1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Тірек сөздерді түртіп ал. Сұрақтарға жауап бер.
Пошта конвертін хаттың «киімі» деуге болады. Ертеректе хатты қайыңның
қабығына жазып, хабаршылар арқылы таратып отырған. Хатты қайда және кімге апаратынын жазатын орын болмағандықтан, оларды басқа ағаш қабыққа жазып, хатпен бірге жіппен байлап қоятын.
Мұндай хаттарды жіберу ыңғайсыз болды. Себебі, оны кез келген адам ашып, оқи алатын еді. Сондықтан да адамдар жазған хаттарын мәтіні ішкі жағында қалатындай етіп бүктеп қоятын болды. 1820 жылы ағылшынның қағаз сатушы саудагері Бревер хат салатын қалташа жасап шығарды. Ол «конверт» деп аталды. «Конверт» сөзі «орап қою», «айналдыру, бұрау» деген мағынаны білдіреді. Көп кешікпей конверт хаттан бөлініп, оның сыртқы «киіміне» айналды.
Тірек сөздер: ____________________________________________________________
«Конверт» сөзі қандай мағынаны білдіреді? _________________________________
Алғашқы конвертті кім ойлап тапқан? _______________________________________
Алғашқы конверт қашан және қай елде пайда болды? __________________________
28