ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Мейірбике ісі негіздері» Мамандығы: 0302000 «Мейірбике ісі»

Loading...


бет1/16
Дата20.03.2020
өлшемі416.12 Kb.
түріЖұмыс бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академия
Техникалық және Кәсіптік Білім Беру Факультеті
Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және

реаниматология курсымен



Бекітемін

ТжКББФ деканы

_____________ М.Ә. Отыншиев

«______» ____________ 2010 ж.




ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән: «Мейірбике ісі негіздері»

Мамандығы: 0302000 - «Мейірбике ісі»

Біліктілігі: 0302033 - «Жалпы практика мейірбикесі»

Курс: 2, 3

Семестр: 3, 4, 5

Cағат саны: 180

Шымкент 2010 ж.
Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 5 тамыздағы № 604 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес құрылды.

Кафедра мәжілісінде қаралды.

«____» _____ _____________ 2010 ж. Хаттама № _______
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент А.Ә. Әлдешев

Әдістемелік кеңес мәжілісінде бекітілді.

«____» ______ ___________ 2010 ж. Хаттама № _______
Әдістемелік кеңес төрайымы Н.Р. Джуманкулова
Дайындаған оқытушы Г. Р. Джураева

Бағдарлама:


  1. Алғы сөз

Оқу бағдарламасы 0302000 – «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Мейірбике ісі негіздері» типтік оқу бағдарламасына сәйкес әзірленді.

«Мейірбике ісі негіздері» пәнін оқып үйрену болашақ маманның кәсәптік құзыреттілігін қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылады. Жұмыс бағдарламасы білім алушыларға емдеу мекемелеріндемынадай біліктер мен дағдыларды алу үшін практикалық сабақтарды өткізуді қарастырады:



  • науқастарға жалпы күтім жасау бойынша;

  • медициналық ұйымдарда инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша;

  • дәрілік заттарды енгізу бойынша;

  • науқасты аспаптық әдіспен зерттеуге дайындау бойынша;

  • организмнің түрлі жүйелерінің бұзылысы кезінде мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру бойынша;

  • ауыр және агониядағы науқастар күтімі бойынша

  • клиникалық өлім кезінде жүргізілетін реанимациялық іс – шаралар бойынша.

Практикалық сабақтар қазіргі заманғы талапқа сай жабдықталғанклиникаға дейінгі оқу кабинеттерінде және емдеу мекемелерінде өткізіледі.

Сабақ өткізу түрлері:



  • білім беру мекемесінің сабақ кестесі бойынша жүргізіледі (теориялық, практикалық).

Сабақ берудің әр түрлі формалары қолданылады: іскерлік ойындар, сабақ – конференция, клиникалық жағдайды моделдеу, топтық бағытталған оқыту әдісі.

2. Тақырыптық жоспар



Тараулар мен тақырыптардың аталуы

Сағат саны

Оның ішінде

Теориялық

сабақ


Тәжірибелік сабақ

1

«Мейірбике ісі негіздері» пәніне кіріспе

2

2



1.1


Мейірбике ісі философиясы. Медициналық этика және деонтология

2

2




2


А құзыреттілік аумағы – Медициналық ұйым типтеріжәне олардың жұмысын ұйымдастыру негіздері

16

4

12

2.1

А 1 модулі ЕСҰ негізгі типтері.

2

2




2.2

А 2 модулі Қабылдау бөлімшесінің құрылымы мен негізгі қызметтері. Пациенттерді қабылдау және тіркеу

6

2

4

2.3

А 3-4 модулі Пациентті санитариялық тазалау.Толық, жартылай. Педикулез айқындалған кезде санитариялық тазалаудан өткізу.

4




4

2.4

А 5 модулі Емдеу бөлімшелеріне жеткізу

4




4

3

Б құзыреттілік аумағы –Инфекциялық қауіпсіздік. Инфекциялық бақылау

26

10

16

3.1


Б 1 модулі Аурухана ішілік инфекция мәселелері және инфекциялық бақылау

8

4

4

3.2

Б 2 модулі Дезинфекция: түрлері, әдістері, қолданылатын заттар.

6

2

4

3.3

Б 3 модулі Емдеу бөлмелерін жинап -тазалау түрлері.

6

2

4

3.4

Б4 модулі Медициналық тағайындалған заттарды өңдеу кезеңдері Қалдықтар классы.


6

2

4

4

В құзыреттілік аумағы - Медициналық ұйымдардағы емдеу-сақтау режимі

12

4

8

4.1


В 1 модулі Медициналық ұйымдардағы емдеу-сақтау режимін ұйымдастыру

6

2

4

4.2

В 2 модулі Науқастың төсектегі қалпын өзгертуде науқас пен мейірбике денесінің биомеханикасы

6

2

4

5

Г құзыреттілік аумағы – Пациенттің жеке басының тазалығы

20



20

5.1

Г 1 модулі Ауыр халдегі науқастарға күтім жасау. Физиологиялық қажеттіліктерін өтеуге жайлы жағдай жасауға арналған функционалдық кереуеттерді қолдану

4



4

5.2

Г 5 модулі Науқастың астын жуу. Науқасқа дәретсауыт пен несепсауытты беру.

4




4

6

Д құзыреттілік аумағы – Науқастарды тамақтандыру

8




8

6.1

Д 1 модулі ЕСҰ – да емдік тамақтандыруды ұйымдастыру.

4




4

6.2

Д 2 модулі Ауыр халдегі науқастарды тамақтандыру.

4




4

7


Е құзыреттілік аумағы – Қарапайым физиотерапия. Науқастың функционалдық жағдайын бағалау

8




8

7.1

Е 1 модулі Қыша қағаз, оңқа (банка), жылытқы, мұз, компрес қолдану алгоритмі.

4




4

7.2

Е 2 модулі Науқастың функционалдық жағдайын бағалау. Науқасты бақылау. Тамыр соғуын анықтау және сипаттау. АҚҚ өлшеу техникасы. Тыныс алу жиілігін есептеу

4




4

8

Ж құзыреттілік аумағы – Дәрілік заттарды (энтеральдық, сыртқы, ингаляциялық қолданыстар) енгізу жолдары

12




12

8.1

Ж 1 модулі Дәрілік заттардың негізгі топтары. Дәрілік заттарды жаздырып алуға қойылатын талаптар. Дәрілік заттарды есепке алу, оларды сақтау, есептен шығару

4




4

8.2

Ж2 модулі Пероральдық дәрілік заттарды бөлу, тарату және қолданылуын бақылау.

