  Республикасының  республикалық  бюджет 

туралы  заңымен  сәйкес  қаржы  жылына  белгіленген  айлық  жалақының  бір 

жарым есе ең төменгі мөлшерінен, ал ауыр жұмыстарда, зиянды және (немесе) 

қауіпті  еңбек  жағдайларында  жұмыс  жасайтын  қызметкерлер  үшін  салалық 

коэффициентке көбейтілген мөлшердентөмен болмайды.  

Ауыр  жұмыста,  зиянды  және  (немесе)  қауіпті  еңбек  жағдайларында 

жұмыс  жасайтын  қызметкерлер  үшін  салалық  коэффицент  1,8  кем  емес 

мөлшерде белгіленеді.  

Келісімдермен және ұжымдық шарттармен тарифтік кестеде белгіленетін 

разрядаралық коэффициенттер мәні 1,2 кем болмайды.  

5.4.  Қызметкерлерге  жалақы  жұмысты  орындағаны  үшін  ай  сайын 

ақшалай  түрде  төленеді.  Жалақы  қызметкерлерге  келесі  айдың  10-нан 

кешіктірілмей төленуі тиіс.  

5.5. Жалақы еңбекке ақы төлеу жүйесіне сәйкес есептеледі және: 

− 

лауазымдық айлықтан (тарифтік ставка); 



− 

еңбек жағдайы үшін көтерме, үстеме және қосымша ақылардан;  

− 

ұйымның 


жергілікті 

құқықтық 

актілерімен, 

қолданыстағы 

заңнамамен көзделген басқа да төлемдерден тұрады.  

Нормативтік  оқу  жүктемесі  белгіленген  педагогтардың  жалақысының 

мөлшері тікелей оқу жүктемесінің көлеміне байланысты және бір айдағы жұмыс 

күндерінің санына байланысты емес. Аталған қызметкерлердің айлық жалақысы 

олардың нақты оқу жүктемесіне қарай есептеледі.  

5.6.  Бюджеттік  ұйымдарға  өкілдік  ететін  Жұмыс  берушілер  өздеріне 

«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік  бюджет қаражаты есебінен ұсталатын 

ұйымдардың  қызметкерлеріне,  қазыналық  кәсіпорындардың  қызметкерлеріне 

еңбекақы төлеу жүйесі туралы»Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 

31желтоқсандағы  №1193  қаулысымен  белгіленген  мөлшерде  мемлекеттік 




12 

 

мекемелер  және  қазыналық  кәсіпорындардың  қызметкерлеріне  қосымша  және 



үстеме ақылар тағайындауға және төлеуге міндеттеме қабылдайды.  

Қызметтерді  қоса  атқарғаны  үшін  қосымша  ақы  (қызмет  көрсету 

аумағының  кеңеюі)  қызметкердің  лауазымдық  айлығынан  50  %  мөлшерінде 

тағайындалады. Бұл шектеу нормативік оқу жүктемесі белгіленген педагогтарға 

қолданылмайды.  Ұжымдық  шарттармен  және  келісімдермен  аталған  қосымша 

ақының неғұрлым жоғары мөлшері белгіленуі мүмкін.  

Тараптар қызметтерді қоса атқаратын немесе қызмет көрсету аймағының 

кеңеюі  ретінде  сабақ  беретін  мұғалімдердің,  оқытушылардың  және  басқа 

педагогтардың  оқу  жүктемесін  көбейтуді  қарастырмайтын  болып  келісті. 

Аталған  тұлғалардың  нақты  оқу  жүктемесін  көбейту  барлық  құқықтық 

салдарымен жұмысты қоса атқару ретінде қаралады.  

Мұндай  тұлғалармен  нормативтен  тыс  оқу  жүктемесіне  қоса  атқару 

бойынша жұмысқа бөлек еңбек шарты жасалады.  

