Жоба қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының нормативтік қаулысы 2020 жылғы № Нұр-Сұлтан қаласы


«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабын қолдану жөнiндегi сот практикасы туралы» 2001 жылғы 21 маусымдағы № 4



бет4/24
Дата19.05.2023
өлшемі0.92 Mb.
#578474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
proekt popravok v np po uk i upk kaz
СРО нед8 К тарих Калиев, Ғайнел Ақбөпе, Асем Ерсін123456, prav10 2, c965a784b8c28eb19ce6408f21ed22b35f8e4645
5. «Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 68-бабын қолдану жөнiндегi сот практикасы туралы» 2001 жылғы
21 маусымдағы № 4
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 11 шілдедегі № 67; 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2017 жылғы 31 наурыздағы нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші абзацтармен толықтырылсын:
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы күдіктінің қорғаушысының қатысуымен жәбірленуші мен күдіктіге олардың ҚК-нің 68-бабының негізінде татуласу құқығы туралы түсіндіреді, бұл туралы жеке хаттама жасалады.
Тараптан іс бойынша тараптарды татуластыру үшін медиаторды тарту туралы өтінішхат келіп түскен кезде, сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы оны қанағаттандырудан бас тартуға құқылы емес.
Татуласу кезінде, оның ішінде медиация тәртібімен болашақта залалды өтеу туралы келісімге келу ҚК-нің 68-бабын қолдануға негіз болатын жәбірленушіге келтірілген залал өтелген деп есептеуге жатпайды, ол туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы күдікті мен жәбірленушіні ескертуі тиіс.»;
2) 4-тармақта екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Екі және одан да көп қылмыс жасаған адам (бірнеше рет немесе нақты жиынтықта) тұтастай алғанда бірінші рет қылмыс жасаған адам болып таныла алмайды. Сонымен қатар адам айыптаудың бірінші эпизоды бойынша алғаш рет қылмыс жасаған деп саналуы керек.»;
3) 9-1-тармақтың екінші абзацындағы «ҚК-нің 68-бабының төртінші бөлігінің» деген сөздер «ҚК-нің 68-бабының үшінші бөлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 10-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1. ҚК-нің 68-бабының ережелері (Татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату) ҚК-нің 68-бабының төртінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда қолданылмайды.
ҚК-нің 6-бабы үшінші бөлігінің (қылмыстық заңның кері күші) талаптарына орай ҚК-нің 68-бабы төртінші бөлігі 8) тармағының ережелері тараптардың 2020 жылғы 10 қаңтардан кейін жасаған қылмысы үшін татуласуына байланысты бұрын қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдарға ғана қолданылады.»;
5) 13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының күдіктіге және (немесе) жәбірленушіге ҚПК-нің 64-бабы тоғызыншы бөлігінің 15) тармағында және 71-бабы алтыншы бөлігінің 8) тармағында көзделген олардың құқықтарын түсіндірмеуі, сондай-ақ тараптардың татуласуға келісімі болған кезде, оның ҚК-нің 68-бабы бірінші бөлігінің қағидаларын қолданбауы заңды елеулі бұзу болып табылады. Көрсетілген бұзушылықтар анықталған кезде, сот жеке қаулымен шаралар қолдану үшін бұл туралы прокурордың назарына жеткізуге міндетті.»;
6) 13-1-тармақта бірінші абзацтағы «, үшінші және төртінші» деген сөздер «және үшінші» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 13-2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Бір іс жүргізуде қаралатын бірнеше рет жасалған қылмыстар туралы істер бойынша өзіне айыптаудың алдыңғы эпизоды бойынша ҚК-нің 68-бабы бірінші бөлігінің ережелері қолданылған адам, ҚК-нің 68-бабының төртінші бөлігінің 8) тармағында санамаланған адамдардың қатарына жатпайды, өйткені келесі қылмыс жасалған кезде бұл адам бұрын жасалған қылмыс үшін тараптардың татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылған адам болып табылмайды.»;
8) 16-тармақтағы «айыпкер» деген сөзден кейін «, сотталушы» деген сөзбен толықтырылсын;
9) 18-тармақтағы «анықтау, алдын ала тергеу» деген сөздер «сотқа дейінгі тергеу» деген сөздермен ауыстырылсын;


6. «Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың, жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырудың және тағайындалған жаза мерзімін қысқартудың сот практикасы туралы» 2015 жылғы 2 қазандағы № 6:

1) 2-тармақтағы бесінші және алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:


«ҚК-нің 72-бабына қатысты қылмыспен келтірілген және өтелуге жататын залалға қылмыспен тікелей келтірілген залал да, сот үкімімен немесе сот шешімімен сотталған адамнан өндіріп алынған өзге де сомалар, жатады.
Сотталған адамның өтеуіне жататын қылмыспен келтірілген залалдың мөлшері сот үкімімен, сонымен қатар қылмыстық істен туындайтын азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қабылданған заңды күшіне енген шешіммен белгіленеді.»;
2) мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Сотталған адам ҚПК-нің 621-бабының екінші бөлігінде көрсетілген процестік келісімнің барлық шартын орындаған және нәтижелер басталған жағдайда ғана ҚК-нің 72-бабы үшінші бөлігінің 5) тармағының негізінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін.»;
3) 6-тармақтың бірінші абзацындағы «мерзімдерді» деген сөзден кейін «жазаның жалпы мерзіміне» деген сөздермен, «өз қаулысында ол мерзімді есепке алу туралы көрсетеді» деген сөздер «ҚК-нің 62-бабы үшінші, төртінші және бесінші бөліктерінің талаптарына сәйкес өз қаулысында осындай есепке алу туралы қаулы шығарады» деген сөздермен толықтырылсын;
4) 9-тармақтағы «ҚК-нің 72-бабының бірінші бөлігіне» деген сөздер «ҚК-нің 72-бабының үшінші, төртінші және алтыншы бөліктеріне» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 18-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«ҚК-нің 72-бабы жетінші бөлігі 1) тармағының негізінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші жойылған жағдайда, сотталған адамға бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігін өтеуге ол шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі белгіленеді.»;
6) 19-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Сот Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуді тағайындаған шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды шартты түрде мерзімінен бұрын босату кезінде ҚК-нің 72-бабының екінші бөлігіне сәйкес пробациялық бақылау қосымша жаза ретінде белгіленбейді.»;
7) 20-тармақтағы екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ҚК-нің 72-бабы екінші бөлігінің мағынасы бойынша адамды бас бостандығын шектеу түріндегі жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату кезінде пробациялық бақылау белгіленбейді.»;
8) 21-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жазаның өтелмеген бөлігі Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберумен немесе онсыз, айыппұлға ғана ауыстырылуы мүмкін.»;




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
ғылым министрлігі
оқыту мақсаттары
Сабақ жоспары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
Зертханалық жұмыс
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған әдістемелік
Қысқа мерзімді
болып табылады
бекіту туралы
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Жалпы ережелер
Инклюзивті білім
білім берудің
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
рсетілетін қызмет
әдістемелік ұсыныстар
пайда болуы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
пәнінен тоқсан
Суммативное оценивание
мемлекеттік мекемесі