Жиынтық бағалаудың спецификациясы

Loading...


Pdf көрінісі
бет2/3
Дата09.04.2020
өлшемі0.58 Mb.
1   2   3

 

 



 

Оқылым  

Тапсырма 

Мәтінді мұқият оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.  

[10] 

Мәдениет  –  адам  жасаған  «екінші  табиғат».  Мәдениет  –  жеке  адамның  өмір  сүру 

мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол – өзара 

қарым-қатынас  нәтижесінде  қалыптасатын  ерекше  құбылыс.  Адамдар  өздерін  қоршаған 

ортаға,  оның  әлеуметтік  және  мәдени  қатынасына  әсер  етеді,  өзгертеді.  Олар  оны  өз 

мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі 

жағдайда үнемі дамуда болады. 

Мәдениет  әртүрлі  әлеуметтік  құрылымдардың,  топтардың,  ұлттардың,  жеке 

адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мысалы: аң 

аулау, еңбек құралдарын жасау, от жағу, тамақ пісіру, киіну, жарасымды өмір сүру, екінші 

біреуге ұнау, ортамен қатынаста болу, т.б. 

Бұл  талап-тілектер  қоғамдық  прогреске,  өрлеуге  тікелей  байланысты.  Әр  қоғамдық 

кезеңде  жаңа  талап,  тілектер  пайда  болады,  өндіріс  құралдары  дамиды.  Мәселен,  бір 

кездерде  жазба  әдебиеті  болмады,  соның  нәтижесінде  фольклор  қалыптасты,  кейініректе 

білімнің қалыптасып, жазудың шығуы қоғам алдына жаңа талап қойды. Бүкіл құндылықты, 

мифті  жазып  қалдыру  талабы  пайда  болды.  Информатика  дамыды,  оларды  микрофон, 

магнитофон, компьютерге түсіру арқылы мәңгі ету қажеттілігі туындады. Сөйтіп, мәдениет 

әлеуметтік құрылымдардың, жеке адамның тілегіне, талабына сәйкес қалыптасты. Қоғамда 

адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. 

Мәдениет – әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды 

ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты. 

 

1. 



Мәтіннің 1-бөлігінің негізгі ойы қандай?                                                                              [1] 

A) 


Мәдениет – жеке адамдардың өмірі 

B) 


Мәдениет – келешекке қалатын мирас 

C) 


Мәдениет – тек қоршаған ортаның әсері 

D) 


Мәдениет – технологияның даму өрісі 

 

2. 



Ортаның өркендеуі де мәдениеттің өсуіне байланысты екендігі қай бөлімде айтылады? [1] 

A) 


І 

B) 


ІІ 

C) 


ІІІ 

D) 


ІV 

 

3. 



Мәтін қай түрде берілген?                                                                                                          [1] 

A) 


әңгіме 

B) 


жарнама 

C) 


мақала 

D) 


эссе  

 

4. Мәтін қай стильде берілген?                                                                                                      [1] 



A) 

ғылыми 


B) 

көркем-әдебиет 

C) 

публицистикалық 



D) 

ресми 


 

 

 



 

10 


 

5. 


Мәтіннің тақырыбы қандай?                                                                                                    [1] 

________________________________________________________________________________ 

6. 

Мәтіннің түрі қандай?                                                                                                               [1] 



________________________________________________________________________________

7. 


Мәтін қалай рәсімделген?                                                                                                           [1] 

_______________________________________________________________________________ 

8. 

Мәтінге қатысты өз ойыңызды білдіріңіз. Тақырыпты ескеріңіз және тұжырым жасаңыз.  



[3] 

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________ 

 

Жазылым 

Берілген  екі  тақырыптың  бірін  таңдап,  жазба  жұмысын  орфографиялық  нормаға  сай 

орындаңыз.                                                                                                                                     [10] 

1.   

Жергілікті  газетке  «Оқушы  бойында  адамзаттық  құндылықтарды  қалай 

қалыптастырамыз?» тақырыбында шағын мақала жазыңыз. 

