Биологиялық білім беру саласында авторлық жаңашыл идеяны іске асыру, альтернативті шешімдер табуға, биологиялық идеялардағы жаңашылдықты туындату, сын көзбен ойлау білімдерін дамытуға қабілетті. Білім беру мекемелерінде биолог-педагог маман ретінде педагогикалық процесті ұйымдастырады, биология пәні бойынша білім беру саласындағы міндеттерді тұжырымдау және ұқыпты шеше білуі, педагогикалық қызмет шеңберінде ақпараттық технологияларды қолдана білуі, зерттеушілік қызметін табысты іске асыра білуді меңгеруі қажет. Кәсіби қызметпен жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін, кәсіби қарым - қатынас тәсілдерін қолдана алатын қабілеттілікке ие болады.