Жиынтық бағалаудың спецификациясы

Loading...


Pdf көрінісі
бет1/3
Дата09.04.2020
өлшемі0.58 Mb.
  1   2   3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тоқсандық  

жиынтық бағалаудың  

спецификациясы  

 

Қазақ тілі  

(оқыту қазақ тілінде) 



 

8-

сынып 

 

 

 

 

 

 


 

 

 



 

МАЗМҰНЫ 

 

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты .................................................................. 4 

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар ......................... 4 

3. Күтілетін нәтижелер ................................................................................................................. 4 

4. 

Ойлау дағдыларының деңгейі ................................................................................................. 4 



5. 

Жиынтық бағалауды өткізу ережесі ........................................................................................ 5 

6. 

Модерация және балл қою ....................................................................................................... 6 



7. 1-

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ....................... 7 

8. 2-

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ..................... 14 



9. 3-

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ..................... 20 

10. 4-

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ................... 29 



 

 

 





 

1. 

Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 

 

 

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  оқу  бағдарламасы  мен  оқу  жоспарының  мазмұнына 

сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға 

бағытталған.  

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  оқу  жоспарындағы  тоқсан  ішінде  меңгеруге  тиісті  оқу 

мақсаттарына жету деңгейін тексереді.  

 

2. 

Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар   

 

 



«Қазақ  тілі  (бірінші  тіл)»  пәні  бойынша  (орта  білім  беру  мазмұнын  жаңарту 

аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)  

 

3. Күтілетін нәтижелер   

 

Тыңдалым  және  айтылым:  білім  алушы  қарым-қатынастың  әлеуметтік-тұрмыстық, 

әлеуметтік-мәдени,  оқу-кәсіптік  салалардағы  мәтіндерін  түсінеді;  сөйлесу  тәртібінің, 

бағалаудың  ашық  және  жабық  түрде  берілген  нысандарын  таниды;  әртүрлі  өмірлік 

жағдаяттарда  ауызша  тілдік  қарым-қатынасты  жүзеге  асырады;  тілдік  қарым-қатынастың 

әртүрлі  мақсаттары  мен  тактикаларын  іске  асыру  үшін  түрлі  тілдік  құралдарды  пайдалана 

отырып, әңгімеге бастамашы бола алады және диалогты қолдайды; проблемалық сипаттағы 

ақпаратты жинақтай отырып, монолог құрастырады; өз пікірін қорғайды және дәлелдейді; өз 

пікірін  білдіре  отырып,  әңгіме  нысанасына  қатысты  сөйлеушінің  көзқарасын  бағалайды; 

тақырыбы/жалғасы/соңы бойынша мәтін мазмұнын болжайды; өз сөздерін ресімдеу кезінде 

грамматикалық, стилистикалық нормаларды сақтайды. 

Оқылым: білім алушы әртүрлі типтегі, жанрлар мен стильдердегі мәтіндерден негізгі 

және  егжей-тегжейлі  ақпаратты  (мәтіндік,  сандық,  графикалық)  түсінеді  және  өзінше 

түсіндіреді; мәтіннің астарлы мағынасын түсінеді; зерттеп, шолып, таңдап, белгілеп оқуды, 

арнайы  ақпарат  алу  үшін  оқуды,  талдамалық  оқуды,  белгілі  бір  мақсатпен  оқуды  қоса 

алғанда,  оқу  стратегияларын  пайдаланады;  әртүрлі  дереккөздерден  қажетті  ақпараттарды 

алады,  оларды  талдайды  және  жинақтайды;  қарым-қатынастың  әлеуметтік-тұрмыстық, 

әлеуметтік-мәдени  және  оқу-танымдық  аяларына  қатысты  мәтіндердің  құрылымдық, 

лингвистикалық және стилистикалық ерекшеліктерін салыстырады; дәлелдер мен фактілерді 

ажырата отырып, ақпараттың өзектілігі мен құндылығы тұрғысынан мәтінді бағалайды. 