2. 


Сіз  тәрбие  сағатында  «Жалпыадамзаттық  құндылықтар  дегеніміз  не?»  тақырыбында 

баяндама  оқығалы  отырсыз.  Баяндамаңыздың  жалпы  мазмұны  бойынша  жазба 



жұмысын жазыңыз. 

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________ 

 

 

 

11 


 

Балл қою кестесі 

Тыңдалым және айтылым 



 

№ 

Балл 



Грамматика мен лексиканы дұрыс 

қолдануы 

Сұрақты түсіну мен толық жауап беру 

қабілеті 

9-10 


Грамматикалық  және  лексикалық 

құрылымдардың  қолдану  аясын  өте 

жақсы түсінеді.  

Сөз  саптауы  дұрыс,  анда-санда 

мардымсыз қателерді жібереді 

Тақырыпты өте жақсы түсінеді.  

Күтпеген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды.  

Талқылау  кезінде  өз  ойын  толық  жеткізе 

алады.  

7-8 



Грамматикалық  және  лексикалық 

құрылымдардың  қолдану  аясын 

жақсы түсінеді.  

Сөз  саптауы  дұрыс,  анда-санда 

қателер жібереді 

Тақырыпты жақсы түсінеді.  

Күтпеген  сұрақтарға  жауабын  ойланып  әрі 

орынды жеткізеді.  

Талқылау  кезінде  өз  ойын  түсінікті  жеткізе 

алады, бірақ кейде қолдауды қажет етеді.  

5-6 

Грамматикалық  және  лексикалық 



құрылымдарды  қолдану 

аясын 


орташа түсінеді.  

Сөз  саптауы  дұрыс,  қателері 

байқалғанмен,  түсінуге  кедергі 

тудырмайды.  

Тақырыптың  негізгі  тараптарын  түсінеді, 

бірақ  күрделі  сұрақтарды  талдауда  едәуір 

қиналады.  

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады.  

Талқылау  кезінде  қолдауды  қажет  етеді, 

жауаптарын  алдын  ала  дайындап  келгендей 

көрінеді.  

3-4 


Грамматикалық  және  лексикалық 

құрылымдардың  қолдану  аясын 

аздап түсінеді.  

Сөз 


саптауы 

нақты 


емес, 

түсініспеушілікті тудырады.  

Тақырыпты түсінуде қиналады.  

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, 

тақырыпты ашуды дамыта алмайды.  

Талқылау  кезінде  жақсы  қолдаусыз  өзін 

көрсете алмайды.  

1-2 


Грамматикалық  және  лексикалық 

құрылымдардың  қолдану  аясын  өте 

аз түсінеді.  

Түсініспеушілікті 

тудыратын, 

қайталанып  келетін  қателер  жиі 

кездеседі.  

Тақырыпты түсінуде қатты қиналады.  

Күтпеген сұрақтарға жауап беруде қиналады, 

тіпті жауап бере алмайды.  

Талқылауға өте аз қатысады.  

 

Оқылым 



 

№ 

Жауап 



Балл 

В 





С 



С 



Мәдениет туралы 



Әңгімелеу мәтіні 



Төрт  абзацтан  тұрады,  тақырыпсыз  болғанымен,  дереккөзі  мен  сөз  саны 



беріледі. 



Оқушы жауабы ескеріледі: 

өз ойын білдіреді – 1; 

тұжырымы анық – 1; 

тақырыптан ауытқымаған – 1. 

Барлығы  



10 

 

 

12 


 

Жазылым 


 

№ 

Балл 



Сипаттамасы 

1-2 


9-10 

 

Оқырманға  ерекше  әсер  беру  мақсатымен  көркем  тіл  құралдары  орынды 



қолданылған.  

Ойын  еркін  әрі  толық  жеткізеді,  күрделі  әсерлерді  жеткізе  алады,  техникалық 

қателерді жібермейді.  

7-8 


 

Оқырманға  ерекше  әсер  беру  мақсатымен  тіл  құралдары  үйлесімді  түрде 

қолданылған.  

