Ф-МК-003/045
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІ
«ПРОПЕДЕВТИКА ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР» КАФЕДРАСЫ
«БЕКІТЕМІН»
Медициналық білім беру
басқармасының басшысы
м.ғ.к.________У.Б.Татыкаева
«___» __________2016 жыл
«ІШКІ АУРУЛАР» пәнінен
ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
Пән коды: B54.115
Мамандығы: 5В130200 - «Стоматология»
Кредит саны: 3
Сағат көлемі: 135
Дәріс – 0
Тәжірибелік сабақ – 45 сағат
ОБСӨЖ – 45 сағат
СӨЖ – 45 сағат
Емтихан: V-VI семестр Курсы: 3 Оқу семестрі: V-VІ
Түркістан 2016 ж
«Ішкі аурлар» пәнінен жұмыс бағдарламасы «Медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар Республикалық орталығымен» бекітілген (№5 хаттама, 20.03.2009ж.) типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Жұмыс бағдарламасы «Пропедевтика және ішкі аурулар» кафедрасы мәжілісінде талқыланған.
Хаттама №__ «__» _______2016 жыл.
Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к, доцент _________ Алимбекова Л.Т.
Жұмыс бағдарламасы оқыту және бағалау комитетінде қаралған.
Хаттама №___ «__» _______2016 жыл.
Комитет төрайымы ________ Бураева К.Б.
Жұмыс бағдарламасы білім беру бағдарламалары комитетінде мақұлданған.
Хаттама № ___ «__» _______2016 жыл.
ОӘК және БББ комитеті төрайымы PhD________ Жунисова М.Б.
2.1. Кіріспе.
Әр дәрігер мамандығына қарамастан ішкі ағза ауруларының негізгі симптомдары мен синдромдарын білуге міндетті. Tic дәрігеріне де ішкі аурулар негізін білу кажетті, себебі, тіс пен бет-жақ аймағының зақымдалуы ішкі аурулардың пайда болуына ыкпалын тигізеді, әсіресе: жүрек - қан-тамырлар ауруларына, тыныс алу жүйесіне, асказан-ішек жолдарына, бауырдың зақымдалуына, тірек-кимыл жүйесіне және т.б.
Жоғарыда айтылған мәліметтерге сүйене отырып, ішкі ағза ауруларының этиологиясын, патогенезін, клиникалық көріністерін, диагностика әдістері мен шүғыл жағдайларда керсетілетін жедел жәрдем негіздерін білу, сонымен катар стоматология тәжірибесіндегі парентералды жолмен берілетін ауруларды (созылмалы гепатит, адамның вирусты инфекциясы (АВИ) және басқалар) алдын алу мәселесін шешудің маңызы зор.
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің медицина мамандықтарының түлектерін оқытудың соңғы нәтижелеріне сәйкес оқу курсы келесі құзіреттіліктердің дамуына бағытталған.
Білім алу деңгейі
|
Рөлдермен берілген құзіреттіліктер
|
Салыстырмалы үлестірілімі
|
Б1.1
|
ҒАЛЫМ, ЗЕРТТЕУШІ - БІЛІМІН ҚОЛДАНУ (1): медициналық емес, биомедициналық, клиникалық, әлеуметтік ғылымдарды тәжірибе жүзінде қолданады
|
0,2
|
Б2.1
|
ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАР (1): Әртүрлі жағдайда, науқастармен жұмыс жасаған кезде, коммуникациялық дағдыларды меңгергендігін көрсете алады;
|
0,3
|
Б2.2
|
ДӘРІГЕР-КЛИНИЦИСТ - НАУҚАСТЫ ЖҮРГІЗУ (1): науқастың шағымын сұрастыру, анамнезін сұрастыру, физикальды зерттеу жүргізу, диагноз құрастыру, қосымша зерттеу жоспарын құру, зерттеу нәтижелерін талдау секілді дағдыларды көрсете біледі.
жүйелер бойынша науқастарды сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия жасау және аускультация жүргізу негіздерін игеру барысында білімін қолданады.
|
0,3
|
Б2.3
|
МЕДИЦИНАЛЫҚ ПРОЦЕДУРАЛАР: Бакалавр дәрежесіне сәйкес стандартты медициналық процедураларды жасай алатындығын көрсетеді.
|
0,2
|
Достарыңызбен бөлісу: |