4




4

8.3

Ж 3модулі Дәрілік заттарды сыртқы және ингаляциялық жолмен енгізу әдістері.

4




4

9

З құзыреттілік аумағы – Дәрілік заттарды парентеральдық жолмен енгізу.

20




20

9.1

З 1 модулі Емшара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру.

4




4

9.2

З 2 модулі Дәріні ампуладан, шишасауыттан алу алгоритмі. Антибиотиктерді еріту, инсулин мөлшерін есептеу.

4




4

9.3

З 3 модулі Теріге, тері астына, бұлшықетке егу алгоритмдері.

4




4

9.4

З 4 модулі Венаға егу алгоритмі. Венаға дәрілік препараттарды тамшы түрінде енгізу алгоритмі.

4




4

9.5

З 5 модулі Зертханалық зерттеулер үшін венадан қан алу. Пункциялар жүргізу кезінде дәрігерге көмекшілік ету.

4




4

10

И құзыреттілік аумағы – Зертханалық және аспаптық зерттеулерге материал алу және науқасты дайындау.

24




24

10.1

И 1-2 модулі Зертханалық зерттеулерге материал алу (несеп, қақырық).

4




4

10.2

И 3-4 модулі Зертханалық зерттеулерге материал алу (асқазан және ұлтабар құрамы, нәжіс).

4




4

10.3

И 5 модулі Бактериологиялық зерттеулерге материал алу.

4




4

10.4

И 6-7 модулі Рентгенологиялық зерттеу әдістері. Жүректі және тыныс алу ағзаларын аспаппен зерттеу.

4




4

10.5

И 8 модулі Науқасты эндоскопиялық зерттеу .

4




4

10.6

И 9 модулі Радиоизотоптық және ультрадыбыстық зерттеу әдістері.

4




4

11

К құзыреттілік аумағы – Мейірбикелік үрдіс

4




4

11.1

К 1 модулі Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру және іске асыру

4




4

12

Л құзыреттілік аумағы – Организмнің түрлі жүйелері қызметінің бұзылыстары кезіндегі мейірбикелік үрдіс

24




24

12.1

Л 1-2 модулі Тыныс алу жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс. Оксигенотерапия.

4




4

12.2

Л 3 модулі Жүрек тамыр жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс

4




4

12.3

Л 4-5 модулі Ас қорыту жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс. Клизмалар

4




4

12.4

Л 6-7 модулі Зәр шығару жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс.Зәрдің жедел тоқтауы кезінде көмек көрсету. Қуыққа катетер енгізу алгоритмі.

4




4

12.5

Л 8 модулі Эндокринді жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс .

4




4

12.6

Л 9 модулі Гериатриялық практикадағы мейірбикелік үрдіс.

4




4

13

М құзыреттілік аумағы – Халі нашар және жанталас үстіндегі науқастарға күтім жасау.Клиникалық өлім кезіндегі реанимациялық шаралар.

4




4

13.1

М 1 модулі Халі нашар және жанталас үстіндегі науқастарға күтім жасау.Клиникалық өлім кезіндегі реанимациялық шаралар.

4




4




Барлығы:

180

20

160



  1. Пәннің мазмұны

Кіріспе.

Мейірбикелердің күтім жөніндегі «Мейірбике ісі негіздері» пәнін оқып үйренуі болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы маңызды бір бөлігі болып табылады. Оқу бағдарламасында медициналық этика мен деонтология,ЕҰ санитариялық – дезинфекциялық тәртіп мәселеріне, аурхана ішілік инфекциялардың алдын алуына және науқасқа күтім жасауға арналған мәселерге көп көңіл бөлінген.



Тақырып 1.1. Мейірбике ісі философиясы. Медициналық этика және деонтология.

Мейірбике ісінің тарихы. Медициналық этика және деонтология негізгі қағидаларын білу, алған білімдерін науқастармен және медицина қызметкерлерімен қарым – катынаста қолдана білу. Этика – деонтологиялық нормалардың бұзылуы және олардың науқастар үшін тигізетін зардаптары. Медицина қызметкерлерінің сыртқы және ішкі мәдениетінің ережелері. Мейірбике типтері (Харди бойынша). Мейірбике және қоғам. Науқасқа психологиялық қолдау көрсету, қарым – қатынас дағдылары.



А құзыреттілік аумағы – Медициналық ұйым типтері және олардың жұмысын ұйымдастыру негіздері.

А 1 модулі ЕСҰ негізгі типтері. Медициналық ұйым бөлімшелерінің құрылысы мен қызметтері

Жеке ЕСҰ жұмысының бағыттары. Әр түрлі ЕПҰ-ғы медбикелердің қызметінің негізгі бағыттары.



А 2 модулі Қабылдау бөлімшесінің құрылымы мен негізгі қызметтері. Пациенттерді қабылдау және тіркеу.Антропометриялық өлшем.

Қабылдау бөлімшесінің құрылымы мен негізгі қызметтері.



Тақырып 4.4. Қабылдау бөлімшесінің құрылымы мен негізгі қызметтері.

Медициналық құжаттарды жүргізу.

Қабылдау бөлімшесінің құрылымы мен негізгі қызметтері. Қабылдау бөлімшесінің жұмысын ұйымдастыру. Стационарға, бөлімшеге түскен науқастың алғашқы кезеңіндегі мәселелерін анықтау. Науқастың терісін және шашын қарап тексеру. Науқасты тіркеу және қажетті медициналық құжаттамаларын ресімдеу. Қабылдау бөлімшесінің мейірбикесінің этикасы және деонтологиясы. Антропометриялық өлшем: бойын, кеуде шеңберін, дене салмағын анықтау.



А 3-4 модулі Пациентті санитариялық тазалау.Толық, жартылай. Педикулез айқындалған кезде санитариялық тазалаудан өткізу.