Ойын анық әрі еркін білдіруі тиісті әсерді береді, жіберілген кейбір техникалық 

қателер түсінуді қиындатпайды.  

5-6 


Оқырманға  ерекше  әсер  беру  мақсатымен  кейбір  сипаттау  құралдары 

қолданылған.  

Ойын  анық  білдіреді,  бірақ  бір  сарыннан  шықпайды,  техникалық  қателер 

(мәтіндегі  сөздердің  байланысу  түрлерінің  дұрыс  қолданылмауы,  шақтардың, 

бастауыш пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның 

жоқтығы) жалпы әсерді бұзады.  

3-4 

Құрылымы  жүйесіз  немесе  анық  емес,  нақты  суреттеу  мен  қарама-



қайшылықтарды баяндау қабілеті жетіспейді.  

Сөз саптауы нақты болғанымен, жүйесіздік байқалады, жиі техникалық қателер 

(сөздердің  байланысу  түрлерінің  дұрыс  қолданылмауы,  шақтардың,  бастауыш 

пен етістіктердің ұйқаспауы, орфографиялық қателер, пунктуацияның жоқтығы) 

жібереді.  

1-2 


Көркем тіл құралдары аз қолданылған немесе мүлдем қолданылмаған.  

Сөздер  кейде  анық  емес,  техникалық  және  құрылымдық  қателер  (сөздердің 

байланысу  түрлерінің  дұрыс  қолданылмауы,  шақтардың,  бастауыш  пен 

етістіктердің  ұйқаспауы,  орфографиялық  қателер,  пунктуацияның  жоқтығы) 

мағынаны толық түсінуге қиындық келтіреді.  

 

 

 



13 

 

2-

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ  

Жиынтық бағалауға шолу 

 

Ұзақтығы: 40 минут  

Оқылым – 15 минут  

Жазылым – 25 минут  

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі. 

Балл саны: 30 

Тапсырмалар түрлері 

Көп таңдауы бар сұрақтар 

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар 

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар 

 

Жиынтық бағалаудың құрылымы  

 

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: Біріншісі тыңдалым, 

айтылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі оқылым және әдеби тіл нормаларын, үшіншісі 

жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.  

14 


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы  

*Тапс

ырма 

Қамтылатын мақсаттар 

Тапсырмала

р түрлері 

*Тапсырмалар сипаттамасы 

*Орындау 

уақыты, мин 

Бал

л 

 



 

 

8.1.4.1  - 



мәтінде  көтерілген  мәселені  (тұрмыстық, 

әлеуметтік) талдай отырып, негізгі ойды анықтау 

8.1.5.1 - 

перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы 

мәтіннен  қажетті  ақпаратты  таба  білу,  көтерілген 

мәселе бойынша ой тұжырымдау  

8.1.3.1 - 

мәтіннен алынған дәйексөздерге, үзінділерге 

сүйене отырып, көтерілетін мәселені болжау 

8.1.6.1  - 

коммуникативтік  жағдаятқа  сай  ғылыми 

және  халықаралық  терминдерді, ғылыми  деректерді 

орынды қолданып, диалог, монолог, 

полилогте өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу 

8.4.3.1 - 

сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін 

түсініп қолдану 

Толық 


жауапты 

қажет  ететін 

сұрақтар 

Тапсырма  жұппен  орындалады.  Оқушыларға  150-200 

сөзден  тұратын  тақырыпқа  қатысты  мәтіндер  беріледі, 

оқушы  жеке  отырып  оқиды  (немесе  аудио  арқылы 

тыңдатуға болады).  

Оқушылар  мәтінді  тыңдау  немесе  оқу  барысында 

мәтіннің  мазмұнын  түсініп,  перифраз  түрінде  берілген 

сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты таба біледі. 

