Жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған Әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісім

Loading...


Pdf көрінісі
бет1/37
Дата27.02.2021
өлшемі1.13 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37


 

Салалық  деңгейде білім және ғылым саласы қызметкерлері үшін еңбек 



жағдайын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу 

жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған 

 

ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ТУРАЛЫ САЛАЛЫҚ КЕЛІСІМ 

 

 

1.  ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 



 

1.1. 


Осы  Салалық  келісім  (бұдан  әрі  –  Келісім)  Қазақстан 

Республикасының  заңнамасына  сәйкес  қызметкерлердің  еңбек  жағдайын, 

жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  кепілдіктерді  салалық  деңгейде  белгілеу 

жөнінде тараптардыңміндеттері мен мазмұнын айқындау мақсатында жасалды. 

1.2. Осы Келісімнің тараптары: 

−  мемлекет  атынан  –  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрлігі(бұдан әрі – Министрлік); 

−  жұмыс  берушілердің  атынан  –  «Қазақстан  Республикасы  жоғары  оқу 

орындарының  қауымдастығы»  ЗТБ,  «Республикалық  жеке  білім  беру 

ұйымдарының  қауымдастығы»  ЗТБ,  «Адами  капиталды,  білім  және  ғылымды 

дамыту  жөніндегі  ұйымдар  қауымдастығы»  ЗТБ  (бұдан  әрі  –  Жұмыс 

берушілер); 

−  қызметкерлердіңатынан  –  «Қазақстандық  салалық  білім  және  ғылым 

қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ(әрі қарай – Кәсіподақ). 

1.3.  Келісім,  әлеуметтік  әріптестік  институттарының  бірі  ретінде  сала 

қызметкерлерінің  еңбек,  әлеуметтік-экономикалық  құқықтары  мен  заңды 

мүдделерін,  жұмыс  берушілердің  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғау  жөніндегі 

міндеттерді қамтамасыз етеді.  

1.4.  Осы  Келісім  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының,  Қазақстан 

Республикасы  Еңбек  кодексінің  нормаларына,  Қазақстан  Республикасының 

«Білім  туралы»,  «Ғылым  туралы»  «Педагог  мәртебесі  туралы»,  «Кәсіптік 

одақтар  туралы»  заңдарына,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің 

Жолдауларында  баяндалған  міндеттерге,  Қазақстан  Республикасында  білім 

және  ғылымды  дамытудың  2020-2025  жылдарға  арналған  Мемлекеттік 

бағдарламасының,  Қазақстан  Республикасының  Үкіметі,  қызметкерлер  және 

жұмыс  берушілердің  республикалық  бірлестіктерінің  арасындағы  2021-2023 

жылдарға арналған Бас келісімнің ережелеріне негізделеді.  

1.5. Келісім:  

−  Қазақстан Республикасының заңнамасын бұлжытпай орындау

−  тараптардың тең құқылық; 

−  тараптардың  өзара  жауапкершілігі  және  өзара  сыйластығы,  олардың 

мүдделеріне барынша қол жеткізу мүмкіндігімен ымыраға келу; 




 

−  нәтижеге қызығушылық;  



−  қажет мәселелерді талқылау еріктілігі;  

−  өздеріне міндеттемелерді қабылдау еріктілігі;  

−  қызметкерлер  мен  жұмыс  берушілердің  лайықты  еңбек  жағдайын 

қамтамасыз  ету  және  әлеуметтік-экономикалық  мүдделерін  қорғау  үшін 

сындарлы  өзараәрекеті,  қоғамдағы  келісім  мен  тұрақтылықты  сақтау 

принциптері бойынша құрылады. 

1.6.  Министрлік,  Жұмыс  берушілер,  Кәсіподақ  (бұдан  әрі  –  Тараптар) 

алдағы уақытта білім және ғылым саласындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын 

шарттық  реттеу,  әлеуметтік  әріптестік  принциптері  негізінде  өзара  іс-әрекетті 

дамыту жөнінде келісімге келді. 

1.7.  Министрлік  және  Жұмыс  берушілер  Кәсіподақты  республикалық 

мәртебесі  бар  және  ұжымдық  келіссөздерге  құқылы,  әлеуметтік  әріптестіктің 

барлық  деңгейлерінде  салалық  келісімдер  мен  сала  ұйымдарында  ұжымдық 

шарттар  жасауға,  білім  және  ғылым  саласы  қызметкерлерінің  өкілетті  өкілі 

ретінде  мойындайды,  кәсіподақ  мүшелерінің  еңбек,  әлеуметтік-экономикалық 

құқықтары мен мүдделерін қорғау және өкілеттік етуге қатысты оның қызметін 

нығайтуға ықпал етуге міндеттеледі. 

1.8.  Тараптар  осы  Келісімнің  мәртебесін  білім  және  ғылым  жүйесіндегі 

әлеуметтік-еңбек  қатынастарын  реттеудің  негізгі  принциптерін  белгілейтін 

әлеуметтік әріптестіктің негізгі құжаты ретінде мойындайды. 

Осы  Келісімнің  күші  білім  және  ғылым  саласының  мемлекеттік 

органдарына,  жұмыс  берушілеріне,  қызметкерлері  мен  олардың  өкілдеріне 

қолданылады. 

1.9. Осы  Келісімнің негізгі ережелері облыстық, қалалық және аудандық 

салалық  келісімдерге,  сонымен  қатар  сала  ұйымдарында  қызметкерлер  мен 

жұмыс  берушілер  арасындағы  ұжымдық  шарттарға  міндетті  түрде  қосу  үшін 

негіз болып табылады.  

Өңірліксалалық келісімдерде,  ұйымдардың ұжымдық шарттарында еңбек 

заңнамасымен, 

еңбек 


құқығының 

нормаларынан 

тұратын 

өзге 


де 

актілерменжәне  осы  Келісіммен  белгіленген  қызметкерлердің  құқықтары  мен 

кепілдіктерінің  деңгейін  төмендететін  жағдайлар  қолданылмауға  тиіс.  Өңірлік 

салалық  келісімдерде,  ұйымның  ұжымдық  шарттарында  олардың  қызмет  ету 

ерекшеліктерін,  қаржылық  мүмкіндіктерін  ескере  отырып,  қызметкерлер  үшін 

жеңілдіктер  мен  басымдықтар,  белгіленген  заңдармен,  еңбек  құқығының 

нормаларынан  тұратын  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілермен  және  осы 

Келісіммен  салыстырғанда  неғұрлым  қолайлы  еңбек  жағдайлары  белгіленуі, 

сондай-ақ  еңбек  заңнамасына  және  осы  Келісімге  сәйкес  қызметкерлерді 

әлеуметтік  қолдаудың  қосымша  шаралары,  жеңілдіктер  мен  кепілдіктер  де 

белгіленуі мүмкін. 

1.10.  Жұмыс  берушілер  және  бастауыш  кәсіподақ  ұйымдарының  тиісті 

сайланбалы  органдары  Қазақстан  Республикасы  Еңбек  кодексінің  158-бабына 

сәйкес  жеке  әлеуметтік  жеңілдіктер  мен  кепілдіктер  тек  кәсіподақ  мүшелеріне 

қолдалынатын, 

сондай-ақ 

кәсіподақ 

мүшелері 

емес 

қызметкерлерге 



қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес,  олардың  мүдделерін  білдіруге  бастауыш 


 

кәсіподақ  ұйымының  тиісті  сайланбалы  органын  өкілетті  етутуралы 



бөлімдерден тұратын ұжымдық шарттар жасай алады.  

1.11.  Тараптар  Келісімнің  қолданылу  мерзімінде  біржақты  тәртіпте 

өздеріне қабылданған міндеттемелердің орындалуын тоқтатуға құқықтары жоқ.  

Келісім  тараптарын  қайта  ұйымдастыру  жағдайында  Келісімді  орындау 

жөніндегі  тараптардың  құқықтары  мен  міндеттері  олардың  құқықтық 

мұрагерлеріне өтеді және оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін сақталады.  

1.12. 

Кәсіподақ  органдарымен  қабылданатын  барлық  деңгейдегі 



шешімдер,  ұжымдық  шарттардың  ережелері  әлеуметтік  әріптестік  жөніндегі 

салалық  комиссиямен  қабылданатын  шешімдерге  және  Бас,  салалық  және 

өңірлік келісімдердің ережелеріне сәйкес келуі тиіс.  

1.13.  Осы  Келісім  Тараптары  кәсіптік  білім  беру  ұйымдарында  білім 

алушылардың  (кәсіподақ  мүшелері)  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғау 

мәселелері білім беру ұйымы мен тиісті кәсіподақ ұйымы арасында жасалатын 

келісімдермен ресімделеді деп келісті.  

1.14.  Тараптар  осы  Келісімге  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізуге 

құқылы.  Өзгертулер  немесе  толықтырулар  енгізуге  бастама  жасаушы  Тарап 

келесі  тарапқа  Келісімді  жасау  тәртібіне  сәйкес  келіссөздер  жүргізуді  бастау 

жөнінде жазбаша хабарлама жібереді. 

Тараптар  қабылдаған  Келісімге  енгізілетін  өзгерістер  мен  толықтырулар 

жеке  хаттамамен  және  осы  Келісімнің  ажырамас    бөлімі  болып  табылатын 

қосымша келісіммен ресімделеді. 

1.15.  Тараптар  осы  Келісім  шарттарының  орындалу  нәтижелерін 

бұқаралық  ақпарат  құралдарында,  соның  ішінде  салалық  және  кәсіподақтық 

басылымдарында,  Министрліктің,  Жұмыс  берушілер  мен  Кәсіподақтың  ресми 

сайттарында жариялауға келісті. 

1.16.  Осы  келісімнің,  аймақтық  салалық  келісімдердің,  ұжымдық,  еңбек 

шарттарының жағдайлары біржақты тәртіпте өзгертілмейді.  

1.17.  Қазақстан  Республикасыныңеңбек  заңнамасымен  салыстырғанда 

қызметкерлердің  жағдайларын  нашарлататын  әлеуметтік  әріптестік  тараптары 

келісімдерінің,  ұжымдық,  еңбек  шарттарының,  жұмыс  берушілер  актілерінің 

ережелеріжарамсыз болып танылады және қолдануға келмейді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Сабақ тақырыбы
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
арналған жиынтық
туралы анықтама
Қазақстан республикасының
білім беретін
республикасы білім
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
жиынтық бағалауға
бағалау тапсырмалары
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
әдістемелік кешені
Мектепке дейінгі
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша

Loading...