Жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісім

Loading...


Pdf көрінісі
бет8/37
Дата27.02.2021
өлшемі1.13 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
 

4. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ 

Тараптар растайды: 

4.1. Қызметкерлер  мен жұмыс  берушілер арасындағы еңбек  қатынастары 

Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасымен,  Бас  келісіммен,  осы 



 

Келісіммен,  өңірлік,  өңірлік  салалық  келісімдермен,  ұйымдардың  ұжымдық 



шарттарымен реттеледі. 

4.2.  Еңбек  шартының  мазмұны,  оны  жасау,  өзгертулер  мен  бұзу  тәртібі 

Қазақстан  Республикасы  Еңбек  кодексіне,  басқа  да  заңнамалық  және 

нормативтік 

құқықтық 

актілерге, 

сала 

ұйымдарының 



жарғыларына 

(ережелеріне)  сәйкес  анықталады  және  қолданыстағы  еңбек  заңнамасымен, 

сондай-ақ  Бас,  салалық,  өңірлік,өңірлік  салалық  келісімдермен,  ұжымдық 

шарттармен салыстырғанда қызметкерлердің жағдайын нашарлата алмайды.  

4.3.Еңбек  шартын  жасау,  аттестаттаудан  өткізу  кезінде,  сондай-ақ 

Қазақстан Республикасының еңбек занамасымен көзделген өзге де жағдайларда 

педагогтарға,  ғылыми-педагогикалық  қызметкерлерге  біліктілік  талаптары 

кәсіптік стандарттар негізінде белгіленеді.  

Тараптар,  кәсіптікстандарттармен  реттелмеген  жағдайларда,  Қазақстан 

Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13шілдедегі «Педагог 

қызметкерлер  мен  оларға  теңестірілген  тұлғалардың»  №338  бұйрығымен 

бекітілген  педагогтардың  Үлгілік  біліктілік  сипаттамаларының  ережелері 

қолданылады деп келісті.  

4.4.  Педагогтардың  оқу  жүктемесінің  көлемі  (педагогикалық  жұмыстың) 

оқу  жоспары,  оқу  бағдарламасы  бойынша  сағаттар  санына,  кадрлармен 

қамтылуына,  сол  ұйымдағы  басқа  да  нақты  жағдайларға  орай  білім  беру 

ұйымының кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып белгіленеді.  

Педагогтың  оқу  жүктемесінің  көлемі  еңбек  шартында  көрсетіледі  және 

тек  еңбек  шартына  қосымша  келісім  жасау  арқылы  тараптармен  өзгертілуі 

мүмкін. 


4.5. Жекеменшік ұйымдарда педагогтарға оқу жүктемесін белгілеу кезінде 

мемлекеттік  білім  беру  ұйымдары  үшін  Қазақстан  Республикасы  «Педагог 

мәртебесі туралы» заңда белгіленген нормативтік оқу жүктемесі қолданылады.  

4.6. Педагогтардың негізгі жұмыс орны болып табылатын ұйым жаңа оқу 

жылына  оқу  жүктемесін  белгілеу  кезінде,  ереже  бойынша,  оның  көлемі, 

сыныптарда,  топтарда  пәндерді  оқытуды  жалғастыруы  сақталады.  Оқу 

жылының басында педагогтарға белгіленген оқу жүктемесінің көлемі оқу жылы 

ішінде оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша сағаттар санының азаюы, 

сыныптар  санының  қысқаруы  жағдайларын  ескермегенде,  әкімшіліктің 

бастамасымен азайтыла алмайды.  

4.7. 

Оқу  жоспарымен  көзделген  сағаттар  санына  байланысты, 



педагогтардың  оқу  жүктемесі  бірінші  және  екінші  оқу  жартыжылдықтарында 

әртүрлі болуы мүмкін. 

4.8.  Педагогтардың  оқу  жүктемесінің  заңнамамен  көзделген  нормативтік 

көлемінен көп немесе аз болуы тек олардың жазбаша келісімімен белгіленеді.  

4.9. Қоса атқарылатын оқытушылық жұмыс сол ұйымда негізгі жұмыстан 

басқа  қосымша  жұмыс  істейтін  тұлғаларға,  сондай-ақ  басқа  білім  беру 

ұйымдарының  педагогтарына  (білім  басқармалары  органдары  мен  оқу-

әдістемелік кабинеттердің, орталықтардың қызметкерлерін қосқанда) осы ұйым 

негізгі  жұмыс  орны  болып  табылатын  педагогтар  кем  дегенде  бір  ставкалық 



 

жалақы  мөлшерінде  оқу  жүктемесімен  қамтылған  жағдайда  ғана  жүзеге 



асырылады.  

4.10.  Бала  үш  жасқа  толғанға  дейін  оның  күтіміне  байланысты  еңбек 

демалысындағы педагогтарға оқу жүктемесі жалпы негізде белгіленеді және осы 

мерзімде оны орындау үшін басқа қызметкерлерге беріледі. 

4.11. Оқу жүктемесі демалыс және мереке күндеріне жоспарланбайды.  

4.12.  Педагогтың  оқу  жылы  ішінде  оқу  жүктемесін  еңбек  шартында 

немесе  ұйым  басшысының  бұйрығында  келісілген  оқу  жүктемесімен 

салыстырғанда азайту немесе көбейту: 

а) тараптардың өзара келісімі бойынша

б) мына жағдайларда жұмыс берушінің бастамасымен: 

-  оқу  жоспарлары  мен  бағдарламалары  бойынша  сағат  санын  азайту, 

сыныптар, топтар санын қысқартуы;  

- өндірістік қажеттілікке байланысты, уақытша орнында жоқ қызметкерді 

алмастыру үшін оқу жүктемесінің көлемін уақытша көбейтуі (мұндай жағдайда 

қызметкердің  келісімінсіз  көбейтілген  оқу  жүктемесін  орындау  ұзақтылығы 

күнтізбелік жыл ішінде бір айдан аспауы қажет); 

- қызметкерлерге олардың мамандығы мен біліктілігін ескере отырып, бос 

тұрып  қалған  жағдайдың  барлық  уақытына  сол  ұйымнан  немесе  сол  жердегі 

басқа  ұйымнан  кемінде  бір  айға  басқа  жұмыс  тапсырылуы  (ауа  райы 

жағдайларына,  карантинге  және  басқа  жағдайларға  байланысты  сабақтарды 

тоқтату); 

-  бұрын  осы  оқу  жүктемесін  орындаған  педагогтың  жұмысында  еңбек 

дауын қарайтын органмен қалпына келтіруі

-  бала  үш  жасқа  толғанға  дейін  оның  күтіміне  байланысты  еңбек 

демалысын  үзген  немесе  осы  демалыс  аяқталғаннан  кейін  әйелді  жұмысқа 

қабылдауы мүмкін.  

4.13.  Білім  беру  ұйымдарының  қызметкерлері  еңбек  шартымен 

белгіленген жұмыспен қатар, еңбек шартына қосымша келісім бойынша немесе 

еңбек  шартымен  қоса  атқаратын  жұмыс  негізінде  сол  ұйымда  штаттық 

лауазымсыз  қоса  атқару  немесе  қосымша  жұмыс  жасау  жағдайында 

сыныптарда, топтарда, үйірмелерде, секцияларда оқытушылық жұмысты жүзеге 

асыруға құқылы.  

Білім  беру  ұйымдарының  басшылары  мен  олардың  орынбасарларына 

басқарып отырған ұйымдарында тек басқару органының рұқсатымен пәндерден 

сабақ  беру  0,5  нормативтік  оқу  жүктемесі  көлемінен  аспайтын,  толық  ақы 

төлеумен қосымша педагогикалық жұмыс берілуі мүмкін. 

Өндірістік  қажеттілікке  байланысты  (оқу  жоспарының  бөлінбеуі, 

педагогтың  уақытша  болмаған  және  тағы  басқа  жағдайларда)  жүктеме  50% 

астам көлеміндеберілуі мүмкін. 

4.14.  Профессорлық-оқытушылық  құрамның  оқу  жүктемесінің  көлемін 

қызметкердің біліктілігіне және кафедра бейініне байланысты білім беру ұйымы өз 

бетінше анықтайды және оқу жылында 700 сағаттан аспауы тиіс.  

4.15.  Педагогтардың  маңызды  еңбек  жағдайларын  жұмыс  берушінің 

бастамасымен  өзгертуге,  ереже  бойынша  тек  жаңа  оқу  жылында  қызметкердің 

еңбек  функциясын  өзгертпей  өз  жұмысын  жалғастыруы  кезінде  (белгілі 

мамандық,  біліктілік  немесе  лауазым  бойынша  жұмысы)  ұйымдастырушылық 




 

және  технологиялық  еңбек  жағдайларының  өзгеруіне  (сынып-жинақтардың, 



топтар  мен  білім  алушылардың  (тәрбиеленушілердің)  сандарының  өзгертілуі, 

оқу жоспары бойынша жұмыс сағаттары санының өзгеруі, эксперимент жүргізу, 

ұйым  жұмысы  ауысымының  өзгеруі,  сондай-ақ  білім  беру  бағдарламаларының 

және т.б. өзгеруі) байланысты жол беріледі. 

Аталған  ереже  білім  беру  ұйымдарының  басшылары  мен  олардың 

орынбасарларына қолданылмайды. 

4.16.Оқу жылы ішінде  еңбек келісімінің  маңызды шарттары тараптардың 

еркінен тыс ерекше жағдайларда ғана өзгертілуі мүмкін. 

Еңбек  шартының  жағдайларын  өзгерту  туралы  жұмыс  беруші 

қызметкерге,  егер  еңбек,  ұжымдық  шарттарда  хабарламаның  неғұрлым  ұзақ 

мерзімі көзделмеген болса, кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын жазбаша түрде 

хабарлауы тиіс. 

Егер қызметкер жаңа жағдайдағы жұмысты жалғастыруға келіспесе, онда 

жұмыс  беруші  оған  біліктілігіне  және  денсаулық  жағдайына  сәйкес  келетін 

ұйымдағы басқа жұмысты, ал мұндай жұмыс болмаған жағдайда – қызметкердің 

біліктілігі мен денсаулығын ескере отырып, орындай алатын төмен дәрежелі бос 

қызмет орнын немесе ақысы аз жұмысты жазбаша түрде ұсынуға міндетті. 

4.17.  Жұмыс  беруші  немесе  оның  уәкілетті  өкілі  қызметкермен  еңбек 

шартын  жасасқан  кезде,  оны  осы  келісіммен,  ұжымдық  шартпен,  білім  беру 

ұйымының Жарғысымен (Ережесімен), ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен 

және ұйымның қолданысындағы еңбек мәселелері жөніндегі өзге де актілермен 

қолын қойғызып таныстыруы тиіс.  

Аталған ереже мемлекеттік органға ведомстволық бағынысты ұйымдарда 

еңбек  қызметін  жүзеге  асыратын  тұлғаларға,  егер  олармен  еңбек  шарттары 

жоғары тұрған мемлекеттік ұйымдармен жасалған болса, қолданылмайды.  

4.18.  Қызметкермен  еңбек  шартын  тоқтату  тек  Қазақстан  Республикасы 

Еңбек  кодексімен  және  Қазақстан  Республикасының  өзге  де  заңдарымен 

көзделген  негіздер  бойынша  іске  асырылуы  мүмкін.  Кәсіподақ  мүшесі  – 

қызметкермен  жұмыс  берушінің  бастамасы  бойынша  Қазақстан  Республикасы 

Еңбек  кодексінің  52-бабында  көзделген  кез  келген  негіздеме  бойынша  еңбек 

шартын  бұзу  кезінде  Жұмыс  беруші  алдын  ала  бастауыш  кәсіподақ  ұйымы 

кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін алуға міндетті.  

Кәсіподақ мүшесі болып табылатын білім және ғылым саласы ұйымының 

басшысымен  еңбек  шартын  бұзу  жағдайында  білім  және  ғылым  ұйымы 

басшысымен  еңбек  шартын  бұзу  құқығына  ие  жоғары  тұрған  басшы  дәлелді 

пікір  алу  үшін  қарамағында  еңбек  ұжымында  құрылған  бастауыш  кәсіподақ 

ұйымы  бар  аумақтық  кәсіподақ  ұйымының  атқарушы  кәсіподақ  органына 

жүгінуге міндетті.  

Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрлігіне  ведомстволық 

бағынысты  білім  және  ғылым  саласы  ұйымының  басшысымен  еңбек  шартын 

бұзу  кезінде,  егер  аталған  басшы  кәсіподақ  мүшесі  болып  табылса, 



10 

 

Қазақстандық  салалық  кәсіподақ  төрағасының  немесе  оның  орынбасарының 



дәлелді пікірі сұратылады. 

Кәсіподақтыңдәлелді пікірі 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс. 

4.19.  Білім  беру  ұйымдарының  басшылары  өздеріне  қызметкерлердің 

жеке  деректерін  сақтау  тәртібін  белгілейтін  бұйрықтар  шығаруға  міндеттеме 

алады.  

Жұмыс  берушілер  қызметкердің  жеке  деректерін  беру  кезінде  мынадай 

талаптарды қадағалауға міндетті:  

1)  қызметкердің  жеке  деректерін  үшінші  тарапқа  қызметкердің  жазбаша 

келісімінсіз хабарламау;  

2)  қызметкердің  жеке  деректерін  алуға  тек  арнайы  уәкілетті  тұлғаларға 

рұқсат ету. Бұл ретте, аталған тұлғалар қызметкердің тек нақты функцияларды 

орындау  үшін  қажетті  жеке  деректерін  ғана  алуға  және  құпиялылық  режимін 

сақтауға құқылы; 

3)  қызметкердің  жеке  деректерін,  қызметкер  таныс  болуға  тиіс  жұмыс 

берушінің актісіне сәйкес ұйым ішінде ғана беруді жүзеге асыру. 

4.20. Қашықтықтан жұмыс еңбек шартының жағдайларымен анықталады.  

4.21. 

Төтенше  жағдай  кезінде  қашықтықтан  жұмыс  режиміне 



ауыстырылған қызметкерлердің жеке құрамын ұйым басшылығы анықтайды.  

4.22. Педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде: 

−  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  көзделген  жағдайларды 

қоспағанда,  оны  кәсіптік  міндеттерімен  байланысты  емес  жұмыс  түрлеріне 

тартуға; 

−  одан Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында 

көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыруға; 

−  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  көзделмеген  тексерулер 

жүргізуге; 

−  оған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті 

жүктеуге жол берілмейді. 

Мемлекеттік  орта  білім  беру  ұйымдарының  педагогтарын  олар  кәсіптік 

қызметін  жүзеге  асыру  кезінде  мемлекеттік  емес  ұйымдардың  іс-шараларын 

өткізуге тартуға жол берілмейді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   37
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...