Шомылғы, себізгіні қабылдау мақсаты, көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдері. Емшаралар жасаудың міндетті шарттары. Емшаралар орындау тәртібі. Науқасты емшараларға дайындау, шомылғы мен себізгіні дайындау. Науқастың шашын дезинсектицидті ерітіндімен жуып тазалаудың мақсаты, көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдері. Қолданған аспаптарды зарарсыздандыру. Медициналық құжаттамаларды толтыру.



А 5 модулі Емдеу бөлімшелеріне жеткізу

Сатымен көтерілу және түсуде науқасты қоларбада, кресло – қоларбада, зембілдерде тасымалдау. Медициналық құжаттамаларын жүргізу.



Б құзыреттілік аумағы–Инфекциялық қауіпсіздік. Инфекциялық бақылау.

Б 1 модулі Аурухана ішілік инфекция мәселелері және инфекциялық бақылау

«Аурухана ішілік инфекция» туралы түсінік, қоздырғыштары, берілу жолдары мен механизмдері, аурухана ішілік инфекцияның алдын алу. «Инфекциялық бақылау», «Инфекциялық үрдісі» түсініктері. Инфекциялық бақылау бойынша жүргізілетін негізгі номативтік құжаттар. Аурухана ішілік инфекцияның алдын алуда жүргізілетін қауіпсіздік және бақылау шаралары. Асептика мен антисептика түсініктері. Мейірбикенің қорғаныс барьерлері. Медициналық қызметкерлердің жеке басының тазалығы. Қолды гигиеналық және мақсаттарда тазарту. Қолғаптарды кию және шешу. Қолды гигиеналық антисептикасы. Санитариялық – эпидемиологиялық режим туралы жалпы түсінік. Дезинфекция және стерилизация түсінігі, олардың түрлері, тәсілдері, заттары.



Б 2 модулі Дезинфекция: түрлері, әдістері, қолданылатын заттар.

Дезинфекция заттарынң түрлері, әдістері. Дезинфекция мәні, түрлері, әдістері. ҚР қолдануға рұқсат етілген және тіркелген дезинфекциялық заттар. Дезинфекция заттарды сақтау және қолдану ережелері. Дезинфекция заттарымен жұмыс істеуде еңбекті қорғау ережелері.



Б 3 модулі Емдеу бөлмелерін жинап -тазалау түрлері

Емдеу бөлмелерін. Палаталарды, дәліздерді, санитариялық тоарптарды, шомылғыны жинап -тазалау түрлері.Күнделікті жинастыру. Тұтастай жинастыру. Тұтастай жинастыру ерекшкліктері. Жұғыш және дезинфекциялық заттарымен жұмыс істеуде қауіпсіздік сақтау ережелері.



Б4 модулі Медициналық тағайындалған заттарды өңдеу кезеңдері Қалдықтар классы.

Қажетті концентрациядағы дезинфекциялаушы ерітіндіні дайындау техникасы. Медициналық заттарды тағайындауына қарай зарасыздандыру тәртібі. Жұғыш заттарым құрамы. Жуғыш ерітіндіні қолдану еселігі. Стерилизация алдыңғы тазартудың сапасына бақылау жүргізу тәртібі.

Стерильдік. Стерилизация түсінігі. Стерилизация тәсілдері мен әдістері: физикалық (бу, ауа), химиялық (химиялық ерітінділерді қолдану). Стерилизацияға дайындау. Стерилизация өткізу үшін құрғақ ыстық шкафқа, бикске заттарды орналастыру. Стерилизация тәртіптері. Стерилизация тәртібін бақылау. Стерилизация өткізу кезіндегі техника қауіпсіздігі. Стерильдігінің сақталу мерзімі және залалсыздандырылған материалды сақтау тәртібі.

Қауіптілік деңгейі бойынша: А, Б, В, Г, Д қалдық класстары. Медициналық қалдықтарды класына байланысты жинау, зарарсыздандыру және сақтау, тасымалдау ережесі. Қолданыстағы бұйрықтар.



В кұзыреттілік аумағы - Медициналык ўйымдардаєы емдеу - сақтay тәртібі

В1 модулі. Медициналық ұйымдарда емдеу- қорғау тәртібін ұйымдастыру

Медициналық ұйымдарда емдеу-сақтау тәртібін ұйымдастыру. Науқастың белсенділік тәртібі: катаң төсектік, төсектік, ерікті (белсенді). Науқастың төсектегі қалпы: белсенді, сылбыр (ортопноэ, шынтақ - тізелік). Белсенді және сылбыр наукастарга күтім жасауды ұйымдастыру. Функционалдық кереуеттің құрылымы, қолданылуы. Фунционалдық кереуетті қолдану ережелері.



В2 модулі. Науќастың төсектегі қалпын өзгертуде науқас пен мейірбике
денесінің биомеханикасы

Дене биомеханикасы туралы білімді практикада қоддану. Әртүрлі қалыптағы науқас пен мейірбике денелерінің биомеханикасы. Төсектегі дене қалпын өзгерту және тасымалдау ережелері. Түрлі жастағы науқастардың қауіпті факторлары. Құлау және басқа да жарақаттар қауіпін төмендету әдістері, науқастың қимыл белсенділігінің бұзылысына байланысты жағдайларда қолданылатын мейірбикелік үрдіс элементтері.



Г кұзыреттілік аумағы - Науқастың жеке басының тазалығы

Г1 модулі. Ауыр халдегі науқастар күтімі. Физиологиялық қажеттілікті өтуге жайлы жағдайлар жасауға арналған функционалдық кереуетті қолдану

Функционалдық кереуеттің құрылымы және оны қолдану.



Г2 модулі. Шаштың, аяқтың, көздің, құлақтың, мұрын мен ауыз қуысының күтімі.

Күтімнің мақсаты, көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері. Науқасты және күтімге қажетті құрал – жабдықтарды дайындау, оларға қойылатын талаптар.

Шаштың күтімі, белсенді және сылбыр науқастың басын жуу. Күтімге қажетті қолданылатын құрал-жабдықтар, оларға қойылатын талаптар. Күтім жасауға колданылатын заттарды тазарту. Науқастың аяқтарына күтім жасау ерекшеліктері. Ауыр халдеді науқастың аяғын төсек орнында жуу.

