Жиынтық бағалаудың спецификациясы

Loading...


Pdf көрінісі
бет3/3
Дата09.04.2020
өлшемі0.58 Mb.
1   2   3

Балл қою кестесі 

Тыңдалым және айтылым 

№ 

Балл 


Грамматика мен лексиканы дұрыс 

қолдануы 

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру қабілеті 

9-10 



Грамматикалық  және  лексикалық 

құрылымдардың  қолдану  аясын  өте 

жақсы түсінеді.  

Сөз  саптауы  дұрыс,  анда-санда 

мардымсыз қателерді жібереді 

Тақырыпты өте жақсы түсінеді.  

Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды.  

Талқылау  кезінде  өз  ойын  толық  жеткізе 

алады.  

7-8 



Грамматикалық  және  лексикалық 

құрылымдардың  қолдану  аясын 

жақсы түсінеді.  

Сөз  саптауы  дұрыс,  анда-санда 

қателер жібереді 

Тақырыпты жақсы түсінеді.  

Күтпеген  сұрақтарға  жауабын  ойланып  әрі 

орынды жеткізеді.  

Талқылау  кезінде  өз  ойын  түсінікті  жеткізе 

алады,  бірақ  кейде  сырттан  қолдауды  қажет 

етеді.  

5-6 


Грамматикалық  және  лексикалық 

құрылымдарды  қолдану 

аясын 

орташа түсінеді.  



Сөз  саптауы  дұрыс,  қателері 

байқалғанмен,  түсінуге  кедергі 

тудырмайды.  

Тақырыптың  негізгі  тараптарын  түсінеді, 

бірақ  күрделі  сұрақтарды  талдауда  едәуір 

қиналады.  

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.  

Талқылау  кезінде  қолдауды  қажет  етеді, 

жауаптарын  алдын  ала  дайындап  келгендей 

көрінеді.  

3-4 

Грамматикалық  және  лексикалық 



құрылымдардың  қолдану  аясын 

аздап түсінеді.  

Сөз 

саптауы 


нақты 

емес, 


түсініспеушілікті тудырады.  

Тақырыпты түсінуде қиналады.  

Күтпеген  сұрақтарға жауап  беруде  қиналады, 

тақырыпты ашуды дамыта алмайды.  

Талқылау  кезінде  жақсы  қолдаусыз  өзін 

көрсете алмайды.  

1-2 

Грамматикалық  және  лексикалық 



құрылымдардың  қолдану  аясын  өте 

аз түсінеді.  

Түсініспеушілікті 

тудыратын, 

қайталанып  келетін  қателер  жиі 

кездеседі.  

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.  

Күтпеген  сұрақтарға жауап  беруде  қиналады, 

тіпті жауап бере алмайды.  

Талқылауға өте аз қатысады.  



 

Оқылым  


№ 

Жауап 


Балл 

1. 



ЖОО-на 5000, колледждерге 1200 грант бөлінген

2. 


ЖОО-на түсушілерге шәкіртақы 16500 тг болса, колледжге түсушілерге 13500 тг 

беріледі; 

3. 

Колледж студенттеріне 3 мезгіл тамақ берілсе, ЖОО-на түсушілерде ондай 



жеңілдік жоқ; 

4. 


ЖОО-нын бітіргендер жұмыспен қамтылса, колледж студенттері киім-кешекпен 

қамтылады. 



 



 



Публицистикалық стиль 



Халықты бағдарламамен таныстыруды көздейді (көпшілікке арналған); көбінесе І, ІІ 



жақта жазылады; соңғы азат жолда үндеу, үгіт сөздері қолданылады; тақырыпқа сай 

терминдер берілген; оқырманның назарын аударатын лепті сөйлемдер бар; т.б. 



Тақырыпқа қатысты терминдер: бағдарлама, жоба, грант, кадр, техникалық және 



ауылшаруашылық мамандықтар, әскери кафедра, т.б. 



Мәтін 5 абзацтан тұрады, құрылымдық бөліктері (кіріспе, негізгі, қорытынды) 

сақталған. 



Мәтінде «Серпін-2050» бағдарламасы туралы ақпараттық сурет беріледі. Мәтінде 



ақпараттарды дәлелді жеткізу үшін, сандық деректер көп қолданылады. 



Мақала 

Барлығы  



10 

 

18 


 

Жазылым  

№ 

Балл 


Сипаттамасы 

9-10  



 

Оқырманға  ерекше  әсер  беру  мақсатымен  көркем  тіл  құралдары 

орынды қолданылған.  

Ойын  еркін  әрі  толық  жеткізеді,  күрделі  әсерлерді  жеткізе  алады, 

техникалық қателерді жібермейді.  

7-8  



 

Оқырманға  ерекше  әсер  беру  мақсатымен  тіл  құралдары  үйлесімді 

түрде қолданылған.  

Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір 

техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.  

5-6 


Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары 

қолданылған.  

Ойын  анық  білдіреді,  бірақ  бір  сарыннан  шықпайды,  техникалық 

қателер  (мәтіндегі  сөздердің  байланысу  түрлерінің  дұрыс 

қолданылмауы,  шақтардың,  бастауыш  пен  етістіктердің  ұйқаспауы, 

орфографиялық  қателер,  пунктуацияның  жоқтығы)  жалпы  әсерді 

бұзады.  

3-4 


Құрылымы  жүйесіз  немесе  анық  емес,  нақты  суреттеу  мен  қарама-

қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.  

Сөз  саптауы  нақты  болғанымен,  жүйесіздік  байқалады,  жиі 

техникалық  қателер  (сөздердің  байланысу  түрлерінің  дұрыс 

қолданылмауы,  шақтардың,  бастауыш  пен  етістіктердің  ұйқаспауы, 

орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.  

1-2 

Көркем  тіл  құралдары  аз  қолданылған  немесе  мүлдем 



қолданылмаған.  

Сөздер  кейде  анық  емес,  техникалық  және  құрылымдық  қателер 

(сөздердің  байланысу  түрлерінің  дұрыс  қолданылмауы,  шақтардың, 

бастауыш  пен  етістіктердің  ұйқаспауы,  орфографиялық  қателер, 

пунктуацияның  жоқтығы)  мағынаны  толық  түсінуге  қиындық 

келтіреді.  

 

 

 



19 

 

3-

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ  

Жиынтық бағалауға шолу 

 

Ұзақтығы: 40 минут  

Оқылым – 15 минут  

Жазылым – 25 минут  

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі. 

Балл саны: 30 

Тапсырмалар түрлері 

Көп таңдауы бар сұрақтар 

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар 

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар 

 

Жиынтық бағалаудың құрылымы  

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі тыңдалым, 

айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі 

жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.  

20 


 

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы 

*Тап 

сырма 

Қамтылатын мақсаттар 

Тапсырмалар 

түрлері 

*Тапсырмалар сипаттамасы 

 

*Орындау 



уақыты, мин  Балл 

8.1.5.1  - 



перифраз  түрінде  берілген  сұрақтар 

арқылы  мәтіннен  қажетті  ақпаратты  таба  білу, 

көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау 

8.1.6.1  - 

коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми 

және 


халықаралық 

терминдерді, 

ғылыми 

деректерді  орынды  қолданып,  диалог,  монолог, 



полилогте өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу  

8.1.4.1 - 

мәтінде көтерілген мәселені (тұрмыстық, 

әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау 

8.1.3.1  - 

тыңдалған  мәтіннің  мазмұнын  түсіну, 

ұсынылған ақпараттан астарлы ойды анықтау 

Толық жауапты 

қажет 

ететін 


сұрақтар 

Тапсырма  жұппен  орындалады.  Оқушыларға  150-200 

сөзден  тұратын  тақырыпқа  қатысты  мәтіндер  беріледі, 

оқушы  жеке  отырып  оқиды  (немесе  аудио  арқылы 

тыңдатуға болады).  

Оқушылар  мәтінді  тыңдау  немесе  оқу  барысында 

мәтіннің  мазмұнын  түсініп,  перифраз  түрінде  берілген 

сұрақтар  арқылы  мәтіннен  қажетті  ақпаратты  таба 

біледі. 

Тыңдаушы  коммуникативтік  жағдаятқа  сай  ғылыми 

және  халықаралық  терминдерді,  ғылыми  деректерді 

орынды қолданып, диалог, монолог, полилогте өз ойын 

дәлелді,  жүйелі  жеткізеді  және  ұсынылған  ақпараттан 

астарлы ойды анықтайды. 

Екінші оқушы да тура осылай тапсырманы қайталайды. 

Бағалау  екі оқушыға  жеке-жеке  қойылады.  Сөздік  қор 

және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолданады. 

Тыңдалым 

мен  айтылым 

сабақтан  тыс, 

қосымша 

уақытта 


өткізіледі  (әр 

білім 


алушыға  3-5 

минут 


беріледі). 

 

10 



2-4 

8.2.5.1  - 

перифразаның  түрлі  тәсілдерін  қолдана 

отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру  

8.2.6.1  - 

оқылым  стратегияларын  қолдану: 

комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу 

8.2.7.1 


ғаламтор,  энциклопедия,  газет-

журналдар,  оқулықтардан  алынған  деректерді 

дәлел ретінде қолдану, авторына сілтеме жасау 

Көп  таңдауы 

бар, 


қысқа 

және 


толық 

жауапты  қажет 

ететін сұрақтар 

150-


200 сөзге жуық мәтін беріледі.  

Оқушы 


мәтін 

бойынша 


перифразаланған 

(түрлендірілген) 

сұрақтар 

құрастырады. 

Мәтін 

бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы іріктеп оқиды, 



мәтін  мазмұнына  комментарий  білдіреді,  талдайды. 

Ғаламтор, 

энциклопедия, 

газет-журналдар, 

оқулықтардан  алынған  деректерді  дәлел  ретінде 

қолданып, авторына сілтеме жасайды.  

15 

10 


8.3.3.1  - 

мәтін  құрылымын  сақтай  отырып, 

графиктік 

мәтіндегі 

(диаграмма, 

кесте) 

деректердің маңызды тұстарын анықтап жазу  



8.3.5.1  - 

оқылым  және  тыңдалым  материалдары 

бойынша  мәтіннің  баяндау  желісін  сақтап,  әр 

бөлігінен  алынған  ақпараттардан  жинақы  мәтін 

(

аннотация, тезис) жазу 



8.4.4.3  - 

сөйлем  ішінде  бірыңғай  мүшелер  және 

айқындауыш мүшелерді қолдана білу  

Жазбаша толық 

жауапты  қажет 

ететін сұрақтар 

Оқушылар  ұсынылған  екі  тақырыптың  бірін  таңдап, 

жазба  жұмысын  орындайды.  Графиктік  мәтіннің 

маңызды  тұстарын  анықтап  жазады  немесе  оқылым 

материалы ойынша мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр 

бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін жазады. 

Жазылым  жұмысында  сөйлем  ішінде  бірыңғай  және 

айқындауыш мүшелерді қолданып жазады. 

25 


10 

Барлығы 

40 минут 

30 

 


 

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі 

«Қазақ тілі Т1» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 

Тыңдалым мен айтылым  

 

Тапсырма  

1. Мәтінді мұқият оқыңыз.  Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, коммуникативтік жағдаятқа 

сай,  көтерілген  басты  мәселені  анықтаңыз  және  өзіндік  көзқарасыңызды  жан-жақты 

тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз,  астарлы ойды анықтаңыз. 

2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ 

қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.  

[10]  

 

1-

мәтін 



«

Адамзаттың  табиғатсыз  күні  жоқ,  оны  айтуға  табиғаттың  тілі  жоқ»  деп,  табиғаттың 

тілсіздігі үшін қынжыламыз. Жоқ, табиғаттың да тілі бар. Оны да адамзат қолдан жасады. Ол 

– 

Қызыл кітап... 

Бізге Қызыл кітаптың неге дәл солай аталғаны қызық болып тұр. Неге дәл қызыл түс? 

Халықаралық  Табиғатты  Қорғау  Одағы  1948  жылы  кеудесінде  жаны  бар  тіршілікті 

қорғауды  қолға  алды.  Бір  жылдан  соң,  сирек  кездесетін  түрлерді  қорғайтын  комиссия 

құрылды.  Комиссияның  қызметі  жойылып  кетудің  аз-ақ  алдында  тұрған  өсімдіктер  мен 

жануарларды  зерттеп,  зерделеп,  қорғауға  алу  еді  және  оларды  бір  кітапқа  топтастыру 

болатын. Комиссия төрағасы Питер Скотт адамдардың қып-қызыл түске назар салып, сәл 

де болса ойлануы үшін тізімді «Қызыл кітап» деп атауды ұсынды. Ең алғашқы Қызыл кітап 

1963  жылы  жарық  көрді.  Бұл  адамзаттың  табиғатты  қорғау  үшін  жасаған  алғашқы 

қадамдарының бірі болатын. 

Қызыл  түс  әу  бастан  қауіптің  белгісі.  «Қызыл  кітап»  өмірлері  қыл  үстінде  тұрған 

тіршілік иелерінің төлқұжаты іспетті. 

