Жұмыстар жасау туралы міндеттемелер


Мердiгерлiк нысанасы жойылған немесе жұмысты аяқтау мүмкiн болмаған жағдайдағы тараптар арасындағы есеп айырысу (631-бап)



бет3/3
Дата22.11.2022
өлшемі87.79 Kb.
#360933
1   2   3
Байланысты:
Жумыстар жасау туралы миндеттемелер
Сказкотерапия
Мердiгерлiк нысанасы жойылған немесе жұмысты аяқтау мүмкiн болмаған жағдайдағы тараптар арасындағы есеп айырысу (631-бап). Жалпы ереже бойынша, егер мердiгерлiк нысанасы оны тапсырғанға дейiн кездейсоқ жойылса немесе жұмысты аяқтаудың мүмкiн болмауы тараптардың кiнәсiнен болмаса, мердiгердiң жұмыс үшiн сыйақы талап етуге құқығы жоқ. Егер мердiгерлiк нысанасының жойылуы немесе жұмысты аяқтаудың мүмкiн болмауы тапсырысшы берген материал кемшiлiктерiнiң немесе оның жұмысты орындау әдiсi туралы нұсқауларының салдарынан болса, не тапсырысшы орындалған жұмысты қабылдаудың мерзiмiн өткiзiп алғаннан кейiн болса, оның үстiне мердiгер Азаматтық кодекстің 628-бабы ережелерiн сақтаған болса, мердiгер жұмыс үшiн сыйақы алу құқығын сақтап қалады.
Жұмыстың сапасы (632-бап). Мердiгер орындаған жұмыс шарт ережелерiне, ал олар болмаған немесе толық болмаған жағдайда - әдетте тиiстi тектес жұмысқа қойылатын талаптарға сай болуы тиiс. Егер заң актiлерiнде немесе оларда белгiленген тәртiпте мердiгерлiк шарты бойынша орындалатын жұмысқа мiндеттi талаптар көзделсе, кәсiпкер ретiнде iс-әрекет етушi мердiгер жұмысты осы мiндеттi талаптарды сақтай отырып орындауы қажет.
Мердiгер белгiленген мiндеттi талаптармен салыстырғанда, келісім шарт бойынша сапаға қойылатын неғұрлым жоғары талаптарға сай келетiн жұмысты орындау мiндетiн өзiне алуы мүмкiн.
Заң актiлерiнде немесе шартта мердiгердiң тапсырысшыға жұмыс сапасына кепiлдiк беруi көзделген жағдайда мердiгер тапсырысшыға бүкiл
кепiлдiк мерзiмiнiң iшiнде Азаматтық кодекстiң 632-бабының талаптарына сай болуға тиiс жұмыс нәтижесiн беруге мiндеттi. Жұмыс нәтижесiнiң сапасына кепiлдiк, егер шартта өзгеше көзделмесе, жұмыс нәтижесiн құрайтын барлық элементтерге қолданылады (633-бап). Егер мердiгерлiк шартта өзгеше көзделмесе, кепiлдiк мерзімі орындалған жұмыс нәтижесiн тапсырысшы қабылдаған немесе қабылдауға тиiс болған кезден басталады.
Жұмыстар жүргізу тұралы міндеттемелер институтында бас мердігер және қосалқы мердігерлерді айыру қажет (619-бап). Егер заң актiлерiнен немесе келісім шарттан өзгеше туындамаса, мердiгер келісім шарт бойынша жұмыстардың жекелеген түрлерін орындауға мамандандырылған басқа тұлғаларды (қосалқы мердiгерлердi) тартуға құқылы. Мұндай жағдайда мердiгер тапсырысшының алдында - бас мердiгер, ал қосалқы мердiгердің алдында тапсырысшы болады.
Бас мердiгер қосалқы мердiгердiң алдында тапсырысшының мiндеттеменi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауапты, ал тапсырысшының алдында қосалқы мердiгердiң мiндеттеменi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн жауапты болады. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшы мен қосалқы мердiгер бiр-бiрiне өздерiнiң бас мердiгермен арадағы шарттарды бұзуына байланысты талаптар қоюға құқығы жоқ.
Кейбір жағдайларда бас мердiгердiң келiсiмiмен тапсырысшы өзі жекелеген жұмыстарды орындауға үшiншi тұлғалармен дербес шарт жасасуға құқылы. Мұндай жағдайда үшiншi тұлға жұмысты орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн тiкелей тапсырысшының алдында жауапты болады.
Егер шарт бiр мезгiлде екi немесе одан да көп мердiгермен жасалса және мiндеттеме нысанасы бөлiнбейтiн болса, мердiгерлер тапсырысшыға қатысты ортақтасқан борышқорлар және тиiсiнше ортақтасқан кредиторлар болып танылады. Мiндеттеме нысанасы бөлiнетiн жағдайда, сондай-ақ заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде көзделген басқа да жағдайларда мердiгерлердiң әрқайсысы құқықтарға ие болып, тапсырысшыға қатысты өз үлесiнiң шегiнде мiндеттемелердi мойнына алады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
оқыту мақсаттары
арналған тапсырмалар
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
тоқсанға арналған
бекіту туралы
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
Инклюзивті білім
бағалаудың тапсырмалары
білім берудің
тақырыптық жоспар
туралы жалпы
пәнінен тоқсанға
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
қарым қатынас
республикасының білім
Әдістемелік кешені