Жоғарғы сынып оқушылары арасындағы кикілжің және оны шешу жолдары Орындаған: Мейрашева Раушан



Pdf көрінісі
Дата24.12.2021
өлшемі0.87 Mb.
#148341
Байланысты:
конфликт Мейрашева



Жоғарғы сынып 

оқушылары 

арасындағы 

кикілжің және оны 

шешу жолдары

Орындаған:Мейрашева Раушан


Жоспар

Кіріспе


Конфликт ұғымы

Негізгі бөлім

Жоғарғы сынып оқушылары арасындағы кикілжің және оны

шешу жолдары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер




Кикілжің – (латыншадан –

соқтығысу) экономикалық, 

әлеуметтік, саяси, рухани

қызығушылықтар мен мақсаттарға

бағытталған индивидтер мен түрлі

әлеуметтік қауымдастықтар

арасындағы күрес түрінде

көрінетін әлеуметтік қарама-

қайшылықтардың өршуінің ең

жоғарғы шегі болып табылады.




Мектептегі жасөспірімдердің арасындағы

туындайтын кикілжіңдерін түгелдей

болдырмау мүмкін емес. Мектепте

баланың жеке тұлғалық әлеуметтену

барысында оның рухани, ұнамды

құндылықтарын түсіну арқылы оқушылар

арасындағы кикілжіңдердің интенсивтілігін

өзгертуге болады.

Кикілжіңдерді алдын алу жолында

маңызды роль алатын – тәртіп болып

табылады. Тәртіп – белгілі бір тәртіптілікке

бағыну әрекеті арқылы балаға өзіне қажетті

бостандығының толық дамуын қамтамасыз

ететін әрекет.






Оқушылардың кикілжіңді қылықтарына 

мұғалімнің жеке тұлғасы үлкен әсерін 

тигізеді. Оның әрекеттесуі әртүрлі 

аспектілерден көрінуі мүмкін.

Біріншіден, мұғалімнің басқа 

оқушыларымен әрекеттесу стилі 

баланың өзімен жасты балалармен 

әртүрлі қарым-қатынасқа түсуінің алғы 

шарты болып табылады. Зерттеулердің 

көрсетуі бойынша оқушының алғашқы 

мұғалімінің педагогикалық 

тактикасымен қарым- қатынасқа түсу 

стилі, оның ата-анасымен және 

сыныптастарымен қарым-қатынасқа 

түсуін және жеке тұлғалық қасиеттерінің 

қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді екен 

(О.Осадько).

Екіншіден, мұғалім оқушылар 

арасындағы болып жатқан 

кикілжіңдерге араласуға 

міндетті. Бұл, әрине, 

кикілжіңдерді басып тастау 

емес. Ситуацияға байланысты 

әкімшіліктік араласу немесе 

қарапайым кеңес болуы да 

мүмкін.[3]




Сыныптағы жанжалдар – бұл оқушылар

арасындағы келіспеушілік. Мектеп қабырғасында, 

жоғары сыныпта танылған тұлғаның қалыптасуы, 

«сыныптағы орын» үшін күрес жүзеге асады. 

Көшбасшылыққа бастайтын жол басымдығын

көрсетумен тығыз байланысты. Сыныптастарымен

арадағы келіспеушіліктер жас ерекшелігіне

негізделген: құрдастары мен олардың іс-қимылын

бағалаудың рухани-этикалық өлшемдерін

қалыптастырумен.

.



Жоғары сынып арасындағы болатын

кикілжіңдердің бірі лидерлікке ұмтылыс немесе

лидерлік кикілжіңі. Мүнда екі-үш лидерлердің

жэне олардың топтарының сыныптағы біріншілік

беделіне таласуы. Орта сыныптарда қыздардың

тобымен ұлдар тобының арасындағы кикілжіңдер

жиі болып тұрады. Үш-төрт жасөспірімдердің бүкіл

сынып немесе бір оқушының бүкіл сынып

оқушыларымен кикілжіңге түсуі мүмкін. 

Психологтардың бақылауынша (О.Ситковская, 

О.Михайлова) лидерлікке жол, әсіресе

жасөспірімдер ортасында, қатыгездік, 

мейірімсіздік, өзінің біріншілігін көрсету немесе

демонстрациялаумен байланысты. Балалық

қатыгездік - барлығына танымды құбылыс

Оқушылардың агрессивтік 

қылықтарының генезисі олардың жеке 

тұлғалық әлеуметтенуінің 

дефектерімен байланысты. Сонымен 

қатар, баланың және жеткіншектің 

жеке тұлғасы өзімен-өзі 

қалыптаспайды, қоршаған ортада, 

қоғамда қалыптасады. Әсіресе, 

маңызды болып кіші топтар жатады. 

Мұнда жеткіншек басқа адамдар мен 

әрекеттеседі немесе қарым-қатынасқа 

түседі. Ең алдымен жанұяға қатысты. 

Әр түрлі авторлар сәтсіз қалыптасқан 

жанұяларды әр түрлі бөліп көрсетеді.

Ата-аналары физикалық күш көрсету 

арқылы тәрбиеленген балалар 

көбінесе кикілжіңге түскіш болып 

келеді (А.Бандура). Сондықтан 

зерттеушілердің көбісі жазалау жеке 

тұлға қылықтарының кикілжіңділігінің 

моделі деп санайды (Л.Джавинен, 

С.Ларсенс).




Леви мысал ретінде төмендегідей оқыту 

бағдарламасының жаттығуларының бірнеше 

нұсқаларын көрсеткен: 

Орта білім алушыларға (12-ден 18-ге дейінгі жас 

аралығы) 

А. Кикілжіңдер күнделігі. Мұғалімдер де, оқушылар да 

бір апта бойы кикілжіңдер күнделігін толтырады. Олар 

кикілжіңге түскен сайын, күнделікке жазып отырады 

және олар мынадай сұрақтарға жауап береді: кім 

кикілжіңге түсті? Кикілжің не үшін болды? Ол қалай 

аяқталды? Ең соңғы кеште келесі сұрақтарға: кикілжіңнің 

қанша пайызында сіз өзіңіздің келіспеушілігіңіз туралы 

айттыңыз? Қанша кикілжіңдерде сіз ашуландыңыз? Сіз 

әдетте кикілжіңдермен қалай күресесіз? Басқа 

адамдардың арасында болып жатқан кикілжіңге қарап 

сіз оны шешетін жолдарын көресіз бе, олар қандай? 

Оларды сіз неге қолдаңғыңыз келеді? 

Кикілжің шешу жолдары. Оқушылар қысқа 

ситуациялық жағдайларды оқиды және 

өздерінің реакцияларын жазып отырады 

немесе айтады. Мұнда олардың 

қылықтарының стратегиялары (проблеманы 

шешуі, конфронтация, медиация) және 

олардың қолданылатын рөлдері 

қарастырылады.



ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі таңда еліміздің егемендік алуы әлеуметтік-экономикалық және мәдени

дамуымызға байланысты көптеген өзгерістер енгізді. Яғни қоғамымыздың қарқынды

әлеуметтiк дамуы белсендi, жасампаз тұлғаны қалытастыруға жоғарланған талап

қояды. Әсіресе білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, үздіксіз білім берудің бірыңғай

жүйесін құру, оқу мен тәрбие үрдісінің сапасын жоғарлату мен білім беру үрдісінде

оқушылардың тұлғалық сана-сезімдерінің дамыту болды. Сондықтан агрессиялық

балалардың мінез-құлқын тәртіпке келтіруде мына бағыттарда жұмыс жасалуы

қажет:Агрессиялық балалардың өз ашу-ызасын басқаға зияны тиіп кетпейтіндей күйде

төмендетуге үйрету. Жасөспірімдерді әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай алуға, іс-

әрекетіне бақылау жасап, өзін-өзі басқару әдістеріне үйрету. Дау-дамай

жағдайларында жағымды қарым-қтынас жасай алуға дағдыландыру. Адамдарға сену, 

жаны ашу (эмпатия) сияқты қасиеттерді қалыптастыру. Дарынды психолог әрі педагог

Жүсіпбек Аймауытовтың «Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, мұғалім

адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады» деген қағиданы ұстана отырып, 

өркениетті заманда жас ұрпақты тәрбиелеуде, психолог мамандармен бірлесе отыра



жұмыс жасап, тәрбиенің тиімді болу жағын қарастырғанжөн.




Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді