Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және атқарудың теориялық негіздері «Қазақстан-2050»



Дата09.09.2017
өлшемі64.63 Kb.
#19845
Жанбырбаева А.Н.

PhD докторы

Т.Рысқұлов атындағы

Жаңа Экономикалық Университеті


Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру және атқарудың теориялық негіздері
«Қазақстан-2050» Қазақстан Республикасы Президентінің халқына жолдауында экономикалық өсімнің нақты, тұрақты және өспелі үрдістерін жүзеге асыруда қаржы саясатының ролі атап көрсетілген. «Аймақтардың жарысы олардың әсіресе тым орталықтанған бюджет мәселесіндегі үлкен дербестігінде құрылуы тиіс... Біз біздің ұзақ мерзімді басымдылықтарды қолдауға бағытталған бюджеттік реформаларды жүзеге асырамыз»,- деп көрсетілген [1].

Нарықтық экономика жағдайында қандай мемлекеттің болмасын экономикалық құрылымын зерделеу оның қаржы жүйесін талдаудың қажеттілігінен туындайды. Мемлекеттің қаржы жүйесі саяси – экономикалық және әлеуметтік саланың қызметіне қажетті қаражаттарды жинақтайды. Қай уақытта да көп мәселенің шешілуі қаржыға кеп тірелетіні белгілі. Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, өндіргіш күштерді жетілдіруге маңызды роль атқарады.

Жергілікті қаржыларда айрықша орынды жергілікті бюджеттер алады. Олар жергілкті әкімшіліктер мен маслихаттың көп қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылады және аймақтық мәні бар экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа да бағдарламалар мен шараларды қаржыландыруда елеулі роль атқарады, себебі жергілікті бюджеттер арқылы өндірістік және өндірістік емес ортаның дамуын қаржыландыруға жұмсалатын шығындардың үлкен бөлігі өтеді[2].

Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану - өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы, бюджет жүйесі буындары арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді.

Шет мемлекеттерде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылымына, аумақтық-әкімшілік бірлігіне, экономиканың даму деңгейіне және нақты мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді. Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады. Ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделен әртүрлі деңгейлердегі бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Әртүрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді және ол мемлекеттің аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.

Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әртүрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.




Сурет 1- Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі


Аймақтың экономикалық дербестігі абсолютті бола алмайды, ол әрқашанда салыстырмалы және аймақ қаншалықты кіші болса, оның дербестігі де соншалықты аз болады. Бір жағынан қазіргі аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, қалыптасқан бюджетаралық қатынастардың сипаты, нарықтық экономикаға өту кезеңінің қиындығы жергілікті бюджеттердің көпшілігінің дербес қызмет етуіне қолайсыз болып отыр.

Жергілікті бюджет (облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, ауданның (облыстық маңызы бар каланың) бюджеттері Бюджеттік кодекспен айқындалған түсімдер есебінен қалыптастырылатын және тиісті деңгейлердегі жергілікті мемлекеттік орғандардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумактық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақшалай қоры болып табылады.

Жергілікті бюджеттердің құрылымы мен бөлімдері республикалық бюджеттің құрылымы мен бөлімдеріне ұқсас. «Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жалпы жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер республикалық бюджеттің түсімдеріне ұқсас.

Жергілікті бюджеттерден берілген кредиттерді өтеуден, коммуналдық меншіктегі мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан, жергілікті атқарушы орғанның қарыздарынан түсетін түсімдер жергілікті бюджеттерге есептеледі.

Дамудың қазіргі кезеңінде Қазақстан Республикасы жергілікті бюджеттері кірістерінің негізін аумактағы шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың салықтық түсімдері (40,9%) құрап отыр.

Арнайы экономикалық аймақтың бюджетін осы аймақтың әкімшілік кеңесі қалыптастырады, ол «Қазақстан аумағының арнайы экономикалық аймағы туралы» Заңдарда және мемлекет басшысы бекітетін арнайы экономикалық аймақ туралы ережелерде бекітілген тәртіп бойынша қаралады және атқарылады.

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар- бюджеттің кірістері мен шығыстары болып отырады.

Облыстық бюджет жобасын облыстық маслихатқа жергілікті атқарушы орган келесі жылдың бюджетінің жобасымен қатар төмендегідей құжаттар мен материалдарды ұсынады:

- әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын;

- алдағы үш жылға арналған орта мерзімді фискалды саясатын;

- жергілікті бюджеттік бағдарламалар құжаттарының жобаларын;

- келесі жылдың бюджет жобасына енгізілген шешімдердің мазмұнын айқындайтын түсініктемені.

Бюджет кірістерінің негізгі материалдық көзі – ұлттық табыс. Ұлттық табысты мемлекеттендіруде мемлекет әртүрлі әдістерді пайдаланады. Ұлттық табысты қайта бөлу және бюджет кірістерін қалыптастырудың негізгі әдістері ретінде мемлекеттік билік органдары салықтарды, займдарды, ақша эмиссиясын пайдаланады. Оларды пайдалану мемлекеттегі әлеуметтік-экономикалық жағдаймен, мемлекеттің қаржы саясатымен анықталады. Салықтар ұлттық табысты қайта бөлудің негізгі әдісі, бюджет кірістерінің негізгі бөлігін қамтамасыз етеді. Әртүрлі мемлекеттердің орталық бюджеттерінің кірістерінде олардың үлесі 2/3 бөлігін қамтиды.

Қазіргі таңда, алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес бюджет түсімдерін кешенді шаралар өткізу үшін жергілікті уәкілетті орган бюджеттің орындалуын толымды және уақтылы есептеу, бюджет қаражатының мақсатты және уақтылы игеруін қамтамасыз ету қажет.

Бюджет қаражатын уақтылы және толық игеру мақсатында Қаржы басқармасымен бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына сәйкес бюджет қаражатын игеруіне күнделікті бақылау жүргізіледі, бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің және оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің бюджет қаражаттарын Бюджет кодексінің талаптары мен тиісті нормативтік құқықтық актілер ережелеріне сәйкес пайдалануына талдау жасалады.

Аймақтық бюджеттің табыс құрылымы, негізінен жергілікті салықтан қалыптастырылады көбінесе, тиісті деңгейдің билік өкілдерімен бақыланады.

Бюджет табысын ұйымдастыруда салықтық тетіктермен қатар бюджеттік алу – республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сома шеңберінде төмен тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке берілетін ресми трансферттер секілді бюджетаралық қарым-қатынастарды реттеу нысаны пайдаланылады.

Қазақстанда бюджет қаражатының төменге ағымының қозғалысын реттеу бюджеттік субвенция, бюджеттік несие, нысаналы трансферттер түрінде жүзеге асырылады.

Қазақстанның бюджеттік тәжірибесінде бюджеттік субвенциялар дегеніміз республикалық немесе облыстық бюджетте бекітілген сома шеңберінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке берілетін трансферттер болып табылады.

Бюджеттік субвенциялар бюджеттік алулар секілді жалпы сипаттағы ресми трансферттер болып табылады және жергілікті бюджеттердің бюджеттік қамтамасыз ету деңгейін түзетуге және Бюджет кодексінде әрбір бюджет деңгейіне бекітілген шығыстар бағытына сәйкес мемлекеттік қызметтің стандартты деңгейін ұсыну үшін тең фискалды мүмкіндікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Жалпы сипаттағы трансферттер көлемі тиісті жергілікті бюджеттің табысы мен шығыны көлемі арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Табыстың болжамды көлемі шығынның болжамды көлемінен артқан жағдайда, жергілікті бюджеттен жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алулар белгіленеді. Шығынның болжамды көлемі жергілікті бюджет табысының болжамды көлемінен артқан жағдайда, жоғары тұрған бюджеттен жергілікті бюджетке бюджеттік субвенциялар белгіленеді. Табыстың болжамды көлемі өңірдің салықтық потенциалын ескере отырып және бюджет деңгейі арасындағы түсімдерді бөлу негізінде есептелінеді. [3]