5.7.  Тараптар  кабинеттерді  (зертханалар,  шеберханалар)  меңгеру  үшін 

төленетін  қосымша  ақыны,  білім  беру  ұйымы  басшысының  бұйрығы  негізінде 

жыл  сайын  тамыздың  20-нан  30-ы  аралығында  өткізілетін  оларды  аттестаттау 

нәтижесі  бойынша  тағайындайды  деп  келісті.  Кабинеттерді  (зертханаларды, 

шеберханаларды)  аттестаттау  нәтижелері  білім  беру  ұйымы  басшысының 

бұйрығымен ресімделеді.  Егер оқу жылының басында аттестаттау өткізілмеген 

болса,  онда  қосымша  ақыны  тағайындау  өткен  аттестаттау  нәтижесі  бойынша 

жүзеге асырылады. 

5.8. Тараптар білім беру ұйымдарында білім алатын ерекше білімді қажет 

ететінбалалармен, 

сондай-ақ 

жетім 

балалармен 



және 

ата-анасының 

қамқорлығынсыз  қалған  балалармен  жұмыс  үшін  қосымша  ақы  алушылардың 

тізіміне: 

−  білім беру ұйымдарының басшылары

−  барлық лауазымдар мен мамандықтардың педагогтары;  

−  педагог  емес:  тәрбиешілердің  көмекшілері,  зертханашылар,  барлық 

мамандықтағы медициналық қызметкерлер, кітапханашылар, аспазшылар және 

аталған  санаттағы  балалармен  тікелей  байланыстағы  басқа  да  қызметкерлер 

кіреді деп келісті.  

5.9.  Тараптар  оқушылардың  күзгі,  қысқы,  көктемгі  және  жазғы 

каникулдары кезінде жұмыс уақыты үшін педагогтардың еңбектеріне ақы төлеу 

каникул басталғанға дейін болған тарифтеу кезінде белгіленген жалақы есебінен 

жүзеге асырылады деп ұйғарды.  

5.10. 

Штаттық  лауазымсыз  педагогикалық  жұмысты  атқаратын 



педагогтарға  (мұғалімдер,  оқытушылар,  тәрбиешілер  және  т.б.)  жаңа  оқу 

жылының басында тарифтеу тізімі құрылып, бекітіледі.  

5.11.  Жұмыс  берушілер  өздеріне  ай  сайын  қызметкерлерге  жалақы  төлеу 

күні,  әрбір  қызметкерге  оған  тиесілі  жалақының  негізгі  құрамы,  ұсталынған 

ақшаның  мөлшері  мен  негіздемесі,  оның  ішінде  аударылатын  міндетті 

зейнетақы  жарналары,  төленуге  тиісті  жалпы  сома  туралы  жазбаша  немесе 

электрондық нысанда хабарлауға міндеттеме қабылдайды.  

5.12.  Жұмыс  берушілер  қаржыландыру  жоспары  бойынша  тиісті 

мемлекеттік  мекемені  қамтамасыз  етуге  көзделген  қаражаттарды  үнемдеу 



13 

 

есебінен  немесе  «Азаматтық  қызметшілерге,  мемлекеттік  бюджет  қаражаты 



есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың 

қызметкерлеріне  еңбекақы  төлеу  жүйесі  туралы»Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің  2015  жылғы  31  желтоқсандағы  №1193  қаулысына  24  және  25-

қосымшаларға сәйкес қазыналық кәсіпорындар үшін бекітілген смета бойынша 

қызметкерлерге  сыйлықақы  беруді,  жеке  қосымша  ақылар  тағайындауды, 

материалдық  көмек  көрсетуді  жүзеге  асырады.Сыйлықақы  беру  тәртібі 

аймақтық салалық келісіммен, ұжымдық шартпен белгіленеді.  

5.13.  Қызметкер  жыл  сайынғы  немесе  басқа  еңбек  демалысында  болған 

мерзімде,  сондай-ақ  оның  уақытша  еңбекке  жарамсыздығы  мерзімінде  оның 

еңбекке  төленетін  ақысын  және  (немесе)  жалақының  ставкасын  өзгертуге 

құқығы  келген  кезде  еңбекке  ақы  төлеудің  анағұрлым  жоғары  разряды 

ставкасының  мөлшерінен  шығатын  жалақыны  төлеу,  еңбек  демалысы  немесе 

уақытша еңбекке жарамсыздық демалысы аяқталған күннен бастап жүргізіледі. 

