Жұмыстар жасау туралы міндеттемелер



бет2/3
Дата22.11.2022
өлшемі87.79 Kb.
#360933
1   2   3
Байланысты:
Жумыстар жасау туралы миндеттемелер
Сказкотерапия
Мердiгердiң үнемi – ол мердiгердiң нақты шығыны бағаны белгiлеу (сметаны жасау) кезiнде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердiгер алған үнем орындалған жұмыстың сапасына терiс әсер еткенiн дәлелдей алмаса, мердiгер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын сақтауы.
Мердiгердiң нақты шығыны бағаны белгiлеу (сметаны жасау) кезiнде есептелгеннен кем болып шыққан жағдайда, егер тапсырысшы мердiгер алған үнем орындалған жұмыстың сапасына терiс әсер еткенiн дәлелдей алмаса, мердiгер шартта (сметада) көзделген баға бойынша жұмысқа ақы алу құқығын сақтайды. Мердiгерлiк шартта мердiгер алған үнемдi тараптар арасында бөлу көзделуi мүмкiн.
Мердiгер тапсырысшы берген материалды үнемдеп және есеппен пайдалануға, жұмыс аяқталғаннан кейiн тапсырысшыға жұмсалған материалдар туралы есеп беруге, сондай-ақ олардың қалдықтарын қайтарып беруге не тапсырысшының келiсiмiмен, мердiгерде қалған пайдаланылмаған материалдың құнын ескере отырып, жұмыстың бағасын кемiтуге мiндеттi.
Тапсырысшы мердігерлiк шартта көзделген мерзiмде және тәртiппен орындалған жұмыстың нәтижесiн мердігердің қатысуымен қарауға және қабылдауға, ал жұмысты нашарлататын шарттан ауытқулар немесе жұмыста өзге де кемшiлiктер анықталған жағдайда бұл туралы мердiгерге дереу мәлiмдеуге мiндеттi.
Жұмысты қабылдау кезiнде ондағы кемшiлiктердi анықтаған тапсырысшы, егер актiде не қабылдауды куәландыратын өзге де құжатта ол кемшiлiктер не оларды жою туралы кейiн талап қойылу мүмкiндiктерi айтылған жағдайда ғана оларға сiлтеме жасауға құқылы.
Жұмыстың нәтижесiн тексерусiз қабылдаған тапсырысшы оны қабылдаудың әдеттегi әдiсi кезiнде анықталуы мүмкiн жұмыс кемшiлiктерiне (көрiнеу кемшiлiктер) сiлтеме жасау құқығынан айрылады. Жұмыс нәтижесiн қабылдағаннан кейiн әдеттегi қабылдау әдiсi кезiнде анықталуы мүмкiн емес (жасырын кемшiлiктер), оның iшiнде мердiгер қасақана жасырған шарттан ауытқуды немесе өзге де кемшiлiктердi анықтаған тапсырысшы олар анықталғаннан кейін қисынды мерзiмде бұл туралы мердiгерге хабарлауға мiндеттi.
Тапсырысшы анықтаған жасырын кемшiлiктер туралы мердiгерге хабарлау үшiн шектi мерзiм - бiр жыл, ал үйлер мен ғимараттарға байланысты жұмыстарға қатысты, сондай-ақ жұмыс түрiне қарамастан - мердiгердiң
қасақана жасырған кемшiлiктерiне қатысты - жұмысты қабылдаған күннен бастап үш жыл болып табылады. Заң актiлерiнде немесе шартта неғұрлым ұзақ мерзiмдер (кепiлдiк мерзiмдер) белгiленуi мүмкiн. Егер шартқа сәйкес тапсырысшы жұмысты бөлiп-бөлiп қабылдаса, онда белгiленген мерзiм жұмыстың нәтижелерiн тұтасымен қабылдаған күннен басталады.
Тапсырысшы мен мердігердің арасында орындалған жұмыстың кемшіліктері немесе олардың себептерi жөнiнде дау туған кезде тараптардың кез келгенiнiң талап етуi бойынша сараптама тағайындалуға тиiс, сараптаманы өткiзу жөнiндегi шығындарды мердiгер көтередi. Ал сараптама нәтижесінде шартты бұзушылық немесе мердiгердiң iс-әрекетiмен анықталған кемшiлiктердiң арасында себептi байланыстар жоқ екенi анықталғанда сараптама жөнiндегi шығындарды оны тағайындауды талап еткен тарап, ал егер сараптама тараптардың арасындағы келiсiм бойынша тағайындалса - екi тарап тең көтередi.
Тапсырысшы орындалған жұмыстың нәтижелерiн қабылдаудан жалтарған жағдайда, егер шартта өзгеше көзделмесе, мердiгер шартқа сәйкес жұмыс тапсырысшыға өткiзуге тиiстi күннен бастап бiр ай өткен соң және тапсырысшыға бұдан кейiн екi мәрте ескерткеннен кейiн жұмыстың нәтижесiн сатуға, ал алынған соманы мердiгерге тиесiлi барлық төлемдердi шегерiп, нотариус депозитiне тапсырысшының атына салуға құқылы. Егер тапсырысшының орындалған жұмыс нәтижелерiн қабылдаудан жалтаруы жұмысты тапсыруды кешiктiруге әкеп соқса, дайындалған (өңделген) затқа меншiк құқығы өткiзiлген кезден тапсырысшыға көштi деп танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені