Жетекші полушариясы.
1-нүсқа. Қолыңыздың саусақтарын айқастарыңыз. Сіз бір (оң немесе сол) бас бармақтың ұдайы үстінде тұратын аңғарасыз. Егер, ол сол саусақ болса - сіз тым әсерленгіш адамсыз. Ал, ол огң саусақ болса, онда сізге аналитикалық ойлау басым.
2-нұсқа. Бір нысананы таңдап, оны қалам немесе қарындаш арқылы көздеп көріңіз. Оң көз жетекші роль атқарса, онда сіздің мінезіңіз бірбеткей, табанды, сол көздің жетекшілігі мінез-құлқыңыз жұмсақ және көнгіштігі туралы хабардар етеді.
3-нұсқа. Егер қолдарыңыз кеуде түсына айқастырғанда сол қол үстінде тұрса, назды қылықтарға бейімсіз, егер, оң қол үстінде түрса, сізге қарапайымдылық, ақкөңілділік тән.
4-нұсқа. Егер сізге оң қолмен шапалақ ұрған ыңғайлырақ болса, онда сізге батылдық тән, ал, сол қолмен шапалақтау ыңғайлырақ болса, онда шешім қабылдар алдында сіздің жиі қобалжитындығыңызды білдіреді.
ОООО - сіздің мінезіңізге кертартпалық тән жалпы қабылданған пікірге (стереотипке) мойынсүнуға бейімсіз. Дау-жанжалды, айтысуды ұнатпайсыз.
ОООС - Сіздің мінезіңізге жасқаншақтық тэн.
ООСО - сізге назданғыштық, бірбеткейлікң тән, эзілденуді ұнатасыз. Сізбен қарым-қатынас жасау үшін де осы қасиеттер керек. Бұлар тез тіл табысқыш адамдар. Мінездің бұл түрі, әсіресе, әйел адамдарда жиі кездеседі.
ООСС-мінездің сирек ұшырасатын түрі, жұмсақтық тән. Алайда, тартыншақтық ( сол қолмен шапалақтау ) пен қатаң мінез ( оң көздің жетекшілік роль атқаруы ) арасында қайшылық байқалады.
ОСОО-ой оралымдылығы мен мінез жайлылығын біріктіретін мінез-құлық түрі. Бұл мінез «іскер әйелдерде» жиі үшырасады. Мұндай адамдар өзгелерге баяу үйреніседі, сақ болып келеді, қарым-қатынаста төзімді және салқынқанды.
ОСОС-әлсіз, өте сирек кездесетін мінез түрі. Мұндай мінез-құлық иелері дәрменсіз, түрлі ықпалдарға түскіш. әйелдер арасында жиі кездесетін мінез.
СООО-мұндай үйлесімділік жиі кездеседі. Оған тұрақсыздықпен ұштасып жататын әсерленгіштік нышандары тән.
СООС-сізге жұмсақтық, аңғалдық тән. «Кішкентай ханшайым» типі өзіңізге ерекше ұқыпты қарым-қатынасты талап етесіз.
ССОО-сізге жылышырайлылық пен қарапайымдылық тән. Қызығушылықтарыңыз шашыраңқы, өз іс-қимылыңызға жиі есеп беріп жүруге бейімсіз.
ССОС-сіздің мінезіңізге қарапайымдылық, кішіпейілділік, сенгіштік тән. Өте сирек кездесетін мінез. Ер адамдарда мүлде кездеспейді деуге болады.
СССС-сізге тез бейімделгіштік тэн. Кез-келген құбылысқа жаңаша қарауға қабілетсіз. Сізге әсерленгіштік, өзімшілдік жэне бірбеткейлік тән. Кейде ол тұйықтыққа әкеліп соғады
СОСО- мінездің ең күшті түрі. Сізді бір нэрсеге иландыру мүмкін емес. Сіз өз көзқарасыңызды тек күшпен өзгертесіз. Ширақсыз, алға қойған мақсатқа жетуде қажырлылық көрсетесіз.
СОСС-сіз қойылған мақсатқа жетуде табандысыз. Мұндай мінезді адамдар ырыққа көнбейді, оларды өз айтқанынан қайтару мүмкін емес. Мүндай адамдар үшін дос табу қиын.
ОССО- сіз икемделгішсіз. Дау-жанжалдан алыс жүресіз, саяхаттағанды ұнатасыз. Дос табу сіз үшін оңай. Алайда, жиіә әуестенуге құмарсыз.
ОССС- сізге тұрақсыздық пен тэуелсіздік тән, бәрін өзіңіз істегеніңіз келіп тұрады. Талдай білуге бейімділігіңіз арқасында күрделі міндеттерді табысты шешесіз. Әдетте, жұмсақ көрінгенімен, істі аяғына дейін жеткізу қажет болғанда талап қойғыш, тіпті, қатаң да бола аласыз.
Достарыңызбен бөлісу: |