ЖҰмыс бағдарламасы пәні: молекулалық биология және медициналық генетика пән коды: мвмg 1201 Мамандығы: 051302 «Стоматология» Курсы: 1



Дата03.04.2017
өлшемі120 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы


ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА АКАДЕМИЯСЫ

Жалпы медицина факультеті

Гистология курсымен биология, радиобиология кафедрасы
«Бекітемін»

оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректор

профессор___________ Айнабекова Б.А.

«___» ________________ 2007 г.

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пәні: МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ГЕНЕТИКА

Пән коды:МВМG 1201


Мамандығы: 051302 «Стоматология»

Курсы:1


Семестр: 1

Дәрістер: 18 сағат

Тәжірибелік сабақтар: 54 сағат

СӨЖ: 36 сағат

Сағат саны – 108 Емтихан: 1 семестр

Астана – 2007

Жұмыс бағдарламасы «Молекулалық биология және медициналық генетика» пәні бойынша 2006 жылғы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген. Хаттама №11 «14» маусым 2007 ж.ҚазММА мекемесіндегі жоғарғы және ЖОО-на кейінгі мамандықтар бойынша білім берудің оқу-әдістемелік секциясында бекітіліп басылымға ұсынылған 051302 - «Стоматология» мамандығы бойынша типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.
Жұмыс бағдарламасы

Қазақ Мемлекеттік Медицина Академиясының гистология курсымен биология, радиобиология кафедрасының мәжілісінде талқыланған


№ 1 хаттама «4» қыркүйек 2007 ж.

кафедра меңгерушісі

м.ғ.к. доцент Мамбетпаева Б.С.

Жұмыс бағдарламасы

Қазақ Мемлекеттік Медицина Академиясының қазақ бөлімі пән-әдістемелік комиссиясында талқыланған
№ хаттама «____» _____________ 200__ ж.

ПӘК төрағасы

м.ғ.д., профессор ___________________ Е.Ә.Даленов.

Жұмыс бағдарламасы

Қазақ Мемлекеттік Медицина Академиясының

Оқу- әдістемелік кеңесінде мақұлданған

№ хаттама «____» _____________ 200__ ж.

ОӘК төрайымы

м.ғ.д., профессор ____________________ Б.А. Айнабекова
2. Бағдарлама

2.1 Кіріспе

Молекулалық биология нуклеин қышқылдарының және нәруыздардың құрылысы мен қасиеттерін, матрицалық синтездерді, генетикалық материалдың ұйымдастырылуын және қызметке асырылуын, сонымен қатар, жасушалардың және ондағы органеллалардың құрылысы мен қызметінің молекулалық негіздерін, жасушадағы өсу, көбею, бөліну және жойылу үрдісін зерттейді. Медициналық генетика тұқымқуалайтын аурулардың түзілуі мен даму себептерін, олардың диагностикасын, профилактикасын және емдеуді оқытады.

Медициналық жоғарғы оқу орындарында молекулалық биологияны оқытуда интегрирленген жүйеде білім беру, жасушаның құрылысы мен қызметінің молекулалық негіздерін, гендердің экспрессиялы реттелуін, матрицалық синтездердің реттелуін, сигналдардың берілу механизмдерін түсіну үшін, базалық білімді қалыптастырады. Сондықтан, медициналық генетиканың мазмұнын құрастыратын бұл білім, тіршіліктегі қалыпты үрдістермен қатар, ондағы бұзылыстарды түсіну үшін, көптеген аурулардың түзілу себептерін анықтайтын, әсіресе хромосомалар мен гендердегі мутациямен байланысты тұқымқуалайтын ауруларға анықтама беру үшін қажет.

Мұндай қалыптасқан дайындық бірінші курстан бастап студенттерде клиникалық ойлау қабылетін түзуге мүмкіндік береді. Студент, молекулалық биологияны және медициналық генетиканы оқығанда, тіршілік үрдістеріндегі молекулалық және жасушалық негіздердің бұзылу механизмдерін және олардың, патологиялық халдің түзілуі мен көрініс беруіндегі рөлін, сонымен қатар, диагностика мен алдын алудың қазіргі кездегі молекулалы-генетикалық әдістерін оқып, игереді.

