ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»


Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы

Loading...


бет16/16
Дата20.03.2020
өлшемі416.12 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

бөлімшелерде қарт науқастар күтімінің негізгі қағидаларын, түрлі жүйе, ағзалар ауруымен сырқаттанатын науқастарға күтім жасау ережелерін үйрену.



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1.Егде және ересек жастағы науқастарға тән психологиялык ерекшеліктер:

а) Жиі көңіл бөліп өткені туралы оңгімслесу;

Ь) Жиі көңіл боліп казіргі жақдай және келешегі туралы әңгімелесу;

с) Жакын уакьіттағы оқиғаны ссте сактауыныц төмсндеуі;

д) Қарым - қатынасты жоғарылату;

е) Түйыктық

2. Егде және ересек жастагы науқастың түнгі ұйқысынын
бүзылуының негізгі себептері:

а) Урологиялық ауруларда дезуриялық көңілдің бүзылуы

Ь) Күндізгі үйқыдан ксйін;

с) Күндізгі емде емдеу- коріау уақытының бүзылуы;

(д) Тыныштандыратын жоне үйыктатын дәрігергс үйренуі;

3. Егде және ересек жастагы наукастардың бакытсыз жағдайға
үшырауының негізгі себептері:

а) Медицина кьізметкерлерінІң ваіша қабылдату;

Ь) Естуі мсн көруінің нашарлауы;

с) Тепе- теңдік пен координацияиың бүзылуынан;

д) КүрделІ қимыл белсенділігінен;

е) Палата мсн дәліздің (коридор) жарыкты нашарлығынан;

ж) Жылжып жүретін орындар мсн тірскке бейімділіктің болмауынан.

4. Ересек жастагы наукастын үзақ уақыт бойы төсекте жатуының аяғы ... аяқталады.

а) Өкпсдегі даму қүбылыстарыпың. тоқтау кауіптілігі

Ь) Қан үйығының асқынуының найда болу мүмкіндігі;

с) Зәрді жіберудің қиындауы мен қоспаның зорайуы;

д) Жүрек акауы белгілерінің есуі.

5. Егде және ересек жасгағы наукастарды күтудің негізгі іс- шаралары:

а) тері жамылғысына күтім.
Ь) қатпаның алдын алу;

с) зарді жіберуді бақылау;

б) термометрмеи жиі кызуды өлшеу;
е) емдік және дсне піынықтыру


6. Егде және ересек жастағы науқастың .. ауруда зәрді
үстамауы байқалады.

а) зәр шығару мүшелерінің ауруларында;

Ь) созылмалы бауыр кемістігінде

с) ми қанайналымынын бүзылуынан;

д) (деменция) кәрілік жарыместік

7. Егде және ересек жастагы адамда іш қатуын болдырмас үшін... жасау керек.

а) шөп дәрісін пайдалану;

Ь) майсана майын және тузды әлсіздікті пайдалану;

с) тазалау клизмасын жасау

д) тамаққа жемістер мен көкөністерді күнделікті тиімді пайдалану;

е) науқастьщ қимыл белсенділігін арттыруы.

8. Егде және ересек жастағы науқасқа тамақтаиу жөнінен қандай үсыныс беру:



а) тамақтың күрамыщшы тез сіңірілетін комірсуын шектеу
Ь) ас түзын пайдалануды шсктеу

с) тамақтағы ақуыз молшерін азайту

б) суйықты пайдалануды іиектеу

9. Егде және ересек жастағы науқастьш ауруын емдеудің негізін көрсет ?

а) бір ауруда аурудың бірнеше түрін тіркеу

Ь) аурудың жабык жәнс. аз белгілері бар түрі

с) аскынудьщ дамуына бейімділік

д) клиникалык белгілердің айрықша белгісі

10. Егде жастагы науқаска қарағанда жас адамга дәрі -дәрмектіц әсерінін ерекшелігін көрсет.

а) аскорыту жүйесінде өте тез сіңірілу;

Ь) аскорыту жүйесінде өте баяу сіңірілуі

с) агзадан дәрінің өте тез шығарылуы

д) косалқы жәнс уландыратын заттардың өте жиі дамуы.

Ситуациялық есептер

І . Жүйке аурулары бөлімінде наукас Асамбаев жатыр, 78 .. жаста диагнозы : инсулът. Науқастың ақыл - есі дүрыс, бірақ сң қолының сал болуына байланысты өздігінен тамактана алмайды. Осындай науқасты қалай тамақтандырасыңдар?

II. Травмотология бөлімінде Ишамова деген наукас жатыр, 70 жаста сан сүйегінің мойны сынған. Наукастың оң тізесі мен табанына гипстен етік кигізілген, катаң төсек тәргібі сақталу керек. Сол аймактың терісі кызарып сол аймақтың
сезгіштік касиеті төмендеген деп көрсеткен.

  1. Науқаска не болды ?

  2. Қандай іс- шара көрсету керек?

  3. Гипсті етікке қандай күтім жасау керек?

III. Жүйке аурулары бөлімінде 80 жастағы Иванов С. жатыр, ол үзак төсек тәртібінде, ол төмендегідей шағым жасай бастады: қакырықты жөтел, ентігу, дене температурасының 38,5 С көтерілуі, әлсіздік, кірбің

  1. Науқасқа не болды?

  2. Сіздің тәсілідіз (тактика)

IV. Қабылдау бөліміне 70 жастағы науқас Васильев келіп түсті, диагнозы : аденома. Наукастың өткір зәр бөгелісі.

  1. Сіздің тәсіліңіз (тактика)

  2. Қуықты катетеризациялау техникасы қандай ?

  3. Науқасты қай бөлімге жатқызу қажет?

13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет


14 – сабақ
1 Сабақтың тақырыбы: Халі нашар және жанталас үстіндегі науқастарға күтім жасау . Клиникалық өлім кезіндегі реанимациялық шаралар.

2. Сағат саны: 180 мин (100%)

3.Сабақ түрі: практикалық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларды халі нашар және жанталас үстіндегі науқастарға күтім жасаумен, клиникалық өлім кезіндегі реанимациялық шаралармен таныстыру.

тәрбиелік: оқушыларды халі нашар және жанталас үстіндегі науқастарға күтім жасау кезінде этика және деонтологиялық заңдылықтарды ұстануға тәрбиелеу.

дамыту: оқушыларда халі нашар және жанталас үстіндегі науқастарға күтім жасау, клиникалық өлім кезіндегі реанимациялық көмек көрсету қабілеттілігін дамыту.

5. Оқыту әдісі: рольдік ойындар, жағдайды моделдеу

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютер, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, буклеттер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б) оқыту орны: № 2, 3, 4 бөлмелер.

7. Әдебиеттер:

Негізгі (Н)

1.Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.



Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А. – Көкшетау, 2006.



8. Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (12%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 28 мин (30%)

  • Егде және ересек жастағы ауруларды күтудегі практикалық дағдыларын меңгерту.

  • Осы жастағы адамдардың арасындағы жиі кездесетін ауруды байқау.

  • Жасанды тамақтандырылатын тамақты үйымдастыру.

  • Егде және ересек адамдардың жеке басының гигиенасы.

  • емдік дене шынықтыру

  • Бақытсыз жағдайды, сыныкты емдеу.

  • Гериатрикалық науқастардың өкпе қабыну ауруының алдын алу.


10. Жаңа сабақты түсіндіру : 54 мин (60%)

Жоспар:



  • реанимация түсініктемесі

  • клиникалық және биологиялық өлім белгілері

  • тыныс алу жолында кедергі кездескендегі белгілер

  • жүргізілетін реанимациялық шаралардың тиімді әсерлері

  • қарапайым жүректік, өкпелік реанимациялық көлемі және реттілігі

Реаниматология – ағзаның қайта тірілту аспектілерін оқытатын, клиникалық медициналық бөлімі. Реанимация – ағзаның тіршілік әрекетін қайта қалыптастыру үшін қолданылатын әртүрлі жүйелі шаралар атауы. Жүрек соғысы тоқтағанда, тыныс тоқтағанда, ағза әртүрлі умен уланғанда, ауыр соққы алғанда, қан жоғалтқанда, өткір бүйрек және бауыр қызметінің жетіспеушілігінде және қышқыл – сілтілі күй бұзылғанда реанимациялық шаралар қолданылады. Ауыр халдегі науқас негізінен аурудан емес, оның асқынуынан қайтыс болады. Сондықтан ауыр халдегі науқастар ерекше күтіммен ұқыпты қарауды қажет етеді.

