ЖҰмыс бағдарламасы «Басқару шешімдерін әзірлеу»



бет23/71
Дата24.12.2021
өлшемі0.66 Mb.
#148116
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71
Байланысты:
УМК басқару шешім әзірлеу
УМК Ұйымдық мәдениет, УМК к сіпкерлік ызметті йымдастыру
2. Шешімдер кестесін құру

Шешімдер кестесін қолдану бастапқы қиындықтармен байланысты, олар жағдайды вербалды суреттеу кезінде пайда болады. Суреттеулер жиі анық емес, ал шарттар мен әрекеттер - реттелмеген болуы мүмкін. Сондықтан вербалды суреттеуді шешімдер кестесіне қайта қалыптастыру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:

1. Вербалды ақпараттан рельватты мен әрекеттерді анықтау.

2. Шарттар мен әрекеттерді стандартты салыстыру.

3. Шарттар мен әрекеттерді жалпылау.

4. Ережелерді бекіту.

5. Артықшылық пен қайталанушылыққа тексеру.

6. Мәліметтер толықтығы тесіне тексеру.

7. Кестені оны кеңейтілген немесе аралас кестеге қайта құру арқылы мүмкін қысқарту.



Шарттарда да, әрекеттерде де біз «жағдайдың» өзінің әртүрлі қалыптасуларын табамыз. Бірінші және екінші әрекеттің суреттеуі эквивалентті. «Клиент сенім туғызады» және «клиент сенім туғызбайды» шарттары шешімдер кестесінде біріктірілуі мүмкін. Мұндағы сөз кейде орындалатын және орындалмайтын шарт туралы. Мұны белгілеу үшін шешімдер кестесінде шарттар белгілеуі бар. Келесі қадамда текстен таңдалған суреттеулер мен әрекеттер, егер олар бірдей мәндерді иемденсе, таңдалады.

Екі әдісті қолдану кезінде, шешімдер кестесі қомақты болмауы керектігін назарға алу керек. Ол максимум ретінде 16 ережені (П1, П2 және т.б.) иемденуі қажет. Кешенді міндеттер шешімдердің бірнеше кестесіне бөлінеді.

Екінші әдіс біршама артықшылықты иемденеді: кесте кішірек болады, себебі шарттарды текстілік қалыптастыру кезінде жиі «рельватты емес анықтаушыларды» иемденеді, олар өзіне басқа шарттарды енгізеді. Бірінші әдіс автоматты түрде шешімдердің толық кестесін құрайды.



Біздің мысал үшін, бірінші әдіс бойынша құралған кесте келесі түрді иемденеді (кесте 5.8).

Шешімдер кестесі артықшылықтардан бос болады, егер де екі ереженің әрбір комбинациясында біреуі «иә» ережесі бойынша, екіншісі «жоқ» ережесі бойынша минимум ретінде бір шарт болса. Яғни кесте 5.8 артықшылқтан бос. Кесте 5.8 сонымен қатар қайталанушылықтан да бос, себебі бірдей ережелерде әртүрлі шарттар қиылысатын немесе әрекеттер қайталанатын жағдайлар жоқ.

Шешімдердің шектелген кестелері толық болып табылады, егер де, олар п шарттарында «иә» және «жоқ» шарттарының белгілеулерінің 2 әртүрлі комбинацияларын құраса. Егер шешімдер қабылдау ережесінде «-» шарттарының г белгілеулері болса, онда бұл ереже 2 шешімдері ережесін ашады, олар тек «иә» және «жоқ» шарттарының белгілеулерін ғана құрайды. Осылайша, мысалы, үш шарт кезінде «иә» және «жоқтың» 28 мүмкін комбинацияларын иемденеміз.





1

2

3

4

5

6

7

8

У1 Тапсырыс көлемі

























кішірек немесе

























жоғарғы шекке тең.

Иә

Иә

Иә

Иә

Жоқ

Жоқ

Жоқ

Жоқ

У2 Клиент сенім

Иә

Иэ

Жоқ

Жоқ

Иә

Иә

Жоқ

Жоқ

туғызады.

