Жазылым: білім алушы естіген және оқыған ақпараттарын жинақтай отырып, әртүрлі 

типтегі,  жанрдағы  және  стильдегі  мәтіндерді  жазады;  ақпаратты  ұсынудың  әртүрлі 

нысандарын  пайдалана  отырып,  мәтін  құрастырады  (оның  ішінде,  баспа);  ұсынылған 

ақпаратты  талдау  және  бағалау  қабілетін  көрсете  отырып,  өзінің  проблемалық  сипаттағы 

мәтінін  (мақала,  эссе,  хат  және  т.б.)  жазады;  әртүрлі  типтегі,  жанрдағы  және  стильдегі 

мәтіндердің құрылымдық-композициялық, тілдік ерекшеліктерін салыстырады; анықтамалық 

материалды  пайдалана  отырып,  мәтіндерді  түзетеді  және  редакциялайды;  белгілі  бір 

тақырып  бойынша  қарапайым,  күрделі  және  жан-жақты  жоспар  жасайды;  орфографиялық, 

грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтайды. 

 

 



 



 

4. Ойлау дағдыларының деңгейі 

 

 

Дағдылар 

тобы 

Ойлау 

дағдылары 

ның деңгейі 

Сипаттама 

Сұрақтар 

түрі 

Тыңдалым 

мен айтылым  

 

Білу және түсіну 



 

 

 



Қолдану  

 

 



Жоғары  деңгей 

дағдылары 

 



дәйексөз, үзінді негізінде мәселені болжайды;  



астарлы ойды анықтайды; 

тұрмыстық,  әлеуметтік  мәтіндерді  талдау 



арқылы негізгі ойды анықтайды; 

перифраз  түрінде  берілген  сұрақтар  арқылы 



мәтіннен қажетті ақпаратты анықтайды; 

әлеуметтік-қоғамдық, 



мәдени-тарихи 

тақырыптарға  байланысты  диалог,  монолог, 

полилогтердегі  (интервью,  пікірталас  үзінді) 

автор 


көзқарасы 

мен 


экспрессивті-

эмоционалды сөздердің рөлін талдайды; 

 - 

көтерілген 



мәселе 

бойынша 


ой 

тұжырымдайды; 

 - 

коммуникативтік  жағдаятқа  сай  ғылыми 



және  халықаралық  терминдерді,  ғылыми 

деректерді 

орынды 

қолданып, 



диалог, 

монолог,  полилогте  өз  ойын  дәлелді,  жүйелі 

жеткізеді. 

Ауызша 


толық 

жауапты 


қажет  ететін 

сұрақтар 

 

Оқылым 


және  әдеби 

тіл 


нормалары 

Білу және түсіну 

 

 

 



Қолдану  

 

 



Жоғары  деңгей 

дағдылары 

 



тұтас  және  аралас  мәтіндердегі  ақпаратты 



салыстырады;  

тілдік  құралдар  арқылы  публицистикалық 



және ғылыми стиль ерекшеліктерін таниды;  

мақала,  аннотация,  презентация  құрылымы 



мен 

ресімделуі 

арқылы 

жанрлық 


ерекшеліктерін ажыратады; 

ғылыми  және  публицистикалық  стильде 



жазылған мәтіндерді талдап, сілтеме жасайды. 

Жазбаша 


толық 

жауапты 


қажет  ететін 

сұрақтар 

Жазылым 

және  әдеби 

тіл 

нормалары  



Білу және түсіну 

 

Қолдану  



 

 

Жоғары  деңгей 



дағдылары 

 



тезистік жоспар құрайды; 

мақала,  аннотация,  тезис  құрастырып, 



графиктік  мәтіндердегі  деректердің  маңызды 

тұстарын анықтап жазады;  

аргументативті эссе жазады;  



бұқаралық ақпарат құралдары материалдары 

негізінде  стильдік  ауытқуларды,  орынсыз 

қолданылған  сөз  оралымдарын  талдап, 

стильдік түзетулер жасайды, редакциялайды. 

Жазбаша 


толық 

жауапты 


қажет  ететін 

сұрақтар 



 

5.  Жиынтық бағалауды өткізу ережесі  

 

 



Тоқсан  бойынша  жиынтық  бағалау  кезінде  кабинетіңіздегі  көмек  ретінде  қолдануға 

мүмкін  болатын  кез  келген  көрнекі  құралдарды  (диаграммалар,  кестелер,  постерлер, 

плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.  