Өлім – ағзаның тіршілік әрекетінің тоқтауы. Танатология (tanatos - өлім) - өлім кезіндегі ағзада болатын клиникалық, биохимиялық және морфологиялық өзгерістердің механизмі оқытатын ілім. Өлімге алып келетін себептер мен әсерлер танатогенез деп аталады. Өлімнің негізгі себептері: ағза мүшелерінің қызметінің бұзылуы, көп мөлшерде жоғалту, миға қан құюлу, улану, жүрек және тыныс алу жүйелерінің қызметінің жестіпеушілігі.

Клиникалық өлім – ағзаның өмір сүру әрекетінің уақытша тоқтауы. Бұл кезде ішкі мүшелер мен ұлпалар өз қызметін тоқтатпайды. Клиникалық өлім 5-6 минутқа созылады. Осы уақыт аралығында реанимациялық шаралардың көмегімен ағзаның тіршілік әрекетін қалпына келтіруге болады. Клиникалық өлім кезінде көмек көрсетілмесе биологиялық өлімге ұшырайды. Ағза түгелдей тіршілігін тоқтатады. Қайта тірілтуге болмайды. Клиникалық өлім мерзімін дене температурасын (8-12С) төмендету арқылы 1-1,5 сағатқа созуға болады.

Клиникалық өлім белгілері: Ірі қан тамырларының (ұйқы, сан, иық) соғысының болмауы, Есін жоғалту, Қарашықтың кеңеюі, тырысу, тыныстың тоқтауы,



Жүрек - өкпе реанимациясындағы көрсетілетін көмек реті:

  1. науқастың жалпы күйін (ақыл –есін, дене температурасын, жүрек соғысын, демалысын) бағалау

  2. тыныс алуын қамтамасыз ету

  3. жасанды тыныс алуына көмектесу

  4. жүрекке тікелей емес массаж жасап, қан айналымын жақсарту

Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру

  1. Науқасты көлденеңінен жатқызып, жауырының астына жастықша қою керек, тар киімдерін шешіп, ауыз қуысын ашу керек. Төменгі жағын төменге – алға түсіріп, жасанды болса алу керек.

  2. Науқастың басын барынша шалқайту (сол қолмен маңдайыннан, оң қолмен мойынан ұстау арқылы)

  3. Жақ аралығына бинт не желім (пластмасса) тығынды қою

  4. Жұтқышшақтың ауыз бөлігінен бөгде заттарды алып тастау. Бөгде заттарды сұқ саусақпен алады. Ол үшін науқастың басын бір жағына қисайтып, аса сақтықпен бөгде затты алады. Ауыз қуысын электр сорғышпен тазалаған дұрыс. Тыныс жолдарынан құсық массасын, кілегейлерді алу үшін науқасты ішімен не қырымен жатқызып алады. Бұл әдісті омыртқа жотасы зақымдағанда қолдануға болмайды.

Бөгде заттарды тыныс долдарынан алу

  • бөгде затты саусақпен алу

  • бірнеше рет жауырын тұсынан ұру

  • алдынан артқа, төменнен – жоғары бағытында кіндік айналасынан 5 рет соққы беру. (Гейнлих әдісі). Жүкітіліктің соңғы айларындағы әйелдер мен толық адамдарға соққыны төстің ортаңғы бөлігінен береді. Кейіннен науқастың тыныс алуын анықтау керек. Қажет болса 3-5 минут көлемінде 3-5 науқасқа дем беру керек.

Өкпеге жасанды дем беру

    1. «Ауыздан ауызға», «ауыздан мұрынға» дем беру тәсілдері:

1 – тәсіл – бір қолмен науқастың мұрнын қысып,

2 – тәсіл – қолмен науқастың ауызын ашып, дем жібереді

3 – тәсіл – бұл тәсілде науқастың аузы жабық тұруы керек.