«

Қызыл  кітапқа»  енген  тіршілік  түрлері  жойылып  бара  жатқан  түр,  сирек  кездесетін 



түр, қысқартылып бара жатқан түр, анықталмаған түр, қайтып қалпына келе жатқан түр деп 

бөлінеді.  «Қызыл  кітаптың»  ішінде  «Қара  кітап»  бар  немесе  қара  тізім  десек  те  болады. 

Жер бетінен мүлде құрып, жойылып кеткен тіршілік иелері осы кітапта хатталып қалған.  

  

2-



мәтін 

Жануарларға қайырымды болыңыз 

«Қазақстанның  Қызыл  кітабы»  –  Қазақстан  Республикасы  аумағында  жойылып  кету 

қаупі  төнген  және  сирек  кездесетін  жануарлар  мен  өсімдіктердің  сипаттамасы  берілген 

арнайы  басылым.  1978  жылдан  шығарыла  бастады.  Оның  бірінші  бөлімі  омыртқалы 

жануарларға,  ал  екінші  бөлімі  өсімдіктерге  арналып  шығарылды.  Әлемдік  деңгейдегі 

жануарлар құқығын қорғау қоғамдастығының ұйымдастырылуына аталған кітаптың да үлесі 

жоқ емес. 

Тамыз  айының  үшінші  сенбісінде  Бүкіләлемдік  үйсіз  жануарлар  күні  атап  өтіледі 

(International  Homeless  Animals  Day).  Атаулы  күннің  белгіленуіне  себеп  болған  – 

Халықаралық  жануарлар  құқығын  қорғау  қоғамдастығы.  Ұйым  бұл  ұсынысты  1992  жылы 

білдірген  болатын.  Бастапқыда  халықаралық  дәреже  берілмегенімен,  көптеген  елдердегі 

жануарларды қорғау ұйымдары бірден жылы қабылдады. 

Бүгін  мереке  емес,  бүгін  әлем  жұртшылығының  үйсіз-күйсіз  жануарларға  назарын 

аударуға,  адамдарға  олардың  трагедиялық  тағдырларын  таныстыруға  арналған  іс-шаралар 

ұйымдастырылатын күн. Дәл қазір көптеген елдерде қайырымдылық және ағарту шаралары 

өткізіліп жатыр десек артық айтқандық емес. Еріктілер арнайы ұйымдастырылған концерттік 

бағдарламадан,  конкурстардан,  аукциондардан  түскен  қаржыны  үйсіз  қалған  жануарларға 

жұмсайды.  Сондай-ақ  бұл  күні  қарапайым  мысықтар  мен  иттерге  қожайын  табуға  жақсы 

мүмкіндік туады. 

22 


 

Бүкіләлемдік үйсіз жануарлар күнінің басты мақсаты – жануарлардың қожайындарына 

жауапкершілікті  сезінуді  тағы  да  бір  рет  естеріне  салу  және  мүмкіндігінше  үйдегі 

жануарлардың санын көбейтуге үгіт-насихат жүргізу. Осы мақсатта мал дәрігерлері бір күн 

бойы тегін қызмет көрсетеді. 

 

 



Тыңдалым мен айтылым  

Тапсырма  

1. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннен қажетті ақпаратты тауып, коммуникативтік жағдаятқа 

сай,  көтерілген  басты  мәселені  анықтаңыз  және  өзіндік  көзқарасыңызды  жан-жақты 

тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз, астарлы ойды анықтаңыз. 

2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ 

қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз.  

[10]  

 

1-

мәтін 



Табиғи ресурстарды қорғау және альтернативті энергия 

Табиғи  ресурстар  олардың  қолдану  саласына  қарай  өндірістік,  денсаулықты  сақтауға 

қажетті,  ғылыми,  эстетикалық  деп  бөлінеді.  Табиғи  ресурстары  сарқылмайтын  және 

сарқылатын  болып  екіге  бөлінеді.  Сарқылмайтын  қорлар  адам  баласына  тәуелсіз  болып 

келеді. Соның бірі – су. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отыр.  

Сарқылатын  қорлар  өз  кезегінде  қалпына  келетін  және  қалпына  келмейтін  деп 

жіктеледі.  Мысалы,  қазба  байлықтар,  мұнай,  көмір  қорлары  қалпына  келмейтін  байлық 

көзіне жатады. 

Адамзаттың  күн  көрісі  мен  тіршілік  етуіне  қажетгі  заттар  және  табиғатта  кездесетін 

жаратылыс  дүниелері  табиғи  ресурстар  деп  аталады.  Табиғи  ресурстарды  пайдалану 

нәтижесінде,  адамзат  азық-түлік,  киім-кешек тұрмыс  қажетін  өтеуге  керекті заттар,  жанар-

жағар майлар және өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады. 

Қалпына  келетін  қорлар  да  адамның  ақыл-ойына  тәуелді  болады.  Олар  –  топырақ, 

өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғат пайдалану қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде 

табиғат  байлығын  кешенді  үнемдеп  пайдалану  арқылы  қоғамның  материалдық  қажетін 

өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған. 

Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, 

табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-

теңдігін сақтау болып табылады. 

 

2-

мәтін 



Ресурстарды пайдалану және қоршаған ортаның ластануы 

Қазақстан минералдық ресурстарға бай. Қазақстан дүниежүзі елінің ішінде вольфрам, 

қорғасын,  барийдің  және  басқа  да  пайдалы  қазба  байлықтарының  қоры  бойынша  алдыңғы 

қатарларда. 

Қазақстан  жерінде  хромиттің  әлемдік  қорының  үштен  бірі,  уран  мен  марганецтің 

төрттен бір бөлігі, темір кенінің оннан бір бөлігі орналасқан.  

Енді  энергетика  өндірісінің  қоршаған  ортаға  тигізетін  әсерін  қарастыратын  болсақ, 

оның  зиянды  әсері  отынды  жер  қойнауынан  шығарғаннан  бастап,  электр  энергиясына 

айналдырған және тұтынушыларға берген кезеңдердің бәрінде орын алады екен. 

Ластаушы  компоненттердің  түрі  мен  мөлшері  қолданылған  отынның  табиғатына, 

химиялық құрамына және жағу технологиясына байланысты. 

Қатты отынды жаққанда күл, ыс, күкірт пен көміртек оксидтері, шаң бөлінеді. Сұйық 

отынды  (мұнай  мен  оның  өнделген  өнімдерін)  қолданғанда,  ауаға  күкірт  пен  көміртектің 

қосылыстары бөлінеді. Ал газды (отынды табиғи мен сұйытылған газ) жаққанда, қоршаған 

орта  тек  азот  оксидімен  ластанады.  Отынның  химиялық  құрамында  қандай  элементтердің 

23 


 

қосылыстары  болса,  жаққанда  солардың  оксидтері  мен  басқа  да  қосылыстары  қоршаған 

ортаға таралады. Отын жаққанда табиғи ортаның ластануын азайту үшін шаң-газ ұстайтын 

қондырғыларды  (сүзгіштерді)  қолданған  орынды.  Осындай  қондырғылар  зиянды  заттарды 

ауаға жібермеуге мүмкіндік туғызады.  