ГЗ модулі. Терінің күтімі. Жаумржара мен сужауырды емдеу және олардың алдын алу

Науқастың терісіне қойылатын гигиеналық талаптар. Жауыржара мен сужауыр жөнінде түсінік. Жауыржараның пайда болу себебі, пайда болатын орындары. Алдын алуы және емі. Жауыржара мен сужауырдың пайда болған жеріндегі теріні тазалау.



Г4 модулі. Ауыр халдегі науқастың іш киімі мен төсек орнын ауыстыру

Төсек орнына және іш киіміне қойылатын гигиеналық талаптар. Төсек орнын ау­ыстыру жиілігі. Төсек орнын бірінші және екінші тәсілмен ауыстыру. Ауыр халдегі науқастың төсек орнын ауыстыру, орындау техникасы. Таза және қолданған киімдер мен төсеніштерді сақтау ережелері.



Г5 модулі. Науқасты дәреттендіру (астын жуу). Науқасқа дәретсауытты және несепсауытты ұсыну

Төсекте науқастың астын жуу. Несепсауыттың түрлері. Стандарттарды орындау техникасы. Дәретсауытты және несепсауытты зарарсыздандыру.



Д құзыреттілік аумағы - Науқасты тамактандыру

Д1 модулі. ЕСҰ-да емдік тамақтандыруды ұйымдастыру

«Емдәм», «емдәммен емдеу», «тамақтану тәртібі» анықтамалары. Тиімді және емдәммен тамақтандырудың негізгі тәртібі. Емдік тамақтандырудың негізгі қағидалары. Негізгі емдік емдәмнің сипаттамалары. Асханадағы, кереует жанындағы тумбочкалардың, тоңазытқыштардың санитариялық-эпидемиопогиялық ережелері.

Жинап-тазалау түрлері және жиілігі. Бөлімшелерде тағамдарды сақтау тәртібі. Үлестік талап қағазын толтыру. Ауыр халдегі науқастарға тамақ тарату. Стационар бөлімшелеріндегі тағамдар мен катысушылардың әкелген тамақтарын сақтаудың санитариялық нормалары мен оларды бақылау шарттары. Кереует жанындағы тумбочкалар мен тоңазытқыштардың таза болуын бақылау. .

Д2 модулі. Ауыр халдегі науқастарды тамактандыру

Жасанды тамактандыру жөнінде түсінік. Тамақ түрлері. Науқасты тамақтандыруға дайындау. Науқастарды гастростом арқылы тамақтандыру мақсаты, көрсетімдері және тамақтандыру техникасы және ауыр халдегі науқастарды қасыкпен тамақтандыру.



Е кұзыреттілік аумағы - Қарапайым физиотерапия. Науқастыц функционалдык жағдайын бағалау Е1 модулі. Қыша қағаз, онка (банка), жылытқы, мұз, компресс қолдану алгоритмі

«Ќарапайым физиотерапия» туралы түсінік. Қарапайым физиотерапиялық емшаралардың организмге тигізетін әсері. Осы емшараларды қоюдың мақсаты, көрсетімдері, қарсы көрсетімдері және асқынулары. Оңқаны, қыша қағазды, жылытқыны, мұзды, компресстерді қою техникасы.



Е2 модулі. Науқастың функционалдық жағдайын бағалау. Науқасты бақылау. Термометрия. Қан тамыр соғысын анықтау және сипаттау. АҚ өлшеу техника­сы. Тыныс алу жиілігін есептеу

Артериялык қан тамыр соғысы жөнінде түсінік, оның сипаттамасы.

Тамыр соғысын есептеу техникасы. Тыныс алу түрлері және оның типтері жөнінде түсінік. Тыныс алу жиілігін есептеу техникасы. Артериялык және веналык қан кысымы туралы түсінік. Артериялық қысымды өлшеу техникасы. Терморегуляциялар туралы түсінік. Дене қызуын өлшеу техникасы.

Қызба туралы қызбаның кезеңдері туралы түсінік, әр кезеңінде күтім жасау ерекшеліктері.



Ж кұзыреттілік аумағы - Дәрілік заттарды енгізу жолдары (энтеральдық, сыртқы, ингаляциялық қолдану)

Ж1 модулі. Дәрілік заттардыц негізгі топтары. Дәрілік заттарды жаздырып алу. Дәрілік заттарды есепке алу, сақтау, есептен шығару

Дәрілік заттармен жұмыс істеу тәртібі. Бөлімшелерде дәрілерді, есірткілік және әсері күшті дәрілерді сақтау тәртібі. Дәрілік заттарды дәріханадан жаздырып алу тәртібі. Есеп беру құжаттамаларын жүргізу тәртібі. Дәрігерлік тағайындау парағынан тағайындауларды іріктеу. Дәрілік заттарды есептен шығару тәртібі. Ж2 модулі. Пероральды дәрілік заттарды бөлу, тарату және бақылау Дәрілерді, ішке колдануға арналған түрлі капсулалардағы дәрілік заттарды қолдану тәртібі. Сублингвалық дәрілік заттарды қолдану тәртібі. Науқастарға дәрілік заттарды бөлу және тарату. Тағайындалған дәрілік заттарды пероральды қабылдауын бақылау.



ЖЗ-4 модулі. Дәрілік заттарды сыртқы және ингаляциялык жолмен қабылдау Дәрілік заттарды сыртқы енгізу экспозициялары туралы түсінік. Мақсаты, көрсетімдері және қарсы көрсетімдері. Науқасты емшарға дайындау. Дәрлік тамшыларды мұрынға, көзге, құлаққа енгізу техникасы. Май, ұнтақтар, пластырректальдық балауыздарды қолдану техникасы. Қалта ингаляторларын, спейсерлерді қолдану тәртібі. Науқасқа қалта ингаляторларын, спейсерлерді қолдануды үйрету.

3 кұзыреттілік аумағы-Дәрілік заттарды парентеральды енгізу әдістері

31 модулі. Емшара жүргізетін кабинеттің жұмысын ұйымдастыру

Емшара жүргізетін кабинеттің құрылымы және емшара жасау мейірбикесінің атқаратын міндеттері. Емшара жүргізетін кабинеттегі санитариялық-эпидемиологиялық тәртіп. Кабинетті күнделікті және жаппай жинастыру тәртібі және олар­ды жүргізу жиілігі. «Ќызыл белгі» түсінігі. Мейірбикенің арнайы киіміне, жеке гигиенасына қойылатын талаптар.

Емшара жүргізетін бөлменің жұмысын ұйымдастыру. Бөлмеге, жиһазға, жабдыққа койылатын талаптар. Жинастыру түрлері, оларды жүргізу жиілігі. Мейірбикенің ар­найы киіміне, жеке гигиенасына қойылатын талаптар. Медициналық құралдармен жұмыс істеу және оларды тазарту кезендеріндегі мейірбикенің қауіпсіздігі.

32 модулі. Дәріні ампуладан, шиша-сауыттан алу алгоритмі. Антибиотиктерді еріту. Инсулиннің мөлшерін есептеу

Дәрілік заттарды енгізудің парентералдық тәсілі. Дәрілік заттарды енгізудің парентералдық тәсілінің ерекшелігі. Қолды гигиеналық деңгейде деконтамина-циялау. Колғаптарды кию және шешу. Бір peт қолданылатын шприцтерді орамынан шығару. Дәріні ампуладан, шыны-сауыттан алу техникасы, антибиотиктерді еріту тәртібі. Дайындалған антибиотик ерітінділерін сақтау мерзімі. Инсулинді шприцке алу техникасы. Инсулиннің мөлшерін есептеу.



33 модулі. Теріге, тері астына, бұлшықтке егу алгоритмі

Мақсаты, көрсетімдері, қарсы көрсетімдері, егу орындары. Егулерді егу үшін жұмыс орнын дайындау. Қажет құрал–аспаптарды дайындау. Қолды гигиеналық деңгейде деконтаминациялау. Қолғаштарды кию және шешу. Егілетін жерді өңдеу. Теріге, тері астына, бұлшықетке егулерді орындау техникасы. Егулерді орындағаннан кейін туындайтын асқынулар. |



34 модулі. Венага егу, венага дәрі – дәрмектерді тамшы түрінде егу алгоритмі
«Венепункция», «венесекция» туралы түсініктер. Мақсаты, көрсетімдері мен

қарсы көрсетімдері. Егу орындары. Егу үшін жұмыс орнын дайындау. Қажетті құрал-жабдықтарды дайындау. Қолды гигиеналық деңгейде деконтаминациялау. Қолғаптарды кию және шешу. Егілетін жерді өңдеу. Венадан қан алу үшін бір рет қолданылатын жүйелер жиынтығы. Венаға жасалынатын егулерді орындау техни­касы, зертханалық зерттеулер, вена ішіне тамшы түрінде дәрілік заттарды құю үшін венадан қан алу.



35 модулі. Зертханалық зерттеулер үшін венадан қан алу. Пункция жасау кезінде дәрігерге ассистент болу

Пункциялар туралы түсінік. Мақсаты, пункцияларды өткізу көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері. Плевралық, абдоминальдық, стернальдық, люмбальдық, буынішілік пункцияларды жүргізу техникасы. Мейірбикенің пункциялар жүргізу кезіндегі рөлі. Науқасты пункция жүргізуге дайындау. Қажетті аспаптарды дайындау. Стандарт бой­ынша іс-әрекеттерді орындау кезінде дәрігерге көмектесу. Пункциядан соң науқасты қадағалау және күтім жүргізу.



И кұзыреттілік аумағы -Зертханалыќ және аспаптық зерттеулерге науқасты дайындау және одан ма­териал алу

И1-2 модулі. Зертханалық зерттеулер үшін (несеп, қақырық) материал алу

Несепті зерттеу мақсаты, көрсетімдері. Нечипоренко, Зимницкий әдістері

бой­ынша жалпы клиникалық талдауға, дистазға, қантка, ет пигменттеріне несеп алу тәртібі. Несепті сақтау және тасымалдау тәртібі. Жолдамалар жазып беру тәртібі. Науқасты және несеп жинауға ыдыстарды дайындау. Клиникалық зертханаға жинау және тасымалдау.

Қақырықты клиникалық зерттеу мақсаты, көрсетімдері. Жалпы клиникалық талдауға, туберкулез микобактериясына, атипиялық жасушаларды тексеруге қақырық алу тәртібі. Қақырықты сақтау, тасымалдау, залалсыздандыру ережелері. Қақырық ыдыстарын залалсыздандыру. Жолдама толтыру. Науқасты зерттеуге дай­ындау. Қақырықты клиникалық зертханаға тасымалдау.



ИЗ-4 модулі. Зертханалық зерттеулерге материал алу (асқазан және ұлтабар құрамы, нәжіс)

Нәжісті зерттеу мақсаты, көрсетімдері. Нәжіс алу тәртібі: копрологиялық зерттеу­ге, іш құрттарын анықтауға, жасырын қанға. Нәжісті тасымалдау ережелері, жолдама толтыру. Нәжіс алуға науқасты және ыдыс дайындау. Нәжісті клиникалық зертханаға тасымалдау.

Асқазан және ұлтабар құрамын зерттеу құрамын зерттеу. Мақсаттары, көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері. Зерттеуді жүргізу техникасы. Селді сақтау, тасымалдау. Зертханаға жол­дама толтыру. Емшаралар жүргізу үшін науқасты және аспаптары мен жабдықтарды дайындау. Стандарт бойынша зерттеу үшін науқастан материал алу және биологиялық материалды клиникалық зертханаға тасымалдау.

И5 модуль Бактериологиялық зерттеу үшін материал алу

Зерттеу мақсаты, көрсетімдері. Биологиялық зерттеуге несеп, нәжіс, қақырық жинау тәртібі. Зертханаға жолдамалар толтыру. Бактериологиялық зерттеуге материал­ды тасымалдау және сақтау. Мұрын мен тамақтан жұғынды алу. Емшаралар жүргізу үшін науқасты және зертханалық ыдысты дайындау. Бактериологиялық зертханаға биологиялық материалды тасымалдау.



И6-7 модулі. Рентгенологиялық зерттеу әдістері. Жүрек пен тыныс алу ағзаларын аспаппен зерттеу әдістері

Рентгенологиялық зерттеу әдістері туралы түсінік. Көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері. Зерттеу әдістері. Науқасты зерттеуге дайындау. Зерттеу жүргізу кезінде оған қатысу.

