6.Шайнау бұлшықетінің күші және жұмысы. Мастикациграфия.
7. Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері.
Қозудың жүйке талшығымен таралу механизмі мен заңдары.
Жүйке талшықтарының физиологиялық қасиеттері. Жүйке талшықтарына қозғыштық, құбылмалылық, қозу толқынын даралап және қос бағытта өткізу тағы басқа қасиеттер тән.
Қозғыштық. Жүйке талшықтарының қозғыштығы өте жоғары. Миелинді талшықтар миелинсіз талшықтармен салыстырғанда қозғыш келеді.
Құбылмалылық. Жүйке талшықтарының функционалдық құбылмалығы да өте жоғары. Оларда қозу толқыны басқа ұлпалармен салыстырғанда шапшаң пайда болып, тез өшеді. Сондықтан жүйке талшықтары өте жиі тітіркендіру ырғағын игере алады. Жүйке торшалары үшін қозу толқынының максимальдық ырғағы секундына 100 тітіркеністен артпайды, ал оптимальдық ырғақ секундына 10–12 тітіркеніс. Осы торша аксоны үшін максимальдық ырғақ секундына 300–500 тітіркеніс болса, оптимальдық ырғақ 100–175 тітіркеніс шамасында. Миелинді жүйкелердің лабильділігі миелинсіз жүйкелерден жоғары. Мысалы, миелинді жүйке талшықтары секундына 500-ге дейін қозу толқынын тудыра алады.
Қозуды жеке-дара өткізу. Әрбір жүйке көптеген талшықтардан құралған, бірақ қозу импульсін әрбір талшық жеке-дара өткізеді, іргелес жатқан талшыққа таратпайды. Осымен байланысты жүйке импульсі тек қозған талшықпен түйісетін құрылымға ғана беріледі. Жүйкенің бұл қасиеті миелин қабығының болуымен байланысты. Жүйкенің өткізгіштігі неғұрлым жоғары болса, оның миелин қабығы соғұрлым қалың келеді. Оның себебі қозуды өткізу жылдамдығы жоғарылаған сайын, әрекет тогының күші арта түседі. Миелинсіз талшықтарда қозу толқыны баяу таралады, әрекет потенциалы әлсіз болады.
Тұтастық зандылығы. Қозу импульсі жүйке талшықтарымен оның анатомиялық тұтастығы сақталған жағдайда ғана өткізіледі. Жүйке талшықтарын механикалық жолмен зақымдау, немесе натрий арналарын арнаулы заттармен тығындау (блокадалау) жүйкенің өткізгіштік қасиетін жояды.
Қозуды қос бағытта өткізу. Қалыпты жағдайда жүйкенің қозған учаскесінде рефрактерлік құбылыстың дамуымен байланысты қозу толқыны кері бағытта таралмайды. Дегенмен, аксонның қозғыштығы жоғары (триггерлік)бастапқы сегменттерінде қозу толқыны қос бағытта - аксон ұшына және нейрон денесіне қарай таралады.
Жүйкедегі зат алмасу. Қозу үстіндегі талшықтар онша көп энергия шығындамайды. Ол энергияны тек натрий - калийлік сораптың жұмысын қамтамасыз ету үшін ғана пайдаланады.
Жүйкенің қажымауы. Жүйке қалыпты жағдайда қажымайды. Оның себебі зат алмасу процесі қарқынының төмен болуында және қайта синтездеу процестерінің шапшаң жүруінде. Жүйкенің қажымау себебінің бірі - оның лабильділігінің жоғарылығында. Қалыпты жағдайда жүйке торшалары секундына 50–100 импульс тудырып үлгерсе, жүйке талшықтары одан әлдеқайда көп импульстерді өткізіп үлгеруге бейімделген.
Жұйке талшықтары арқылы қозу өткізу
заңдылықтары
1.Екі жақтылы өткізу. Бабухин-1847ж. нильдік сомда, кейінірек Кюне бақаның нәзік бұлшық етінде дәлелдеген.
2.Жүйкенің анатомиялық және функциялық тұтастығы.
3.Қозуды оқшау өткізу
4. Декрементсіз өткізу
5.Жүйке шаршамайды. Жүйкенің бұл қасиетін
Введенский ашқан.
8. Парабиоз.
Парабиоз грек сөзі (para - жуык, жакын bios - өмір, тіршілік) тіріге жуық хал
немесе өмір мен өлш арасындагы жағдай деген мағынада. Н.Е.Введенский ет-
жүйке препаратын алып, оның жүйкесінің етке жакын жерін 2% кокаин
ерітіндіс.іне малынған мактамен орайды, біраздан соң жүнкеш еттен алысырак
жерінен токтың жиілігін не күшін біртіндеп жоғарылата тітіркендіріп,
бүлшықеттің сіреспе жиырылу сызыгын жазады. Бүлшықеттің жиырылу
жауабы кокаин тиген жердегі қүбылыска байланысты өзгеретінін байқайды
жэне иарабиоэздың дамуы мезгілінде үш сагылы өзгерістерді анықтады:
теңестіру, парадоксальдық, тежелу (12-сурет).
Бірінші - теңестіру кезеңінде тітіркендіргішгің біртіндеп жиілігін не
күшін жогарылатса бэріне беретін жауабы бірдей болады. Екінші -
парадоксалды кезеңде әлсіз (сирек) тітіркендіргіштерге беретін бүлшықеттің
жауабы күшті (жиі) тітіркендіргіштерге беретін жауабынан жоғары болады.
Қалыпты жағдайда бұлшыкеттің жауабы тітіркендіргіштің эсеріне тікелей
байланысты жоғарылайды. Парабиоз терендеген сайын бірінші кезең
екіншісіне, ал екінші кезең үшінші кезеңге айналады. Үшінші - тежелу
кезеңінде ет тітіркендіргіштерге жауан қайтармайды. Егер
парабиоздық
әсерді уакытында алып тастап физиологиялык ерітіңдеп жүйкені жуса, пара
биоз, кезеңдері бірін-бірі кері қарай алмастырып жүйке эдеттегі жагдайта
келеді.
9. Синапстардың физиологиялық қасиеттері
1.Қозу химиялық синапстарда медиатор арқылы өтеді
2.Қозу бір бағытта өтеді
3.Тез қажиды (медиатор қоры азаюынан)
4.Лабильдігі төмен 100-125 имп/сек
5.Қозудың жинақталуы
6.Із салу
7.Синапстық кідіру (0,2-0,5 м/с)
8. Фармакологиялық және биологиялық белсенді заттарға таңдамалы сезімталдығы
9.Температуралық өзгерістерге сезімталдығы
10. Іздік деполяризациясының болуы
10. Ауыз қуысы тіндерінің физиологиялық қаситеттері. Зерттеу әдістері.
Ауыз қуысындағы гальванизм.
Достарыңызбен бөлісу: |