 

Оқылым 

Тапсырма 

Мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.                                                                     [10] 



Жасөспірімдер және қылмыс 

І.  Жастар  мен  жасөспірімдер  арасындағы  құқық  бұзушылық  пен  қылмыс  жасау  – 

бүгінгі  қоғамның  күн  тәртібінен  түспейтін  мәселе.  Әрбір  құқықбұзушылық  пен  қылмыс  – 

отбасы  үшін  орны  толмас  қайғылы  оқиға.  Қылмыстың  нәтижесі  біреуді  өлімге,  енді  бірін 

мүгедектікке апарса, біреу өз өмірінің болашағына балта шауып, темір тордың ар жағында 

қалады. Қалай десек те, құқықбұзушылық жақсылыққа апармайтынын естен шығармайық. 

ІІ.  Жалпы,  жастардың  және  жасөспірімдердің  қылмыс  жасау  мәселесі  құқық  қорғау 

жүйесінің  ғана  емес,  сонымен  қатар  отбасының,  барша  мемлекеттік  ұйымдардың  үнемі 

қадағалауын  талап  етеді.  Жастар  арасындағы  қылмыс  қашан  да  ұлт  тұтастығы  мен  ел 

болашағына  қауіп  төндіріп,  қоғамымыздың  ары  қарай  дамып  өркендеуіне  кері  әсерін 

тигізетіні анық. 

ІІІ. Жаңадан өркендеп келе жатқан ұрпақтың қылмыстың бұралаң жолдарын таңдауы 

– 

дәуір  қасіреті.  Бүгінде  түрмеде  отырған  азаматтардың  70  пайызы  жас  адамдар. 



Жасөспірімдер қылмысы мен тәртіпсіздігі неден бастау алады? Қоғам желіктіріп тұр ма, жоқ, 

әлде тәрбие таяз ба? Сотталған жас азаматтардың көбеюі қоғам өмірінің келеңсіз жақтарын, 

халықтың әлеуметтік ахуалының төмен екенін байқатады.  

ІV.  Астана  қалалық  сотының  мәліметінше,  соңғы  жарты  жылда  кәмелетке  толмаған 

балалардың  қатысуымен  елордада  43  қылмыстық  іс  қозғалыпты.  Қылмыстық 

жауапкершілікке  қылмысты  жасау  кезінде  жасы  16-ға  толған  азаматтар  тартылатындығы 

белгілі.  Алайда  адам  өлтіру,  қасақана  денсаулыққа  ауыр  зиян  келтіру,  адамды  ұрлау  және 

т.с.с.  ауыр  қылмыс  жасаған  тұлғалар  14  жастан  бастап  қылмыстық  жауапкершілікке 

тартылады. 

 

1. Мәтін мазмұнына қай ақпарат сәйкес? (1, 2-абзац)                                                                  [1] 



1. 

Бүгінгі таңда жастар қылмысы өзекті мәселе. 

2. Жастардың құқық бұзуы тек заңгерлердің мәселесі.  

A) 


екеуі де бұрыс  

B) 


екеуі де дұрыс  

C) 


тек біріншісі  

D) 


тек екіншісі 

 

2. Жасөспірімнің заң бұзуының бүкіл ұлттың дамуына әсері туралы қай абзацта айтылған?[1] 



A) 

І 

B) 



ІІ 

C) 


ІІІ 

D) 


ІV 

 

 



24 

 

3. 


Көптеген жастардың заңға тартылуы ненің белгісі? (3-абзац)                                            [1] 

A) 


Адамдар тұрмысының нашар болуының 

B) 


Бала тәрбиесінің жеткіліксіз екендігінің 

C) 


Заң қызметкерлерінің  әділетсіздігінің 

D) 


Көше тәрбиесінің кері әсерінің 

 

4. 



Мәтіндегі  «Жаңадан  өркендеп  келе  жатқан  ұрпақтың  қылмыстың  бұралаң  жолдарын 

таңдауы – дәуір қасіреті» дегенді сіз қалай түсінесіз? Неге?                                              [2] 

________________________________________________________________________________  

5. 


Автор  не  үшін  мәтіннің  соңғы  бөлімінде  жасөспірімнің  қылмыстық  жас  ерекшелігін 

мысалға келтіреді? Мәтінге сүйене отырып, дәлел келтіріңіз.                                            [2] 

________________________________________________________________________________ 

6. 


Мәтін мазмұны бойынша перифразалау арқылы 3 сұрақ құрастырыңыз.                          [3] 

________________________________________________________________________________ 



 

Жазылым  

Тапсырма 

Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, сөйлем ішінде бірыңғай мүшелер және айқындауыш 

мүшелерді қолдана отырып, жазылым жұмысын жазыңыз. 

1.   


Графиктік  мәтінде  еліміздегі  жастар  арасында  жасалған  қылмыс  көрсеткіші  берілген. 

Берілген жылдардағы қылмыстық көрсеткіштерді салыстырыңыз. 

 

2. 


Берілген мәтіннің баяндау желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы 

мәтін – аннотация жазыңыз. 

 

Адам  баласы  жануарлар  мен  өсімдіктер  туралы  мәліметтерді,  ғылыми-фактілерді 



саралап  келіп,  ендігі  жерде  оларды  қорғау  қажеттігі  туралы  тоқтамға  келді.  Кейбір 

өркениетті  елдерде  жануарларды,  өсімдіктерді,  ормандарды,  өзен-көлдерді  қорғау  туралы 

мемлекет деңгейінде құжаттар қабылдана бастады.  

Осындай  шаралардың  бірі  Халықаралық  табиғат  қорғау  ұйымы  (ХТҚҰ)  еді.  Ол  1948 

жылы  құрылды.  Ұйымның  мақсаты  –  дүниежүзіндегі  сиреп  немесе  құрып  бара  жатқан  аң 

мен  құстарды  және  өсімдіктердің  «Қызыл  кітабын»  ұйымдастыру  болатын.  Оған  дейін 

халықаралық «Қара кітаптың» тізімі жасалды. Оған жер бетінен біржола құрып кеткен аңдар 

мен құстар енгізілді. 

«Қызыл  кітап»  туралы  пікірді  ағылшын  табиғат  зерттеушісі  Питер  Скотт  айтқан 

болатын.  1963  жылы  халықаралық  «Қызыл  кітаптың»  алғашқы  басылымы,  одан  соң         

1966-

1975  жылдар  аралығында  5  томы  жарық  көрді.  Қызыл  кітапқа  сүтқоректілердің  236 



25 

 

түрі, құстардың 287 түрі, қосмекенділердің 36 және бауырымен жорғалаушылардың 119 түрі, 

балықтар мен жоғары сатыдағы өсімдіктердің тізімдері кірді. 

1978  жылы  КСРО-ның  «Қызыл  кітабы»  шықты.  Қазақ  КСР-ның  алғашқы  «Қызыл 

кітабының»  жануарларға  арналған  бөлігі  1978  жылы,  ал  1981  жылы  өсімдіктерге  арналған 

бөлігі  жарық  көрді.  Қазақстанның  «Қызыл  кітабы»  содан  бері  1991  және  1996  жылдары 

өңделіп, қайта басылып, көпшілікке ұсынылды.

 

________________________________________________________________________________



________________________________________________________________________________ 

 

 



 

26 


 

Балл қою кестесі 

Тыңдалым және айтылым  

№ 

Балл 


Грамматика мен лексиканы дұрыс 

қолдануы 

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру 

қабілеті 

9-10 


Грамматикалық  және  лексикалық 

құрылымдардың  қолдану  аясын  өте 

жақсы түсінеді.  

Сөз  саптауы  дұрыс,  анда-санда 

мардымсыз қателерді жібереді 

Тақырыпты өте жақсы түсінеді.  

Күтпеген  сұрақтарға  жауабы  тез  әрі 

орынды.  

Талқылау  кезінде  өз  ойын  толық 

жеткізе алады.  

7-8 


Грамматикалық  және  лексикалық 

құрылымдардың  қолдану  аясын 

жақсы түсінеді.  

Сөз  саптауы  дұрыс,  анда-санда 

қателер жібереді 

Тақырыпты жақсы түсінеді.  

Күтпеген 

сұрақтарға 

жауабын 

ойланып әрі орынды жеткізеді.  

Талқылау  кезінде  өз  ойын  түсінікті 

жеткізе  алады,  бірақ  кейде  сырттан 

қолдауды қажет етеді.  

5-6 


Грамматикалық  және  лексикалық 

құрылымдарды 

қолдану 

аясын 


орташа түсінеді.  

Сөз  саптауы  дұрыс,  қателері 

байқалғанмен,  түсінуге  кедергі 

тудырмайды.  

Тақырыптың 

негізгі 


тараптарын 

түсінеді,  бірақ  күрделі  сұрақтарды 

талдауда едәуір қиналады.  

Күтпеген  сұрақтарға  жауап  беруде 

қиналады.  

Талқылау  кезінде  қолдауды  қажет 

етеді, 

жауаптарын 



алдын 

ала 


дайындап келгендей көрінеді.  

3-4 


Грамматикалық  және  лексикалық 

құрылымдардың  қолдану  аясын 

аздап түсінеді.  

Сөз 


саптауы 

нақты 


емес, 

түсініспеушілікті тудырады.  

Тақырыпты түсінуде қиналады.  

Күтпеген  сұрақтарға  жауап  беруде 

қиналады,  тақырыпты  ашуды  дамыта 

алмайды.  

Талқылау  кезінде  жақсы  қолдаусыз 

өзін көрсете алмайды.  

1-2 

Грамматикалық  және  лексикалық 



құрылымдардың  қолдану  аясын  өте 

аз түсінеді.  

Түсініспеушілікті 

тудыратын, 

қайталанып  келетін  қателер  жиі 

кездеседі.  

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.  

Күтпеген  сұрақтарға  жауап  беруде 

қиналады, тіпті жауап бере алмайды.  

Талқылауға өте аз қатысады.  

 

Оқылым  


№ 

Жауап 


Балл 

С 



В 



А 



Оқушы жауабы ескеріледі: 



мәтін үзіндісі бойынша пікір білдіреді – 1; 

себебін түсіндіреді – 1. 



Оқушы жауабы ескеріледі: 



сұраққа жауап береді – 1; 

мәтіннен дәлел келтіреді – 1. 



Перифраз  жасау  арқылы  сұрақтар  құрастырады.  Әр  сұрақ  1  балмен 



бағаланады. 

Барлығы  



10 

 

 



 

27 


 

Жазылым  

№ 

Балл 


Сипаттамасы 

9-10 



 

Оқырманға  ерекше  әсер  беру  мақсатымен  көркем  тіл  құралдары  орынды 

қолданылған.  

Ойын  еркін  әрі  толық  жеткізеді,  күрделі  әсерлерді  жеткізе  алады,  техникалық 

қателерді жібермейді.  

7-8 


 

Оқырманға  ерекше  әсер  беру  мақсатымен  тіл  құралдары  үйлесімді  түрде 

қолданылған.  

Ойын  анық  әрі  еркін  білдіруі  тиісті  әсерді  береді,  жіберілген  кейбір  техникалық 

қателер түсінуді қиындатпайды.  

5-6 


Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен кейбір сипаттау құралдары қолданылған.  

Ойын анық білдіреді, бірақ бір сарыннан шықпайды, техникалық қателер (мәтіндегі 

сөздердің  байланысу  түрлерінің  дұрыс  қолданылмауы,  шақтардың,  бастауыш  пен 

етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жалпы 

әсерді бұзады.  

3-4 


Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама – қайшылықтарды 

баяндау қабілеті жетіспейді.  

Сөз  саптауы  нақты  болғанымен,  жүйесіздік  байқалады,  жиі  техникалық  қателер 

(сөздердің  байланысу  түрлерінің  дұрыс  қолданылмауы,  шақтардың,  бастауыш  пен 

етістіктердің  ұйқаспауы,  орфографиялық  қателер,  пунктуацияның  жоқтығы) 

жібереді.  

1-2 

Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған.  



Сөздер  кейде  анық  емес,  техникалық  және  құрылымдық  қателер  (сөздердің 

байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің 

ұйқаспауы,  орфографиялық  қателер,  пунктуацияның  жоқтығы)  мағынаны  толық 

түсінуге қиындық келтіреді.  

 

28 


 

4-

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ  

 

Жиынтық бағалауға шолу 

 

Ұзақтығы: 40 минут  

Оқылым – 15 минут  

Жазылым – 25 минут  

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі 

Балл саны: 30 

Тапсырмалар түрлері 

Көп таңдауы бар сұрақтар 

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар 

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар 

 

Жиынтық бағалаудың құрылымы  

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі тыңдалым, 

айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі 

жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.  

 


 

Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы  

*Тапсы

рма 

Қамтылатын мақсаттар 

Тапсырмалар 

түрлері 

*Тапсырмалар сипаттамасы 

 

*Орындау 



уақыты, мин  Балл 

 



 

 

8.1.3.1  - 



тыңдалған  мәтіннің  мазмұнын 

түсіну,  ұсынылған  ақпараттан  астарлы  ойды 

анықтау  

8.1.1.1  - 

мәтіннен  алынған  дәйексөздерге, 

үзінділерге  сүйене  отырып,  көтерілетін 

мәселені болжау 

8.1.5.1  - 

перифраз  түрінде  берілген  сұрақтар 

арқылы  мәтіннен  қажетті  ақпаратты  таба 

білу,  көтерілген  мәселе  бойынша  ой 

тұжырымдау 

Толық жауапты 

қажет 


ететін 

сұрақтар 

Тапсырма  жұппен  орындалады.  Оқушыларға  150-200 

сөзден  тұратын  тақырыпқа  қатысты  мәтіндер  беріледі, 

оқушы  жеке  отырып  оқиды  (немесе  аудио  арқылы 

тыңдатуға болады).  

Оқушылар  мәтінді  тыңдау  немесе  оқу  барысында 

тақырыптарға  байланысты  көтерілген  мәселені  талдайды 

және  ұсынылған  ақпараттан  астарлы  ойды  анықтайды. 

Мәтіннен  алынған  дәйексөздерге,  үзінділерге  сүйене 

отырып,  көтерілетін  мәселені  болжайды  және  сұхбатқа 

қатысады,  ойын  анық  жеткізеді.  Тыңдаушы  жұбы  мәтін 

мазмұны  бойынша  сұрақтар  қояды,  көтерілген  мәселе 

бойынша  ой  тұжырымдайды.  Дәл  осылай  екінші  оқушы 

тапсырманы  қайталайды.  Бағалау  екі  оқушыға  жеке-жеке 

қойылады. 

Тыңдалым 

мен  айтылым 

сабақтан  тыс, 

қосымша 


уақытта 

өткізіледі  (әр 

білім 

алушыға  3-5 



минут 

беріледі). 

 

10 


2-4 

 

 



 

8.2.4.1  - 

тақырыбы  ұқсас  ғылыми  және 

публицистикалық  стильдегі  мәтіндердің 

тақырыбын,  түрлерін  (әңгімелеу,  сипаттау, 

талқылау), құрылымын салыстыра талдау 

8.2.5.1  - 

перифразаның  түрлі  тәсілдерін 

қолдана  отырып,  мәтін  бойынша  сұрақтар 

құрастыру 

8.2.6.1  - 

оқылым  стратегияларын  қолдану: 

комментарий жасау, іріктеп оқу, талдап оқу 

Көп  таңдауы 

бар, 

қысқа 


және 

толық 


жауапты  қажет 

ететін сұрақтар 

180-

200  сөзге  жуық  мәтін  беріледі.  Мәтінді  оқып, 



мазмұны,  құрылымы  негізінде  берілген  сұрақтарға  жауап 

беріп, мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын білдіреді. 

Оқылым  стратегияларын  (комментарий  жасау,  іріктеп, 

талдап оқу) қолданады. 

Түрлі  тәсілдерді  қолдана  отырып,  мәтіннен  алынған 

сөйлемдерге перифраза жасайды. 

15 

10 


8.3. 4.1 - 

эссе  құрылымы  мен  даму  желісін 

сақтап, 


мәселе 

бойынша 


ұсынылған 

шешімнің  артықшылығы  мен  кемшілік 

тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу 

(аргументативті эссе) 

8.4.4.4  - 

жай  сөйлемдерді  айтылу  мақсаты 

мен құрылымдық ерекшелігіне сай қолдану 

8.4.5.1 


сөйлем  соңында  қабаттасып 

қойылатын тыныс белгілерін дұрыс қолдану  

Жазбаша толық 

жауапты  қажет 

ететін сұрақтар 

Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, жазба 

жұмысын орындайды. Құрылымы мен даму желісін сақтай 

отырып,  мәселе  бойынша  ұсынылған  шешімнің 

артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырады және 

өз ойын дәлелдеп аргументативті эссе жазады. 

Жазылым  жұмысында  тақырыптан  ауытқымай,  абзац 

түрлерін  жүйелі  құрастырып,  жай  сөйлемдерді  айтылу 

мақсаты  мен    құрылымдық  ерекшелігіне  сай  қолданады 

және орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазады.  

25 


10 

Барлығы 

40 

минут 

30 

 


 

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі 

«Қазақ тілі Т1» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 

 

Тыңдалым мен айтылым 



Тапсырма 

1. Мәтінді мұқият оқыңыз.  Мәтіннің мазмұнын түсініп, ұсынылған ақпараттан астарлы ойды 

және  көтерілген  басты  мәселені  анықтаңыз.  Өз  көзқарасыңызды  жан-жақты  тұжырымдап, 

мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.  

2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ 

қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. 

[10] 

1-

мәтін  



Тазарғың келсе, театрға бар! 

«Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде ұлт та ұлы болмайды» деген Ғабит Мүсірепов. 

Кез келген елді ерекшелейтін мәдениеті мен әдебиеті, салт-санасы мен тарихы, рухани дүние 

танымы екені даусыз. «Ел ішінде өнер бар, өнерді тапқан шебер бар» дейді дана халқымыз. 

Сол сан түрлі өнердің ішінде театр өнері, театр мәдениетінің орны ерекше. Әрбір театрдың 

тарихи  жағынан  қалыптасып  дамуы,  болашаққа  қадам  басуы,  өсіп-өркендеуі,  әр  халықтың 

өмір-тұрмысымен,  салт-санасымен,  тағылымды  тарихымен  және  ішкі  мәдениетімен  тығыз 

байланысты.  

Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры бүкіл қазақ театры өнерінің 

қарашаңырағы болып саналады. Оған дәлел – 1917 жылы Мұхтар Әуезовтің басшылығымен 

«

Ойқұдық»  жайлауында  қойылған  «Еңлік-Кебек»  пьесасы.  Бұл  пьеса  қазақ  еліндегі  жаңа 



өнердің,  қазақ  театрының  тұсаукесері  болды.  Қазақ  мәдениетінің  өркендеуіне  сүбелі  үлес 

қосқан,  зор  екпінді  күш  болды.  Театр  өнері  қарыштап  дами  бастады,  алға  қадам  басты. 

Ойқұдықта ойлы дүниемен бастау алған рухани сілкініс, өнердің өркендеуіне жұмыс жасады. 

Мұхтар  Омарханұлының  бастауымен  «Ес-Аймақ»  театры  1920  жылдары  қарқынды  жұмыс 

атқарды.  Рухани  шөлдеген  жұртты  өнермен  сусындатты.  Әйгілі  Әміре  Қашаубаев,  Иса 

Байзақов, Жұмат Шанин, Ғалиақпар Төребаев, Қалибек Қуанышбаев сынды майталман өнер 

иелері топтасып, театр өнері биікке қанат қақты. 