5.14.  Тараптар  жалақылары  нормативтік  оқу  жүктемесімен  белгіленетін 

оқытушылардың,  мұғалімдердің,  тәрбиешілердің,  басқа  қызметкерлердің 

тарифтік тізімдері мен оқу жүктемесі, білім беру стандарттары мен нормативтік 

құқықтық  актілерге  сәйкес  сыныптардың  (топтардың)  белгіленген  шегінде 

толуын  ескере  отырып  құрылады  деген  шешімге  келді.  Оқу  жүктемесін  бөлу 

үшін  жұмыс  беруші  кәсіподақ  ұйымы  өкілдерінің  қатысуымен  тарифтік 

комиссия құрады.  

5.15.  Әлеуметтік  әріптестік  тараптарына  ұжымдық  шарттарда  жұмыс 

берушінің  бастамасы  бойынша  күнделікті  жұмысты  (жұмыс  ауысымын) 

бөліктерге  бөлу  жүргізілетін  жұмыс  түрлерін,  жұмыстағы  үзілістер  саны  мен 

ұзақтығын,  сондай-ақ  қызметкерлерге  осындай  жағдайлардағы  жұмыс  үшін 

өтемақылық төлем түрлері мен мөлшерлерін анықтау ұсынылсын. Өтемақылық 

төлемдер  бекітілген  еңбекақы  төлеу  қоры  шегінде,  бірақ  БЛЖ-дан  50  %  кем 

болмайтын мөлшерде белгіленеді.  

Жұмыс уақытын бөліктерге бөлгені үшін өтемақы жұмыс уақыттары оқу 

кестесімен анықталатын қызметкерлерге қолданылмайды.  

5.16. 


Бастауыш 

әскери 


дайындық 

жөніндегі 

оқытушы-

ұйымдастырушылардың  (алғашқы  әскери  және  технологиялық  дайындық 

оқытушы-ұйымдастырушылар)  айлық  жалақысы,лауазымдық  айлықақы  және 

апталық  жүктеме  бойынша  нақты  оқу  сағатына  жалпы  негізде  есептелген 

ақыдан құралады. 

5.17.Жалпы  орта  білім  беру  ұйымдары  жанындағы  мектепке  дейінгі 

дайындық  сыныптар  тәрбиешісінің  жалақысы  сыныптағы  оқыту  сағаттарының 

санына  қарамастан  бір  сынып  үшін  бір  ставка  мөлшерінде  аптасына  -  24 

сағатқаесептеледі. 

5.18. 


Мүлікті  қорғауды  және  қызметкерлерге  берілген  басқа 

құндылықтарды  қамтамасыз  ете  алмағаны  үшін  толық  жеке  және  ұжымдық 

(ортақ)  материалдық  жауапкершілік  туралы  шарттар  жасалуы  мүмкін 

қызметкерлердің 

атқаратын 

немесе 


орындайтын 

лауазымдары 

мен 



14 

 

жұмыстарының  тізімі,  сондай-ақ  толық  материалдық  жауапкершілік  туралы 



үлгілік  шарт  бастауыш  кәсіподақ  ұйымы  кәсіподақ  комитетінің  пікірін  ескере 

отырып, жұмыс берушінің актісімен бекітіледі. 

5.19.  Тараптар,  жұмыстың  бос  тұрып  қалуы  жағдайында  оны  ресімдеу 

тәртібі  мен  еңбекақы  мөлшері  еңбек,  ұжымдық  шарттармен  және  әлеуметтік 

әріптестік туралы аймақтық салалық келісімдермен анықталады және:  

- жұмыс  берушіге және қызметкерге байланысты емес себептер бойынша 

–  орташа  жалақыдан  елу  пайыздан  кем  емес,  бірақ  айлық  жалықының  ең 

төменмөлшерінен кем болмауы тиіс;  

- жұмыс  берушінің  кінәсі  бойынша  – қызметкердің орташа  жалақысынан 

елу пайыздан кем емес мөлшерде белгіленеді деп келісті. 

Мемлекеттік  білім  беру  ұйымдарының  қызметкерлеріне  ТЖ  кезінде, 

жұмыс беруші мен қызметкерге байланысты емес себептер бойынша жұмыстың 

бос  тұрып  қалу  уақытына  жалақы  есептеу,  ТЖ  режимі  енгізілгенге  дейін 

белгіленген  мөлшерде,  бірақ  бір  тарифтік  ставкадан  (лауазымдық  айлықтан) 

артық  емес  және  жалақының  заңнамамен  белгіленген  ең  төменгі  мөлшерінен 

кем болмайтын мөлшерде есептеледі. 

5.20.  Үстеме  жұмыс  үшін  (мерзімді  еңбекақы  кезінде),  мереке  және 

демалыс күндері, түнгі уақытқа еңбекақы төлеу жұмыс берушімен қызметкердің 

күндізгі  (сағатық)  ставкасына  байланысты  екі  есе  мөлшерден  кем  болмайтын 

көлемде  төленеді.  Кесімді еңбекақы кезінде үстеме  уақыт жұмысына  қосымша 

ақы  жұмыс  берушімен  қызметкердің  белгіленген  күндізгі  (сағаттық) 

ставкасынан жүз пайыздан кем емес мөлшерде төленеді.  

5.21.  Қашықтықтан  жүргізілетін  еңбекке  ақы  төлеу  еңбек  шарты 

тараптарының келісімімен, бірақ қалыпты жағдайда жұмысты жүзеге асыратын 

аталған  мамандық  қызметкерлері  үшін  белгіленген  еңбекақы  мөлшерінен  кем 

емес мөлшерде анықталады.  

Уақытша  қашықтықтан  жұмыс  кезінде  жалақы  еңбек  шартымен  немесе 

келісіммен келісілген жұмыс көлемін сақтау кезінде толық мөлшерде төленеді. 

5.22.  Тараптар  «Семей  ядролық  сынақ  полигонындағы  ядролық 

сынақтардың  салдарынан  зардап  шеккен  азаматтарды  әлеуметтік  қорғау 

туралы»  Қазақстан  Республикасының  1992  жылғы  18  желтоқсан  №  1787-ХІІ 

Заңына  сәйкес  Семей  ядролық  сынақ  полигонындағы  ядролық  сынақ 

салдарынан  запдап  шеккен  аумақтарда  жүмыс  жасайтын  білім  беру 

ұйымдарының,  соның  ішіндежоғары  оқу  орындарының  қызметкерлеріне, 

олардың экологиялық куәліктері болуына қарамастан: 

1)  ҚР  «Семей  ядролық  сынақ  полигонындағы  ядролық  сынақтардың 

салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 13-

бабы 1)т.т. белгіленген мөлшерде радиациялық қауіпті аймақтағы жұмысы үшін 

қосымша ақы; 



15 

 

2) Қазақстан Республикасының жоғарыда аталған Заңының 13-бабы 3)т.т. 



белгіленген  ұзақтықта,  жыл  сайынғы  еңбек  демалысымен  бірге  берілетін 

қосымша жыл сайынғы ақылы демалыстағайындалады деп келісті. 

5.23. Тараптар  еңбекақы  төлеу  мәселелері бойынша  құжаттар жобаларын 

әлеуметтік әріптестік жөніндегі Салалық комиссия  отырысында  міндетті қарай 

отырып, нормативтік құқықтық актілерді келісіп әзірлеу туралы келісті.  

Тараптар  кез  келген  себептерден,  соның  ішінде  жан  басына 

қаржыландыруды енгізуден туындаған білім саласы қызметкерлерінің еңбекақы 

төлеу жағдайын өзгерту, ұйымның ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарын 

өзгерту  әлеуметтік  әріптестік  жөніндегі  Салалық  комиссия  шеңберінде 

Тараптармен келісіледі деп шешті.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...