Айы
|
Ұйымдастырылған іс-әрекет
|
Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері
|
Мамыр
|
Дене шынықтыру
|
секіру. Бір аяқтан бір аяққа секіру, тура секіру; екі аяқпен секіру (аяқтар бірге-аяқтар алшақ), тереңдікке (15–20 см биіктіктен) секіру дағдыларын қалыптастыру;
домалату, лақтыру, қағып алу. Көлденең нысанаға, алысқа лақтыру, тура нысанға оң және сол қолмен тік нысанаға көздеп лақтыру, допты тәрбиешіден 1–1,5 метр арақашықтықта лақтыру, үлкен допты екі қолмен арқаннан, тордан өткізе лақтыру дағдыларын қалыптастыру;
|
Сөйлеуді дамыту
|
сөздік қорын сөздік ойындар мен жаттығулар арқылы байыту; заттарды жалпы және ерекше белгілері бойынша топтай білуге үйрету
|
Көркем әдебиет
|
Ертегі кейіпкерлерінің образына кіріп ойнау дығдыларын қалыптастыру
|
Математика негіздері
|
ұзындығы, ені, биіктігі, жуандығы бойынша бірдей екі әртүрлі және бірдей заттарды салыстыру
|
Қоршаған ортамен таныстыру
|
құстарды, жәндіктерді, үй және жабайы жануарларды, олардың төлдерін өздеріне тән белгілері бойынша атау және ажырату
|
Құрастыру
|
құрылыс материалдарынан құрастыру
|
Сурет салу
|
бормен асфальтқа, таяқпен құмға сурет салу, жолақта және бұрыштарға қазақ ою-өрнектерінің қос элементін салу.
|
Мүсіндеу
|
қамырдан мүсіндеуге қызығушылық таныту, үйрету
|
Жапсыру
|
Сюжеттік жапсыру.
Балаларды жалпы композиция құрастыруға үйрету.
|
Музыка
|
қимыл қарқынын өзгерте отырып қимылдау, бір-бірлеп, жұптаса отырып би қиылдарын орындау, жануарлардың би қимылдарын ұқсату;
ойындарға, хор айтуға қатысу, таныс би қимылдарын қайталай білу дағдыларын дамыту
|