Бұл игерілген білім биологиялық химия, гистология, физиология, патологиялық физиология, жалпы иммунология, фармакология, педиатрия, неврология, акушерлік және гинекология дисциплиналарын оқу үшін теориялық база болып табылады.
2.2 Пәннің мақсаты:

Ағзадағы негізгі молекулалы-генетикалық және жасушалық механизмдер туралы қазіргі кездегі білімді студенттерде қалыптастыру және осы білімнің клиникалық тәжірибеде қолданылуы.


2.3 Міндеттері:

  • Кең тараған ауруларға эффективті диагностика, профилактика жүргізу және емдеу үшін, ағзаның қалыпты және патологиялық халдегі қызметтерінің молекулалы-генетикалық және жасушалық механизмдерінің рөлі туралы түсінікті қалыптастыру

  • теориялық және тәжірибелік медицинада, қазіргі кездегі молекулалы-генетикалық әдістер мен технологияларды қолданудың негізгі принциптері туралы түсінікті қалыптастыру

  • кең тараған тұқымқуалайтын ауруларға дер кезінде диагностика мен профилактиканы жүргізу үшін, тұқымқуалайтын патологиялардың негізгі белгілерін ажырата білуді үйрету

  • медицинадағы молекулалы-генетикалық зерттеулер табыстарын қолданудың этикалық және құқықтық нормалары туралы түсінік беру

  • тұқымқуалайтын аурулар бойынша, ғылыми әдебиеттермен және электрондық мәліметтер базаларымен жұмыс істеу дағдысын үйрету


2.4 Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студент білуге тиіс:

  • тіршілік ұйымдарының жасушалық және молекулалы-генетикалық деңгейлері;

  • тұқымқуалайтын материалдың гендік, хромосомдық және геномдық деңгейдегі құрылымды–қызметтік ұйымы

  • жасушааралық өзара әсерді қамтамасыз етудегі биологиялық мембрананың рөлі, қалыпты және патологиялық халдегі мембраналық тасымалдау мен сигнализация механизмдері

  • генетикалық және жасушалық гомеостаздың тұрақтылық сақтауының негізгі механизмдері;

  • тұқымқуалайтын өзгергіштіктің түзілу себептері мен механизмдерін және олардың, адамдағы тұқымқуалайтын патологиялар мен дамудағы туа біткен ақаулардың түзілуіндегі рөлі;

  • адамдағы тұқымқуалайтын патологиялррдың негізгі белгілері;

  • тұқымқуалайтын аурулар диагностикасының; профилактикасының және емдеуінің негізгі қағидалары;

  • молекулалы-генетикалық әдістер мен технологияларды медицинада қолданудың негізгі қағидалары;

  • молекулалы-биологиялық және генетикалық терминологияны халықаралық тілде;


Студент істей білу:

  • молекулалы-генетикалық үрдістер туралы білімін ауру дамуындағы механизмдерді түсіндіру үшін қолдану;

  • адамдағы негізгі, анағұрлым кең тараған тұқымқуалайтын ауруларды ажырата білу;

  • хромосомалардың әртүрлі түрлерін дифференцирлеу және адамның қалыпты және патологиялық кариотипін ажырата білу;

  • адамның тұқымқуалайтын ауруларына болжам жасау үшін, генеалогиялық әдісті қолдану;

  • арнайы сөздік материалын, молекулалы-биологиялық және генетикалық терминологияны, электрондық генетикалық мәліметтер базасын және т.б. қолдану;


2.5 Реквизитке дейінгі: Жалпы биология, химия, медициналық биофизиканың мектептегі курсы

2.6 Реквизиттен кейінгі: биохимия, гистология, микробиология, физиология, патологиялық физиология, фармакология, ішкі аурулар, балалар ауруы, неврология, балалар стоматологиясы.

2.7 Сабақтың тақырыптық жоспары




Дәріс тақырыптары

Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы

1

Нуклеин қышқылдары, жіктелуі, құрылыс, қызметтері, биосинтезі

Жалпы шолу

2

2

Нәруыз биосинтезі. Про- және эукариот гендерінің экспрессиялы реттелуі.