Ауаны мұрынға енгізу минутына 10-12 рет болуы керек.

Сильвестров тәсілі бойынша өкпеге альтернативті жасанды дем беру тәсілі. Егер жоғарыдағы тәсілдері қолдануға болмаса, онда:


  • кеуде қуысындағы төменгі қабырғаларды ырғақты сығу керек

  • жауырын астына 15-20 см жастықша қою

  • науқастың қолын жоғары көтеріліп, дем беріп, қолын кеудесіне қойып демді шығару керек.

Қан айналымын қалпына келтіру

Жүрекке тікелей емес массаж жасау арқылы қан айналымын қайта қалпына келтіруге болады. Науқасқа массаж жасауды ертерек бастау, оның тіршілік әрекетінің қайта қалпына келуіне ықпал етеді. Массажды жүрек тоқтағаннын кейінгі 4-5 минут аралығында жасау керек. Бұл тәсілді ұйқы артериясының соғуы тоқтағанда тыныс тоқтағанда, қарашық кеңейгенде, қарашыққа жарық әсер еткенде қолданады.


Жүрекке массаж жасауды орындау

  • науқасты арқасымен қатты жерге (еден, жер) жатқызыңыз

  • науқасқа массаж жасайтын орынды белгілеңіз (төстің төменгі 1/3-і)

  • бір қолдың үстіне 2 қолдың алақаның қойып, науқасқа массаж жасайды.

  • Жүрекке массажды минутына кемінде 60 рет жасау керек.

Жүрекке массаждың тиімді әсерінің көрсеткіштері

  • әр бір сығудаң кейін артеричның соғуы

  • қарашықтың тарылуы

  • тыныс алудың қалпына келуі

Егер реанимациялық көмекті 1 адам атқарып жатса, онда кеуде қуысын әрбір 15 сығудан кейін 1-2 сек. Ұзақтығында өкпеге 2 реттен энергиялы, баяу дем жіберуі керек. Ауа өңешке кетпеуі үшін науқастың басының орналасуын қадағалап отыру керек.

Егер реанимациялық көмекті 2 адам атқарып жаста, онда минутына кеуде қуысын 80 рет сығып, өкпееге 12 рет жасанды дем беру керек (5-6 сығудан кейін 1 рет дем жіберу). Егер массаж ырғағымен ірі қан тамырлары соқса, тыныс пайда болса, көгеру жойылсы, қарашық кішірейсе массаж жасау тиімді болды деп есептеледі. Егер жоғарыдағы аталған белгілер 30-40 минуттан соң байқалмаса массаж тиімсіз делініп, тоқтатылады.



Биологиялық өлім белгілері: тыныстың түгел бітуі, тамыр соғуының тоқтауы, көз жанарының сөнуі. Қарашыққа жарықтың сезінбеуі

  • дененің сууы

  • дененің төменгі бөлігінде өліктік пайда болуы

  • дененің сіресіп қалуы

Мәйітпен жұмыс білу ережесі. Құжаттарды толтыру.

Сырқаттың өлімін дәрігер белгілейді. Ол ауру тарихына өлімінің уақытын дәл жазады. Мәйітті шешіндіріп, аяқ – қолын созып, шалқасынан жатқызады. Аяқтарын байлап, көзін жауып, ақ жаймамен жабады да 2 сағаттай төсекте қалдырады. Тек өлім дақтары пайда болғаннан кейін ғана медбике мәйіттің санына оның аты – жөнін, ауру тариханың нөмірін, диагнозын, өлген мерзімін жазады. Ал мәйіттің аяғына мәйіт туралы мәліметтердің қайда жазылғаны туралы бағыттама жапсырады. Туыстарына қайтыс болғаны туралы хабарлайды, бағалы заттарын туыстарына не кезекші дәрігерге береді.

Өлікті сойып тексеруге патологиялық – анатомиялық бөлімшеге тек мәйіттің дақ пен сіресу пайда болғаннан 1 сағаттан соң жіберіледі.