УЗ Қоймалык,

























тасырыс көбірек

Иә

Жоқ




Жоқ

Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

немесе тапсырыс







Иә
















көлеміне тең.

























Д1 Тапсырылған

























тауарлар жеткізіледі.

X

-







-










Д2 Тапсырыс










X

X

X

X

X

қайтарылады.







X
















ДЗ Тапсырыс кейінге




X



















қалдырылады.
























Кесте 9. Шешімдер кстесінің дамуы



Негізгі әдебиет: 1,2,5

Қосымша әдебиет: 1,3,4,8,9,10

10 тақырып. Анықсыздық жағдайында БШ құрастыру ерекшеліктері

1. Анықсыздық пен тәуекелділік түсінігі

2. Анықсыздықты төмендетудің ұйымдық әдістері
1. Анықсыздық пен тәуекелділік түсінігі

БШ дегі анықсыздық пен тәуекел. БШ қабылдағанда басқарушы анықсыздық пен тәуекелмен кезігеді.

Ожегов С.И. сөздігіне сүйенсек, анықсыздық мағынасы нақты емес, анық емес. Ал тәуекел қауіп мүмкіндігі ретінде анықталады. Анықсыздықты өлшеу қиын, ол көп не аз, төмен не жоғары болуы мүмкін. Кей жағдайда ол пайыз түрінде өлшенуі мүмкін, мысалы ақпарат анықсыздығы 30%, құрастырылған шешім анықсыздығы 10/о

Әдетте, анықсыздықты БШ құрастырумен, ал тәуекелді БШ жүзеге асумен байланыстырады

Анықсыздықтар – тәуекел пайда болуының негізгі себебі. Басқарушы анықсыздық деңгейін төмендету керек. Егер бірінен соң бірі БШ жүзеге асырылса, онда келесі БШ үшін алдындағы тәуеке анықсыздық болып саналады.

Анықсыздық құбылыс ретінде де, процесс ретінде қарастырылады. Құбылыс ретінде анықсыздық - анық емес жағдайлар жинағы. Құбылысқа нақты жұмысшының еркі мен санасынан тыс пайда болатын форс-мажорлық жағдайлар жатады. Процес ретінде анықсыздық - компетенттілігі төмен жұмысшының қате шешім қабылдаудағы әрекеті.

Анықсыздыкты екі топқа бөлуге болады: объективті, субъективті. Объективті анықсыздық БШ кұрастыратын не жүзеге асыратын басқарушы немесе маманға байланысты болмайды анықсыздықтың қайнар көзі ұйымнан тыс орналасады. Ал субъективті кәсіпқой қателер, жоғалтулар нәтижесінде пайда болады. анықсыздық қайнар көзі ұйым ішінде болады. Субъектив анықсыздықтар жалпы қосынды анықсыздыкгардың негізгі бөлігін кұрайды, сондықтан маман субъективті анықсыздыкты төмендетуді үйрену керек.

Анықсыздыкттың 4 деңгейін бөлуге болады:

БШҚ-ң типтік процедураларына әсер етпейтін төменгі деңгей;

БШҚ нақты процедураларын қайта қарастыруды талап ететін орта денгей;

БШҚ жаңа процедураларын құрастыруды талап ететін жогарғы деңгей;

БШҚ кезінде маман түсінуінен тыс болатын ете жоғарғы деңгей.

БШҚ кезіндегі анықсыздыққа ақпарат сипаттамаларының әсері. БШҚ кезіндегі анықсыздық келесі себептер бойынша пайда болады.

2. Анықсыздықты төмендетудің ұйымдық әдістері

Анықсыздықтарды басқару. Сыртқы және ішкі орта жағдайларында анықсыздықтармен жұмыс істей отырып, жетекші параметрлердің үш тобымен соқтығысады: толық басқарылатын (заңды анықталған), жартылай басқарылатын (ықтималды) және басқарылмайтын (стохастикалық, билікке бағынбаушылық) (сурет 4.6).

Толық басқарылатын параметрлер жетекшіге сенімді түрде нсгізделген шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Олар нақты қалыптастырылған мақсаттың (мәтін түрінде немесе анық функция түрінде) және оны кұрайтын тапсырмалар, нақты өлшем бірліктер (теңге, тонна, пайыз және т.б.), ашық шешімді қалыптастыратын математикалық және логикалық аппарат (шаралар жоспары немесе сандық түрде) жиынының болуымен сипатталады.

Басқарылмайтын параметрлерге әдетте, аяғына дейін жстілдірілмеген немесе толық емес түсінікті параметрлерді, сонымен қатар нақты орындаушының құзырындағы емес параметрлер жатады. Бұл параметрлердің өздері шешімге, сондай-ақ оның орындалу нәтижесіне түзетулер енгізеді. Сондықтан олар анықсыздық деңгейін арттырады және жетекшіні шешімді таңдау мен жүзеге асырғанда тәуекелге итермелейді.

Жартылай басқарылатын параметрлер - бұл толық басқарылатын және басқарылмайтын параметрлердің аралық жағдайы.

Осы параметрлердің синонимдері, сәйкесінше: жақсы құрылымдандырылған, әлсіз құрылымдандырылған, құрылымдандырылмаған параметрлер.

Талап етілетін нәтижелерді алу ықтималдылығын арттыру үшін БШ құрастырудың жалпы әдістерімен (5 бөлімді қараңыз) қатар басқару объектілерінің қажетті тұгыну қасиетгерін және өмірлік циклдың барлық кезеңдерінде олардың жүзеге асырылуына оптималды шығындарды қамтамасыз етуге бағытталған, басқару объектілері; функцияларын (техникалық, технологиялық, биологиялық және әлеуметтік) жүйелік зерттеу әдісі.

ҚФТ әдісі жеті кезеңді білдіреді: дайындаушы, ақпараттық, сараптамапы, шығармашылық, зерттеуші, ұсынушы, енгізу.



Дайындаушы: нақты басқару объектісін (БО) таңдау; зерттеу тобын кұру мен талдауды жүргізуге дайындық; ҚФТ жүргізу графигі;

Ақпараттық: БО қолдану моделін құрастыру; БО қызмет етуінің нақты жағдайларын бағалау; БО бойынша рационалды ұсыныстарды зерттеу; БО бойынша шығындар калькуляциясын құрастыру мен талдау; БО құндық-функционалдық моделін құру; шешілетін міндеттердің басымдылықтарын анықтау.

Сараптамалы: БО функциялар тізімін жасау және олардың жіктелуі; белсендендіруші, тежеуші, потенциалды және бейтарап функцияларды анықтау; функцияларды талдау, артықтарын алып тастау және қажетті функцияларды косу; БО жаңа түзетілген моделін құру; шығындар калькуляциясы; БО функциялар жаңа кұрамын сараптамалы бағалау.

Шығармашылық: БО бойынша БШҚ белсендендірудің әдістері мен тәсілдерін іздеу; тұтыну қасиеттерінің жиынын жақсарту үшін БО функциясының бірігуі, бөлінуі, өзгеруі бойынша балама шешімдерді іздеу; ең қолайлы нұсқаларды іріктеу.

Зерттеуші: қабылданған нұсқалар бойынша БО құру эскиздерін құрастыру мен оларды салыстырмалы бағалау; қабылданған нұсқалардың сыртқы экспертизасы; тәжірибелі БО макетін немесе моделін құру.

Ұсынушы: БО таңдалған нұсқаның техникалық-экономикалық сипатын құрастыру; БО қолданудың тура және жанама аймақтарын түсіндіру; сәйкес қолдану аймақтарында БО әртүрлі қасиеттерін тиімдірек пайдалану бойынша ұсыныстар жасау.

Еңгізу: жарнамалық компанияны өткізу және кұрастырылған БО мүмкін қолдану бойынша ұйымды іздеу. Жаңа өнімнің енгізу процесі мен нақты тұтынушылық қасиеттері туралы статистикалық мәліметтерді жинау.

Негізгі әдебиет: 1,2,5

Қосымша әдебиет: 1,3,4,8,9,10



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   71




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді