Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Қазақ тілі» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары Тыңдалым және айтылым
Суреттерге қарап, мәтіннің не туралы болатынын болжап көр.
Мәтінді тыңда. Болжамың сәйкес келді ме? Ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
Түркістан – Қазақстандағы көне қалалардың бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан.
Түркістан қаласы әлемге Қожа Ахмет Йасауи атымен әйгілі. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – биік күмбезді, үлкен ғимарат. Оның қабырғалары күйдірілген кірпішпен өрнектелген. Кесенеде үлкенді-кішілі 35 бөлме бар. Кесенесінің қазандық
бөлмесінде қасиетті тайқазан тұр.
Түркістанға келгендер ең алдымен сол кесенеге барады. Бұл кесене – сәулет өнерінің ең озық үлгісі болып табылады.
Сенің өлкеңде қандай сәулет ескерткіштері/ ғимараттар бар? Олар туралы не білесің? Әңгімеле.
[6]
24
Балл қою кестесі
Достарыңызбен бөлісу: |