Жалпы шолу

2

3

Генетикалық гомеостаздың бұзылуы және оның адам патологиясында көрініс беруі.

Жалпы шолу

2

4

Қалыпты және патологиялық жағдайдағы биологиялық мембрана қызметінің молекулалы генетикалық мезанизмі.

Жалпы шолу

2

5

Жасушааралық сигнализация және интеграцияның молекулярлық механизмдері.

Жалпы шолу

2

6

Жасушалық цикл және оның реттелуінің молекулалы-генетикалық механизмдері. Апоптоз. Канцерогенез.

Жалпы шолу

2

7

Даму генетикасы.

Жалпы шолу

2

8

Адамның тұқымқуалайтын аурулары. Тұқымқуалайтын аурулардың негізгі топтары.

Жалпы шолу

2

9

Экогенетика және фармакогенетика негіздері

Жалпы шолу

2




Жалпы сағат саны: 18












Тәжірибелік сабақтың тақырыптары

Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы

1

Молекулалық биологияға кіріспе. Нәруыздардың құрылысы мен қызметтері

семинар

3

2

Нуклеин қышқылдарының құрылысы мен қызметтері

семинар, ситуациялық есептерді шығару

3

3

Нуклеин қышқылдарының биосинтезі

семинарлар, ситуациялық есептерді шығару

3

4

Генетикалық код, түсінік, қасиеттері. Нәруыз биосинтезі

семинар, ситуациялық есептерді шығару

3

5

Жасушаның генетикалық аппараты

Семинар.

3

6

Мутациялар. Жіктелуі. Репарация.

Семинар

ситуациялық есептерді шығару



3

7

Молекулалы-генетикалық зерттеу әдістері және оларды медицинада қолданылуы

Семинар

3

8

Аралық бақылау – коллоквиум

Коллоквиум

3

9

Жасушаішілік органеллалардың құрылысы мен қызметі

Семинар

Препараттарды микроскоптан қарау



3

10

Цитоқаңқа. Жасушааралық байланыстар, жасушаралық адгезия, жасушаішілк матрикс

Семинар

3

11

Жасушаға сигналды берудің молекулалық механизмдері және негізгі этаптары

Топпен жұмыс

3

12

Жасушалық цикл және жасушаның бөлінуі. Жасуша пролиферациясы реттелуінің молекулалы-генетикалық механизмдері

Семинар

Препараттарды микроскоптан қарау



3

13

Аралық бақылау – коллоквиум

Коллоквиум

3

14

Жеке даму генетикасы

Дамудың туа біткен ақауларының генетикасы



Семинар

3

15

Медициналық генетикаға кіріспе. Белгілердің негізгі тұқым қуалау типтері.

Семинар

3

16

Адамның тұқымқуалайтын аурулары, жіктелуі, медико-элеуметтік маңызы

Семинар

3

17

Тұқым қуалайтын ауруларды диагностикалау әдістері және профилактикасы. Емдеу әдістері.


Семинар

3

18

Аралық бақылау – коллоквиум

Коллоквиум

3




Жалпы сағат саны: 54









Студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары


Өткізу түрі

Сабақтың ұзақтығы

1

Генетикалық инженерия негіздері.

Реферат

4

2

Ағзаларды клондау

Реферат

4

3

Везикулярлық тасымалдау

Әдебиеттермен жұмыс

4

4

Қартаюдың молекулалы-генетикалық механизмдері

Глоссария құрастыру

4

5

Гаметогенез. Оогенез. Сперматогенез.

Тесттік тапсырмаларды орындау

4

6

Мейоз. Генетикалық материалдың рекомбинациясы.

Тесттік тапсырмаларды орындау

4

7

Адамның жыныс генетикасы

Ғылыми баяндамаларды дайындау және қорғау

3

8

Бағаналық жасушалар, медициналық маңызы

Ғылыми баяндамаларды дайындау және қорғау

3

9

Адамның тұқымқуалайтын патологиясындағы тұқымқуалаушылық пен ортаның рөлі.