 

Тоқсан  бойынша  жиынтық  бағалау  басталмас  бұрын  алғашқы  бетінде  жазылған 



нұсқауды  оқып,  білім  алушыларға  жұмыстың  орындалу  ұзақтығын  хабарлаңыз.  Білім 

алушыларға  жұмыс  барысында  бір-бірімен  сөйлесулеріне  болмайтындығын  ескертіңіз. 

Нұсқаулықпен  таныстырып  болғаннан  кейін,  білім  алушыларға  тоқсан  бойынша  жиынтық 

бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз. 

Білім  алушылардың  жұмысты  өздігінен  орындап  жатқандығына,  жұмысты  орындау 

барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар 



 

(спецификацияда  рұқсат  берілген  жағдайлардан  басқа  уақытта)  пайдалануларына 

мүмкіндіктерінің  жоқ  екендігіне  көз  жеткізіңіз.  Олардың  жұмыс  уақытында  бір-біріне 

көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.  

Білім  алушыларға  дұрыс  емес  жауапты  өшіргішпен  өшірудің  орнына,  қарындашпен 

сызып қоюды ұсыныңыз. 

 

Жұмыс  барысында  нұсқаулыққа  немесе  жұмыстың  ұзақтығына  қатысты  білім 



алушылар  тарапынан  қойылған  сұрақтарға  жауап  беруге  болады.  Жекелеген  білім 

алушыларға  көмек  беруге  негізделген  кез  келген  ақпаратты  оқуға,  айтуға,  өзгертіп  айтуға 

немесе көрсетуге тыйым салынады.  

 

Тоқсандық  жиынтық  бағалаудың  аяқталуына  5  минут  уақыт  қалғандығын  үнемі 



хабарлап отырыңыз.  

 

Тоқсандық  жиынтық  бағалау  аяқталғаннан  кейін,  білім  алушылардан  жұмыстарын 



тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз. 

 

6. 



Модерация және балл қою 

 

 

Барлық  мұғалімдер  балл  қою  кестесінің  бірдей  нұсқасын  қолданады.  Модерация 



үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін, жұмыс үлгілерін 

балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет. 

 

 

 



 

1-

ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ  

Жиынтық бағалауға шолу 

 

Ұзақтығы: 40 минут  

Оқылым – 15 минут  

Жазылым – 25 минут  

Тыңдалым мен айтылым бөлек тексеріледі. 

Балл саны: 30 

 

Тапсырмалар түрлері 

Көп таңдауы бар сұрақтар 

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар  

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар 

 

Жиынтық бағалаудың құрылымы  

 

Тоқсандық  жиынтық  бағалаудың  нұсқасы  3  компоненттен  тұрады:  Біріншісі 



тыңдалым,  айтылым  және  әдеби  тіл  нормаларын,  екіншісі  оқылым  және  әдеби  тіл 

нормаларын, үшіншісі жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.  



Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы  

*Тапсыр 

ма 

Қамтылатын мақсаттар 

Тапсырма 

лар түрлері 

*Тапсырмалар сипаттамасы 

*Орындау 

уақыты, мин 

Балл 

 



 

 

8.1.3.1 - 



тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну  

8.1.2.1  - 

әлеуметтік-қоғамдық,  мәдени-тарихи 

тақырыптарға  байланысты  диалог,  монолог, 

полилогтердегі  (интервью,  пікірталас  үзінді) 

автор 


көзқарасы 

мен 


экспрессивті-

эмоционалды сөздердің рөлін талдау 

8.1.4.1 

мәтінде  көтерілген  мәселені 



(тұрмыстық,  әлеуметтік)  талдай  отырып, 

негізгі ойды анықтау 

8.4.2.1  - 

сөйлеу  ағымындағы  интонацияның 

құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, 

кідірісті сөйлеу мәнеріне сай қолдану 

Толық 

жауапты 


қажет  ететін 

сұрақтар 

Тапсырма  жұппен  орындалады.  Оқушыларға  150-

20

0  сөзден  тұратын  тақырыпқа  қатысты  мәтіндер 



беріледі, оқушы жеке отырып оқиды (немесе аудио 

арқылы тыңдатуға болады).  

Оқушылар  мәтінді  тыңдау  немесе  оқу  барысында 

мәтіннің мазмұнын түсінеді. 

Тыңдаушы жұбы мәтін мазмұны бойынша сұрақтар 

қояды, көтерілген мәселені талдайды, негізгі ойды 

анықтайды.  Екінші  оқушы  да  осы  тапсырманы 

қайталайды.  Бағалау  екі  оқушыға  жеке-жеке 

қойылады.    Оқушының  сөйлеу  ағымындағы 

интонацияның  құрамдас  бөліктері:  әуен,  әуез, 

тембр,  қарқын,  кідірісті  сөйлеу  мәнеріне  сай 

қолдануы бағаланады.  

Тыңдалым  мен 

айтылым 


сабақтан  тыс, 

қосымша 


уақытта 

өткізіледі 

(әр 

білім  алушыға 



3-

минут 



беріледі). 

 

10 



2-6 

 

 



 

8.2.3.1  - 

мақала,  аннотация  құрылымы  мен 

ресімделуі  арқылы  жанрлық  ерекшеліктерін 

ажырату 

8.2.4.1  - 

тақырыбы  ұқсас  ғылыми  және 

публицистикалық 

стильдегі 

мәтіндердің 

тақырыбын,  түрлерін  (әңгімелеу,  сипаттау, 

талқылау), құрылымын салыстыра талдау 

Көп  таңдауы 

бар, 


қысқа 

және  толық 

жауапты 

қажет  ететін 

сұрақтар 

Көлемі 150-200 сөзге жуық мәтін беріледі. Мәтінді 

оқып,  мазмұны,  құрылымы  негізінде  берілген 

сұрақтарға 

жауап 

береді 


және 

жанрлық 


ерекшеліктерін ажыратады.  

Берілген  мәтіндердің  тақырыбын,  стиль  түрлерін, 

құрылымын салыстырып талдайды. 

 

15 



10 

8.3.2.1  - 



жанрлық  және  стильдік  ерекшелік-

теріне  сай  тілдік  құралдарды  орынды 

қолданып, 

мақала, 


аннотация, 

тезис 


құрастырып жазу 

8.4.1.1  - 

тақырып  бойынша  бас  әріппен 

жазылатын 

күрделі-құрама 

атауларды 

орфографиялық нормаға сай жазу 

Жазбаша 


толық 

жауапты 


қажет  ететін 

сұрақтар 

Оқушылар  ұсынылған  екі  тақырыптың  бірін 

таңдап, жазба жұмысын орындайды.  

Жазылым жұмысында берілген  тақырып  бойынша 

мақала немесе берілген жағдаят бойынша баяндама 

тезисін  жазады.  Оқушының  жазылым  барысында 

жанрлық,  стильдік  ерекшеліктерді  ұстануы,  тілдік 

құралдарды  орынды  қолдануы,  берілген  жанрды 

талапқа сай жазуы бағаланады.  

25 

10 


Барлығы 

40 

минут 

30 

 


Тапсырмалар және балл қою кестеcінің үлгісі 

«Қазақ тілі» Т1 пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 

 

Тыңдалым мен айтылым 

Тапсырма  

1. 


Мәтінді  мұқият  оқыңыз.  Мәтіндегі  ақпаратты  қолданып,  көтерілген  басты  мәселені 

анықтаңыз.  Өз  көзқарасыңызды  жан-жақты  тұжырымдап,  мысалдар  арқылы  дамытып, 

дәлелдеңіз.  

2. 


Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ 

қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. 

Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті 

сөйлеу мәнеріне сай қолданыңыз. 

[10]  

 

1-

мәтін 



Талас өңіріндегі көне жазбалар – ежелгі түркі жазу мәдениетінің бастауы 

Бүгінгі таңда қазақ және өзге де түркі елдері алдында өзекті мәселелердің бірі ретінде 

руникалық түркі жазба ескерткіштерін зерттеу болып табылады. Орталық Азиядағы алғашқы 

ірі көшпелі ғұндар империясы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырдың соңында құрылды. Ғұн 

тайпалары  алтай  тілдес  тайпалар  қатарына  жатқанымен,  оның  құрамында  әртүрлі  тілдерде 

сөйлейтін  тайпалық  одақтар  мен  шағын  рулар  да  бар  еді.  Осындай  тайпалық  одақтардың 

түрлі жағдайларға байланысты әлсіреуі нәтижесінде Орта Азия территориясында түркі тілдес 

тайпалық одақтарының бірігу үдерісі басталды. 