Электрокардиография, фонокардиография, спирография туралы түсінік. Оларды қолдану көрсетімдері. Науқасты емшаралар жүргізуге дайындау. Оларды қолдану әдістемелері мен техникасы. Науқастың қауіпсіздік техникасы.

Электрокардиография мен спирография алу.



И8 модулі. Наукасты эндоскопиялык зерттеу әдістері

Эндоскопиялык зерттеу әдістері туралы түсінік. Көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері. Зерттеу әдістері. Науқасты зерттеуге дайындау. Зерттеуді жүргізу кезінде мейірбикенің қатысуы. Стандарт бойынша қажетті іс-әрекеттерді орындау.



И9 модулі. Радиоизотопты және ультрадыбыстық зерттеу әдістері

Радиоизоптық, ультрадыбыстық зерттеу әдістері. Зерттеу көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері. Емшаралар жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы. Науқасты зерттеудің әртүрлі әдістеріне дайындау.



К кұзыреттілік аумағы -Мейірбикелік үрдіс

К1 модулі. Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Мейірбикелік диагноз

«Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік. Оның рөлі мен міндеттері. Негізгі бес кезеңі, олардың шара байланысы және әр кезеңінің мазмұны. Мейірбикенің әр кезеңде атқаратын міндеттері. Мейірбикелік сырқатнаманы толтыру. Науқастың мәселелерін айқындау. Мейірбикелік диагнозды тұжырымдау. Жоспар жасау және стандарт бой­ынша мейірбикелік іс-әрекеттерді орындау. Күтім жасау жоспарын жүзеге асыру тиімділігін бағалау. Мейірбикелік сырқатнаманы ресімдеу.



Л кұзыреттілік саласы - Организмнің түрлі жүйелері қызметінің бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс

Л1-2 модулі. Тыныс алу жүйесі қызметінің бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс. Оксигенотерапия

Тыныс алу ағзалары ауруларының негізгі клиникалық белгілері. Мейірбикелік үрдіс кезеңдерін ұйымдастыру және жүзеге асыру. Науқасты қадағалау және оған күтім жасау. Науқастың жағдайын жеңілдететін қалта ингаляторын, жеке түкіргішті қолдану тәртібі. Науқасты позициялық дренажға үйрету. Физиотерапиялық емшараларды орындау. Ингаляциялар жүргізу.

Оксигенотерапия туралы түсінік, оттегі ингаляциясын тағайындау көрсетімдері. Жүргізу ережелері мен мүмкін болатын асқынулар. Оттегі беру тәсілдері. Оттегіні Бобров аппараты арқылы, мұрын катетері арқылы, оттегі жастыкшасы арқылы жүргізу. Бобров аппаратымен жұмысқа дайындык. Оттегі баллондарын қолдану кезіндегі қауіпсіздік техникасын сақтау ережелері.

ЛЗ модулі. Жүрек-кантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы кезіндегі мейір-бикелік үрдіс

Негізгі клиникалық белгілері. Мейірбикелік үрдіс кезендерін ұйымдастыру және жүзеге асыру. Тәуліктік диурез көлемін анықтау тәртібі.Тәуліктік су балансы туралы түсінік. Су балансын есепке алу ережесі. Ылғалдандырылған оттегі ингаляциясын қамтамасыз ету. Қарапайым физиоемшараларды орындау. Су балансы мен тәуліктік диурезді айқындауды орындау.



Л4-5 модулі. Асқорыту жүйесі қызметінің бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс. Клизмалар

Негізгі клиникалық белгілері. Мейірбикелік үрдістің негізгі кезеңдерін ұйымдастыру және жүзеге асыру. Құсық туралы түсінік. Белсенді және сылбыр науқасқа құсу кезінде көмектесу тәртібі. Науқасты жағдайының ауырлығына байланысты құсу кезінде бақылау және оған күтім жасау. Асқазанды жуу көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері. Қажетті құралдар мен аспаптарды дайындау. Асқазанды жуу техникасы. Асказанға сүңгі қоюға науқасты дайындау.

«Клизма» туралы түсінік. Клизманың түрлері және қойылу мақсаттары. Көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері. Күтімге қажетті заттар мен аспаптарды дай­ындау. Түрлі клизмалар: босатушы (тазарту, сифонды), майлы, гипертониялық, дәрілік (микроклизма, тамшылы) қою техникасы. Қолданылған күтім заттарын және аспаптарды зарарсыздандыру.

Л6-7 модулі. Зәр шығару жүйесі қызметінің бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс. Зәрдің жіті тоқтауы кезінде көмек көрсету. Қуыққа катетер енгізу алгоритмі

Негізгі клиникалық белгілері. Мейірбикелік үрдістің негізгі кезендерін ұйымдастыру және жүзеге асыру. Зәр шығару жүйесі қызметінің бұзылуы кезінде көмек көрсету ережелері. Стандарт бойынша қажетті емшаралар орындау. «Зәрдің жіті тоқтауы» туралы түсінік, себептері, белгілері. Зәрдің жедел тоқтауы кезінде көмек көрсету. Катетеризация туралы түсінік. Катетерлер түрлері. Мақсаты, көрсетімдері мен қарсы көрсетімдері. Қажетті құралдар мен аспаптарды дайындау. Емшаралар жасау кезінде кездесетін асқынулар. Ер адамдар мен әйелдерге катетер енгізудің ерекшеліктері. Катетеризациялау алгоритмі. Аспаптарды тазалау. Стандарт бойынша қажетті емшараларды орындау.


Л8 модулі. Эндокринді жүйелер қызметінін бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс

Негізгі клиникалық белгілері. Мейірбикелік үрдіс кезеңдерін ұйымдастыру және жүзеге асыру. Терімен сілемей қабықтарға күтім жасау. Қантты диабет кезінде аяққа күтім жасау тәртібі. Инсулинді егу тәртібі. Инсулинді инсулиндік және қарапайым шприцпен енгізу. Қантты диабет кезінде емдәммен емдеу. Емдәмді қадағалау жөнінде ұсынымдар. Педиатриялық күтім жасау. Аяққа күтім жасау және аяқ киім таңдау жөнінде ұсынымдар.