Тыңдаушылар  коммуникативтік  жағдаятқа  сай  ғылыми 

және  халықаралық  терминдерді,  ғылыми  деректерді 

орынды  қолданып,  диалог,  монолог,  полилогте  өз  ойын 

дәлелді,  жүйелі  жеткізеді.  Баға  екі  оқушыға  жеке 

қойылады. 

Сөздік 


қор 

және 


сөздік 

құрам 


ерекшеліктерін түсініп қолданады. 

Тыңдалым 

мен  айтылым 

сабақтан  тыс, 

қосымша 

уақытта 


өткізіледі  (әр 

білім 


алушыға  3-5 

минут 


беріледі) 

 

10 



2-8 

8.2.1.1  - 

тұтас  және  аралас  мәтіндердегі  (кесте, 

диаграмма, сызба, сурет) ақпараттарды салыстыру 

8.2.2.1  - 

публицистикалық  және  ғылыми  стиль 

ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы 

тану 


8.2.3.1  - 

мақала,  презентация  құрылымы  мен 

ресімделуі  арқылы  жанрлық  ерекшеліктерін 

ажырату 


Қысқа  және 

толық 


жауапты 

қажет  ететін 

сұрақтар 

150-


200  сөзге  жуық  мәтін  беріледі.  Тұтас  және  аралас 

мәтіндердегі 

(кесте, 

диаграмма, 

сызба, 

сурет) 


ақпараттарды салыстырады. 

Публицистикалық  және  ғылыми  стиль  ерекшеліктері 

көрсетілген мәтіннен қажетті ақпараттарды қолданылған 

тілдік құралдар  арқылы таниды.  

Мақала  құрылымы  мен  ресімделуі  арқылы  жанрлық 

ерекшеліктерін ажыратады. 

15 

10 


8.3. 4.1 - 

эссе  құрылымы  мен  даму  желісін  сақтап, 

мәселе 


бойынша 

ұсынылған 

шешімнің 

артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз 

ойын дәлелдеп жазу (аргументативті эссе) 

8.3.2.1 - 

жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай 

тілдік  құралдарды  орынды  қолданып,  аннотация, 

тезис құрастырып жазу 

8.4.4.1  - 

сөз  тіркесінің  байланысу  тәсілдері  мен 

түрлері,  есімді,  етістікті  сөз  тіркестерін  ажырату, 

қолдану 

Жазбаша 


толық 

жауапты 


қажет  ететін 

сұрақтар 

Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, эссе 

құрылымы  мен  даму  желісін  сақтап,  мәселе  бойынша 

ұсынылған  шешімнің  артықшылығы  мен  кемшілік 

тұстарын  салыстырады  және  өз  ойын  дәлелдеп  жазады 

(аргументативті эссе). 

Жазылым 


жұмысын 

жанрлық 


және 

стильдік 

ерекшеліктеріне  сай  тілдік  құралдарды  орынды 

қолданып, аннотация, тезис құрастырып жазады. 

Жазылым жұмысында сөз тіркесінің байланысу тәсілдері 

мен  түрлерін,  есім  сөздерді,  етістікті  сөз  тіркестерін 

ажыратады және қолданады. 

25 


10 

Барлығы 

40 минут 

30 

 


 

Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгісі 

«Қазақ тілі Т1» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 

Тыңдалым мен айтылым 

 

Тапсырма  

1.  Мәтінді  мұқият  оқыңыз.  Мәтіннен  алынған  дәйексөздерге,  үзінділерге  сүйене  отырып, 

көтерілетін  (тұрмыстық,  әлеуметтік)  мәселені  талдап,  негізгі  ойды  анықтаңыз.  Өз 

көзқарасыңызды жан-жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.  

2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ 

қойыңыз.  Оның  мәтінінің  басты  идеясын  анықтауға  белсенді  қатысыңыз,  ғылыми  және 

халықаралық  терминдерді,  деректерді  орынды  қолданып,  пікіріңізді  білдіріңіз.  Сөздік  қор 

және сөздік құрам ерекшеліктерін орынды қолданыңыз.                                                         [10]  



 

А мәтіні 



Қандай мамандықты оқыған дұрыс – қаржыгер ме, әлде заңгер ме? 

Менің жауабым: программист! 

Әрине, басқа мамандықтарға менің ешқандай қарсылығым жоқ. Барлық мамандықтың 

өз орны бар. Барлық мамандар қажет. 

Мен  2009  жылы  мектепті  «Алтын  белгімен»  бітіріп,  ЕҰУ-ға  «Халықаралық 

қатынастар»  мамандығына  грантқа  түстім.  Бұл  мамандық  гуманитарлық  болып  саналады. 

Ешқандай  математика,  физика  пәндері  бағдарламада  болмады.  Бірақ  өзім  мектеп  кезінен 

бастап математикаға бір табан жақын болатынмын. Студент болып жүргенімде оқушыларға 

репетитор болудан бастап, құрылыста күзетші сияқты әртүрлі жұмыстар жасауға тура келді. 

Студенттік өмір оңай емес, ақша табуға тура келеді. 

Бір күні достарым маған: «сайт жасауға арналған Joomla деп аталатын оңай бағдарлама 

бар, соны үйреніп бастасаң болады», – деп кеңес берді. Сол күннен бастап осы бағдарламаны 

үйренуге кірістім.  

Бірде  достарымның  бірі  маған  ұсыныс  жасады.  Өзі  екі  жерде  жұмыс  жасайды.  Бір 

сайтын жасап үлгермей жатыр екен. Жасап берсем, 10 000 тг беремін деп уәде етті. Сол күні 

таңға  дейін  ұйықтамай,  сайтын  бітіріп  бердім.  Бұл  программист  ретінде  менің  тапқан 

алғашқы табысым болды. Қуанышымда шек жоқ! 

Әрі қарай одан да айлығы жоғары жұмыстарда істедім. Қазірде кішігірім өзімнің сайт 

жасайтын  студиям  бар.  Today.kz  ақпараттық  порталының  IT-менеджері  болып  жұмыс 

жасаймын. 

 

Ә мәтіні 



Еңбек  нарығының  мамандарға  деген  сұраныстың  өсуіне  сәйкес  жұмыссыздардың 

кәсіби  деңгейін  арттыру  –  негізгі  бағыттардың  бірі.  Жұмыссыздарды  кәсіби  даярлау  үшін 

оқу  орындарын  іріктеу  конкурстық  негізде  мемлекеттік  сатып  алу  басқармасы  арқылы 

жүргізіліп, 10 оқу орны жеңімпаз деп танылды. 

1147 

жұмыссыз азаматтар кәсіби біліктілігін 15 мамандық бойынша оқып шықты. Осы 



бағдарлама  бойынша  жұмыспен  қамтылмаған  1247  жұмыссыз  жастар  «Шынайы  өмір» 

жобасы  бойынша  еңбек  нарығында  жұмыс  іздеу,  оның  ішінде  интернет  арқылы  және  өзін 

жұмыспен  қамту  мақсатында  бизнес-жоспарлау  негізінде  оқытылды.  Мониторинг 

көрсеткендей,  курсты  бітіргендердің  54  пайызы  өздеріне  жұмыс  тапқан.  Қалай  десек  те, 

облысымызда  әлі  де  болса  жалпы  жұмыссыздар  саны  ойландырады:  жалпы  саны  75000-ға 

жуық адам. Жұмыссыздық деңгейі – 7,6 пайыз. 

Кәсіби  оқуды  бітірушілердің  тұрақты  жұмысқа  орналасуы  қиынға  соғуда.  Жыл 

қорытындысы бойынша оқуға жіберілгендердің 2 пайызы ғана тұрақты жұмысқа орналасты. 

Оралмандарды  тұрақты  жұмысқа  орналастыру  –  шешімін  күттірмейтін  мәселе.  Жұмыс 

іздеген 242 оралманның 93-і ғана жұмысқа орналастырылды. Бұған олардың сауатының және 

кәсіби біліктілігінің төмендігі де әсер етуде. 