Өткен жылғы кірістерді артығымен орындау нәтижесінде қаржы жылының басында алынған бюджет қаржыларының бос қалдықтарын, сондай-ақ ағымдағы жылдың бюджетін атқару барысында өткен кезең ішіндегі кірістерді артығымен орындау сомаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджетті атқару үстінде пайда болатын қосымша шығындарды қаржыландыруға жұмсауы мүмкін.

Республиканың әлемдік экономикалық қауымдастығына тез арада кіру мақсатында, халықаралық қаржы институттарының белгіленген ережелерін қабылдау үшін бұл бағытта алғашқы қадамдар атқарылды, соның ішінде нақтырақ айтқанда 2011 жылғы 19 қаңтарда «Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау туралы» ҚР заңы қабылданды.

Қазіргі кезеңде Заң бойынша республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуына бақылау жүргізетін 5 құрылым белгіленген. Олар:


Қазақстан Республикасының қаржы бақылау жүйесі дамуына республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына ұлттық бақылау стандарттары қабылданғаны маңызды қадам болып табылады [4].

Жергілікті бюджеттер шығындарының болжамды көлемі ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардын болжамды көлемінің сомасы ретінде айқындалады.

Қазіргі кезде Қазақстанның жергілікті бюджеттерінің дербес қызмет етуіне мүмкіндік жоқ. Бір жағынан тәуелсіздік алғаннан кейінгі қалыптасқан аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, қалыптасқан бюджетаралық қатынастардың сипаты, нарықтық экономикаға көшу кезеңінің қиындығы жергілікті бюджеттердің көпшілігінің дербес қызмет етуіне қолайсыз болып отыр. Сол себепті Қазақстан жергілікті бюджеттерді орталықтандыруды жүргізуге мәжбүр болды.

Қорыта келгенде, жергілікті бюджеттер – жергілікті билік және басқару органдардың көп қырлы қызметтерінің қаржы базасы болып табылатын мемлекеттік қаржы жүйесінің маңызды буыны. Оның халықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайының артуына тигізетін ықпалы айрықша зор. Себебі ол халықтың тұрмысы үшін аса қажет игіліктерді жасайтын өндірістік, сонымен қатар өндірістік емес салалардың жергілікті деңгейде қаржымен қамтамасыз етілуін қадағалау үшін қалыптастырылатын негізгі қаржы жоспары болып табылады.


Пайдаланған әдебиеттер:


  1. «Қазақстан-2050» Қазақстан Республикасы Президентінің халқына Жолдауы. Астана.

  2. Елубаева Ж.М. Бюджетная система Республики Казахстан: теория, практика и направления развития. Алматы, 2011, 346 с.

  3. Послание Президента РК народу Казахстана «Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации». Астана: Елорда, 2005.

  4. Бюджет жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 1 сәуір.




Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> Мысыр араб республикасының лаңкестікке қарсы күрес жүргізу тәжірибесі
publications -> Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймаққа қатысты ядролық державалардың ұстанымы Аңдатпа
publications -> Ғылыми жетекші: Омарова А. К. «Қаржы» кафедрасының оқытушысы
publications -> Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
publications -> Профессор Қ. Жұбанов және қазақ терминологиясындағы мәселелер
publications -> Интерактивті маркетингтің артықшылықтары мен кемшіліктері
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Мақсаты
publications -> Экология ғылымы және негізгі бөлімдері. Аплатин Қарақат Ақпараттық жүйелер-16 тобының студенті
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> МӘС бөлімінде куәландыру (қайта куәландыру)тәртібі


Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді