Жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісім


Тараптар төмендегі жағдайларға келісті

Loading...


Pdf көрінісі
бет16/37
Дата27.02.2021
өлшемі1.13 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
Тараптар төмендегі жағдайларға келісті: 

11.2.Кез  келген  қызметкерге  қатысты  оның  кәсіподақтағы  немесе 

кәсіподақ қызметіндегі мүшелігіне байланысты заңмен кепілденген әлеуметтік-

еңбек  және  басқа  да  құқықтары  мен  еркіндіктерін  шектеуге,  мәжбүрлеуге, 

жұмыстан шығаруға және ықпал етудің басқа да түрлеріне жол берілмейді.  

11.3.  Тараптар,  жұмыс  берушілер  мен  олардың  уәкілетті  өкілдерінің 

міндеттеріне назар аударады: 

11.3.1.  Кәсіподақ  ұйымдарының  құқықтары  мен  кепілдіктерін  қадағалау, 

кәсіподақ қызметінің заңмен белгіленген құқықтары мен кепілдіктерін шектеуге 

жол  бермей,  сала  кәсіпорындары  мен  мекемелерінде  кәсіподақ  ұйымдарын 

құруға  және  оның  қызмет  атқаруына  кедергі  келтірмей,  олардың  қызметіне 

мүмкіндік жасау. 

11.3.2.  Мүмкіндігінше,  сайланбалы  кәсіподақ  органын,  қызметкерлердің 

санына  қарамастан,  санитарлық-гигиеналық  талаптарға  сай  келетін,  жылумен 

және  жарықпен,  қондырғылармен  жабдықталған,  сайланбалы  кәсіподақ 

органының  өзіне  және  қызметкерлердің  жиналыстарын  өткізуге  қажетті  тегін 

үй-жаймен  (кемінде  бір  үй-жай),  сондай-ақ  оргтехникамен,  байланыс 

құралдарымен (соның ішінде компьютерлік құралдар, электрондық пошта және 




24 

 

Интернет) және қажетті нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету; бөлінген үй-



жайды  күзетуді  және  тазартуды  қамтамасыз  ету,  қолда  бар  көлік  құралдарын 

өтеусіз  пайдалануға  беру  және  сайланбалы  кәсіподақ  органының  қызметін 

қамтамасыз ету үшін басқа да жағдайлар жасау.  

11.3.3. 


Сайланбалы  кәсіподақ  органдарының  өкілдеріне  жарғы 

міндеттерін және заңнамада көзделген құқықтарын жүзеге асыру үшін кәсіподақ 

мүшелері жұмыс істейтін ұйымдарға баруға кедергі келтірмеу. 

11.3.4.  Кәсіподақ  органдарына  олардың  сұратуы  бойынша  еңбек 

жағдайларының,  жалақының,  тұрғын  үй-тұрмыстық  қызмет  көрсету,  қоғамдық 

тамақтану 

кәсіпорындарының 

жұмыстары, 

қызметкерлердің 

күнкөріс 

жағдайлары  және  басқа  әлеуметтік-экономикалық  мәселелер  бойынша 

ақпараттар, мәліметтер және түсіндірмелер беру.  

11.3.5.Кәсіподақ  мүшелері  –  қызметкерлердің  жыл  сайынғы  жазбаша 

арыздары  негізінде  мүшелік  кәсіподақ  жарналарының  кәсіподақтың  есептік 

шотына тегін аударылуын қамтамасыз ету. Қаражаттарды аудару толық көлемде 

және жалақыны, шәкіртақыны төлеумен қатар жүзеге асырылады.  

11.3.6.  Білім  беру  қызметкерлерінің  әлеуметтік-еңбек  құқықтары  мен 

кәсіптік  мүдделерін  қорғау  жөнінде  кәсіподақтың  қызметі  туралы 

қызметкерлерді  кең  ақпараттандыру  үшін  салалық  және  жергілікті 

ақпараттандыру жүйесін қолдануда кәсіподақ органдарына жәрдемдесу. 

11.4.  Тараптар  кәсіподақ  органдарының  құрамына  сайланған  (өкілеттік 

берілген)  және  негізгі  жұмыс  орындарынан  босатылмаған  қызметкерлердің 

кепілдіктерін мойындайды, оның ішінде:  

11.4.1.  Кәсіподақ  органдарының  құрамына  кіретін  қызметкерлер,  өздері 

мүше болып табылатын сайланбалы кәсіподақ органының дәлелді пікірін алмай, 

кәсіподақ  органдарының  басшылары  –  жоғарғы  кәсіподақ  органының  дәлелді 

пікірін алдын ала алмай, тәртіптік жазаға тартыла алмайды.  

Жұмыс берушінің  бастамасымен көрсетілген кәсіподақ  қызметкерлерінің 

басқа  жұмысқа  ауысуы  өздері  мүше  болып  табылатын  кәсіподақ  органының 

алдын ала келісімінсіз, комитет төрағаларының – жоғарғы кәсіподақ органының 

алдын ала келісімінсіз жүзеге асырылмайды.  

11.4.2.  Жұмыс  берушінің  бастамасымен  жұмыстан  шығаруға,  сондай-ақ 

кәсіподақ  органдарының  құрамына  кіретін  қызметкерлердің  (қызметкердің 

кінәсінен  болмаған  оқу  жүктемесі  көлемінің  немесе  басқа  жұмыс  көлемінің 

өзгеруіне  байланысты  еңбекке  ақы  төлеудің  мөлшерін  азайту,  белгіленген 

қосымша  ақылар  мен  үстеме  ақыларды,  басқа  да  ынталандыру  және  көтерме 

төлемдерді  және  т.б.  алып  тастау)  еңбек  шарттарының  маңызды  жағдайларын 

өзгертуге,  жұмыстан  шығарудың  жалпы  тәртібін  қадағалаудан  басқа,  өздері 

мүше болып табылатын кәсіподақ органының тек дәлелді пікірлері болғанда, ал 



25 

 

кәсіподақ  органы  басшыларын  (олардың  орынбасарларын)  босатуға  –  жоғарғы 



кәсіподақ органының дәлелді пікірлері болған жағдайда ғана жол беріледі;  

11.4.3.  Сайланбалы  кәсіподақ  органдарының  мүшелері,  еңбекті  қорғау 

жөніндегі  кәсіподақтың  техникалық  инспекторлары  білім  беру  ұйымдарында 

жұмыс 


берушілерімен 

бірге 


құрылатын 

өндірістік 

кеңестердегі, 

комиссиялардағы  және  басқа  да  құрылымдардағы  кәсіподақ  ұйымдарының 

өкілдері, қажет болған жағдайда қызметкерлер ұжымының мүддесіне қоғамдық 

міндеттемелерді  орындау  үшін  және  қысқа  мерзімді  кәсіподақ  оқуы  кезінде 

орташа жалақысын сақтай отырып, негізгі жұмысынан босатылады.  

11.4.4.  Білім  беру  ұйымдарындағы  негізгі  жұмыстарынан  босатылмаған 

сайланбалы  кәсіподақ  органдарының  мүшелері  одан  съезд,  конференция, 

пленумдар,  төралқалар,  жиналыстар,  семинарлар  және 

кәсіподақпен 

шақырылатын басқа да іс-шараларға қатысу уақытына, форумдардың жұмысына 

қатысу үшін қажетті уақытқа босатылады.  

11.5.  Тараптар  кәсіподақ  органдарының  құрамына  сайланған  (өкілеттік 

берілген), босатылған қызметкерлердің келесі кепілдіктерін мойындайды:  

11.5.1. Босатылған кәсіподақ қызметкерлерінің және кәсіподақ органының 

штаттық  қызметкерлерінің  білім  беру  ұйымының  қолданысындағы  әлеуметтік-

еңбек  құқықтары,  кепілдіктері  мен  жеңілдіктері  ұжымдық  шартқа,  барлық 

деңгейлердегі келісімдерге сәйкес сақталады.  

11.6.  Кәсіподақ  ұйымы  төрағасының  сайланбалы  лауазымындағы  және 

сайланбалы  кәсіподақ  органының  құрамындағы  жұмыс  білім  беру  ұйымының 

қызметі  үшін  маңызды  болып  табылады  және  қызметкерлерді  көтермелеу 

кезінде,  оларды  аттестаттау,  басқарушы  лауазымдарының  орнына  отыруға 

конкурстық іріктеу кезінде назарға алынады.  

11.7.  Кәсіподақ  органдарының  құрамына  сайланған  тұлғаларды  жұмыс 

берушінің  бастамасымен  жұмыстан  шығаруға,  ұйымды  толық  тарату  немесе 

қызметкер  кінәлі  іс-әрекет  жасап,  заңмен  жұмыстан  шығаруды  қарастыратын 

жағдайларды  қоспағанда,  сайланбалы  өкілеттік  аяқталғаннан  кейін  екі  жыл 

ішінде жол берілмейді. Мұндай жағдайларда жұмыстан шығару тиісті кәсіподақ 

органының  келісімімен,  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасында 

белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.  

11.8.  Тараптар  сайланбалы  кәсіподақ  қызметкерлеріне  құрмет  атақтарын 

беру  және  ведомстволық  ерекшелік  белгілерімен  марапаттау  туралы  шешімді 

бірлесіп қабылдай алады.  

Кәсіподақ  марапаттары  мен  наградалары  қызметкерлерді  аттестаттау 

кезінде назарға алынады. 

11.9.Министрлік  жұмыс  берушінің  өкілдерін,  кәсіподақ  ұйымдары  мен 

олардың  органдарының  өздерінің  жарғылық  міндеттерін  жүзеге  асыруды 

қиындататын  практикалық  қызметіне  араласуға  жол  бермеу  жөнінде  қажетті 

шараларды қабылдайды.  

11.10. 

Министрлік  пен  Жұмыс  берушілер  Кәсіподаққа  еңбек 

заңнамасының 

орындалуына 

қоғамдық 

бақылауды 

жүзеге 

асыруда 


жәрдемдеседі.  Кәсіподақ  пен  оның  аумақтық  ұйымдары  өз  мамандарының 

күшімен,  білім  және  ғылым  ұйымдарындағы  еңбек  заңнамасының  сақталуы 

бойынша  күнтізбелік  жылда  кемінде  екі  рет  жоспарлық  бақылаулар  жүргізуге 



26 

 

құқылы.  Аталған  шектеу  сала  қызметкерлерінің  арыздары  мен  шағымдары 



бойынша,  басқа  жеке  және  заңды  тұлғалардың  өтініштері  бойынша 

тексерулерге қолданылмайды.  

Бақылау 

нәтижелері 

бойынша 

Кәсіподақ 

анықталған 

құқық 


бұзушылықтарды  жою  және  қызметкерлердің  бұзылған  құқықтарын  қалпына 

келтіру  жөніндегі  тиісті  актілер  мен  ұсыныстарды  білім  және  ғылым 

ұйымдарының басшыларына жібереді.  

Бақылауларды  жүргізу  тәртібі,  тексерулердің  нысаны  мен  түрлері 

Кәсіподақтың тиісті актісімен анықталады.  

Бақылауларды  жүргізу  кезінде  жұмыс  берушілер  бақылау  мәні  бойынша 

құжаттарды,  соның  ішінде:  бұйрықтарды,  тарифтеу  тізімдерін,  нұсқауларды, 

қағидаларды және т.б. көрсетуге міндетті. 

11.11.  Кәсіподақ  комитеттерінің  мүшелері  тарифтеу,  қызметкерлерді 

аттестаттау,  өндірістегі  жазатайым  оқиғаларды  тексеру,  жұмыс  орындарын 

аттестаттау,  еңбекті  қорғау  жөніндегі  және  басқа  комиссиялардың  құрамына 

қосылады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...