Жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісім

Loading...


Pdf көрінісі
бет10/37
Дата27.02.2021
өлшемі1.13 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
 

6. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ТЫНЫҒУ УАҚЫТЫ 

Тараптар төмендегі жағдайлар туралы келісімге келді:  

6.1.Ұйым қызметкерлерінің жұмыс уақыты Қазақстан Республикасы Білім 

және ғылым министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі №153 бұйрығымен бекітілген 

педагогтың  жұмыс  уақыты  мен  тынығу  уақыты  режимінің  ерекшеліктерін 

айқындау  Ережелерінің  талаптарын  ескеріп,  оларға  ұйым  Жарғысымен 

(Ережемен) жүктелген міндеттемелермен, бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ 

комитетінің  келісімі  бойынша  жұмыс  берушімен  бекітілген  ішкі  еңбек 

тәртіптемесінің  Ережелерімен,  оқу  кестесімен,  жылдық  күнтізбелік  оқу 

кестесімен,  ауысым  кестесімен,  сондай-ақ  еңбек  шартының  жағдайларымен, 

қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарымен және анықталады.  

Педагогтар және ғылыми-педагог қызметкерлер үшін жұмыс  уақытының 

ұзақтығы  (жалақы  ставкасына  педагогикалық  жұмыс  сағатының  нормасы) 

аптасына  36  сағаттан  аспайтын  жұмыс  уақытының  қысқартылған  ұзақтығына 

негізделіп белгіленеді.  

Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы ұйым басшыларына, олардың 

орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің басшыларына қолданылмайды.  

Педагогтардың жұмыс уақытына атқаратын лауазымына байланысты: оқу 

(оқытушылық),  тәрбие  жұмысы,  білім  алушылармен  жеке  жұмыс,  ғылыми, 

шығармашылық 

және 


зерттеу 

жұмысы, 


сондай-ақ 

лауазымдық 

міндеттемелермен  және  (немесе)  жеке  жоспармен  көзделген  басқа  да 

педагогикалық 

жұмыс: 

әдістемелік, 

даярлық, 

ұйымдастырушылық, 

диагностикалық,  мониторинг  жұмысы,  білім  алушылармен  тәрбие,  дене 

шынықтыру-сауықтыру,  спорттық,  шығармашылық  және  өзге  де  шаралар 

жоспарларымен көзделген жұмыс енгізіледі.  

6.2.  Толық  емес  жұмыс  уақыты  –  толық  емес  жұмыс  күні  немесе  толық 

емес жұмыс аптасы келесі жағдайларда белгіленеді:  

−  қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша




16 

 

−  жүкті  әйелдің,  14  жасқа  дейінгі  баласы  бар  (18  жасқа  дейінгі  мүгедек 



баласы  бар)  ата-ананың  біреуінің  (қамқоршының,  тәрбиешінің,  заңды  өкілдің), 

сондай-ақ  медициналық  ұйғарымға  сәйкес  қорғаншының  науқас  мүшесінің 

күтімін жүзеге асырып отырған тұлғаның өтініші бойынша. 

Толық емес жұмыс  уақыты жағдайларында жұмыс  істеу қызметкер үшін 

жыл  сайынғы  ақылы  еңбек  демалысының  ұзақтығын  қандай  да  бір  шектеуге 

әкеліп соқтырмайды. 

6.3.  Сабақ  кестесін  құру,  сабақтар  арасында  үзіліс  жібермей,  педагогтың 

жұмыс уақытын тиімді пайдалануды ескере отырып жүзеге асырылады.  

6.4.  Сабақ  өткізуден,  кезекшіліктен,  білім  беруді  ұйымдастырудың 

жоспарымен  қарастырылған  сабақтан  тыс  іс-шараларға  (педагогикалық  кеңес 

отырыстары, ата-аналар жиналысы және т.б.) қатысудан бос сағаттарын педагог 

өз қалауынша пайдалануға құқылы.  

6.5. Ұйым қызметкерлерін еңбек шартында, лауазымдық міндеттемелерде 

көзделмеген  жұмысты  орындауға  тартуға  тек  Қазақстан  Республикасының 

қолданысындағы заңнамасында көзделген тәртіпте қосымша ақы төленетін және 

қызметкердің  жазбаша  келісімімен  Жұмыс  берушінің  жазбаша  өкімі  бойынша 

жол беріледі.  

6.6. Күзгі, қысқы және көктемгі каникул уақыты, сондай-ақ кезекті еңбек 

демалысымен  сәйкес  келмейтін  жазғы  каникул  уақыты  ұйымның  педагогтары 

мен басқа қызметкерлері үшін жұмыс уақыты болып табылады.  