Заманымыздың  І  мыңжылдығының  басынан  Еуразия  даласында  біртіндеп  этникалық 

өзгеріс орын алды. Оның негізгі көрінісі ретінде бұл аймақтарда түркі тілдес тайпалардың 

бас  қосуын,  өз  алдына  мемлекет  құрып  дамудың  жаңа  бір  үдерісін  бастан  кешуін  ерекше 

айтуға болады. 

Тарих  толқынында  өз  ізін  жоғалтпай,  үнемі  даму,  ұлғаю,  ірілену  сияқты  үдерістерді 

бастан кешкен біздің көне түркі тіліміз қазіргі уақытта өмір сүріп отырған бүкіл түркі тілдес 

халықтардың  тікелей  сабақтастығының  жемісі  болып  табылады.  Тілдің  пайда  болуы  мен 

қалыптасуындағы осындай үзіліссіз, динамикалық дамудың негізінде пайда болған қазақ тілі 

де түркі ата тіліміздің негізгі бір бұтағын құрайды. 

 

2-



мәтін 

Орталық  Азияны  және  Оңтүстік  Сібірді  мекендеген  түркі  тілдес  ру-тайпалар  бірігіп,    

VІ  ғасырдың  орта  шенінде  Түрік  қағанаты  мемлекетін  құрғаны  тарихтан  белгілі.  Осы 

қағанаттың құрамына енген тайпалық одақтар бір кездерде өз елі мен жерінің бостандығы, 

тәуелсіздігі үшін жойқын соғыстарды басынан кешті. Ұрпаққа өнеге болар атақты Күлтегін, 

Тоныкөк,  Білге,  Бумын  қағандар  әрі  тарихи,  әрі  әдеби  дастан  жырлардың  кейіпкерлеріне 

айналды. Ардақты есімдерді ел жадында сақтау үшін, сол заманның данагөй білімдарлары ер 

есімдерін өркениеттің белгісі болып табылатын түркілік сына жазуымен тас бетіне түсірді. 

Түркі тайпаларынан қалған бұл ескерткіштер көне дәуірдің қоғамдық мәдени әрі әдеби 

тұрмыс-салт  өмірлерінен  хабар  беретін  жәдігер  қазына  ретінде  бүгінгі  күні  барлық  түркі 

тектес  халықтарға  ортақ  мұраға  айналды.  Түркі  даласының  бар  сырын  бойына  сіңірген 

таңбалы тастар сан ғасырларды аттап, еш өзгерместен бүгінге жетіп отыр.  

Болашақ ұрпаққа мұра етіп қалдырылған көне түркілік жазба ескерткіштер кең байтақ 

Қазақстанның  барлық  аймақтарынан  табылып,  ескерткіштер  саны  жыл  санап  өсіп  жатыр. 

Осы көне көз жәдігерлерге үлкен сезіммен қарап, оның ішкі мазмұны мен сырын ұғыну қазақ 

халқының негізгі міндеттерінің бірі. 



 

 



 

Тыңдалым мен айтылым 

Тапсырма  

1.  Мәтінді  мұқият  оқыңыз.  Мәтіндегі  ақпаратты  қолданып,  көтерілген  басты  мәселені 

анықтаңыз.  Өз  көзқарасыңызды  жан-жақты  тұжырымдап,  мысалдар  арқылы  дамытып, 

дәлелдеңіз.  

2. Өз жұбыңызды мұқият тыңдаңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын 2 сұрақ 

қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысып, пікіріңізді білдіріңіз. 

Сөйлеу ағымындағы интонацияның құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр, қарқын, кідірісті 

сөйлеу мәнеріне сай қолданыңыз. 

[10] 

1-

мәтін 



Ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті және толеранттылық 

Қазіргі  таңда  адамдардың  рухани  байлығы,  олардың  әлеуметтенуі  көкейкесті 

мәселелерге  айналып  отыр,  себебі  олардың  өмірлік  бағыт-бағдарларын  анықтайтын 

қоғамдық  қатынастарға  икемделуі  тұлғааралық  қарым-қатынастарға,  ұлтаралық  қарым-

қатынастарға, гуманизм қағидаларына негізделуі тиіс. Адам баласының тұлға ретінде дамып 

қалыптасуына  оның  өскен  отбасылық,  әлеуметтік  ортасы,  ұлттық  салт-дәстүрлері  көп  әсер 

етеді. Кез келген жеке тұлғаның дербес психологиялық ерекшеліктерімен қатар ұлттық сана 

сезімдері,  ұлжандылығы,  ана  тіліне  деген  сүйіспеншілігі  сияқты  ұлттық  ерекшеліктері 

болады. 

Ұлттық  тәлім-тәрбие  ұлттық  тіл  арқылы  іске  асатыны  анық.  Тіл  –  адамдардың 

байланыс, қарым-қатынас құралы. Ал басқа ұлт мәдениетімен танысу сол ұлттың тілін білу 

арқылы  іске  асырылады.  Қазіргі  жалпы  білім  беру  мектептерінде  ана  тілімен  қатар  шет 

тілдерінің де оқытылуы осы себептен. Тек білім алу үшін ғана шет тілдері оқытылмайды, ол 

– 

практикалық қажеттілік, ол – заман талабы. Бірақ ұлттық сана-сезім дамуының іргетасы – 



ана тіліне деген сый-құрмет.  

Халық  тағдырындағы  тілдің  маңыздылығын  бағалауға,  құндылығын  арттыруға 

байланысты айтылған мынандай ұлағатты ойлар күні бүгінге дейін өзекті болып отырғаны 

баршамызға  анық:  «Кімде-кім  қазіргі  уақытта  ана  тілін,  өзінің  әдебиетін  сыйламаса, 

бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды» (М.Әуезов).  

 

2-



мәтін 

Адам құндылықтары 

Әдетте  құндылық  деген  сөзді  естігенде  ойыңызға  не  келеді?  Құнды  заттар,  құнды 

ақпарат, басқа адамның құнды қасиеттері. Әр нәрсенің өз құндылығын білгенмен, біз өз жан-

дүниеміздің  құндылықтарына  назар  аудара  бермейміз.  Ойланып  көріңізші,  сіздің  қандай 

құндылықтарыңыз бар? Сіз өзіңізді ақылды, тәрбиелі, парасатты, адамгершілігі мол және т.б. 

керемет  қасиеттерге  ие  адаммын  деп  ойлауыңыз  мүмкін.  Бұның  бәрі  құнды  қасиеттерге 

жатады.  Сіз  ата-анаңызды,  туыстарыңызды,  достарыңызды,  туған  жеріңізді,  еліңізді, 

ұлтыңызды шексіз сүюіңіз мүмкін. Бұл да адамның ерекше жақсы көретін құндылықтары.  

Сіздің  үйіңіз,  материалдық  жағдайыңыз,  айналысатын  ісіңіз,  әуесқойлығыңыз  да 

құндылықтар қатарында. Аналар үшін баласы үлкен құндылық. 

Мысалы,  сіз  бір  адамның  шығармашылығын  сынадыңыз.  Ол  азар  да  безер  болып, 

сізге  ренжіді.  Неге?  Өйткені  ол  үшін  оның  шығармасы  оның  құндылығы.  Ол  оған  жанын 

салды. Ал сіз үшін ол мүлдем құндылық болмауы мүмкін. Егер ол адам сізді кешіргісі келсе, 

ол сол құндылығын жақсарту үшін тағы жұмыс істеу керектігін түсінуі керек.  

Адам  бойында  мыңдаған  құндылық  бар.  Бірақ  біреу  менің  құндылығыма  тиісті  деп 

ренжіп жүре беруге болмайды. Құндылығыңыздың кем-кетік тұстарын анықтаңыз, ол әлі де 

жөндеуді  талап  ететін  шығар  немесе  құндылығыңыздың  кішкене  бағасын  түсіріп,  адамды 

кешіріңіз. Солай, достар... 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...