Жоғары температурада бүлінбей

Loading...


Дата16.09.2020
өлшемі33.9 Kb.
1.2 Отқа төзімді материалдар

Металл өндірудің барлық үдерістері 1200-2273°К (1473- 2000°С), кейде бүдан да жоғары температурада жүреді. Сондықтан металл қорыту үшін осындай температураға шыдай алатын материалдар алу керек.



Жоғары температурада бүлінбей, өзінің физикалық-химиялық қасиетін сақтай алатын заттарды отқа төзімді материал деп атайды. Қара және түсті металлургияның балқыту агрегаттары мен қыздыру қондырғыларының ішкі жағы осындай отқа .төзімді материалмен астарланады.

Технологиялық үдерістің ерекшелігі мен атқаратын қызметіне, байланысты отқа төзімді материалдарға мынадай шарттар қойылады: 1; Қорытылатын металл немесе қорытпанын балқу температурасынан жоғары температурада балқыту агрегаттарының жүмысын қамтамасыз ету үшін материалдың отқа төзімді болуы. 2.Температура кенеттен өзгергенде өз көлемін сақтауы және жарылып, сынбауы үшін материалдың термиялық төзімді болуы. 3. Жоғары температурада күштің әсерінен болатын түр өзгеруге г төзімділігі. 4.Балқыған металл немесе оның тотықтары шлак, газбен әрекеттеспеуі үшін, материалдың химиялық түрақтылығының жоғары болуы. Отқа төзімділік дәрежесіне қарай материалдар: төзімділігі орташа 1853-2043°К (1580-1770°С), төзімділігі жиғары 2073-2273°К (1770-2000°С) және төзімділігі өте жоғары 2273°К (2000°С-тан астам) болып үшке бөлінеді.

. Металлургия өндірісінде көп тараған материалдар химиялық және минералогиялық қүрамына байланысты қышқылды, алюмосиликатты, негізді және бейтарап материалдар болып төрт топқа белінеді. Отқа төзімді қышқылды материалдар тобына динас пен кварц қүмы жатады. Династан жасалған бүйымдардың түріне байланысты олардың қүрамында 93-97% S i02 болады. Олай болса, династың қүрамындағы негізгі зат кварц қүмы болып табылады. Династың отқа төзімділігі 1983-2003°К (1710-1730°С). Күштің әсерінен болатын түр өзгеруінің басталуы кезіндегі температура 1923-1943°К (1650-1670°С) және термиялық төзімділігі (жылу алмасу саны) 2-3 болады. Динас бессемер конвертерлерін астарлау, қышқылда болатын үдерістермен жүмыс істейтін мартен пештерінің алдыңғы және артқы қабырғалары мен түптерін, жалын шағылыстырғыш пештердің тік каналдарын, қабырғаларын, күмбездерін, шлак үстағыштары мен регенераторларын, шыны қорыту пештерін астарлау үшін қолданылады. Отқа тезімді алюмосиликатты материалдар шала қышқылды, шамотты, молглиноземді болып үш топқа бөлінеді. Металлургия өндірісінде шамот пен молглиноземді материалдар жиі пайдаланылады. Шамот каолин мен отқа төзімді сазбалшық қоспасын. күйдіру арқылы алынады. Бүл материалдың қүрамьшда 30 - 46% А120 3 болады. Түріне байланысты шамоттың отқа төзімділігі 1593-2003°К (1320-1730°С). Күштің әсерінен болатын түр өзгеруініңң басталуы кезіндегі жоғары температурасы 1523-1673°К (1250 - 1400°С), термиялық төзімділігі 20-25. Шамот, домна пештерін астарлау, оның ауа қыздырғыштары мен мартен пештері регенераторларының қабырғаларын, шлак үстағыштарын, төменгі қабаттары мен әртүрлі қыздырғыш қүрылыстарын қалау үшін қолданылады. 16 Молглиноземді отқа төзімді материалдар қүрамында 45%-тен астам А120 3 болады. Бүл материалдардың отқа төзімділігі 2043- 2273°К (1770-2000°С). Күштің әсерінен түр өзгеруінің басталуы кезіндегі температура 1720-1878°К (1450-1600°С), оның термиялық төзімділігі 6-25. Молглиноземді материалдар мартен пештерінің регенератор (саптамаларынның жоғарғы қабырғаларын қалау және әртүрлі қоспалар балқытуға арналған тигельдер жасау үшін қолданады. Негізгі отқа төзімді материалдар тобына магнезит пен доломит жатады. Магнезитті MgCO -тау жынысын өңдеу арқылы алады. Магнезит материалдарының қүрамында магний тотығы MgO 45%-ке дейін болады. Магнезит материалдары кірпіш және үнтақ күйінде жасалады. Кірпіш үгіндісінен жасалған магнезит бүйымдарыньщ қүрамында 86% MgO, ал үнтақ күйіндегісінде 85-91% дейін магний тотығы болады, отқа төзімділік температурасы 2273 °К (2000°С)-тан іжоғары. Күштің әсерінен онда болатын түр өзгеруінің басталуы «кезіндегі температурасы І813-1863°К, термиялық төзімділігі 2-6, үнтақ бөлшектерінің мөлшері 8-15 мм. Магнезит кірпіштері мен үнтақтары негізгі үдеріс бойынша жүмыс істейтін мартен пештерінің алдыңғы және артқы қабырғаларын, бүркеншіктері мен түптерін, электр пешінің ішкі қабырғаларын қалау және мартен пеші мен электр пештерінің түптерін пісіру үшін қолданылады. СаСОз, MgC03 доломит - қүрамында 52-58%СаСОэ, 35-38% MgC03 және А120 3, SiOr, Fe203 т. б. қоспалары бар тау жынысы. Бүл материал металлургия өндірісінде шикі және күйдіріліп өвделген күйінде қолданылады. Мартен пештерінің шихта түсіретін тесіктерінің табалдырықтарын үстемелеу, артқы қабырғаларына қүю үшін пайдаланылатын доломит 5-30 миллиметр мөлшерінде үсақталған шикі күйінде, ал артқы қабырғаларының қүламаларына қойылатын доломит 4-20 миллиметр мөлшерінде күйдірілген күйінде қолданылады. Доломит пен тас көмір қарамайының қоспасын (95% доломит, 5% қарамай) жаншу арқылы, болат қорытатын электр пештері мен негізді конвертерлердің қабырғаларына қаланатын отқа төзімді материал алынады. Бейтарап отқа төзімді материалдар. тобына магнезит-хромнан жасалған бүйымдар жатады. Бүл материалдардың қүрамы: 8-15%, Сг203, 65-75% MgO күштің әсерінен өзгерудің басталуы кезіндегі жоғары тёмпература 1773-1833°К (1500- 1560°С), термиялық төзімділігі 25, отқа төзімділігі 2000°С-тан жоғарьі. 17 сСоңғы 15 жылдың ішінде магнезит-хромит металлургиядан динас материалдарын ығыстырып келеді. Өйткені бүл материал негіздік, қышқылдық қасиеті бар ортада жүмыс істеуге тиімді және басқа материалдарға қарағанда отқа төзімділігі мен термиялық төзімділігі жоғары. Магнезит-хромит материалдары металлургия өндірісінде мартен пештерінің күмбездері мен бүркеншіктерін және болат қорыту пештері мен агрегаттарының ішкі қабырғаларын қалау үшін пайдаланылады.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
республикасы білім
жалпы конкурс
Барлы конкурс
ызмет регламенті
дістемелік сыныстар
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
Мектепке дейінгі
облысы кімдігіні
мерзімді жоспар
мемлекеттік мекемесі
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
санды жиынты
білім беруді
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
жалпы білім
мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
облысы бойынша
алауды тапсырмалары
мыссыз азаматтар
дарламасыны титулды
Мемлекеттік кірістер
дістемелік кешен
Конкурс жариялайды
теориялы негіздері
разрядты спортшы

Loading...