 

2-



мәтін 

Көрерменің қандай, қазақ театры? 

Театр – мәдениет ошағы. Ел өмірінің айнасына айналған театрларымыз күннен-күнге 

дамып  келеді.  Адам  жанының  емшісі  болып  жүрген  театрымыздағы  көрермендердің 

мәдениеті қай деңгейде? 

Қай  театрды  алып  қарамаңыз,  көрермен  жетерлік.  «Қара  халықтың  мәдениетті 

болуынан,  мәдениетті  адамның  қазақ  болуы  қиын»,  –  дейді  Ж.Аймауытов.  Уақыт  өткен 

сайын бұл пікірге көзіміз жетіп жүр. Бүгінгі күні халықтың мәдениетті, мәдениеттінің қазақ 

болуы  да  қиындап  бара  жатыр.  Алпыстар  шамасындағы  көрермендер  ертеректе  өнер 

ошағындағы  мәдениеттің  жоғары  болғанын  тамсана  айтады.  Расында  да,  солай  ма,  бүгінгі 

күні көрермен, шынымен, өзгерген бе?  

Қалай  десек  те,  театрдағы  халықтың  мәдениетін  көргенде  ішіңе  найзағай  түскендей 

күйге түсетініміз жасырын емес. Қойылым кезінде ұялы телефонының қоңырауына ие бола 

алмай,  онымен  қоймай,  телефонмен  еркін  отырып  сөйлесу,  орынсыз  қол  шапалақтау, 

кішкентай  балалардың  жылаған  даусы,  жастардың  жырқ-жырқ  күлкісі  көзі  ашық,  көкірегі 

ояу  басқа  көрермендерді  мезі  етеді.  Желсіз  күні  қауіп  шақырмасақ  та,  бұлар  біраз 

ойлантатын жайттар. 

Театрға  киіп  келетін  киім  үлгісі  де  өз  алдына  бөлек  талғамды  талап  ететін 

мәселелердің  бірі.  Тіпті,  театрдан  спорттық  үлгіде  киінген  көрермендерді  көрсек, 

таңғалмайтын  дәрежеге  жеттік.  Осы  орайда,  жаңа  қарқынмен  келе  жатқан  тәуелсіз  елдің 

театры: «Мен түзелдім, көрермен, сен де түзел!..» дейтіндей боп көрінеді де тұрады. 

31 


 

Оқылым  

Тапсырма 

Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.                                                        [10] 

Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы дамудың басым бағыттары ретінде 

экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. Сондықтан да отандастарымыз жылдағы 

демалыстарын Қара теңіз жағалауындағы демалыс орындары мен Ыстықкөлде өткізіп, таза 

ауада  тынығып,  мөлдір  суына  шомылып,  демалыс  дәмін  татқысы  келеді.  Қарап  отырсақ, 

туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде мүмкіндік бар.  

Қазақстанның  Туризм  және  спорт  агенттігі  бүкіләлемдік  туризм  ұйымымен  бірлесіп, 

сыртқы  және  ішкі  туризмді  дамытудың  тиімді  бағыттарын  айқындап,  соның  бірі  ретінде 

экологиялық  туризмді  атап  көрсеткен.  Экологиялық  туризмге  қатысты  елдегі  мүмкіндігі 

жоғары  аймақтар  ретінде  Алматы,  Жамбыл,  Оңтүстік  Қазақстан,  Шығыс  Қазақстан  және 

Ақмола облыстары белгіленді.  

Елімізде  бұл  сала  экономикамыздың  әжептеуiр  пайда  әкелетiн  тармағына  айналып 

келедi.  Алайда  көптеген  сарапшылар  Қазақстанның  өз  мүмкіндігін  толық  пайдаға  асыра 

алмай  отырғандығын  сенімді  түрде  айтады.  Өйткені  туризмнің  дамуы  бірінші  кезекте 

саяхаттауға  барлық  жағдайдың  жасалуына  байланысты.  Сол  себепті  сыртқы  елдерге 

шығатын туристер саны әлі де басым болып отыр. 

Соңғы кездері Қазақстан саяхатына шетелдік қонақтар қызығушылық танытуда. Себебі 

әлемдегі  дәстүрлі  саяхат  орындары  бүгінде  өзінің  маңыздылығын  жоя  бастады  деп 

түсіндіреді.  Осы  тұрғыдан  алғанда  Қазақстанның  әлемдік  туризм  нарығының  биігіне 

көтерілуіне мүмкіндігі бар деп есептеледі. 

 

1. 



Мәтін не туралы?                                                                                                                   [1] 

A) 


Еліміздегі туризмнің аса жетілгендігі туралы 

B) 


Отандық саяхатты өркендету жолдары туралы 

C) 


Тек ішкі туризмнің өзгеше ұтымдылығы туралы 

D) 


Шетел саяхатының аса дамығандығы туралы  

 

2. 



Шетелде демалатын туристердің көптігі жайлы мәтіннің қай бөлігінде айтылған?    [1] 

A)  1 


B)  2 

C)  3 


D)  4  

 

3. 



Мәтіннің тақырыбы қандай?                                                                                                 [1] 

A) 


Қазақстан саяхатына қызығушылық бар ма? 

B) 


Қазақстанда туризм саласы қашан дамиды? 

C) 


Өзге елдегі демалыс орындарының дамуы  

D) 


Сыртқы туризмнің экономикаға әсерінің болуы 

 

4. 



Мәтіннің соңғы бөлігінде не туралы айтылған?                                                                [1] 

________________________________________________________________________________ 

5-7. 

Сөйлемдерді  өз  сөзіңізбен  қайта  жазыңыз.  Сөйлемдеріңізді  берілген  сөздермен 



бастаңыз. 

5. 


Бүгінде  әлемнің  көптеген  елдерінде  туризм  саласы  дамудың  басым  бағыттары  ретінде 

экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. 



Туризм саласы дамудың __________________________________________________________ 

6. 


Осы  тұрғыдан  алғанда  Қазақстанның  әлемдік  туризм  нарығының  биігіне  көтерілуіне  

мүмкіндігі бар деп есептеледі. 



Әлемдік туризм нарығының биігіне _______________________________________________ 

 

32 



 

7. 


Алайда көптеген сарапшылар Қазақстанның өз мүмкіндігін толық пайдаға асыра алмай  

отырғандығын сенімді түрде айтады. 



Қазақстанның __________________________________________________________________ 

8. 


Мәтіннен алынған пікірге өз тұжырымыңызды білдіріңіз.                                                 [3]  

Қарап отырсақ, туризмді дамытуға, оның игілігін көруге елімізде мүмкіндік бар...  