Осы  кезеңдерде  педагогтарды  жұмыс  беруші  каникул  басталғанға  дейін 

олардың  оқу  жүктемесінен  аспайтын  уақыт  ішінде  педагогикалық  және 

ұйымдастырушылық  жұмыстарға  тартады.  Каникул  кезіндегі  жұмыс  кестесі, 

бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің келісімі бойынша басшының 

бұйрығымен бекітіледі.  

Кезекті  еңбек  демалысымен  сәйкес  келмейтін  каникул  уақытында 

педагогтар үшін олардың келісімімен бір ай ішінде жұмыс уақытының жиынтық 

есебі белгіленуі мүмкін.  

6.7.  Каникул  уақытында  оқу-көмекші  және  қызмет  көрсетуші  персонал, 

оларға  белгіленген  жұмыс  уақыты  шегінде  арнайы  білімді  қажет  етпейтін 

(шағын  жөндеу,  аумақтағы  жұмыс,  ұйымды  күзету  және  т.б.)  шаруашылық 

жұмыстарын орындауға тартылады.  

6.8.  Ақы  төленетін  еңбек  демалыстарын  беру  кезегі  жыл  сайын 

күнтізбелік  жыл  басталғаннан  бастап  он  күннен  кешіктірілмей,  бастауыш 

кәсіподақ  ұйымы  кәсіподақ  комитетінің  келісімі  бойынша  ұйым  басшысы 

бекіткен еңбек демалыстарының кестесіне сәйкес анықталады.  

Еңбек демалысының басталу уақыты туралы қызметкер оның басталуына 

дейін кемінде екі ай бұрын хабарлануы тиіс.  




17 

 

Еңбек  демалыстарының  кестесіне  өзгерістер  енгізілген  жағдайда, 



қызметкер  бұл  туралы  еңбек  демалысы  басталғанға  дейін  кемінде  екі  апта 

бұрын хабарлануы тиіс.  

Жазда  немесе  өздеріне  ыңғайлы  кез  келген  уақытта  жыл  сайынғы  еңбек 

демалысына басымды құқықтары бар қызметкерлер: 

а)  кәмелетке  толмаған  баланы  (18  жасқа  дейінгі)  жалғыз  бағып  отырған 

ата-аналар (қамқоршылар, қорғаншылар); 

б) үш және одан да көп балалары бар әйелдер;  

в) еңбектен зақымданған қызметкерлер

г) емделуге жолдамасы бар кез келген қызметкерлер

д)  мүгедек  бала  тәрбиелеп  отырған  ата-аналар  (қамқоршылар, 

қорғаншылар). 

6.9.  Тамыздан  бастап  қазан  айының  аралығында  жұмысқа  қабылданған 

педагогтарға оқу жылының аяқталуы бойынша алғашқы жұмыс жылы үшін жыл 

сайынғы ақылы еңбек демалысы қызметкерлердің тиісті санаты үшін Қазақстан 

Республикасының  қолданыстағы  заңнамасында  көзделген  ұзақтылықта  алдын 

ала беріледі.  

6.10.  Орта,  кәсіптік  және  техникалық,  орта  білімнен  кейінгі,  қосымша 

білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар үшін, арнайы және 

мамандандырылған  білім  беру  ұйымдары  үшін  бес  күндік,  сонымен  қатар 

қолданыстағы материалдық-техникалық және кадрлық ресурстарға байланысты 

алты күндік жұмыс аптасы белгіленуі мүмкін. 

Бес  күндік  жұмыс  аптасы  басқару,  әдістемелік  және  техникалық  білім 

беруді  қамтамасыз  ету  ұйымдары  үшін  белгіленеді.  Жалпы  демалыс  күні 

жексенбі  болып  есептеледі.  Бес  күндік  жұмыс  аптасы  режимімен  жұмыс 

жасайтын ұйымдар үшін демалыс күндері сенбі және жексенбі болып табылады. 

Білім  беру  ұйымдарының  ішкі  еңбек  тәртіптемесінің  ережелерімен  жекелеген 

кәсіп қызметкерлері үшін бес күндік жұмыс аптасы қарастырылуы мүмкін.  

Алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтін педагогтарға, (білім беру 

ұйымдарының  басшылары  мен  олардың  орынбасарларын  қоспағанда),  сондай-

ақ  оқу  процесіне  қатыспайтын  басқа  да  қызметкерлерге  каникул  уақытында 

сенбі  және  жексенбі  –  екі  демалыс  күнімен  бес  күндік  жұмыс  аптасы 

белгіленеді. 

6.11.  Тынығу  және  тамақтану  үшін  үзіліс  уақыты,  сондай-ақ  демалыс 

және  мереке  күндері  жұмыс,  ауысым  кестесін,  білім  беруді  ұйымдастыру 

жөніндегі  педагогтардың  кезекшілік  кестесі  Ішкі  еңбек  тәртіптемесінің 

ережелерімен белгіленеді.  

Жұмыс беруші педагогтарға білім алушылармен бірге жұмыс уақытында, 

сондай-ақ  сабақтар  арасындағы  үзілістер  ішінде  тынығуға  және  тамақтануға 

мүмкіндік  береді.  Басқа  қызметкерлер  үшін  тынығуға  және  тамақтануға 



18 

 

арналған  уақыт  Ішкі  еңбек  тәртіптемесінің  ережелерімен  белгіленеді  және 



ұзақтығы жарты сағаттан кем болмауы тиіс. 

6.12.  Педагогтардың  кезекшілігі  сабақтың  басталуына  дейін  20  минут 

бұрын басталып және ол аяқталғасын 20 минуттан аспауы қажет.  

6.13.  Тараптар  жұмыс  уақытының  жинақталған  есебі  күзетшілер, 

тәрбиешілер,  режим  бойынша  кезекшілер,  жатақхана  бойынша  кезекшілер,  бу 

қазандары  қондырғыларының  операторлары,  от  жағушылар,  тәрбиешілердің 

көмекшілері,  мейірбикелер,  дәрігерлер  үшін  енгізіледі  деп  келісті.  Жұмыс 

уақытының жинақталған есебіне ауыстыру кәсіподақ органының дәлелді пікірін 

ескере отырып, білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады. 

Мұндай  жағдайларда  есептеу  мерзімі  тоқсан  болып  саналады,  сонымен  қатар 

ауысым ұзақтылығы, кемінде 12 сағаттық ауысымаралық демалыс беруді ескере 

отырып, кез келген ұзақтық бола алады. 

6.14.Қашықтықтан 

жұмыс  жасайтын  қызметкерлер  үшін  жұмыс 

уақытының тіркелген есебі белгіленіп, оны бақылау ерекшелігі еңбек шартында 

немесе еңбек тәртіптемесінің ережелерінде анықталады.  

Егер  жұмысты  орындау  жұмыс  берушімен  нақты  уақытпен  тіркелмеген 

жағдайда, жұмыс уақыты еңбек шартымен белгіленген жұмыс көлемін орындау 

ретінде жұмыс уақытын есепке алу құжатында белгіленеді.  

Қызметкер  мен  жұмыс  беруші  еңбек  шартымен  белгіленген  жұмыс 

уақыты  шегінде  қашықтықтан  жұмыс  істейтін  қызметкермен  жұмысты 

орындаудың нақты уақытын көздейтін өзара іс-әрекет тәртібін белгілейді.  

Өзара  іс-әрекет  тәртібінде  қызметкердің  жұмыс  берушінің  қоңырауына, 

электрондық  хаттарға  және  сұраныстарына  қызметкер  жұмысты  орындаумен 

байланысты жұмыс берушінің сұраныстарына жауап беруге міндетті мерзімдегі 

міндеті  көзделген.  Қызметкер  өзара  іс-әрекет  тәртібімен  белгіленген  уақыттан 

тыс жүзеге асырылатын жұмыс берушінің сұраныстарына жауап беруге міндетті 

емес.  


6.15. Тараптар келесі  қызметкерлерге ақылы еңбек демалыстарына 3 күн 

қосуды келісті: 

− 

медициналық қызметкерлер; 



− 

кітапханашылар; 

− 

аудандық, 



қалалық 

(мектеп) 

әдістемелік 

бірлестіктерінің; 

техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының әдістемелік бірлестіктерінің 

басшылары; 

− 

бас бухгалтерлер; бухгалтерлер. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бойынша жиынтық
ғылым министрлігі
қызмет стандарты
жиынтық бағалау
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
Сабақ жоспары
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
республикасы білім
Қазақстан республикасының
білім беретін
біліктілік талаптары
арналған жиынтық
әкімінің аппараты
жиынтық бағалауға
туралы анықтама
мамандығына арналған
бағалау тапсырмалары
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
арналған тапсырмалар
мерзімді жоспар
жалпы конкурс
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
қатысушыларға қойылатын
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
ткізу туралы
оқыту әдістемесі
мамандығы бойынша
конкурс қатысушыларына

Loading...