15 


 

 

Оқылым 



Тапсырма 

Мәтінді оқып, берілген сұрақтарға жауап беріңіз.  

[10] 

«Серпін – 2050» мемлекеттік бағдарламасы 

2014  жылдан  бастап  Қазақстанда  «Серпін  –  2050»,  «Мәңгілік  ел  жастары  – 

индустрияға» мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істейді. 

2015  жылдан  бастап  Д.Серікбаев  атындағы  Шығыс  Қазақстан  мемлекеттік 

техникалық университеті осы жобаны жүзеге асыруға қатысатын жоғары оқу орнының бірі 

ретінде  бекітілді.  Университетке  2015  жылы  «Серпін  –  2050»  бағдарламасы  бойынша 

оқытуға 450 грант бөлінді.  

Бағдарлама  мақсаты  –  халқы  тығыз  орналасқан  еліміздің  оңтүстік  аймақтарындағы 

жастарды  кадр  жетіспеушілігі  байқалған  Қазақстанның  солтүстік,  батыс  және  шығыс 

өңірлерінде  оқытып,  жұмысқа  орналастыру.  Бұл  бағдарлама  бірінші  жылы  педагогикалық 

мамандықтар  бойынша  іске  асқан,  кейіннен  оның  аясы  кеңейіп,  техникалық  және 

ауылшаруашылық мамандықтарын қамтып отыр. 

 

 

 



Д.Серікбаев  атындағы  ШҚМТУ  сапалы  білім  алу  үшін  өз  студенттеріне  барлық 

жағдайды жасаған. Жоғары оқу орнында әскери кафедра, қоры 5 миллионға жуық кітаптар 

мен  электрондық  оқулықтардан  тұратын  заманауи  кітапхана,  бірнеше  спорт  залдары, 

ғылыми  зертханалар,  тұрмысқа  қолайлы  студенттер  үйі,  Бұқтырма  су  қоймасының 

жағасында орналасқан «Простор» спорт-демалыс лагері бар.  

Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін таңдасаң, қателеспейсің. Ол 

– 

жарқын болашағыңа сенімді жолдама!  



16 

 

 

1. 



ЖОО-на түсушілер мен колледждерге түсушілерге қандай жағдайлар жасалған? Кемінде  

4 айырмашылығын анықтаңыз.                                                                                               [4] 

_____________________________________________________________________________ 

2. 


Мәтін қай стильде жазылған?                                                                                                  [1] 

_____________________________________________________________________________ 

3. 

Стильдік ерекшеліктері қандай?                                                                                            [1] 



_____________________________________________________________________________ 

4. 


Мәтінде тақырыпқа қатысты қандай терминдер кездеседі?                                                [1] 

_____________________________________________________________________________ 

5. 

Мәтіннің құрылымы (абзацтар, бөлімдер, т.б.) қандай?                                                    [1] 



_____________________________________________________________________________ 

6. 


Мәтін қалай рәсімделген?                                                                                                      [1] 

____________________________________________________________________________ 

7. 

Мәтіннің жанры қандай?                                                                                                       [1] 



____________________________________________________________________________ 

 

Жазылым 

Берілген екі тақырыптың бірін таңдап, сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлері, есімді, 

етістікті сөз тіркестерін қолданып, жазба жұмысын орындаңыз.                                       

[10] 

1. 



Ел арасында «Жар таңдауда, мамандық таңдауда қателеспе» деп жиі айтылатын жаттанды 

сөз  бар.  Сіздіңше,  мамандық  таңдаудың  маңызы  қандай?  Ойыңызға  аргументтер  келтіре 

отырып, эссе жазыңыз. 

2. 


Сіз ғажайып ғарыш туралы қызықты фантастикалық шығарма оқыдыңыз. Осыдан кейін сіз 

бұл  шығармамен  басқа  балалардың  да  танысқанын  қаладыңыз.  Мектеп  сайтына  шығарма 

бойынша аннотация жазыңыз. 

________________________________________________________________________________

________________________________________________________________________________ 

 

 



17 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...