________________________________________________________________________________ 



 

Жазылым  

Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жай сөйлемдерді айтылу  мақсаты мен құрылымдық 

ерекшелігіне  сай,  сөйлем  соңында  қабаттасып  қойылатын  тыныс  белгілерін  қолданып, 

аргументативті эссе жұмысын орындаңыз.                                                                                                       

[10] 

1. 


Өз еліңізде саяхаттау мүмкіндігі болса, қай жерге барар едіңіз? Неліктен? 

2. 


«Театр  –  адамның  өзін-өзі  сахнадан  көріп,  өзін-өзі  түсінетін  орын»,  –  деген  екен                       

Г. Ревзин. Сіз бұл пікірмен келісесіз бе? 

________________________________________________________________________________ 

 

 

33 


 

Балл қою кестесі 

Тыңдалым және айтылым 

№ 

Балл 


Грамматика  мен  лексиканы  дұрыс 

қолдануы 

Сұрақты  түсіну  мен  толық  жауап 

беру қабілеті 

9-10 


Грамматикалық  және  лексикалық 

құрылымдардың қолдану аясын өте 

жақсы түсінеді.  

Сөз  саптауы  дұрыс,  анда-санда 

мардымсыз қателерді жібереді 

Тақырыпты өте жақсы түсінеді.  

Күтпеген  сұрақтарға  жауабы  тез  әрі 

орынды.  

Талқылау  кезінде  өз  ойын  толық 

жеткізе алады.  

7-8 


Грамматикалық  және  лексикалық 

құрылымдардың  қолдану  аясын 

жақсы түсінеді.  

Сөз  саптауы  дұрыс,  анда-санда 

қателер жібереді 

Тақырыпты жақсы түсінеді.  

Күтпеген 

сұрақтарға 

жауабын 

ойланып әрі орынды жеткізеді.  

Талқылау  кезінде  өз  ойын  түсінікті 

жеткізе  алады,  бірақ  кейде  сырттан 

қолдауды қажет етеді.  

5-6 


Грамматикалық  және  лексикалық 

құрылымдарды  қолдану  аясын 

орташа түсінеді.  

Сөз  саптауы  дұрыс,  қателері 

байқалғанмен,  түсінуге  кедергі 

тудырмайды.  

Тақырыптың  негізгі  тараптарын 

түсінеді,  бірақ  күрделі  сұрақтарды 

талдауда едәуір қиналады.  

Күтпеген  сұрақтарға  жауап  беруде 

қиналады.  

Талқылау  кезінде  қолдауды  қажет 

етеді,  жауаптарын  алдын  ала 

дайындап келгендей көрінеді.  

3-4 

Грамматикалық  және  лексикалық 



құрылымдардың  қолдану  аясын 

аздап түсінеді.  

Сөз 

саптауы 


нақты 

емес, 


түсініспеушілікті тудырады.  

Тақырыпты түсінуде қиналады.  

Күтпеген  сұрақтарға  жауап  беруде 

қиналады, 

тақырыпты 

ашуды 


дамыта алмайды.  

Талқылау  кезінде  жақсы  қолдаусыз 

өзін көрсете алмайды.  

1-2 


Грамматикалық  және  лексикалық 

құрылымдардың қолдану аясын өте 

аз түсінеді.  

Түсініспеушілікті 

тудыратын, 

қайталанып  келетін  қателер  жиі 

кездеседі.  

Тақырыпты 

түсінуде 

қатты 


қиналады.  

Күтпеген  сұрақтарға  жауап  беруде 

қиналады, тіпті жауап бере алмайды.  

Талқылауға өте аз қатысады.  

 

Оқылым  


№ 

Жауап 


Балл 

В 



С 



В  



Оқушы жауабы ескеріледі. 



Туризм  саласы  дамудың  басым  бағыттары  ретінде  бүгінде  әлемнің  көптеген 



елдерінде экономиканың тірегі, қаржы көзі болып саналады. 



Әлемдік  туризм  нарығының  биігіне  осы  тұрғыдан  алғанда  Қазақстанның 

көтерілуіне мүмкіндігі бар деп есептеледі. 



Қазақстанның  өз  мүмкіндіктерін  толық  пайдаға  асыра  алмай  отырғандығы 



туралы көптеген сарапшылар айтуда.  



Оқушы жауабы ескеріледі: 

ойды жүйелі жалғастыруы – 1; 

өз ой-пікірін білдіруі – 1; 

тұжырым жасауы – 1.  

Барлығы  



10 

 

 



34 

 

Жазылым  

№ 

Балл  


Сипаттамасы  

9-10  



 

Оқырманға  ерекше  әсер  беру  мақсатымен  көркем  тіл  құралдары 

орынды қолданылған.  

Ойын  еркін  әрі  толық  жеткізеді,  күрделі  әсерлерді  жеткізе  алады, 

техникалық қателерді жібермейді.  

7-8  


 

Оқырманға ерекше әсер беру мақсатымен тіл құралдары үйлесімді 

түрде қолданылған.  

Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір 

техникалық қателер түсінуді қиындатпайды.  

5-6 


Оқырманға  ерекше  әсер  беру  мақсатымен  кейбір  сипаттау 

құралдары қолданылған.  

Ойын  анық  білдіреді,  бірақ  бір  сарыннан  шықпайды,  техникалық 

қателер  (мәтіндегі  сөздердің  байланысу  түрлерінің  дұрыс 

қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, 

орфографиялық  қателер,  пунктуацияның  жоқтығы)  жалпы  әсерді 

бұзады.  

3-4 


Құрылымы жүйесіз немесе анық емес, нақты суреттеу мен қарама-

қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.  

Сөз  саптауы  нақты  болғанымен,  жүйесіздік  байқалады,  жиі 

техникалық  қателер  (сөздердің  байланысу  түрлерінің  дұрыс 

қолданылмауы, шақтардың, бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, 

орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) жібереді.  

1-2 

Көркем  тіл  құралдары  аз  қолданылған  немесе  мүлдем 



қолданылмаған.  

Сөздер  кейде  анық  емес,  техникалық  және  құрылымдық  қателер 

(сөздердің байланысу түрлерінің дұрыс қолданылмауы, шақтардың, 

бастауыш  пен  етістіктердің  ұйқаспауы,  орфографиялық  қателер, 

пунктуацияның  жоқтығы)  мағынаны  толық  түсінуге  қиындық 

келтіреді.  



 

 

35 



Document Outline

  • 1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
  • 2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
  • 3. Күтілетін нәтижелер
  • 5.  Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
  • 6. Модерация және балл қою
    • 1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
    • 2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
    • 3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
    • 4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
    • Тазарғың келсе, театрға бар!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...