9. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫЛАР
Тараптар:
9.1. Жергілікті өкілетті билік органдарының ауылдық жерлерде тұратын
білім беру ұйымдарының педагог және медициналық қызметкерлеріне отынға
және коммуналдық қызмет шығындарының өтемақыларын міндетті және
бірыңғай мөлшерде тағайындауларына қол жеткізуге;
9.2. Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын
беру кезінде лауазымдық айлық мөлшерінде сауықтыру жәрдемақысын төлеуді
қамтамасыз етуге келісті. Нормативтік оқу жүктемесі белгіленген
мұғалімдердің, оқытушылардың, қосымша білім беру педагогтарының,
тәрбиешілердің, басқа педагогтарға сауықтыру жәрдемақыларының мөлшері
еңбек демалысын беру күніне олардың нақты оқу жүктемесінен есептеледі.
Лауазымды қоса атқару жағдайында жұмыс істейтін тұлғаларға жәрдемақы
жалпы негіздемеде тағайындалып, төленеді (негізгі лауазымымен қатар, қоса
атқару жағдайындағы жұмысы бойынша да).
9.3. Жұмыс берушілер қызметкерлерге ҚР заңнамасында белгіленген
тәртіппен төмендегідей кепілдіктер мен жәрдемақыларды тағайындайды:
− мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттемелерді орындау кезінде;
− медициналық тексеруге жіберу кезінде;
− қызметтік іссапарларға жіберу кезінде;
− донор болып табылатын қызметкерлер үшін;
− жұмысынан айырылған жағдайда;
− заңнамада көзделген басқа да жағдайларда.
21
9.4. Зейнеткерлік жасқа жетуге байланысты Қазақстан Республикасы
Еңбек кодексінің 52-бабы 1-т. 24) т. көзделген негіздеме бойынша қызметкерді
жұмыстан шығару кезінде еңбек, ұжымдық шарттармен және (немесе) жұмыс
берушінің актісімен анықталған мөлшерде, бірақ лауазымдық айлықтан
(тарифтік ставка) кем емес мөлшерде өтемақылық төлем төлеу.
9.5. Жұмыс берушілер қызметкерлерді білім беру ұйымдарының кітапхана
қорымен қызметтік мақсатта тегін қамтамасыз етеді.
9.6. Жұмыс берушілер азаматтық қызметшілерді және білім беру
ұйымдарының басқа да қызметкерлерін лауазымдық міндеттерін адал
атқарғаны,
жұмысты
өте
сапалы
орындағаны,
бастамашылдығы,
шығармашылық белсенділігі, жұмыстағы жетістіктері үшін ведомстволық
наградалармен марапаттайды.
9.7. Педагогтардың балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке
дейінгі ұйымдардан орындарды жергілікті атқарушы органдар бірінші
кезектегі тәртіппен береді.
Достарыңызбен бөлісу: |