Л9 модулі. Гериатриялық практикадағы мейірбикелік үрдіс

«Қарттық», «Қартаю» туралы түсініктер. Геронтология. Гериатрия, герогигиена ту­ралы түсінік. Мейірбикелік үрдіс кезеңдерін ұйымдастыру және жүзеге асыру. Егде жастағы науқастардың жағдайын қадағалау ісін жузеге асыру. Егде жастағы және қарт науқастардың жағдайын кадағалаудың негізгі ерекшеліктері. Науқастар күтімінің негізгі қағидалары. Түрлі ағзалар мен жүйелердің ауруларымен сырқаттанатын науқастарға күтім жасау ережелері.



М кұзыреттілік аумағы - Ауыр халдегі және жанталас үстіндегі науқастарға күтім жасау. Клиникалық өлім кезінде жасалатын реанимациялық шаралар

Ml модулі. Ауыр халдегі және жанталас үстіндегі науқастарға күтім жасау. Клиникалақ өлім кезінде жасалатын реанимациялық шаралар. Реанимация, реани­матология туралы түсініктер. Ауыр халдегі науқастар күтімінің жалпы ережелері. Науқастың терминальды жағдайлары туралы түсінік. Терминальды жағдайларының сатылары мен белгілері. Клиникалық және биологиялык өлім туралы түсінік. Клиникалық өлімнің белгілері. Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін қамтамасыз ету. Жасанды тыныстандыру және жүрекке жанама массаж жасау техникасы. Өлімді анықтау. Мәйітпен жұмыс істеу ережелері.
4. Оқу – әдістемелік жабдықталуы.

4.1 Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.

Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, Құспанова А.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.



4.2 Көрнекілік құралдар және ОТҚ:

  1. Буклеттер

  2. Кестелер

  3. Мультимедиялық құрылғы;

  4. Компьютер;

  5. Слайдоскоп;

6. Муляждар, манекендер

4.3 Тест тапсырмалары (400 тест тапсырмалары қосымша беріледі):

1. Кәсіптік этика және деонтология тарауы бойынша – 20 тест

2. Қауіпсіз ауруханалық орта. Инфекциялық қауіпсіздік. Инфекциялық бақылау тарауы бойынша – 30 тест

3. Дезинфекция. Емдеу бөлмелерін тазарту түрлері тарауы бойынша – 20 тест

4. Науқасты қабылдау және санитариялық тазарту тарауы бойынша – 15 тест

5. Науқастың жеке басының тазалығы тарауы бойынша –



10 тест

6. Науқасты тамақтандыру тарауы бойынша – 15 тест

7. Қарапайым физиотерапия тарауы бойынша – 20 тест

8. Дәрілік заттарды жаздырып алу, сақтау, қолдану түрлері тарауы бойынша – 40 тест

9. Дәрілік заттарды парентеральдық жолмен енгізу – 40 тест

10. Дәрілік заттарды (энтеральдық, сыртқы, ингаляциялық қолданыстар) енгізу жолдары тарауы бойынша – 50 тест

11. Организмнің әртүрлі жүйелері қызметінің бұзылуы кезінде науқастарға күтім жасау және бақылау жүргізу тарауы бойынша – 90 тест

12. Зертханалық және аспаптық зерттеулерге материал алу және науқасты дайындау тарауы бойынша – 20 тест

13. Терминальді жағдай тарауы бойынша – 30 тест

5. Жұмыс бағдарламасына қосымшалар мен толықтырулар

200…- 200… оқу жылдарына

Жұмыс бағдарламасына келесі өзгертулер енгізілді:

1.

2.

3.


………………………………………………………………..

Жұмыс бағдарламасы қайта каралып, енгізілген өзгертулер кафедра мәжілісінде қаралды ____________________________________________________

«_____»_______________ 200… г.
хаттама № __________

Кафедра меңгерушісі ___________________ аты жөні


Енгізілген өзгертулер ТжКББФ деканымен келісілген:


____________________________ аты жөні

«_____»_____________________200.. ж.


Әдістемелік кеңес төрағасы

____________________________ аты жөні

«_____»_____________________200.. ж.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академия
Техникалық және Кәсіби Білім Беру факультеті
Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсымен


Бекітемін

ТжКББФ деканы

_____________ Отыншиев М.Ә.

«_______»_____________ 2013 ж.


2013 – 2014 оқу жылына арналған

Күнтізбектік – тақырыптық жоспар

Пән : «Мейірбике ісі негіздері»

Оқытушы: ___________________________________

Курс: 3 Бөлімі: _________ Тобы: ______________

Мамандығы: 0302000 - «Мейірбике ісі»

Біліктілігі: 0302033 - «Жалпы тәжірибелі мейірбикесі»

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 5 тамыздағы

№ 604 бұйрығына сәйкес және «_____» _____ 2010 ж. №____ хаттамамен бекітілген жұмыс бағдарламасы негізінде құрылған.


Кафедра мәжілісінде қаралды.


хаттама № _________ «____» __________ 2013 ж.
Қафедра меңгерушісі __________________А.Ә. Әлдешев

Әдістемелік кеңестің мәжілісінде бекітілді.


хаттама № _________ «_____» __________ 2013 ж.
Әдістемелік кеңестің төрайымы _____________ Джуманкулова Н.Р.

Оқу сағаттарының бөліну жоспары:


Оқу жұмысының түрлері

Жалпы

5 семестр

6 семестр

Берілген сағат саны

124

68

56

Оның ішінде:

теориялық сабақтар


Тәжірибелік сабақтар








124

68

56

Аптаға жоспарланғаны



4,2

4,2

4,2

ОТҚ қолданумен

34

16

18

Компьютер қолдануымен

34

16

18

Дәстүрден тыс сабақ типтерімен

оқытудың әдістері



-

-

-

Оқушылардың өзіндік жұмысы

60

30

30

Оның ішінде сабақтағысы

60

30

30

Кеңес беру

1

-

+

Бақылау мен қорытынды аттестация:



Бақылау мен қорытынды аттестация

6 семестр

Бақылау жұмыстарының саны

-

Курстық жұмыс

-

Сынақ (Диф.сынақ)

-

Емтихан

+



Практикалық сабақ

3 курс 5 семестр




Күні

Тараулар мен тақырыптардың аталуы

Сабақ түрі

Сағат

саны

Оқыту әдісі

Сабақтың әдістемелік жағынан жабдықталуы,

ОТҚ

Үй тапсырмасы (негізгі – Н,

қосымша – Қ әдебиеттер)

1.




Ауыр халдегі науқастарға күтім жасау. Физиологиялық қажеттіліктерін өтеуге жайлы жағдай жасауға арналған функционалдық кереует қолдану

Практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 4 – бөлім, 284 – 308 бет

2.




Аяқтың, шаштың, көздің, құлақтың, мұрын мен ауыз құысының күтімі

Практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 4 – бөлім, 284 – 308 бет

3.




Теріні күту, жауыржара мен сужауырдың алдын алу және оларды емдеу

Практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 4 – бөлім, 284 – 308 бет

4.




Ауыр халдегі науқастың төсек орнын және іш киімін ауыстыру

Практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 4 - бөлім , 284 – 308 бет

5.




Науқастың астын жуу, дәретсауыт пен несепсауытты беру.

Практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 4 - бөлім , 284 – 308 бет

6.




ЕСҰ – да емдік тамақтандыруды ұйымдастыру.

Практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 5 –

бөлім, 308 – 332 бет



7.




Ауыр халдегі науқастарды тамақтандыру.

Практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 5 –

бөлім, 308 – 332 бет



8.




Қыша қағаз, оңқа (банка), жылытқы, мұз мұйық, компресс қолдану алгоритмі.

Практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 8 –бөлім , 405 – 427 бет

9.




Науқастың функционалдық жағдайын бағалау. Науқасты бақылау. Тамыр соғуын анықтау және сипаттау. АҚҚ өлшеу техникасы. Тыныс алу жиілігін есептеу

Практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 10 – бөлім , 493 – 562 бет

10.




Дәрілік заттардың негізгі топтары. Дәрілік заттарды жаздырып алуға қойылатын талаптар. Дәрілік заттарды есепке алу, оларды сақтау, есептен шығару

Практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 6 – бөлім, 332 – 349 бет

11.




Пероральдық дәрілік заттарды бөлу, тарату және қолданылуын бақылау.

Практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 6 – бөлім, 332 – 349 бет

12.




Дәрілік заттарды сыртқы және ингаляциялық жолмен енгізу әдістері.

Практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 6 – бөлім, 332 – 349 бет

13.




Емшара бөлмесінің жұмысын ұйымдастыру.

Практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 6 – бөлім, 332 – 349 бет

14.




Дәріні ампуладан, шишасауыттан алу алгоритмі. Антибиотиктерді еріту, инсулин мөлшерін есептеу.

Практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 7–бөлім, 349 – 405 бет

15.




Теріге, тері астына, бұлшықетке егу алгоритмдері.

Практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 7– бөлім, 349 – 405 бет

16.




Венаға егу алгоритмі. Венаға дәрілік препараттарды тамшы түрінде енгізу алгоритмі.

Практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 7– бөлім, 349 – 405 бет

17.




Зертханалық зерттеулер үшін венадан қан алу. Пункциялар жүргізу кезінде дәрігерге көмекшілік ету.

Практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 7– бөлім, 349 – 405 бет







Барлығы:




68











Практикалық сабақ

3 курс, 6 семестр




Күні

Тараулар мен тақырыптардың аталуы

Сабақ түрі

Сағат

саны

Оқыту әдісі

Сабақтың әдістемелік жағынан жабдықталуы,

ОТҚ

Үй тапсырмасы (негізгі – Н,

қосымша – Қ әдебиеттер)

1.




Зертханалық зерттеулерге материал алу (несеп, қақырық).

практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 10-бөлім, 493 – 562 бет

2.




Зертханалық зерттеулерге материал алу (асқазан және ұлтабар құрамы, нәжіс).

практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 10-бөлім, 493 – 562 бет

3.




Бактериологиялық зерттеулерге материал алу.

практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 10-бөлім, 493 – 562 бет

4.




Рентгенологиялық зерттеу әдістері. Жүректі және тыныс алу ағзаларын аспаппен зерттеу.

практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1,10-бөлім, 493 – 562 бет

5.




Науқасты эндоскопиялық зерттеу

практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 10-бөлім, 493 – 562 бет

6.




Радиоизотоптық және ультрадыбыстық зерттеу әдістері.

практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 10-бөлім, 493 – 562 бет

7.




Мейірбикелік үрдісті ұйымдастыру және іске асыру. Мейірбикелік диагноз.

практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 1– бөлім, 4 – 154 бет

8.




Тыныс алу жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс. Оксигенотерапия.

практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 10-бөлім, 493 – 562 бет

9.




Жүрек тамыр жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс

практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 10-бөлім, 493 – 562 бет

10.




Ас қорыту жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс. Клизмалар

практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 10-бөлім, 493 – 562 бет

11.




Зәр шығару жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс.Зәрдің жедел тоқтауы кезінде көмек көрсету. Қуыққа катетер енгізу алгоритмі.

практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 10-бөлім, 493 – 562 бет

12.




Эндокринді жүйе қызметі бұзылуы кезіндегі мейірбикелік үрдіс.

практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 10-бөлім, 493 – 562 бет

13.




Гериатриялық практикадағы мейірбикелік үрдіс.

практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 10-бөлім, 493 – 562 бет

14.




Халі нашар және жанталас үстіндегі науқастарға күтім жасау. Клиникалық өлім кезіндегі реанимациялық шаралар.

практика

4

Рольдік ойын, жағдайды модельдеу

мультимедиялық құрылғы, ПК,кесте, буклет

Н-1, 11-бөлім, 562 – 577 бет






Барлығы:



56









Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі (Н)

  1. Мейірбике ісінің негіздері Мұратбекова С.Қ. – Астана, 2007.


Қосымша (Қ)

1. Мейірбикелік іс бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар. С.К. Мұратбекова, ҚұспановаА.Р, Ахметова К.А.-Көкшетау, 2006.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
ызмет регламенті
республикасы білім
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
бойынша жиынты
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
Мектепке дейінгі
ауданы кіміні
конкурс туралы
рметті студент
облысы бойынша
жалпы білім
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
мектепке дейінгі
Конкурс жариялайды
білім беруді
дарламасыны титулды
разрядты спортшы
мелетке толма
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев
аласы кіміні

Loading...