Егер үйде қайтыс болса, онда бөлімшелік дәрігер келіп, клиникалық диагноз бен өлімнің себебі туралы анықтама жазып беоеді.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 62 мин (70%)

Жасанды тыныстандыру және жүрекке жанама массаж жасау техникасын, өлімді анықтауды, мәйітпен жұмыс жасау ережелерін үйрену



12. Жаңа тақырыпты бекіту. 18 мин (20%)

Оқушылардың білім денгейін тест және ситуациялық есептерді шешуіне байланысты бағалау.



Тесттер:

1. шок кезінде Альговер индексі:

а) систолалық АҚ : ОВҚ

б) тыныс жиілігі : ОВҚ

с) жүректің жиырылу жиілігі : ОВҚ

д) жүректің жиырылу жиілігі : систолалық АҚ

е) систолалық АҚ : жүректің жиырылу жиілігі

2. Жарақаттық шокты түсіндірудегі қан және плазма жоғалту теориясының авторын атаңыз:

а) Крайль

б) Кохер

с) Павлов

д) Блелок

е) Пирогов

3. Шок кезінде қан айналымының «орталықтануы» ... қан айналымын сақтау үшін бағытталған.

а) бауыр мен бүйректің

б) ұйқы безінің

с) ми, жүрек және өкпенің

д) өкпе, бүйрек үсті безі мен бүйректің

е) ұйқы безі, бауыр мен бүйректің

4. Жүрек қызметі тоқтағанда ОНЖ қайтымсыз бұзылыстары ... минуттан кейін дамиды.

а) 1-2

б) 15

с) 5 - 6

д) 10 – 12

е) 30

5. «Үштік тәсілді» орындау үшін ... қажет.

а) басын артқа шалқайту
б
) төменгі жақты алдыға ығыстыру

с) ауызды ашу

д) аяқтарды 23 – 40 градусқа көтеру
е) «ауыздан ауызға» ӨЖД


6. Жүрекке жабық массаж жасаудың тиімділігін ... арттырады.

а) науқасты жылыту

б) массажды қатты жазықтықта орындау

с) аяқтарды 23 – 40 градусқа көтеру

д) плазма алмастырушыларды венаға енгізу

7. Реанимациялық шараларды жүргізгенде адреналинді ... енгізеді.

а) шөп дәрісін пайдалану;

б) майсана майын және тузды әлсіздікті пайдалану;

с) тазалау клизмасын жасау

д) тамаққа жемістер мен көкөністерді күнделікті тиімді пайдалану;

е) науқастьщ қимыл белсенділігін арттыруы.

8. Қарқынды емдеу бөлімінде:



а) порционник құрастырады

б) электрофорез қолданады

с) емдік дене шынықтыру сабақтары өтеді

д) рентгенологиялық зерттеу жүргізіледі

Ситуациялық есептер:

№1. Қабылдау бөлімшесіне жедел жәрдем көлігімен науқас келіп түсті. Тексергенде ұйқы артериясында тамыр соғысының сәл анықталады, көз қарашығы кішірейген, жарыққа реакциясы сәл анықталады, тыныс алуының тоқтауы, есін білер-білмес, еріндері көгерген, жүрек тондары сәл сезіледі. Сіздің диагнозыңыз?

Жауабы. Клиникалық өлім.

№2. Клиникалық өлім (ұйқы артериясында тамыр соғысының сәл анықталады, есін білер- білмес , жүрек тондары сәл сезіледі) кезіндегі сіздің іс-әрекетіңіз:

Жауабы:


  1. Тыныс алу жолдарынан ауаның өтуін қамтамасыз ету;

  2. Өкпеге жасанды тыныс алдыру ол үшін ауызға және мұрынға дем беру

  3. Жүрекке тікелей емес массаж жасау 1:30 рет

13. Сабақты қорытындылау. 4 мин (4%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады



14. Үйге тапсырма беру. 4 мин (4%)

Н-1, 6 – бөлім , 332 – 349 бет


16

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
Конкурс ткізу
стандарттарын бекіту
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік материалдар
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
жалпы білім
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
білім беруді
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
дістемелік кешен
мелетке толма
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...