Ғылыми баяндамаларды дайындау және қорғау

3

10

Генетические последствия загрязнения окружающей среды в Казахстане

Ғылыми баяндамаларды дайындау және қорғау

3




Жалпы сағат саны: 36







2.8 Сабақ беру және оқыту әдістері:



  • Дәрістер: жалпы шолу және мәселелік.

  • Тәжірибелік сабақ: семинарлар, ситуациялық есептерді шығару, мультимединалық мәліметтер базасымен, компьютерлік модельдермен және бағдарламалармен жұмыс, препараттарды микроскопирлеу; кіші топтармен жұмыс (РBL): іскерлік ойындар, жағдайды талдау, ситуацияны модельдеу.

  • Студенттердің өзіндік жұмысы:

әдебиеттермен, электрондық мәліметтер базасымен және компьютерлік оқыту бағдарламаларымен жұмыс, ситуациялық есептерді шығару; глоссария, аурудың диагностикасы мен профилактикасының алгоритмін құрастыру, тесттік тапсырмаларды орындау, ғылыми баяндамаларды дайындау және қорғау, эссе
2.9 Білімдерін және дағдыларын бағалау әдістері:

  • Күнделікті бағалау: тестілеу, жазбаша/ауызша сұрау, бағдарланған бақылау, ситуациялық есептерді шығару, жұмыстың орындалу нәтижелерін көрнекілеуді және т.б. тексеру, кіші топтардағы жүргізілген жұмыс бойынша, өзіндік және топтық бағалау.

  • Аралық бақылау: коллоквиум

  • Қорытынды бақылау: емтихан


2.10 Ұсынылатын әдебиет:
Орыс тілінде:

Негізгі оқулықтар:



  1. Мушкамбаров Н.Н. Кузнецов С.Н. Молекулярная биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов, Москва: Наука, 2003, 544 с.

  2. Фаллер Д.М., Шилдс Д. Молекулярная биология клетки. Руководство для врачей. Пер с англ. М.: БИНОМ – Пресс, 2003.- 272 с.

  3. Гинтер Е.К. Медицинская генетика. М., Медицина, 2003.

  4. Генетика. Учебник для ВУЗов/ Под ред. академика РАМН В.И. Иванова. – М..: ИКЦ «Академкнига», 2006.– 638с.: ил.

  5. Введение в молекулярную медицину./Под.ред. М.А.Пальцева, М.Медицина, 2004

Қосымша:


  1. Уилсон Дж., Хант Т. Молекулярная биология клетки. Сборник задач. Пер. с англ.- М., Мир, 1994.- 520 с.

  2. Казымбет П.К., Мироедова Э.П. Биология. Учебное пособие для студентов медицинских вузов. – Астана, 2006, 2007.

3. Медицинская биология и генетика/ Под.редакцией Куандыкова Е.У., Алматы, 2004
Қазақ тілінде:

Негізгі:


  1. П.Қ.Қазымбет, Л.Аманжолова, Қ.Нұртаева. Медициналық биология. Алматы 2002.

  2. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. Алматы, 2006.

Ағылшын тілінде:



  1. Alberts et al: Molecular biology of the cell, Second edition, 2000, Garland, New York and London.




Каталог: student -> umkd training methodical package of disciplines -> 2013 -> biology-umkd -> stom-1
biology-umkd -> Конденсор қандай рөл атқарады
biology-umkd -> ЖҰмыс бағдарламасы пәні: молекулалық биология және медициналық генетика пән коды: мвмg 1201 Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина» Курсы: 1
biology-umkd -> Кафедра меңгерушісі: Мамбетпаева Бахыт Смағұлқызы, медицина ғылымдарының кандидаты
biology-umkd -> ЖҰмыс бағдарламасы пәні: медициналық биология және генетика пән коды: mbmg 1201 Мамандығы: 051101 «Мейрбике ісі»
biology-umkd -> Биология кафедрасы
2013 -> Курсы: 1 Мамандығы: 5В110400 Медицина-профилактикалық ісі
stom-1 -> Курсы: 1 Семестр: 1 Астана 2012
biology-umkd -> ЖҰмыс бағдарламасы пәні: Даму ақаулықтары қалыптасуының биологиялық негіздері бойынша электив Мамандығы: 051301-«Жалпы медицина»


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар